Пән: Физика
Сынып: 9
Сабақ: 1
Конспект
Бөлім: Кинематика
Тақырыбы: Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру
Оқу мақсаты: Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалы-лығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру;
Метапәндік дағдылар: Есептеп ойлау. Мәселелерді шешу. Логикалық ойлау. Зерттеу дағдылары.
Сценарий авторының аты-жөні және телефоны: Тастанбеков Абзал Кайратович, +77022362501
Конспект
Денелердің қозғалысын және оны сипаттайтын шамалардың арасындағы байланысты қарастыратын механика бөлімі кинематика деп аталады.
Механикалық қозғалыс деп аталатын дененің ең қарапайым қозғалысын, яғни оның кеңістіктегі орнының өзгеруін қарастырайық. Дененің қозғалысын сипаттауға талпыныс жасап, оны сипаттау үшін ненің қажет болатынын анықтайық.
І. Материялық нүкте. Егер қозғалыстың алуан түрлілігін және оның күрделілігін ескерсек, онда нақты қозғалысты сипаттау өте қиын мәселе болып табылады. Физикада күрделі объектілер мен құбылыстарды зерделеу үшін модельдеу әдісі пайдаланылады.
Материялық нүкте деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады.
ІІ. Санақ жүйесі. Дене қозғалысын бақылаған кезде, біз оның уақыт өтуіне қарай орын ауыстырғанын басқа денеге қатысты қарастырамыз. Сондықтан дененің қозғалыста немесе тыныштықта тұрғанын анықтау үшін алдын ала екінші дене таңдап алынады. Мұндай дене санақ денесі деп аталады.
Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені санақ жүйесі деп атайды.
ІІІ. Траектория. Материалық нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің жиынтығы траектория деп аталады.
IV. Жол. Жол – бақылау уақыты аралығында дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы.
V. Орын ауыстыру. Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру деп аталады.
Г.Галилейдің салыстырмалық принципіне сәйкес барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді. Барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы. Мысалы, тұрақты жылдамдықпен қозғалып келе жатқан вагон ішіндегі денелер қозғалысын бақыласақ, нәтиже тура сондай болады: бақылаушы отырған орындық сол орнында қалады, үстел үстіне құлаған нәрсе вагон еденіне түседі, вагон еденіне түсу уақыты сондай биіктіктен дененің жерге түсу уақытына тең. Жолаушы терезеден қозғалмайтын санақ жүйелеріне (ағашқа, бағанға т.б.) қарамаса поездың тұрғанын немесе қозғалыста екенін ажырата алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |