С. В. Киселев и. Л. Киселев желілік технологиялардың негіздері



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет17/20
Дата22.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#15861
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 

 

 



Әлемде ең танымал интернет-аукционыeBay (www.ebay.com) болып саналады. 

Осы «сауда нүктесіне»  кіретіндердің саны күніне бірнеше миллиондаған адамды 

құрайды. Ол АҚШ-та, бірақ қазіргі уақытта әртүрлі елдерде көптеген филиалдары 

(Ресейде әлі жоқ) бар. Осы аукцион тауарлардың орасан зор таңдауымен ғана емес, 

сонымен қатар сауда демократиялық рәсімдерімен ерекшеленеді. Көптеген аукциондар 

сияқты оның схемасы мынадай: сатушы өзінің лотын, яғни фотосуретін және тауардың 

егжей-тегжейлі сипаттамасын қояды. Ол сондай-ақ лоттың бастапқы құнын және 

ұсыныстың  әрекет ету мерзімін тағайындайды.  Сатып алушылар өз бағаларын 

(бастапқы құнынан төмен болмау керек) ұсынады және өзара саудаласады. Ұсыныстың 

әрекет ету мерзімі аяқталуына байланысты сатылымға қойылған лот үшін ең жоғарғы 

баға ұсынған жеңімпаз жарияланады. 

Сауданың осындай барлық қызықтырушылық формаларына қарамастан отандық 

сатып алушылар үшін ұқсас аукциондардан заттарды сатып алу бірқатар қиындықтар 

туғызады.  Бұл ең алдымен лотқа төлем жүргізгенде — әдетте төлемдер кредиттік 

(дебиттік) картамен жүргізіледі. Бірақ көптеген шетелдік аукциондар басқа сатушы 

ұйымдар сияқты отандық банктермен шығарылған карталармен, тіпті халықаралық 

VISA карталары болса да,төлемді қабылдамайды. Екінші мәселе   — тауарды жеткізу. 

Көптеген шетелдік аукциондар (eBay-ден басқасы) тауарды жеткізуді өз елінің шегінде 

ғана жүзеге асырады. Сондай-ақ тауарды алу кезінде кедендік қиындықтар, сауда 

үдерісінің терминологиясы және шет тіліне қатысты қиындықтар болуы мүмкін. 

Осы қиындықтарды  отандық делдал-фирма қызметтерін пайдалана отырып жеңіп 

шығуға болады. Мысалы, Pregrad.Net сатып алушыға тауарды таңдау, оны сату және 

жеткізу бойынша көптеген қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар интернет- 

аукциондардың отандық желілері  қызу дамып келеді. 



Төлемдер жүйесі. Интернет-саудасы дами бастағаннан банк операцияларын 

жүргізу үшін  интернетті пайдаланудың әртүрлі үлгілері мен әртүрлі төлем сервистері 

пайда болды. 

Мысалы, Яндекс-ақша төлемдер жүйесі интернеттегі қарапайым  пайдаланушылар 

үшін  әртүрлі тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін арналған. Бірақ оны басқа мақсат 

үшін де — тіпті коммуналдық төлемдерге де  пайдалануға болады. 

Осы жүйеде жұмыс істеудің келесі схемасы келтірілген: алдымен 

http//money.yandex.ru  сайтына кіріп,жүйеге тіркелу және электронды әмиян шотын ашу 

керек. Содан кейін Әмиян  желілік папкасына ақшаның анықталған сомасы аударылады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

51

 

Желілерді логикалық ұйымдастыру

 

2.5

 



 

 

 



 

 

Электрондық ақша пайдаланушы компьютерінің қатты дискісінде немесе смарт- 



картада сақталады. Осындан кейін өзіңіздің Әмияннан әртүрлі қызметтерге төлем 

жасауға болады. Әмиянды толықтыру әртүрлі тәсілдермен жүзеге асуы мүмкін: 

пластикалық карта, пошта аударымдар көмегімен,  банк арқылы және т.б. 

 

 



 

 

 



Қауіпсіздік және интернет 

 

 

 

Заманауи интернет дербес компьютерлер үшін үлкен қауіп тудырады: 

■ 

компьютерге вирус кіріп кетуі мүмкін, соның салдарынан сіздің компьютеріңіздегі 



файлдар бұзылады; 

■ 

сізге  білінбей  троян  бағдарламасы  еніп  кетуі  мүмкін,  ол  компьютердің  жұмысын 



«тежейтін» болады; 

■ 

қаскүнемдер компьютерді бұзуды жүзеге асыруы мүмкін; 



■ 

тыңшылық  бағдарлама  компьютерде  сақталып  тұрған  (кредиттік  карта  кодтары, 

жеке  хат  жазбалар,  мәтін  және  келісім  шарттар  және  т.б.)  аса  маңызды ақпаратты 

ұрлап алуы мүмкін. 

Корпорациялық  жергілікті  желідегі  жұмыстық  станцияларды  және  серверлерді 

қорғаумен  мамандандырылған  бөлімшелер  айналысады.  Пайдаланушы  үйдегі  өз 

компьютерін  өз  бетінше  қорғауға  тиіс.  Қорғаудың  негізгі  құралдарын  атап  өтейік. 

Антивирустық  бағдарламалар.  Бұл  компьютерлерді  қорғайтын  бағдарламалар;  олар 

операциялық  жүйе  құрамына  кірмейді,  оларды  сатып  алу  керек  немесе  тегін 

бағдарламаны  пайдалана  отырып  компьютерге  орнату  қажет.  Антивирустық 

бағдарламаның  «жаңа»  нұсқасы  болуы  аса  маңызды  –  вирустардың  жаңа  нұсқалары 

тіпті  күнделікті  пайда  болып  отырады,  сондықтан  ескі  антивирустық  бағдарлама  жаңа 

вирусты  таба  алмайды  және  оны  компьютерге  өткізіп  жіберуі  мүмкін.  Сондай-ақ 

антивирустық базаны тұрақты жаңартып отыру қажет. 

Антивирустық база —вирустар туралы ақпаратты сақтайтын файлдар жинағы. 

Қандай антивирустық бағдарлама пайдалануға байланысты қорларды аптасына бір 

рет,  тәулігіне  бір    рет  және  тіпті  тәулігіне  бірнеше  рет  кіріп  жаңартып    тұру  керек. 

Антивирустық  қорларды  жаңарту  әдетте  интернет  арқылы  жүргізіледі  —  бұл  функция 

ереже сияқты антивирустық бағдарламаның өзіне орнатылған  және мәзір арқылы қолмен 

я болмаса тұрақты кесте бойынша шақырылады. 

Желіаралық экрандар. Дербес желіаралық экрандар тек  соңғы бірнеше жыл ішінде 

таралып  жатыр.  Дербес  желіаралық  экрандар  —  арнайы  бағдарлама,  ол  желі  бойынша 

қандай  мәліметтер  таралғанын,  компьютерде  қандай  бағдарлама  іске  қосылғанын,  оқуға 

немесе жазуға, құруға қандай файлдар ашылғанын  бақылап отырады. 

Желіаралық  экран  бағдарламасы  алдын  ала  берілген  ережелерге  байланысты 

анықталған  іс-әрекеттерге  рұқсат  береді    немесе  тыйым  салады,  журналға  хабарлама 

жазуы немесе пайдаланушыға ескерту хабарламасын жіберуі мүмкін. 

 

 



52

 

тарау 



2 

Ғаламдық компьютерлік желілер

 



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау