Сабақ №1 Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы



жүктеу 1,01 Mb.
бет3/5
Дата10.02.2018
өлшемі1,01 Mb.
#9352
түріСабақ
1   2   3   4   5
реляциялық

деректер қоры деп те аталады.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Деканат» деректер қорын жасау.

1. Жаңа «Деканат» деректер қорын жасаңыз. Жаңа деректер қорын жасау

үшін:

Access программасын жүктеп, ашылған терезенің сол жағындағы



«Жаңа деректер қоры» пунктін басыңыз;

«Жаңа деректер қоры файлы» терезесінде Файл атауы өрісіне



деректер қорының атауы ретінде Деканат атын беріңіз.

Создать батырмасын басыңыз.



2.Деректер қорының кестесін жасау. Деректер қорының кестесінің

алдымен құрылымын (жобасын) жасайды. Оны жасау үшін:

Ашылған терезеде «Деректер қоры» терезесінің сол жақ панелінде



Access объектілерінің (таблицы, формы, запросы, отчеты, макросы,

модули) барлық типтерін шақыру үшін басқару элементтері

орналасқан. Терезеден жасалатын құжаттың типін таңдау керек, сіз

кесте жасайтын болғандықтан Таблицы бөлімін таңдап, Создать

батырмасын басыңыз.

«Жаңа кесте (Новая таблица)» терезесі ашылады. Оң жағында келесі



жұмыс үшін нұсқалардың тізімі берілген:

Мұнда бірнеше нұсқалар бар, соның ішінен сіз Конструкторды



таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Ашылған Конструктор терезесінде

жасалынатын кестенің өрістерін 1-кестеге сәйкес анықтаңыз. Кестенің

өрістерін анықтау үшін:

«Өрістің аты» бағанындағы жолға бірінші өрістің атын Оқытушы_коды



деп енгізіңіз;

«Деректер типі» бағанындағы жолда тізім батырмасына басып,



деректердің Сандық (Числовые) типін таңдаңыз, ал «Өрістің өлшемін»

Общие – Целое деп анықтаңыз.

Оқытушы_коды өрісін кілттік өріс етіңіз. Ол үшін саймандар



панеліндегі кілттің суретіне басыңыз немесе жанама менюді

шақырыңыз.

«Код» өрісіндегі деректерге шектеу енгізіңіз. Бұл деректер



қайталанбауы қажет, өйткені оқытушылардың кодтары қайталанбауы

тиіс, әрі оларды өзгерту мүмкіндігі қамтамсыз етілуі тиіс.

Общие бөліміндегі Индексированное поле параметрінің жолын



шертіңіз. Тізімнен «ДА» пунктін таңдаңыз (бірдей болмау үшін)

«Оқытушылар» деректер қоры кестесіндегі қалған барлық өрістерді



анықтау үшін 1- кестеге сәйкес жоғарыдағыдай әрекеттерді орындаңыз.

1-кесте

Өрістің аты Деректер

типі

Өрістің өлшемі

Фамилиясы Мәтіндік 20

Аты Мәтіндік 15

Әкесінің_аты Мәтіндік 25

Туған_күні Күн/уақыт Өрістің форматы:Қысқа

Қызметі Мәтіндік 9

Пән_коды Сандық Бүтін

Пән Мәтіндік 11

Телефон Мәтіндік 9

Жалақы Ақшалық Өрістің форматы:Негізгі

Жасалған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаңыз. Ол үшін



«Жабу» белгісін басыңыз. Ашылған терезеде кестенің атын

сұрайды, сіз Оқытушылар деп теріп, ОК батырмасын басыңыз.

2-жаттығу. Деректер қорын өңдеу (редакторлау).

Ол үшін жобасын жасаған кестенің Конструктор режиміне өтіңіз. Егер сіз

деректер қоры терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап,

батырмасына басыңыз.

«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана

Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері енгізілуі керек.

Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін үшін:

«Қызметі» өрісін шертіп, Общие бөлімінің терезесінің төменгі



жағындағы Условие на значение дегенге өтіңіз.

Өрнекті құрастырушы арқылы мәндерге шарт қою үшін мынадай



батырманы шертіңіз.

Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазып, одан соң батырмасын

шертіңіз (бұл батырма НЕМЕСЕ деген қызметті атқарады), одан соң Доцент

сөзін жазып тағы да осы батырманы шертіңіз, Ассистент сөзін жазып <ОК>

батырмасын шертіңіз. Осылайша «Қызметі» өрісіне тек Профессор, Доцент,

Ассистент мәндері ғана енгізіледі.

«Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда экранға



шығатын қате туралы хабарламаның мәтінін анықтау. Қате туралы

хабарлама (Сообщение об ошибке) жолына «Ондай қызмет жоқ,

деректерді дұрыс енгізіңіз» деген сөйлем енгізіңіз.

«Қызметі» өрісіне үнсіз келісім бойынша шығатын мән етіп Доцент



сөзін анықтаңыз.

Конструктор режимінен шығыңыз.



3-жаттығу. Кесте режимінде жұмыс.

1. Кесте режимінде деректерді енгізу мен редакторлау жүреді. Жобаланған

кестеңіздің Кесте (Таблица) режиміне өтіңіз. Ол үшін:

Саймандар панеліндегі батырманы шертіңіз;

Немесе Вид – Режим таблицы командаларын орындаңыз. Кестені

сақтауға байланысты шыққан сұраққа <Да> деген батырманы шертіңіз.

2.Кестені толтыру. Кестеңізді төмендегі 2-ші кесте сияқты етіп толтырыңыз.

«Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда (мысалы,

Лаборант сөзін) не болатынын байқаңыз. Экранда «Ондай қызмет жоқ,

деректерді дұрыс енгізіңіз» деген хабарлама шығады. Дұрыс сөзді енгізіңіз.

2-кесте

Код Фамилия Аты Әкесінің

Аты

Туған жылы Қызметі Пән

ко

ды

Пән Жала-

қысы

1 Жарасов Саят Байболович 23.10.1954 Профес-

Сор

Статистика 8900

2 Айтов Орал Айтович 25.07.1940 Доцент Экономика 12000

3 Омаров Назар Маратович 05.12.1967 Доцент Математика 17600

4 Сергеева Ольга Ивановна 12.02.1972 Ассистент Математика 14500

5 Иванов Павел Петрович 16.02.1951 Доцент Экономика 18900

6 Салимова Раушан Ахановна 30.05.1966 Доцент информатика 17900

7 Омаров Оспан Маратович 30.071948 Доцент Физика 18900

3.Кестедегі әр өрістің енін деректердің ұзындығына сәйкес өзгерту.

4. Ол үшін:

«Код» өрісіндегі ке келген жолды шертіңіз;

Формат Ширина столбца командасын орындаңыз;

Пайда болған терезеде <По ширине данных> батырмасын шертіңіз, сонда



өріс ені өзгереді

Осы әрекеттерді қалған өрістерге де орындап, ендерін өзгертіңіз.



5.Кестеде іздеу жасау.

Мысалы, Оқытушы Омаровқа іздеу жасау үшін:

«Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз;

Правка Найти командасын орындаңыз;

Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп



теріңіз;

<Найти> батырмасын шертіңіз. Омаров сөзі белгіленіп, курсор сол сөз



орналасқан 3 –жолға ауысады;

<Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға



ауысып, келесі Омаровты айрықшалайды;

<Закрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.



6.Деректерді алмастыру. Ассистент Сергееваның жалақысын 18900-дан

20000-ға алмастыру керек. Ол үшін:

«Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз;

Правка Заменить командасын орындаңыз.

Пайда болған терезенің Образец жолында 18900 санын теріңіз;

Заменит на жолына 20000 санын теріңіз.

<Заменить все> батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер



алмастырылады.

7.Деректерді сұрыптау. “Жалақы” өрісінің деректерінің өсуі реті боынша

кесте деректерін сұрыптау (сорттау) керек . Ол үшін

 “Жалақы” өрісінің кез келген жазбасын (жолын) шертіңіз;

Басқару панеліндегі батырмасын шертіп немесе Записи-

Сортировка-Сортировка по возрастанию командаларын орындаңыз.

3-жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер.

1. Студенттер кестесін жасау үшін төменде берілген 3-кестеге сәйкес

кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттер кестесінің құрылымын

Конструктор арқылы жасаңыз.

3-кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі

Студенттің коды Сандық Бүтін

Фамилия Мәтіндік 15

Аты Мәтіндік 12

Әкесінің аты Мәтіндік 15

Топ номері Мәтіндік 10

Телефон Мәтіндік

Стипендия Логикалық

Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын белгілеңіз» беріңіз. Ол үшін

«Студенттің кодын» өрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі

батырмасын шертіңіз немесе Правка-Ключевое поле командаларын

орындаңыз. Кестені Студенттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

1. Пәндер кестесін төмендегі 4-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

4-кесте

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі

Пән коды Сандық Бүтін

Пән аты Мәтіндік 30

Кілттік өріс ретінде «Пән кодын беріңіз» Кестелер кейін форма режимінде

толтырылады. Кестені Пәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

2. Бағалар кестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

5-кесте

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі

Студент коды Сандық Бүтін

Пән коды Сандық Бүтін

Бағалар

Ескерту: Бұл кестеде кілттік өрісті жазудың керегі жоқ, өйткені деректер

қайталануы мүмкін. Кестені Бағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін форма режимінде толтырылады.

4.Деректер схемасын құру, яғни кестелер арасындағы байланыстарды

орнату. Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін өзара

байланыстыру керек. Ол үшін:

Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Сервис Схема



данных командаларын таңдаңыз, сонда экран «Схема данных» терезесі

шығады;

Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Связи Добавить



таблицу командаларын орындаңыз;

Пайда болған терезе де тек бір кестенің аты ғана тұрады. Кестенің атын



белгілеп, <Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын белгілеп

қайтадан <Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған

кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.

<Закрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз.

Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату

керек. Ол үшін курсорды Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына

апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі

Бағалар кестесінің Пән коды өрісінің атына апарыңыз, тышқан

батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ



батырмасын шертіп жалауша () орнатыңыз.Егер екі өрістіңтиптері

бірдей болмаса, бұл жалаушаны орната алмайсыз. Сондықтан олардың

типтері бірдей болуы керек.

Каскадное обнавление связанных полей және Каскадное удаление



связанных записей қасиеттеріне де жалауша орнатыңыз.

<Создать> батырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.

Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және Оқытушылар кестесіндегі

«Пәндер коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

Студенттер кестесі мен Бағалар кестесіндегі Студент коды өрістерін



өзара байланыстырыңыз.

Макетті сақтап терезені жабыңыз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1.Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық

альбом» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап,

кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

2. Үш кестеден «Мамандық», «Оқытушы», «Пәндер» тұратын «Факультет»

деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті

белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

3. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын

«Компьютерлік салон» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өрісті

өздерің ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арсында байланысты

орнатыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.Деректер базасы, ДББЖ деген не?

2. Microsoft Access ДББЖ қандай объектілерден тұрады?

3. Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?

4. Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері бар?

5. Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?

Практикалық сабақ №8

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі.

Формаларды жасау»

Мақсаты: Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access -те пішін жасау

әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтыру.

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы кестелер мен сұратулардың (запросы)

құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен

шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізіледі.

Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы

объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк

іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде

деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді

енгізу, жазбаның біреуін көрк үшін) экранның арнаулы пішімі (формат)

болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер

қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную)

немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты

пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).

Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар:

кесте режимінде немесе форма режимінде.

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

1)Конструктор – пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.

2) Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді

автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде

қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде

жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор

режимінде түзетуге болады.

3) Автопішіндер (Автоформы) – пішін шеберінің жеке жағдайы болып

табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін

автоматты түрде жасайды.

4) Диаграмма – диаграммасы бар пішінді жасайды.

5) Қорытынды кестесі (сводная таблица) Excel-дің қорытынды кестесі

бар форманы жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Кестеге деректерді енгізу.

1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

А) Пәндер пішінін жасау үшін:

Деректер қоры терезесінде Формы бөлімін таңдап, Создать



батырмасын басыңыз.

Ашылған Новая форма атты сұхбат терезесінде Мастер форм



пунктін таңдаңыз.

Терезенің төменгі жағындағы тізімдегі тілше батырмасын басып



пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасын

басыңыз;

Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз.



Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан алдымен ,

одан соң Далее батырмаларын басыңыз

Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз.



Далее батырмасын басыңыз.

Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын



басыңыз.

Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз.



В) Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді

жабыңыз.

1-кесте

Пән коды Пән аты

1 Информатика

2 Математика

3 Физика

4 Экономика

2.Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:

Деректер базасының терезесінде Таблицы бөліміндегі өздеріңіз



алдыңғы практикалық жұмыста құрылымын жасаған Оқытушылар

кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп басыңыз.

Пән коды өрісін 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Кестені сақтап



жабыңыз.

3.Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру

керек.

А) Студенттер пішінін __________жасау үшін:

Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать



батырмасын басыңыз;

Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін



таңдаңыз;

Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық түрін белгілеп, <ОК>



батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін

жасалынды.

Б) Студенттер кестесін 2 – кестеге сәйкес пішін көмегімен .

2-кесте

Студент

коды

Фамилиясы Аты Әкесінің

аты

Топ Телефон Стипендия

1 Арбузов Николай Николаевич ФК-1 21-27-24 Иә

2 Киршин Петр Иванович ФК-2 22-03-05 Иә

3 Аманов Самат Сагинович ФК-3 21-29-30 Жоқ

4 Алиев Қанат Жанатович ФК-4 24-25-21 Иә

5 Асанов Аман Алиевич ФК-5 52-23-21 Иә

6 Жолдасов Жұмабек Бакытович МК-1 25-21-52 Жоқ

В) Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.

3. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:

Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать



батырмасын шертіңіз;

Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін



таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК

батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалады.

Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады.



Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын

басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып

отырып, барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол

жағын басқан күйі деректер облысына жылжытып алып барыңыз.

өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің



алаңына қалауыңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін 18 деп беріңіз. Жазбаның



өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат –

размер – по размеру данных командасын орындаңыз. Пішінде

Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

А) Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы

пішіннің атына тышқан курсорын курсорын апарып екі рет шертіңіз.

Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес

толтырыңыз.

3-кесте

Студент коды Пән коды Бағалар

1 1 4

1 2 5

1 3 4

1 4 4

2 1 5

2 2 5

2 3 4

2 4 4

3 1 3

3 2 5

3 3 4

3 4 3

4 1 4

4 2 4

4 3 5

4 4 4

5 1 5

5 2 5

5 3 5

5 4 5

6 1 5

6 2 4

6 3 5

6 4 4


жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау