«ЛИНК» Халықаралық менеджмент
институтыhttp://www.ou-link.ru/de/
ЛИНК (LINK—
LearningInternationalNetworK)Халықаралық
менеджмент институтының орталығы –
халықаралық деңгейде білім алуды
ұсынады. ЛИНК желісі Ресей мен «таяу
шетел» қалаларында орналасқан 100 оқу
орталығын біріктіреді. Ол ЛИНК
стратегиялық әріптестерінің бірі болып
табылатын - Ұлыбританияның Ашық
университеті (АУ) - әзірлеген стандарттар
мен бағдарламалар негізінде бірлесу
технологиясы жөнінде білім берумен
айналысады. Менеджмент, маркетинг,
экономика, қаржыгер, ағылшын тілі
мамандықтары бойынша оқытады. Орталық
сайтында бағдарламаларға, оқу
материалдары мен курстарға, оқуға түскісі
«Эйдос» қашықтықтын білім беру
орталығы
http://www.eidos.ru/
Коммерциялық ұйым емес, мақсаты
қашықтықтан білім беру қызметтерін ұсыну
болып табылады; ғылыми зерттеу және
қашықтықтан білім беретін ұйым;
қашықтықтан білім беру технологиясын,
бағдарламасын, әдістемелік құралдарын
іске асырады және әзірлейді; оқыту
процессіне интернет технология енгізумен
айналысатын ұйымдар үшін қашықтықтан
білім беру тьютерлерін даярлайды .
Орталықтың сайтында ұсынылған: мектепке
дейінгі балалар, оқушылар, студенттер,
оқытушылар үшін қашықтықтан білім беру
курстарының сипаттамалары (ағылшын
тілінің, мектепке арналған пәндер бойынша,
педагогика және басқа пәндер.); өткізілетін
шаралар туралы ақпараттар; «Эйдос»
электронды журналы.
•
opraHJI3aumo H npose,n:eHHe rpynnOBb X
.QHCKYCCHH,
poJieBb X Hrp,
pa3JIHtI
Hb X TpeHHHI'OB, ceMHHapoB B pe.IKHMe
pea.JibHOI'O
BpeMeHR;
•
ocyiuecTBJieHHe TeKyiuero KOHTpom1
3HaHHtt,
BKJIIDti:aroiuero B ce6a n
posep
KY npaKTHtieCKHX, Jia6opaTOpH.bIX, KOHTpOJibHb X, KypCOBb X
H
.D;BilJIOMHbIX
pa6oT;
•
npoBe,n:eHHe OtIHOH HTOI'OBOH aTTeCTauHH.
B3aHMo,n:e:HcTBHa MeJK,n:y npeno,n:aBaTeJieM H cTy,n:eHTOM B
npouecce
o6yqe
HHH, oceCTBJIHeTca c IlOMOIUbIO 3JieKTPOHHOH IlOtITbl H ceMHHapoB, n
poBO,D;H
Mb X B pe.IKHMe peaJibHOI'O BpeMeHll.
B
uacToaiuee BpeMH MHOrHe yHHBepcHTeTbIH KPYIIHbie BY3bIHMelOT no.n;pa3-
,n;eJieHHH, KOTOpbie npOBO.D;HT ,nHCTaHullOHHOe o6yqeune. ,r:i:ocTaTO"'IHO 3allTH Ha
ca
i:h y
ti:
e6Horo 3aBe,n;eHHH
H
TaM IlOJIY'lHTb HCti:epnbIBalOIUYIO HH
yc
JIOBHHX
no.n:roTOBKH.
KpoMe Toro, co3,n:a10Tca cneuuaJIU3HpoBaHHbJe yqe6HbJe
ueHTpbI
,ll;O.
B Ta6n.
2.1
npHse,n;eHi.1 KpaTime
,n;aHui.rn
HeKoTopb X u;eHTpoB.
Браузер — веб-серверден жүктеп алынған веб-парақтарын қарап шығуға арналған
бағдарлама.
Веб-сайт (ағыл.website, web— тор, site — орын) — HTTP/HTTPS хаттамалары
арқылы интернетте қол жеткізуге болатын бір немесе көптеген веб-парақтар. Сайт
парақтары ортақ тамырлы мекенжаймен, сондай-ақ тақырыппен, логикалық
құрылыммен, әзірлеумен және (немесе) авторлықпен біріктірілген. Бүкіләлемдік тор –
барлық жалпы қол жетімділік сайттар жиынтығы.
Веб-парақ — веб-сайттың құрамдас бөлігі. Онда басқа парақтарға немесе басқа
серверлерге мәтіндер, кескіндер, гипермәтіндік сілтемелер болуы мүмкін.
Бейне конференциялық байланыс (Videoconferencing) — нақтылы уақыт
режимінде аумақтық бөлінген топ қатысушылары арасындағы аудио және бейне
ақпараттарды алмастыруды қамтамасыз ететін, компьютерлік желі мен электрбайланыс
операторлары ұсынатын қызмет.
Бүкіләлемдік тор (World Wide Web — WWW) — Гиперортаны пайдалана
отырып, бүкіл әлем бойынша орналасқан сервердегі ақпараттарға рұқсатты оңай алуға
ықпал ететін интернеттегі қызмет. Әрбір құжатта әуен немесе басқа құжаттарға,
үлгілерге сілтемелер болады.
Гиперсілтеме — Интернетте орналасқан және осы файлдың (URL) толық жолын
қамтитын кез келген басқа файлға көрсететін HTML-құжатындағы жол. Гиперсілтемелер
— сайттағы мәтін немесе графикалық кескін немесе электрондық пошта хатындағы
(басқа) веб-парақтарды тінтуір пернесін басу арқылы жүктеп алуға болады
Гипермәтін (Hypertext) — кез келген жерде орналасатын құжаттар арасындағы
байланыс. Белгіленген сөз немесе фразаны тінтуір пернесімен басып, пайдаланушы осы
тақырып айтылған бөлімдерге түседі.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) (Distant learning, E-learning) — оқытушы мен
студенттің аумақтық бытыраңқылық кезінде заманауи ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды пайдаланумен оқыту рәсімдерінің барлық
немесе көптеген бөлігі жүзеге асырылатын оқыту.
Домендік ат (Domain name) — интернет желісінде әрбір торап тіркелген
символдық ат. Бірнеше алфавитті-сандық терминдер тобынан, бөлінген нүктелерден
тұрады, мысалы www.rambler.ru. Домен — интернеттің ең ірі құрылымдық бірлігі.
Әдетте домен — ел немесе басқа үлкен құрылым болып табылады.
Интерактивті (Interactive) — диалогтық.
Интернет (Internet) — бүкіләлемді қамтитын, компьютерлер арасындағы өзара
мәліметтер алмасу жүйесі. Интернет TCP/IP хаттаманы пайдаланатын компьютерлерге,
электрондық поштаға, хабарлама тақталарына, деректер қоры мен пікір-талас жүргізетін
топтарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
59
Глоссарий
Глоссарий
Интернет-хаттама (InternetProtocol— IP) — Интернеттегі коммуникациямен
қамтамасыз ететін негізгі хаттама.
Интерфейс (Interface) — компьютерлер мен оны пайдаланушысы арасындағы
немесе екі құрылғы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бағдарлама.
Интражелі (Intranet) — интернет желісінің принципі бойынша құрылған
ішкікорпорациялық желі.
Кейс-технология — тьютер-оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес
береуін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудивизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік
материалдарды (кейстерді) жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі
ү
жіберуге негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы.
Бақылаушы (Controller) — процессорды тікелей басқару перифериясынан
босата отырып, перифериялық
жабдық немесе байланыс арналарын орталық
процессормен байланыстыратын құрылғы.
Жергілікті есептегіш желі (ЖЕЖ) (LocalAreaNetwork-LAN) — бір немесе
бірнеше жақын орналасқан ғимараттар шегінде сандық ақпаратты тарату үшін бір немесе
бірнеше автономды арналармен біріктірілген компьютерлер мен басқа құрылғылар тобы.
Мультимедиа (Multimedia) - дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы
бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты
кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және
мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика,
дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап,
диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде
қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында
көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиялықбағдарламалар сөйлейтін
энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық
қамти алады.
Онлайн (On-line) — желіге тікелей қосылған кезде интернетте жұмыс істеу
режимі.
Оффлайн (Off-line) — компьютерлердің интернетке қосылмай автономды
режимде жұмыс істеуі.
Іздестіру жүйесі (Searchengines) — арнайы сайт, пайдаланушы тапсырған
сұраныс бойынша құжаттарға немесе сайттарға осы сұранысқа сәйкес сілтеме алуға
болады.
Портал (Portal) — Интернетке «портал» сөзі архитектуралық мағынамен «басты
кіруді» білдіреді. Адам өзінің браузерінен бастапқы парақтарды ашуға интернетте өзінің
жұмысын тұрақты бастайтын сайтты айтады
.
Провайдер қызметі (Internet Service Provider — ISP) — компания немесе басқа
ұйым ұсынатын интернет-қызметтер: өзкомпьютерлерін (интернеттің бөлігі болып
табылатын), хостинг және т.б. олардың талабы бойынша Internet-ке тікелей қосу.
Сервер (Server) — кең мағынада — бұл басқа желілік нысандарға (клиенттерге)
олардың сұранысы бойынша сервисті ұсынатын нысан. Жергілікті есептегіш желіде
қымбат тұратын ресурстар жүйесінің желі терминалдар арасын бөлуді пайдаланумен
басқарушы мамандандырылған ЭЕМ.
Желілік құрылғы — желілік бақылаушы, бағдарлаушы, шоғырлаушы және т.б.
Желілік құрылғы жеке тіреуіш, шкаф, қорап жәшік немесе тақта түрінде құрылады.
Құрылғының функциясы оның электрондық схемасы және (немесе) оған енгізілген
бағдарламамен анықталады.
60
Желілік адаптер (Network adapter) — компьютерді жергілікті желіге қосуға
мүмкіндік беретін құрылғы. Желілік адаптер желі бірліктері арасында мәліметтерді
тарату және мәліметтермен алмасу ортасына рұқсат беруді бақылайды.
Желілік ресурс — процеске ұсынатын нысан жүйесі немесе желі. Ресурс бір
мезгілде бір қатар процестермен қолданылуы мүмкін. Физикалық ресурс-
процессорларды, ішкі құрылғыларды, физикалық арналарды, коммутация тораптарын
және логикалық ресурстарды — бағдарламаны, навигаторларды, тілдерді,
платформаларды, интерфейстерді, жадыларды, логикалық арналарды және т.б.
ажыратады.
Желі (Network) — бір-біріне мәліметтерді жеткізетін қосылған компьютерлер
мен басқа құрылғылар тобы.
Телеконференция (Teleconference) — техникалық құралдар көмегімен
аумақтық бөлінген қатысушылар арасында топтық коммуникация жүзеге асырылатын
шаралар түрі.
Чат — интернеттің бір және сол мәтіндік жолақта бір мезгілде екі және бірнеше
пайдаланушылардың желіде нақтылы уақытта сұхбаттасуы.
Электрондық пошта (E-mail) — интернеттің танымал қызметтерінің бірі. Бұл
қызмет компьютер пайдаланушыларына компьютердің көмегімен бір-біріне электронды
хабарлама жіберуге жол ашады. Желі арқылы компьютерден компьютерге хаттар мен
хабарламалар таратады.
HTML тілі — «Бүкіләлемдік торда» (WWW) сайттарды құру үшін қолданылатын
гипермәтін белгілеу тілі.
Ethernet (Ether — эфир, Net — желі) — коаксиалды сым негізінде жергілікті
есептегіш желінің құрастырылған технологиясы. Ethernet-те барлық тораптар бүкіл
хабарламаларды қабылдауы мүмкін. Ethernet топологиясы — сызықты немесе жұлдыз
тәрізді, мәліметтерді тарату жылдамдығы 10-100 Мбит/с дейін.
ICQ ( ағыл.Iseekyou — мен сені іздеп жүрмін) — интернет желісінде шұғыл қарым-
қатынасқа арналған жүйе.
IP-адрес — Internet жүйесіне қосылған әрбір компьютер өзінің ерекше IP-адресіне
ие болады. IP-адрес нүктелермен бөлінген 4 саннан тұратын өзіндік сандық желілік
адрес.
LearningPortal (E-learningPortal) — оқу порталы (корпорациялық немесе
көпшілік вeб-сайты). Корпорациялық сайт корпорациялық оқу, оның ішінде LMS
арқылы мүмкіндіктеріне қол жеткізуді ұсынады.
TCP/IP — хаттама (TransmissionControl/InternetProtocol) — Интернет арқылы
компьютерлік жүйені қосуға және мәліметтерді таратуда пайдаланылатын, интернет
желісінде қабылданған байланыстың (көптеген хаттама отбасылары) стандартты желілік
хаттамасы.
URL— ресурстың әмбәбап көрсеткіші — интернет желісіндегі құжаттың орналасу
орнын көрсететін символдардың стандартталған бағаны.
I. Компьютерлік желі деген не?
2. Серверлердің жұмыс станцияларынан ерекшеліктері қандай?
3. Компьютерлер желіде қандай принциптермен біріктіріледі?
4. Жергілікті желілердің әртүрлі үйлесімдіктерінің негізгі ерекшеліктерін
келтіріңіз.
5. Жергілікті желілердің сізге танымал аппараттық құралдарын атаңыз.
6. Желілік ресурстарға не жатады?
7. Желілік принтерді пайдаланудың артықшылығын қалай түсіндіресіз?
8.
«Клиент-сервер» типінің негізгі сәулетті ерекшеліктерін атаңыз.
9.
Желілік операциялық жүйесі мен желілік қосымшалардың айырмашылығы
қандай?
10. Бүкіләлемдік компьютерлік интернет желісінің негізгі ерекшеліктерін
қалыптастырыңыз.
II.
Интернетке қосылудың сізге танымал түрлерін атаңыз, оларға салыстырмалы
сипаттама беріңіз.
12. Гипермәтін деген не?
13. HTMLжәнеURL деген не?
14. Танымал іздестіру жүйелерін атаңыздар.
15. Интернет-каталогтардың құрылысын сипаттап беріңіз.
16. Ғаламдық желіден ақпарат іздестірудің негізгі тәсілдерін атаңыз.
17. Іздестіру машинасындағы сұраныстар қалай қалыптастырылады?
18. Интернет желісінде ақпаратпен алмасудың негізгі формаларын атаңыз.
19. Пайдаланушылар арасындағы ақпаратпен алмасу кеңінен тараған
құралдарды атаңыз.
20. Электрондық поштамен жұмыс істеу технологиясы қандай ?
21. e-mail, IRC, ICQ терминдеріне түсініктеме және аудармаларын беріңіз.
22. Интернет-телефонияның түрлері мен ерекшеліктерін атаңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Барановская Т.П. Архитектура компьютерных систем и сетей / [Т. П.
Барановская, В. И.Лойко, М. И. Семенов, А. И. Трубилин]. — М. : Финансы и статистика,
2003.
2007.
2. Киселев С.В. Оператор ЭВМ / С. В. Киселев. — М. : Изд. центр «Академия»,
3. Мартин Майкл Дж.Введение в сетевые технологии. Практическое руководство
по организации сетей / Майкл Дж. Мартин. — М. : Лори, 2002.
4. Новиков Ю.В. Локальные сети. Архитектура, алгоритмы, проектирование / Ю.В.
Новиков, С. В. Кондратенко. — М. : Эком, 2000.
5. Олифер В.Г. Основы сетей передачи данных. Курс лекций / В.Г.Оли-фер, Н. А.
Олифер. — М. : Интернет-университет информационных технологий, 2005.
6. Столингс Вильям. Компьютерные сети, протоколы и технологии Интернета /
Вильям Столингс — СПб. : БХВ-Петербург, 2005.
7. Таненбаум Э. Компьютерные сети / Э.Таненбаум. — СПб. : Питер,
2006.
Әдебиеттер тізімі
Оқырманға .................................................................................................................................. 3
Кіріспе ......................................................................................................................................... 4
1 -тарау. Жергілікті компьютерлік желілер ............................................................................. 5
1.1.
Жалпы мәліметтер .......................................................................................... 5
1.2.
Жергілікті желілердің топологиясы .............................................................. 6
1.3.
Желілік жабдық .............................................................................................. 9
1.4.
Жергілікті желілердің аппараттық ресурстары .......................................... 15
1.5.
Желілерді жобалау және монтаждау .......................................................... 16
1.6.
Желілерді логикалық ұйымдастыру............................................................ 17
2-тарау. Ғаламдық компьютерлік желілер ............................................................................. 28
2.1.
Интернет ....................................................................................................... 28
2.2.
«Дүниежүзілік ғаламтор» ............................................................................ 29
2.3.
Интернетте ақпарат іздеу ............................................................................. 32
2.4.
Интернеттегі қарым-қатынас құралы ......................................................... 37
2.5.
Электрондық коммерция ............................................................................. 49
2.6.
Қауіпсіздік және Интернет .......................................................................... 52
2.7.
Қашықтықтан оқыту..................................................................................... 54
Глоссарий ................................................................................................................................. 59
Бақылау сұрақтары .................................................................................................................. 62
Әдебиеттер тізімі ..................................................................................................................... 63
Әдебиеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |