Кенен:
Жарайды, Жәке, өтінішіңізді орындайын.
Дина:
Жәке, менің өрендерімнің өлеңдерін тамашалаңыз.
Ләззатжан, атаңа «Ерке сылкым» күйін тартып жіберші. Күй
тартылыды.
Мәнзира:
Ата, мен «Алтынай» әнін орындап берейін.
Жамбыл:
Жөн, жөн, Динажан,
бәрекелді,
өнер
жалғастығы деген осы. Өнерімізді жалғастырар жақсы өрендер
267
өсіп келеді екен. Батамды берейін, қарақтарым. Өнерлерің өрге
жүзсін.
Халқыңның еркелеткен үлы мен қызы
бол,
жүлдыздарың биіктен жарқырасын, әумин!
Кенен: Жәке, енді жастардың өнерін тамашалайық (ақын
ата жанына жиналған жастар өнерлерін көрсеге бастайды).
Ел басына күн туғая Екінші дүниежүзілік соғысы
жылдарында ақын ата қарап жата алмады. Сүйікті баласы
Алғадайды соғысқа аттандырды. Бірнеше өлең жыр өмірге
келді. (Осы жерде «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлім
белдесті», «Атан батыр үрпағым», «Москваға», «Төлеген ер»,
«Совет жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Ленинграттық
орендерім»
өлеңдерімен
бірге
Алғадайға
арналған
«Аттандыру» әні айтылды).
Ерлікпен қаза тапқан сүйікті үлы Алғадайдан айырылуы
ақын атаға үлкен қайғы салды. Баладан айырылған әке зары
«Алатауды айналсам», «Сарғайып атқан таң ба екен» жоқтау
өлеңдерін дүниеге келтіреді.
Халқымыздың мол қазынасы - ауыз әдебиетінің озық
үлгілері мен шежіресінен сусындай отырып, бірнеше дастан
туғызады. Олар: «Сүраншы батыр», «Теген батыр», «Бақ,
даулет, ақыл», «Көрғүлы». Қырғыздың «Манас» жырын ақын
ата он бес күн талмай жырлайды екен. Енді осы дастандардан
үзінді тындап көрейік.
(Оқушылар дастандардан үзінді айтады.)
Атамыздан қалған мол мүраның ендігі бір тобы -
айтыстары. Бөлек қызбен айтысынан үзінді тыңцалды. Ақын
ата жүрген жерлерге сырттай саяхат жасалды. Соңынан үлы
баба
өнерін
жалғастырушы
үрпағы,
сазгер
Нүрғиса
Тлендиевтің «Аққу» күйіне қойылған биді тамшаладық.
Ғасыр жырлаған үлы бабамыздың мол мүрасы - рухани
азығымыз, таусылмас қазынамыз.
Болып ең сен де нөсер, Жамбыл ақын,
Даусына жалпах дала жаңғыратын.
Күркіреп қүйып - қүйып жөнелсең де,
Жалтылдап найзағайдай жатыр атың, -
деп, өнеге сағатын аяқтадық.
268
ЖЫЛҚЫ МАЛДЫҢ - ПАТШАСЫ
Көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың ғана көне
заманнан бергі ең квп өсірген малы және төрт түліктің ішіндегі
қастерлеп "пір“ түтатыны жылқы екені мәлім. Сондықтан мен
бүл тәрбие сағатымызда оқушыларға жылқы малы, оның шығу
тарихы, жылқынын түқымдары, жылқының пайдасы мен
бабына, сыны мен сипатына толық тоқталып, жылқы малы
туралы жан-жақты түсінік беруге үмтылдық. Сабаққа ата-
аналар,
сынып жетекшілері,
жылқы
шаруашылығымен
айналысатын ауылымыздың ақсақалдары мен ат бапкері
қатысты.
“Жылқы - малдың патшасы” тақырыбындағы сабақтың
жоспарын төмендегідей етіп қүрдым.
1. Жылқының қазақ халқының тарихында алатын орны.
2. Жылқының шығу түқымдары.
3. Қазақы жылқының түқымдары.
4. Жылқыны таңбалау, күзеу, тағалау.
5. Жылқы үйірі. Жылқыны жасына қарай атау.
6. Қазақтың жылқыға байланысты үлтгық ойындары.
7. Жылқының пайдасы.
8. Жылқы бағудың ерекшелігі.
9. Сыны мен сипаты, бабы.
10. Жылқы туралы мақал-мәтелдер.
11. Қорытындылау.
Жылқының қазақ халқының тарихында алатын орны
ерекше. Шетсіз-шексіз далада жаяу адам үзақ жүре алмайды,
ал астында аты бар адам қашқанда қүтылып, қуса жетіп
тіршілік етеді. Сол себепті қазақгың “Жылқы - ердің қанаты”
деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді. Қазіргі
машина, үшақ, пойыздың орнын бір кезде жылқы атқарған.
Сондықтан да қазақ жылқыны өте жоғары бағалаған.
XIX ғасырда өмір сүрген әнші-ақындардың көрнекті
өкілдерінің бірі Ақан серінің жүйрік “Қүлагер” деген аты
болған. Қүлагерді Ақан жанындай жақсы көріп, оны өзінің жан
серігі, ақылшысы деп білген. Бірде ол Қүлагерді бәйгеге
269
қосады. Осы бәйге кезінде Ақанмен өш болған Батыраш,
Қотыраш деген байлар соққыға жығып өлтіреді. Ақан серіні
бүл жағдай үлкен қайғыға батырады. Сондықтан ақын атына
арнап “Қүлагер” өлеңін жазған. Сол өлең жолдарының әрбір
сөзінен Ақанның “Қүлагерді” қалай жақсы көргені білініп
түрады.
Достарыңызбен бөлісу: |