Сабақ №1 Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы



жүктеу 1,01 Mb.
бет4/5
Дата10.02.2018
өлшемі1,01 Mb.
#9352
түріСабақ
1   2   3   4   5
5. Конструктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка

түріндегі пішінді өз бетіңізбен жасап көріңіз. Бұл пішінде өздеріңіз жасаған

бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық

альбом» алдыңғы практика жұмысында өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі

жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

2. Үш кестеден «Мамандық», «Оқытушы», «Пәндер» тұратын «Факультет»

алдыңғы практика жұмысында өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі

жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

3. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын

«Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен

жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Пішін (форма) дегеніміз не?

2. Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Автоформа дегеніміз не?

4. Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?

5. Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?

Практикалық жұмыс №9

Сабақтың тақырыбы: «Сұраныстарды жасау»

Мақсаты: Misrosoft Access деректер базасын басқару жүйесінің

объектілерінің бірі сұраныспен, оның түрлерімен және сұранысты құру

жолдарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Сұраныс. Сұраныс бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту

құралы. Сұраныс көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға

және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұраныстарды пішіндер мен есеп

берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұраныстарды жасатудың бірнеше тәсілі бар:

- Конструктор сұратудың кез келген типін өз қалауыңыз бойынша

жасауға мүмкіндік береді

- Қарапайым сұрату. Сұраныс шебері (Мастер запросов) белгілі бір

кестелердің өрістерінен немесе басқа сұраныстардан таңдама (выборка)

жасауға мүмкіндік береді.

- Айқастырылған сұраныс (Перекрестные запросы) құрылымдағы

деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін

қолданылады. Айқастырылған сұраныс статистикалық есептеулер

жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың,

екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған

кесте түрінде анықтайды.

- Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұранысдағы

қайталанатын жазбаларды іздетуге сұраныс жасайды. Ал Записи без

подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба

сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұраныс жасалынады. Мұндай

сұраныс көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұраныс типтері

Таңдама

(выборка)

Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру

қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге

таңдама жасау үшін қолданылады

Жаңарту

(Обновление)

Бір сұраныстың көмегімен бірден көп жазбаларға

өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу

(Добавление)

Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір

өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу

(қосып жазу) үшін қолданылады

Жою

(Удаление)

Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға

мүмкіндік береді. Мұндай сұранысты жасаудың қағидасы

жаңарту сұранысына ұқсас, алайда байланыстырылған

кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің

тұтастығына нұқсан келмеуі керек.

Айқастырылған

(Перекрестный)

Айқастырылған сұраныстар – бұл деректерге

статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі

Excel-дің қорытынды (сводная) кестесіне ұқсас кесте

түрінде болатын сұраныстар.

Кесте жасау

(Создание

таблицы)

Сұраныстың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден

керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұраныс жасап,

іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге

орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұраныс

нәтижесінде алынған жазбалардың құрылымымен

анықталады.

Сұранысдағы есептер

Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті

есептелетін өріс деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана

болады. Бастапқы кестелерде мұндай өріс жасалынбайды және кестенің

қарапайым сұранысында өзгертілмейді. Сұраныс арқылы деректер базасына

қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап,

нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы кестелер барлық қатынаушылар үшін

бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада тік жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен

математикалық операциялардың таңбалары жазылады. Мысалы:

Нәтиже: [Гол]/[Ойын]

Жаттығу жұмыстары:

1- жаттығу. «Сұраныстарды жасау және қолдану»

1. Оқытушылар кестесінің негізінде Фамилия, Аты, Әкесінің аты және

Қызметі өрістері көрсетілген таңдамаға қарапайым сұраныс жасау.

А) қарапайым сұраныс жасау үшін:

Деректер базасының терезесінде Запрсы бөліміне өтіңіз.

Ашылған терезеде <Создать> батырмасын басыңыз.

Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін



белгілеп <ОК> басыңыз;

Пайда болған терезедегі Таблицы/запросы жолынан Оқытушылар



кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса,

ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);

«Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп, >



батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі «Выбранные поля» терезесіне

ауысады;

осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты»,



«Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті маңызды,

соған сәйкес деректер көрсетіледі);

<Далее> батырмасын басыңыз;

Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар

қызметі деп ат беріңіз;

Готово батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұраныс



нәтижелерінің кестесі шығады.

Б) Сұранысты сақтаңыз. Ол үшін саймандар панеліндегі -Сохранить

батырмасын шертіп немесе Файл-Сохранить командасын орындаңыз. Енді

сұраныс терезесін жабыңыз.

2. Параметрлі таңдамаға сұраныс жасау.

Оқытушылардың фамилиясы, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін

көрсететін параметрлі таңдамаға сұраныс жасау керек. Параметр ретінде

оқытушының фамилиясын беріңіз және осы сұранысты Жарасов деген

оқытушыға орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұраныс жасау үшін:

Жоғарыдағы 1-ші пунктте жасағандай Оқытушылар кестесінің мына



өрістеріне таңдамаға сұраныс жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің

аты», «Оқитын пәндер».

Бұл сұранысқа Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын



басыңыз.

<На экране> батырмасын басыңыз. Сонда экранға сұраныс нәтижелері



бар кесте шығады.

Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына батырманы басып,



немесе Вид, Конструктор командасын таңдаңыз.

Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына



тіркесті енгізіңіз. (жақшаларды да жазу керек) [оқытушы фамилиясын

енгіз];

Сұранысты орындаңыз: саймандар панеліндегі немесе Запрос-



Запуск командасын орындау арқылы;

Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұраныс конструктор

режимінде бір рет қана орындалады.

Жасалынған сұранысты басқа режимде орындау үшін:

Запросы бөлімін ашып, керекті сұранысты белгілеп, <Открыть>



батырмасын басыңыз.

Ашылған терезеде Жарасов деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын



басыңыз. Нәтижесінде экранда Жарасов деген оқытушы туралы (оның

аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.

Сұранысты сақтап, сұраныс терезесін жабыңыз.



3.Конструктор көмегімен сұраныс жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты,

топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұранысты

Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:

Сұраныс жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.

Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп,

Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.

Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.

Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ

номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін

таңдаңыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет

шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын

сұраныс ұяшығына сүйреп алып барасыз.

Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп



жазыңыз. Саймандар панелінен Леп белгісі! Батырмасын басыңыз.

Сұранысты Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.



4. «Жалақы» (Зарплата) өрісін 20% арттыру арқылы жасалынатын

«Қосымша» (Надбавка) есптелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.

5. Өз беттеріңізбен айқастырылған сұраныс жасауды үйреніңіз. Ол үшін

Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар:

1. «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұраныс жасаңыз.

2. «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұраныс

жасаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Сұраныс деген не?

2. Сұраныс жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Сұраныстың қандай типтері бар?

4. Есептелетін өріс қалай жасалады?

5. Шарты бар сұранысты жасағанда қандай операциялар қолданылады?

Практикалық жұмыс №10

Сабақтың тақырыбы: «Есеп беруді жасау»

Мақсаты: Microsoft Access деректер базасының объектілерінің бірі

есеп берумен, оның қолданылу аясы және жасалу тәсілдерімен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Есеп беру бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың,

тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді

қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны

жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай да бір шартпен біріктірілген

кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауымыз бойынша Конструктор көмегімен жасауға,

көркемдеудің дайын нұсқауларын қолдануға (автоотчеты) немесе Шебер

көмегімен жасауға болады.

Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

1) Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді,

алайда бұл тәжірибелі қолданушыға да оңай емес.

2) Есеп беру шебері (Мастер отчетов) кестеден немесе сұратудан өзіңіз

таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берудің макетін жасауға

мүмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсілі ең ыңғайлысы.

3) Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер

(Автоотчет в столбец, Автоочет ленточный) – есеп берулерді жасаудың ең

қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе

сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны. Қалғанын есеп беру шебері өзі

атқарады.

4) Диаграмма шебері. (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде

жасауға көмектеседі.

5) Пошталық жапсырмалар. (Почтовые наклейки) пошталық

жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша

топтайтын есеп беру жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін:

Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын



басыңыз;

Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін



таңдаңыз;

Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып,



пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.

<ОК> батырмасын басыңыз;

Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз.

Бұл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын

басыңыз;

<Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің



тізімі тұрады;

«Қызметі» деген өрісті белгілеп > батырмасын басыңыз. Осы арқылы



сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан,

тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз



да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деген есеп беруге ат



беріңіз.

<Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады.



Көріп болған соң, оны жабыңыз.

2. Өз беттеріңмен Конструктор режимінің элементтер панелін қолдана

отырып, Студенттер кестесінің негізінде студенттің экономикалық

факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка)

түрінде есеп беру жасаңыз.

Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.

Нұсқа № Тапсырма

1 «Музыкалық альбом»

2 «Емхана»

3 «Сабақ кестесі»

4 «Компьютерлік ойын»

5 «Конференцияға қатысушылар»

Бақылау сұрақтары:

1. Есеп беру дегеніміз не?

2. Есеп беруді құрудың қандай тәсілдері бар?

3. Автоесепберу (автооотчет) деген не?

4. Элементтер панелі не үшін қолданылады?

5. Автоесеп берудің Есеп беру шеберінен айырмашылығы неде?

Практикалық сабақ №11 (2-сағат)

Сабақтың тақырыбы: Turbo Pascal программалау жүйесі.

Сабақтың мақсаты: TURBO PASCAL программалау ортасының негізгі

түсініктерімен танысу; Паскаль тілінде қарапайым

программалар құруға дағдылану.

Turbo Pascal-ды шақыру жолдары әртүрлі:

Мысалы: С:/ТР/ TURBO немесе С:/ТР7/ TURBO.ЕХЕ (экзейт)

Шығу: Alt+X (латынша)

Turbo Pascal экраны төрт бөліктен тұрады: басты меню, редакциялау терезесі,

шығару терезесі, анықтама жолағы.

Экранды бірнеше бөлікке бөліп қарауға болады.

1. Меню – (главное меню) – бас меню.

File, Edit, Search, RUN, Compile Девид Fools, Options

4. Редактор терезесі ортаңғы бөлік.

Ол қос қабат сызықтармен қоршалған және программа тексін енгізіп, оны

түзетулерге арналған. Жоғарғы жолда программа, тексті оқылған файл атауы

келтіріледі. Жаңа файлға NONAMEX.PAS атауы меншіктеледі. Тышқан

сілтегішпен жұмыс жасағанда пайдаланылатын екі алаңқайлар квадрат

жақшаларымен ерекшелінген.

[■]и [ ] 1- терезенің нөмірі

Turbo Pascal – да бір уақытта бірнеше терезелермен жұмыс жасауға

болады. Біруақытта тоғыз терезеге дейін қатар пайдаланылады.

Редактор терезесінен басқа Turbo Pascal-да:

1.Ақпарат терезесі (информационные окна)

2.Сұхбат орнату терезесі (Окна диалога)

3.Менюлер терезесі (Окна меню) жұмыс жасайды.

Қажет жағдайларда, оларды бірінен соң бірін шақыруға болады, немесе

бір уақытта да экранға шығарыла алады.

Функциональдық батырмалардың атқаратын қызметтері

Функционалдық батырмалар Turbo Pascal – ортасында басқару

жұмыстары үшін пайдаланылады.

Alt (от Alt Ternative – дополнительный) - қосымша

Ctrl (Control - управление) - басқару

Shift (SHIFT - сдвиг) – ығысу пернелері қоса пайдаланылады.

F1- анықтама алу

F2 – редакцияланған текстіні дискілік файлға жазу үшін

F3 – дискілік файлдан редактор терезесіне тексті шақырып, оқу үшін

Ғ4 – түзету режимінде пайдаланылады: программаны орындауды бастау

немесе жалғастыру немесе курсор тұрған жолды орындау алдында тоқтату

Ғ5 – белсенді (активное окно) терезені толық экранға айналдыруға

Ғ6 – келесі терезені белсенді терезеге айналдырады

Ғ7 – түзету режимінде пайдаланылады:

- программаның келесі жолын орындауға;

Ғ8 – түзету режимінде пайдаланылады:

- программаны келесі жолын орында (егер процедура немесе функцияға

сілтеме болса);оны орындап, оның жұмыс режиміне көңіл аудармау

Ғ9 – программаны компиляция жасау

Ғ10 – бас менюге шығу арқылы таңдаудың сұхбат режиміне көшу;

Ctrl + Ғ9 программаны толық орындап өту үшін (прогон): редактордегі

программаны компиляциялау, оны жедел жадыға (ОП) жүктеу, орындау және

Turbo Pascal – ортасына қайта оралу қажет

Alt+X - Turbo Pascal – дан шығу

Alt+F5 арқылы кезкелген уақытта нәтижені қарап, тексеріп отыруларыңа

болады

Exit – вернуться – қайта оралу

Курсорды ығыстыру (смещение) командылары:

Pg Up – бір бетке жоғары Pg Dn – бір бетке төмен

Home – жол басына End – жол соңына

Ctrl+PgUp – текстінің басына Ctrl+PgDn – текстінің соңына

Стандартты функциялардың берілу түрлері

Математикалық Паскал тілінде

x Sqrt(x)

x Abs(x)

x2 Sqr(x)

Sinx Sin(x)

Cosx Cos(x)

x Exp(x)

a x Exp(x+ln(a))

Tgx tan(x)

Lnx Ln(x)

X –тақ болса Odd(x)

А-ны В-ға бөлгендегі

қалдық

A mod B

Программаны компьютерде теріп, есептің нәтижесін алыңыз.

Мысал 1. y 3x3 3x

Program prim1;

Var y,x:real;

Begin

Read(x);

Y:=sqrt(3*(exp(3+Ln(x))+sqrt(abs(3*x))));

Write(‘y=’,y);

End.

Мысал2. b x 3 4x2 5x x 2

Program prim2;

Const x=2;

Var b:real;

Begin

B:=sqrt(x+3)+sqrt(4*sqr(x))+5*x;

Write(‘b=’,b);

End.


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау