С т а н р е с п у б л и ка г к г м Х л у л а т и э н е ъ1лы м м ™ с т р л п бұзаубақова К. Ж. Ойлайық та ойнайық Тараз 2003



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет160/181
Дата14.04.2022
өлшемі9,25 Mb.
#38132
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   181
Buzaubakova(oilaiik oinaiik)

(Абай “Аттың сыны”).
4-сыны.  Шоқан  Шәңкеевтің  үлгісі.  (XIX  ғасыр).
Жүйріктің  басы  шағын  көлемді,  етсіз  танаулы  кең,  маңдайлы 
келеді.  Көзі  үлкен,  ағы мен қарасы ашық.  Қүлақтары тік емін- 
еркін  қозғалады.  Мойны  жүмарланып бітеді.  Жал  кыры  өткір, 
қайратты.  Омырауы  кең,  қабырғалары  иіліп  бітеді,  қарынды 
келеді. Жал қүйрығы майда. Тірек буынды.
5-сыны.  XX  ғасыр  .  Киікбай  сыншының үлгісі.  Киікбай 
атақты  сыншылардың  және  атакта Ақан серінің Қүлагер  атын 
алғаш көріп сын айтқан сыншылардың бірі.
Аттың бабы.
Бапкер.  Атты  бәйгеге  дүрыс  дайындау,  баптау  мерзімі 
екі  жарым айдан кем болмауы тиісті.  Алғашқы  күннен  бастап, 
күнделікті  кешке  қарай  аяңмен  3-4  шақырым  жер  жүріп 
қайтады.  Содан  кейін таң  асырып  суытады.  Ат  жатып  қалмас 
үшін қысқа етіп  байдаланады.  Ертеңінде  суыған атқа  алдымен 
аздаған  пішен  береді.  Одан  кейін  суғарады,  сосын  2-5  қадақ 
сулы  береді.  Сулыдан  соң  алдына  мол  етіп  пішен  салады. 
Кешке  қарай  тағы  да  сулы  беріп,  3-4  шақырым  аяң  жүріспен 
жүру керек. Осы әдіс жаргы ай қайталанады.  Жарты айдан соң 
суытудың әдісі өзгеріп, 2 немесе 3 күнде суытады. Осы әдіспен 
тағы  жарты  ай  баптайды.  Бір  ай  суытудың  өз  мақсаты  бар, 
мүндай  суыту  барысында  ат  шөп  тазартады,  жеген  жемінен 
күш ала түседі.
Екінші  айдың  басында  атты  желіске  салып,  барып 
суытады.  15  желіспен  суытқан  соң  аптаның  соңында  аттың 
жүрісіне тағы да өзгеріс болады.  3-4 шақырым жерге желіп,  1- 
1,5  шақырымға  шоқырақтап  жүреді.  Жем-шөпке  де  өзгеріс 
енеді.  Таң асырған атқа аздап пішен береді.  Бүдан соң 4 күнде 
бір  суытады.суытылған  күндері  ғана  сулы  береді,  қалған 
күндері  пішен береді.  Бәйгеге  10  күн не  1  апта  қалғанда  атты 
суытудың  ең  маңызды  кезеңі  басталады.  4-5  шақырымға  аяң 
280


жүріс,  одан  желіске  көшіп,  желістен шоқыраққа  одан  желіске 
жетеді.  Желіске  жеткенде  атқа  жабу  жабылады.  Қораға  10 
қадамдай  қалғанда  аяңға  көшу  керек.  Жабық  қорада  жабу 
жабылып,  түмшаланған  күйінде  ащы  тері  түгел  шығьга 
болғанша  жетектеп  жүру  керек.  Содан  соң  жабуын  алып,  тері 
кеткенше  тағы  да  жетелеу  керек.  Тері  кеткен  соң  қораның 
ішівде  кешке  дейін  үстап,  кетке  атты  жабық  қорадан 
шығарып,  тиісті  орынға  суытып,  таң  асырады.  Суыған  соң 
таңертеңінде пішен, одан кейін сулы береді. Сулыдан соң тағы 
пішен  береді.  Соңынан  суғарады.  Кейін  атты  мүздай  сумен 
жуады  да,  қүрғатып  сүртеді.  Атгың  үсті  толық  кепкенше 
серуендеп  жүру  керек.  Бүдан  кейін  I  қүшақ  пішен  береді  де, 
суғарады,  судан  соң,  сулы  береді.  Әрі  қарай  осы  әдіс 
қайталанады.  Бәйгеге  1-2  күн  қалғанда  атты  жиі  аяңдатып, 
шөлі қанғанша суғарып, аздап сулымен жемдейді де, қаңтарып 
қояды. Осындай әдіспен бапталған ат бәйгеде жақсы шабады.
Сондай-ақ  тәрбие  сағаты  барысында  жылқы  туралы 
мақал-мәтелдер  кезек  беріледі.  Мысалы:  «Жылқының  сүті 
шекер,  еті  бал»;  «Жүзден  жүйрік,  мыңнан  түлпар»;  «Ағайын 
тату болса ат көп, абысын тату болса ас коп»; «Атың барда жер 
таны  желіп  жүріп,  асың  барда  ел  таны  беріп  жүрін»;  «Арық 
атқа қамшы ауыр»;  «Қүнан атқа жегізер,  ат мүратқа жеткізер»; 
«Тай  мінген балаға жарасады»;  «Жақсы ат жанға  серік,  жақсы 
ит малға серік»;  «Ат сүрінбей жер танымас».  «Сырын білмеген 
атгың сыртынан жүрме», т.б.
Сабақ қорытындысында жылқының мінсең -  көлік, ішсең 
-   тәтті  тағам,  дәрілік  қасиетін  айта  келіп,  М.  Өтежановтың 
мына бір өлең жолымен тәрбие сағатын аяқтадық.
Бір сыр  бар ежелден-ақ далам білген,
Қазаққа ат мінбесе алаң кірген.
Алтыннан мен ескерткіш қояр едім.
Даланың түлпарына бабам мінген.
281


Ш¥БАТ -  ЖАНҒА ҚУАТ
Қазақтың үлтгық сусыны -шүбаттың  қүрамын,  маңызын 
ашып  көрсету,  осы  рәсімді  тек  балалардың  өздеріне 
жүргіздіріп, алдағы уақыттарда да өз беттерімен жүмыс  істеуге 
баулу мақсатында тәрбие сағатын өткіздім.
Осы  тақырыпқа  байланысты  балалардьщ  өз  қолдарымен 
жасаған  суреттерін,  сусын  қүятын  ыдыстарын,  ас  бағыты 
бойынша  жасаған  буклеттерін  көрмеге  қойдық.  Дөңгелек 
үстелге ыдыстар, тағам, шүбат қойылды, көрпеше төселді.
Жүргізуші. Хош келдіңіздер, қадамдарыңызға гүл бітсін. 
Өрістеріңіз  төрт түлік  малға толсын.  Төрт  түлік  мал  қазақтың 
күн  көрісінің  негізі.  Ол  -   сүт,  шүбат,  қымыз,  ет,  кисек  киім, 
мінсе  көлік,  сондықтан  қазақ  малды  аса  қадірлеп,  жырға 
қосқан -  табиғат перзенті.  Табиғаттан тыс  өмір  сүре  алмайды. 
Сол табиғаттың көрінісінің бірі -  түйе. Қой қоздап, түйе боздап 
дегендей  ауыздары  аққа тиіп,  адамдар  мәз  болады.  Сол  ақтың 
бірі -  шүбат.
Халқымыз  сүйсініп  ішетін,  кез  келегн  жолаушыға  шын 
пейілмен  үсынатын  үлттық  сусыны  -   шүбаттың  қүрамы, 
пайдасы және қасиетімен  танысайық.
Қазақ  халқы  кең  пейіл,  қонақжай  және  еңбекқор.  Мал 
шаруашылығымен  айналысқан.  Төрт  түлік  малдыц  бәрін 
өсірген.  Бір-бірімен  амандасқанда  «Ассаламағалейкум,  мал- 
жаның  аман  ба?»  деп  сүраған,  бірақ  малын  жанынан,  жанын 
арынан  аямаған.  Түйені  күш-көлік  ретінде,  әрі  етін,  сүтін, 
герісін, жүнін де пайдаланған. Қос өркенггі түйенің аталығын -  
бура,  аналығын -   інген, төлін -  бота дейді.  Дара  өркештісін -  
нар, оның аталығын -  үлек, аналығын -  аруана деп атайды.
Шүбатты  торсық  немесе  күбіде  пісіп  даярлаған.  Даяр 
болганда  сабаға қүйып  қояды.  Шүбатгы  шараға  қүйып әкеліи, 
ағаш ожаумен сапырып, ағаш тостағанмен үсынған. Ағаш, тері 
ыдыстар шүбаттың табиғи қүрамын сақтайды.  Ешкі,  сиыр,  қой 
сүттерін  пісірмей  ішуге  бола  ма?  Әрине  жоқ!  Ал  түйе  сүтін 
пісірмей-ақ  пісіп  ішеді.  Оны  ашытады.  Пісудің  маңызы  зор.
282


Піскенде  шұбат  іртігі  жоқ,  біріңғай  көпірген  сусынға 
айналады. Сүйсініп ішетіндігімізде сондықтан.
Әже. Иә,  айналайындар,  шүбат ішіңдер.  Түйе  асырағалы 
шүбат  ішіп,  ыңқыл-сыңқылым  басылып,  өзімді  жеңіл  сезініп 
жүрмін.  Ішпес  бүрын  бүгін  жүма  ғой,  іштеріңде  қүран 
оқитындарың бар ма?
Қүда бала. Бәріміз білеміз ғой, апа! 
,
Әже. Онда Жамбыл бабамыздың аруағына арнап оқышы, 
балам.  (Қүран  оқылады).  Иә,  сырлы  аяқтың  сыры  кетсе  де, 
сыны кетпес деген.  Соғыс  басталарда  Жәкен:  «Келін,  мынаны 
алшы,  Тәшкеннің  саудагерінен  алып  қалдым»  деп  сыйлап  еді, 
жарықтық.  Сол  тостағаннан  шүбат  ішіңцер,  айналайындар, 
аталарыңның жасын берсін.
Жүргізуші.  Апа,  «Күнде  ішсең  шүбат,  аларсың  күш- 
қуат» демекші, сөзді Шүбатқа берейік.
Шүбат: Мен Шүбат деген сусынмын,
Сусындарыңды қандырамын,
Есте сақтау қасиетін арттырамын,
Сүйектеріңді қатайтамын,
Денсаулықты күшейтемін,
Асқазанды аялаймын,
Қандарыңды денеге айдаймын,
Ішкен асты қорытқызамын,
Беттеріңді ағартып,
Сүлу да, сүйкімді етемін.
Шаштарыцды толқындатып,
Белдеріңе түсіремін.

Енді менің қүрамыма қүлақ түріңіздер.
Ақуыз. Мен акуызбын.
Денені қүрайтын кірпішпін.
Тіршілік қуат-көзімін,
Өмірмін мен өмірмін.
Май. Мен -  маймын,
Өзім жаймын.
Шүбатты қүнарлы ғып,
283


Денені серпімді етіп, -
Зат алмасуын күшейтіп жүрген жайым бар.
Көмірсу. Көмірсумын, көмірсумын,
Күш-қуат көзімін 
Керекпін ғой, керекпін.
Дәрумендер, Дәрумендер атынан сөйлейін, 
Сөйлегенде бүй дейін.
Дәрумен деген не?
«Вита» деген өмір гой, 
оны үсынған функ қой.
Дерттен қорғар қалқам ғой 
Шүбаттың қүрамында ол толық қой.
Ал сайраңдар дәрумендер.
A. 
Мен болмасам егер де,
Көзің жақсы көрер ме.
Жетіспесем ағзаңда 
Бойың биік өсер ме?
B. 
Менсіз жүйке шаршайды,
Ашуланып саларсың көп айқайды.
Қаң азайып, әлсірейді жүрегің 
Асқазаның ас қорыта алмайды.
C. 
Мен болмасам бойывда 
Тісің дүрыс өспейді,
Ішкен асың бойыңа 
Жөнімен тарап сіңбейді.
Д. 
Мен жетіспей қалғанда,
«Мешел» болып өсерсіқ.
Қаңқаң қисық болғанда 
Өкінумен өтерсің.
Барлыгы: Күнде ішсең шүбат, 
Аларсың күш-қуат.
284


Ішіңіздер шүбат,
Жанғақуат.
Әже.  Ой,  айналайындар,  ішівдер  шүбат.  Көрдіңдер  ғой 
шүбаттың қасиетін, қүрамында көіггеген дәрумендер бар екен. 
Ал,  балалар,  өздерің түйе  туралы  неңдей  ән,  өлең  білесіңдер. 
Өз  өнерлеріқді  көрсете  отырывдар.  («Ойсылқара»  деген  ән, 
«Бозжорға» деген би, «Түйе» деген өлең орывдалады).
Жүргізуші.  Апа,  мына  жерде  «Аруана»  және  «Ақбота» 
топтары  түйе  туралы  сүраққа  жауап  беру  арқылы  білімдерін 
сынаспақшы, тындап көрсек қайтеді.
Әже.  Тыңдайық, балаларым.
«Ақбота»
Аруанадан тараған,
Алға үмітпен қараған.
Маң-маң басқан ботамыз 
Мейірімділікті қалаған.
«Аруана»
Ойсылқара баласы,
Адамның болған панасы.
«Аруана» біз боламыз 
Ақ ботаның анасы.
Біздің ұран:
Күнде ішсең шүбат,
Аларсың күш-қуат.
Ішіңіздер шүбат,
Жанға қуат.
Біздіц ән:
«Елімменің»
«Менің Қазақстаным»
Жүргізуші сүрақгарды оқиды.
1.  Түйе неге шөлге шыдамды?
285


2.  Түйе телін неше ай көтереді?
3.  Түйе тобын қалай атайды?
4.  Түйенің айналаны бағдарлауы қалай?
5.  Қбс өркешті түйені қалай атайды?
6.  Түйе шудасының қандай емдік пайдасы бар?
7.  Қос  өркешті  түенің  аталық,  аналық  төлін  қалай 
атайды?
8.  Шүбат  сақтайтын  теріден  тігілген  ыдысты  қалай 
атайды?
9.  Шүбатты қандай ыдысқа қүяды?
10.  Щүбатты қандай ыдысқа қүйып ішеді?
11.  Түйенің салмағы қанша кг болады?
12.  Түйе сүтін қалай ішеді?
13.  Бір өркешті түйені қалай атайды?
14. Нардың аналығын қалай атайды?
15.  Нардың аталығын қалай атайды?
16. Түйені қалай шақырады?
17.  Түйені қалай шөгереді?
18.  Щүбат неге торсық, сабада сақталады?
19.  Түйенің сүйіп жейтін тамағы не?
Осы  сүрақтар  бойынша  екі  топтың  әділ  бағасын  айту 
үшін  Қазылар мүшесі сөйлейді.
Жүргізуші.  Ала,  көріп  отырсыз,  мына  балалар  түйе, 
шүбат туралы өз білгендерін ортаға салды. Енді осы балаларға 
өзіңіздің ақ батаңызды берсеңіз екен.
Бата
Дендерің сау болсын,
Терт түлік мал көп болсын,
Щүбат мол болсын,
Жолдарың ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын,
Жамбыл аталарыңның жасын берсін.
Әумин!
Жүргізуші. 
Қүрметгі 
қонақтар! 
Осымен 
сіздерге 
арналған  «Шүбат  -  жанға  қуат»  деген  сынып  сағатымыз 
аяқталды.  Көріп  тамашалағандарыңыз  үшін  көп-көп  рақмет! 
Дастарқаннан дәм татыңыздар!

жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау