IRC (ағылш.Internet relay chat) — интернеттегі сұхбаттасуды тарату. Интернеттегі
әңгімелесу қысқаша толқынды радионы еске түсіреді: бірнеше анықталған тақырыпта
сұхбаттасу жүргізуге болатын (телеконференция сияқты)арналары бар. Осы арналарға
қолдау көрсету үшін арнайы серверлер мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету
қолданылады. Пайдаланушы IRC-клиент бағдарламасын пайдалана отырып, IRC
серверінің біреуіне қосылуы тиіс.Ол өзін қызықтырған арнаны таңдай алады және
желіде әңгімелесіп жатқан әңгімелесушімен мәтінді клавиатура арқылы тере отырып
қарым-қатынас жасай алады. Дыбыс картасы мен қажетті бағдарламалық қамтамасыз
ету бар болған жағдайда өзінің әңгімелесушілерін тікелей тыңдауға болады. Бүкіл әлем
бойынша IRC мыңдаған арналары мен жүздеген мың әңгімелесушілері бар.
WWW-чаттары (ағылш.chat — достық әңгіме, мағынасы жоқ әңгіме).
Телеконференция сияқты өз орнын веб-форумдарға береді, сондай-ақ, IRC орнына
чаттар негізінде WWW-технологиясы келді. WWW-чаттарын пайдалану үшін арнайы
бағдарламаның болуы қажет емес — қарапайым браузер жеткілкті. Сұхбаттасуға қатысу
үшін чат орналастырылған веб-серверге кіру керек.
2.14 -сурет. ICQ бағдарламасының терезесі
46
тарау
2
Ғаламдық компьютерлік желілер
ICQ (ағылш.I seek you — мен сені іздеп жүрмін). ICQ өзі интернетте пайда болған
кезден бастап өзінің пайдаланушылары арасында тез уақытта айтарлықтай
танымалдыққа ие болды. Қазіргі заманғы адамның іс-жүзінде пайдалану үшін
қарапайым ICQ қолжетімділігі мен тегін болуын ұштастыра отырып,e-mail сияқты
міндетті атрибут етіп жасады. ICQ пайдалану үшін клиент деген арнайы бағдарлама
қолданылады, оны www.icq.com сайтынан тегін жүктеуге және өз компьютеріңізге
орнатуға болады.
Бағдарламаны алғашқы рет іске қосқанда өзіңіздің есептік жазбада тіркелген
деректеріңізді енгізіңіз, ал егер жоқ болса, ICQ серверіне тіркеліп, есептік жазбаны
(UIN) алу керек.
Бүкіл процесс бірнеше минутты алады, содан кейін сіз бірден ICQ қосыласыз және
қарым-қатынас жасауды бастай аласыз.
Корреспондентпен сөйлесуді бастау үшін оның (UIN) есептік жазбасындағы
нөмірін білу керек — сондай-ақ, электрондық хабарлама жіберу үшін e-mail мекен-
жайын білу керек. Тұрақты корреспонденттердің тізімі ол мекен-жай кітабымен ұқсас
пошталық клиент бағдарламасында контактілер парағында жүргізіледі (2.14-сурет).
Пайдаланушы нақты уақытта on-line режимінде кім отырғанын көре алады.
Хабарлама жіберу үшін корреспондентті тізімнен тінтуір көмегімен таңдайды және
ашылған терезеде қысқаша хабарламаны тереді, ол бірден әңгімелесушіге жіберіледі, ал
сіз жауап күтесіз. Егер жауап келсе, сіз дыбыстық сигнал естисіз және байланыс тізімінен
жыпылықтап тұратын хат көресіз.Бір мезгілде осындай «әңгімені» бірнеше
әңгімелесушілермен бірден жүргізуге болады. Бағдарлама қабылданған және жіберілген
хабарламалар журналын жүргізеді.
Интернет арқылы on-line режимінде қарым-қатынас жасау үшін көптеген
бағдарлама сыныбын әзірлеу барысында ICQ-ды ойлап шығарғандар алғашқы із
салушылар болды. Осындай бағдарлама сыныбы Instant messengers(сөзбе-сөз «лездік
хабарламалар») деп аталады.Өздерінің ұқсас өнімдерін шығарды. Microsoft — MSN
Messenger, Yahoo — Yahoo! Messenger және т.б. Бұл мессенджерлердің әрқайсысы өзінің
серверімен жұмыс істейді (MSN Messanger — Microsoft серверімен, Yahoo Messenger! —
Yahoo серверімен) және өз байланыс хаттамаларын пайдаланады. Сондықтан ICQ
бағдарламасын пайдаланушы MSN Messenger бағдарламасын пайдаланушысына
хабарлама жібере алмайды якикерісінше.
ICQ клиент-серверлік технология бойынша жұмыс істейді: егерICQ сервері істен
шығып қалса, онда барлық пайдаланушының бағдарламасы жұмыс істеуді тоқтатады
және серверді қалпына келтірмейінше хабарлама жіберуге болмайды. Дәл солай — егер
сізде интернет желісі жоқ болып кетсе, онда тіпті сіз қосылған жергілікті желіге
қосылған және көрші столда отырған корреспондентке де ICQ бойынша хабарлама
жіберуге болмайды, өйткені ICQ жұмыс істеу үшін сервермен байланыс қажет.
47
Желілерді логикалық ұйымдастыру
2.4
Интернет-телефониясы. Интернет-телефониясы (немесе IP-телефониясы) — бұл
Интернет арқылы дауысты тарату технологиясы, ол ұйымның телефон байланысы үшін
дәстүрлі телефонның барынша арзан баламасы ретінде өте кеңінен қолданылады. IP-
телефониясы қызметін пайдалану үшін пайдаланушының компьютерінің болуы және
интернетке қосылуы міндетті емес. Арнайы телефон карточкасын сатып алу жеткілікті
және нұсқаулыққа сүйене отырып өз үйіндегі қарапайым телефоннан қоңырау шалуды
жүзеге асырады — бұл жағдайда барлық техникалық жұмысты телефон провайдері өзіне
алады.
Компьютері бар және интернетке қосылған пайдаланушыбәрін өзі жасай алады —
бұл әрі арзан, тіпті мүлдем тегін болады (интернет төлемдерінен тыс қосымша төлем
қажет емес). Әртүрлі бағдарламалар бар, олардың көмегімен өз компьютерінен интернет
бағдарламалардың бірі — Skype-қатоқталып өтейік.
Бағдарламаны пайдалануды бастау үшін www.skype.com сайтына кіріп, тегін
бағдарламаны жүктеу керек және оны өз компьютеріңізге орнатуыңыз қажет. ICQ
ұқсас бағдарламаны орнату барысында сізге тіркелу және Skype есептік жазбасын алу
ұсынылады. Skype бағдарламасының сыртқы түрі ICQ еске түсіреді.
Егер компьютерде дыбыстық картасы мен микрофоны жоқ болса, Skype
бағдарламасына ұқсас ICQ пайдалануға болады — клавиатура арқылы терілген лездік
мәтіндік хабарламаларды жіберуге болады. Егер сізде дыбыстық карта мен микрофон
болса, онда Skype желісінің корреспонденттеріне қоңырау шалуға болады, сонымен
қатар сөйлесу тегін. Жай қоңыраулардан басқа сөйлесуге бір уақытта бірнеше адам
қатысып отырса, онда телефон конференциясын ұйымдастыруға болады. Ал егер сіздің
компьютеріңізде жай камера орнатылған болса, дыбыстан басқа бейнемен алмасуға да
болады. Осылайша, Skype-тан чат, телефон және бейне конференция жасауға мүмкіндік
аласыз.
Skype-тің кейбір техникалық ерекшеліктерін атап өтейік: бұл серверден бөлінген
бағдарлама технологиясын пайдаланбайды — желіге қосылатын әрбір абонент клиент
функциясын, сондай-ақ сервер функциясын орындайды. Сонымен қатар серверлік
функциялар on-line режимінде отырған барлық клиенттер арасында бөлінген. Бұл,
біріншіден, желіге үлкен сенімділік береді: Skype бағдарламасының сервер бас
тартқаннан жұмыс істемеуі мүмкін емес жағдай; екіншіден, серверлік жүктеме
жүктемелерді динамикалы бөлуге ықпал ететін, олар арқылы осы компьютерлер
хабарласа алатын көптеген компьютерлер мен көптеген байланыс арналары арасында
бөлінеді. Осыған байланысты дауыс пен бейнелерді таратудың жоғары сапасы
қамтамасыз етіледі.
Жай телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды жүзеге асыру үшін Skype Out — ақылы
қосымша қызметтердің белсенділігін жылдамдатады. Сонымен қатар сөйлесу құны сіз
қай мемлекетке және қай қаладан қоңырау шалып тұрғаныңызға байланысты болмайды.
Skype-тің ең жаңа мүмүкіндігінің бірі — бұл нақты телефон нөмірін сатып алу
мүмкіндігі. Осы жағдайда жай телефон пайдаланушылары сіздің компьютерге келіп
түсетін қоңырау шалуды жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, Москвада бола тұра, сіз
Нью-Йорк кодымен өзіңізге нөмір сатып ала аласыз және Нью-Йорктағы сіздің
достарыңыз сізге «жергілікті» нөмір бойынша қоңырау шала алады және жергілікті
қоңырау ретінде төлей алады. Сондай-ақ осы сервисдің барлық пайдаланушылары
байланыс сапасы өте жоғары екенін байқайтынын атап өтуге болады.
48
тарау
2
Ғаламдық компьютерлік желілер