Ет системасы — өте жақсы жетілген және көптеген бұлшық
-еттер жіктеліп, өз алдына орналасқан. Құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп тұратын диафрагманың (көк ет) болуы, жалпы
-еттердің қызметін сипаттайды. Бұл ет көкірек қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып, сүт қоректілердің тыныс алу процесін жеңілдетуге көмектеседі. Тері астындағы ет қабаты жақсы жетілген. Ол терінің кез-келген жерін қозғалысқа келтіре алады. Кірпілер мен кесірткелерде мұндай ет денесін жиырып, домалалып қалуына көмектеседі. Сол сияқты кірпілер мен жайралардың инелерін жыртқыштардың түктерін, вибристарын тікірейтуге көмектеседі. Приматтарда мұндай ет бет бөлімінде болады, оны мимикалық еттер деп атайды.
Скелет. Омыртқа жотасы. Сүт қоректілерде омыртқалары- ның буындасатын беттері тегіс болады, яғни омыртқаның мұн-дай түрін платицельдік омыртқа деп атайды. Сонымен қатар
-омыртқаның буындасқан жерінде — менискилер деген шемір-шекті дискасы болады. Омыртқа жотасы — мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқа-сының саны әрқашанда тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын — ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп атайды. Мойын омыртқасы (ламантинадан басқасында). жеті омыртқадан тұрады. Бірақ, сүт қоректілердің мойынының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Себебі тұяқтыларға жерден қоректерін алып жеу үшін мойыны ұзын болу керек. Сүт қоректілердің мойнының ұзындығының түрліше болуы, олардың мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты.
Арқа омыртқалары 12—15 болады. Тұмсықты киттерде (Нурогооdоп) және сауыттылардың бір түрінде 9, ал жалқау аңдардың бір қатарында (сһоlоериs) 24 арқа омыртқасы болады. Бір ұшымен алдыңғы жеті арқа омыртқасына, ал екінші ұшымен төс сүйегіне бекіген қабырғаларды — нағыз қабырғалар деп атайды. Ал қалғандарын, яғни екінші ұшы төс сүйегімен жалғаспаған қабырғаларды — жалған қабырғалар деп атайды. Төс сүйегі (зtегпum) бір-біріне жалғасқан бірнеше сүйек пластинкаларынан тұрады. Оның ұшы сүйірленіп барып щанжар тэрізді шеміршекпен (ргосеssиs хірһоіdеиs) аяқталады. Төс сүйегінің алдыңғы жалпақ сегментін — сүріншек (тапиbrum stегпі) деп
214
атайды. Жарқанаттармен алдыңғы аяқтары жер қазуға бейім-делген сүт қоректілердің көпшілігінің төс сүйегінің жігі білінбей кеткен. Бірақ көкірек еттері бекінетін құстардың төс сүйе-гіндегі қыры болады.
Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Он-дағы қабырғалар рудименті түрде ғана болады.
Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп кеткен төрт омырт-қадан тұрады. Бұл төрт омыртқаның алдыңғы омыртқасы ғана сегізкөз омыртқасы болады да, артқы екеуі сегізкөзге бірігіп кеткен кұйрық бөлімінің омыртқасы болып саналады. Сегіз көз омыртқалары жыртқыштарда үшеу, ал үйрек тұмсықтыларда екеу болады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмай-ды. Мысалы, гиббондарда — 3 болса, кесіртке тәрізділерде 49-ға жетеді.
Ми сауыты. Сүт қоректілердің миының үлкен болуына бай-ланысты, ми сауыты да үлкен болады. Жас сүт қоректілердің ми сауыты (тұмсық бөлімімен салыстырғанда) ересектерінің ми сауытынан үлкен болады. Сүт қоректілердің ми сауытын-дағы жеке сүйегінің саны, төменгі сатыдағы омыртқалардың сүйегінен аз болады. Өйткені ми сауытын құрайтын көптеген сүйектер өз ара бірігіп кеткен, негізгі, бүйір және жоғарғы шүйде сүйектер тұтасып бір сүйекке айналған. Құлак сүйектері бірігіп тасша сүйек (реtгоsum) деген бір сүйекке айналған. Қанат-сына тәрізді сүйек негізгі сына тәрізді сүйекпен, ал көз-сына тәрізді сүйек алдыңғы сына тәрізді сүйекпен бірігіп кеткен. Ми комплекстерінін, әсіресе ми сауытын құрайтын сүйектердің арасындағы жіктер ересек тартқанда бірігіп кетеді. Бұл жануарлардың өсуі кезінде мидың көлемінің артуына мүмкіндік береді.
Ауыз омыртқасы мен шүйде сүйектің бірімен-бірінін, бекитін жерінде екі бұдыр өсінді бар. Ми сауытының төбесі жұп төбе, мандай, мұрын бір дара жақ аралық сүйектен тұрады. Ми са-уытының бүйір бөлімі, бұдыр бетті сүйектерден одан сыртқа және алға карай самай өсінділері кетеді. Бұл өскіндер самай сүйегіне жалғасып, алдыңғы жағынан жоғарғы жақтың өскіні-мен ұштасады. Осының нәтижесінде тек қана сүт қоректілерге тән бет доғасы (гуgоmаtісum) пайда болады.
Ми сауытының астыңғы бөлімі (түбі) негізгі (sрһепоidеum) және алдыңғы сына тәрізді сүйектерден, ал висцериальды бөлімінін, түбі — қанат тәрізді, тандай және жоғарғы жақ сүйектерінен қалыптасады. Ми сауытының түбінде, есіту капсуласынын маңында тек қана сүт қоректілерге тән барабан (tутрапісum) болады. Есіту сүйектері біртіндеп сүйектене келіп, ақырында қос тасша (реtгоsum) сүйекке айналады.
Жоғарғы жақ, жұп жақ аралық және жоғарғы жақ сүйекте-рінен тұрады. Сүт қоректілерде жак аралық сүйектердің және жоғарғы жақ сүйектерінің өсінділерінен және таңдай сүйектері-
215
нен екінші реттегі таңдай сүйегі пайда болады. Осының нәтижесінде хоандар кеуілжір сүйектерінің арасымен келіп, ауыз қуысына ашылмай, таңдай сүйектің артқы жағынан келіп ашылады. Бұл сүт қоректілердің аузында тамақтың кесегі болып, оны шайнаған кезде тыныс алуына кедергі келтірмейді.
Төменгі жақ сүйегі бұдыр бетті сүйекке бекитін бір пар тіс сүйегінен (dіепtаlе) қалыптасады. Буындасу сүйегі, есіту сүйекшесі — балғаға (mаllеиs) айналады, шаршы сүйек, есіту сүйекшесінін, екінші бір түрі төске (іпеиs) айналады. Бұл екі есіту сүйекшелері және үшінші есіту сүйекшесі — үзеңгі (stареs) ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы — дабыл сүйегінен тұрады. Сөйтіп, сүт қоректілердің висцериалдық аппаратының бірсыпырасы сыртқы және ортаңғы құлақ аппаратына айналады.
Иық белдеуі — сүт қоректілерде өте қарапайым. Ол негізгі жауырын, оған бекіген рудиментті каракоидтан тұрады. Клоа-калы сүт қоректілерде ғана (үйрек тұмсықты, ехидна) корокоид өз алдына жеке сүйек болып саналады. Сүт қоректілердің ал-дыңғы аяғы алуан түрлі күрделі қимылдар жасайтын түрлерін-, де (маймылдарда) бұғана болады, ал алдыңғы аяғы жер беті-мен қозғалу қызметін атқаратын тұяқтыларда рудиментті түр-де болады немесе тіпті болмайды.
Жамбас белдеуі — жер бетінде тіршідік ететін жануарларға тән — шонданай, шап және мықын сүйектерінен тұрады. Көпшілік сүт қоректілерде бұл үш сүйек тұтасып барып бір ғана — жамбас сүйегін (іппоmіпаtіum) құрайды.
Аяқтарының скелеті барлық жер бетімен қозғалатын бес саусақты жануарларға тән құрылысты сақтайды. Әйткенмен, тіршілік ету жағдайларының түрліше болуына және аяқтарын пайдалану тәсіліне байланысты оның құрамындағы сүйектердің құрылысы да түрліше болады. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтарының жоғарғы бөлімдері ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінің бұл бөлімі керісінше қысқа болады, яғни аяғының төменгі бөлімінің сүйектері — табан сүйектері және саусақтары жақсы жетілген, әрі ұзын болады.
Ас қорыту системасының құрылысы — күрделі және ол бірнеше бөлімнен тұрады. Ас қорыту системасы сөл шығар-атын бездері бар түтікке ұқсайды.
Сүт қоректілерде ас қорыту системасы ерінінен басталады. Етті ерін тек қана кит тәрізділерде және клоакалы жануарлар-да ғана болмайды. Етті ерін сүт қоректілерге қоректерін қар-мап ұстау үшін керек. Етті еріндері кейбір сүт қоректілерде (са-ламандраларда, шұбар тышқанда, маймылдарда) жақсы дамыған. Тіпті олар қоректерінің бірсыпырасын осы дорба сияқты ұрттарына толтырып сақтайды.
Жақтың ішкі жағын ауыз қуысы. дейміз. Қоректік заттар бұл жерде тістердің және сілекей бездерінің әсерінен механикалық
216
және химиялық өзгерістерге түседі. Жануарлардың сілекей шығаратын төрт пар бездері бар. Сілекей құрамында крахмал-ды декстрин мен мальтозаға айналдыратын птиалин ферменті болады.
Сүт қоректілердің тістері — күрек тістер, шошақ тістер, жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Түрлі жануарлардың тістерінің саны, формалары мен атқаратын қызметі түрліше болады. Насекомдармен қоректенетін нашар маманданған сүт қоректілердің тістері нашар жіктелген, бірақ көп болады. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Сол сияқты жоғарғы жарының соңғы жалған азуы және төменгі жағының бірінші нағыз азуы әдетте өте үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген.
Сүт қоректілердің тістерінің жалпы саны және олардың топ-қа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты систематикалық белгісі болып есептеледі. Оны белгілеу үшін бөлшек түріндегі арнаулы формуланы пайдаланады. Бөлшек сызығының үстіндеп сандар жоғарғы жақтағы тістің санын, ал сызықтың астындағы сан төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді. Тістердің жеке топтарын латынша атының алғашқы әрпімен белгілейді. Күрек тістері — і (іпсіsеіvі), шошақ тістері — с (сапіпі), жалған азу тістері — рт (ргаеmоlагеs), азу тістері — т (mоlагеs).
Тістері жақ сүйектерінің ұяшықтарына орналасқан. Мұндай тістерді — текодонттық тістер деп атайды. Көпшілік түрлерінде тістері бір-ақ рет тісейді.
Төменгі жақ сүйегінің арасына етті тіл орналасады. Оның жәрдемімен қоректік заттар қабылданып ауыз қуысында ұса-тылған кезде оларды араластырады.
Ауыз қуысының арт жағына жұтқыншақ орналасқан. Жұт-қыншақтың үстіңгі жағына жалғасып жататын ішкі танау тесік-тері және евстахиев түтігі болады. Жұтқыншақтың төменгі бө-ліміне өңеш тесігі жалғасады. 34-суретте ішкі органдардың қа-лай, орналасатындығы көрсетілген.
Өңештің еті тегіс тканьдерден құралады. Кейбір күйіс қай-таратын жануарларда жұтқыншақтан келетін көлденең салалы еттер болады. Осы еттерінің көмегімен өңеш еріксіз жиырылып күйіс қайырғанда қарындағы қоректік затты кекіріп аузына келтіруге көмектеседі.
Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі және оның ішкі құрылысы қоректік заттарының түріне байлаиыс-
217
34 - с у р е т. Ұрғашы кроликтің ішкі органдарының орналасуы:
/ — калкан безі; 2 — өңеш; 3 — қарын; 4 — бауыр; 4 — өт; 5 — ұйқы безі; 5' — ұйқы безінің жолы; 6 — бүйен; 7 — оның құрт тәрізді өсіндісі; 8 — артқы тесік; 9 — жүректің сол қарыншасы; 10 — жүр- ректің оң қарыншасы;. 11 — сол жүрекше; 12 — оң жүрекше; 17 — тоқ ішек; /8 — артқы қуыс вена; /9 —қолқа; 20 — сол өкпе; 21— бүй-рек; 22 — бүйрек үсті безі; 23.- несеп жолы; 24 — қуық; 25 — жұмыртқа безі; 26 - жұмыртқа жолы; 27— талақ; 28 — кеңірдек; 31= өт жолы.
ты әрбір түрде түрліше болады. Клоакалы сүт қоректілердің қарыны қарапайым қалта пішіндес болады.
Күйіс қайтаратын сүт қоректілердің қарны өте күрделі құ-рылған. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үл-кен қарын, оның ішкі бетінде қатты бүрі болады; 2) жұмыршақ қарын, оның ішкі беті торлы ұяшықтарға бөлінген; 3) жалбыр-шақ қарын, оның ішкі беті көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады; 4) ұлтабар немесе безді қарын. Үлкен қарынға түскен коректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен аши- ды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысы-! ның әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда— ауызға келіп түседі. Ауызда тамактық зат ұсақталып, сілекей- мен әбден араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақты өңешпен жалғастыратын жіңішке саңылау арқылы жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады.
218
Нағыз ішек — аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бө-лінеді. Өсімдік тектес қатты азықтармен қоректенетін түрлер-дің (кемірушілердің) аш ішегі мен тоқ ішегінің шекарасында ұзын және тұйық бітетін бүйені болады, ал кейбір сүт қоректі-лерде (маймылдарда, шала маймылдарда, қояндарда) кішкене кұрт тәрізді тұйық өсіндімен бітеді, Жануар тектес азықпен қоректенетін сүт коректілердің кейбір түрлерінде (көп күрек тісті қалталыларда) бүйен болмайды. Бүйен ашытқыш чанның қызметін атқарады. Егер тамақтық заттың құрамында клетчатка көп болса, ашу процесі де соғұрлым күшті болады. Өсімдік тектес азықпен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал кез келген тамақпен немесе жануар тектес затпен қоректенетіндерде қысқа болады.
Бауыр көк еттің (диафрагманың) астыңғы жағына орна-ласқан. Өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашы-лады.
Тыныс органдары. Жұтқыншақ астына көмекей орналасады. Көмекей бірнеше шеміршектен тұрады. Көмекейдің төменгі жағында сақина сияқты оймақ тәрізді шеміршек болады. Ал, алдыңғы және бүйір жағынан тек қана сүт қоректілерге тән қал-қан тәрізді шеміршек қоршап тұрады. Оймақ тәрізді шеміршектің үстіңгі көмекейдің арқа жағында бір пар ожау тәрізді шеміршек болады. Қалқан шеміршегінің алдыңғы шетіне жұқа жапырақ тәрізді үстіңгі көмекей жалғасады. Оймақ тәрізді және қалқан шеміршегінің арасында кішкене қалта тәрізді қуыс — көмекей қарыншасы болады. Дыбыс байланысы бір пар қатпар түрінде қалқан шеміршегі мен ожау тәрізді шеміршектің арасында жатады. Трахеялар мен бронхылар өте жақсы жетілген. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлінеді. Ең ұсақ тарамдарын бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдар кішкене альвеолдар деп аталатын көпіршіктермен аяқталады. Аль-веолдар ұяшық сияқты болады да керегелері өте жұка екенін байқау қиын емес. Бұл ұяшықтарға қан тамырларының ұшы келеді. Сүт қоректілердің тыныс алуына және шығаруына кабырға аралық еттер мен көк еттің — диафрагманың үлкен әсері бар, яғни олардың жиырылып жазылуының нәтижесінде көкірек қуысы кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып, өкпеден газдың шығуына .себепші болады.
Өкпені желдетудің газ алмасуында ғана емес организмдегі жылуды реттеуде де үлкен маңызы бар.
Қан айналу системасы. Сүт қоректілердің сол жақ қарын-шадан шығатын бір ғана сол жақ қолқа доғасы болады. Қолқадан кететін басты артериалык тамырлар түрліше бағытта тарайды. Қолқадан кететін қысқа атсыз артерия (агtегіа іппоmіпаtа), оң бұғана асты артериясына (агі. sиbеlvіа (dехtга) ашылады, оң және сол ұйқы артерияларына (агі сагоtіs dехtга еt: sіпіstга) тарамданады. Сол жақ бұғана асты артериясы (агі. subelvіа
219
sibstra) қолқа доғасынан кетеді. Кейде сол жақ ұйқы артерия-сы атсыз артериядан шықпай қолка доғасынан шығады. Арқа қолқасы омыртқа жотасының астыңғы жағында жатады да одан еттерге және ішкі органдарға көптеген қан тамырлары кетеді.
Вена жүйесшдегі ерекшеліктер: 1-бүйректердің қақпа қан айналысы болмайды; 2-сол жақтағы алдыңғы қуыс вена аз-ғана түрлерінде жүрекке өзінше барып құяды. Көпшілік жағ-дайда ол оң жақ алдыңғы қуыс венамен қосылып, дененің алдыңғы жағындағы қанды жинап, оң жүрекшеге келіп құйыл-ады; 3-кардиналдық веналардың дара веналары болады; 4-көптеген түрлерінде оң жақ дара вена (vепа агуgоs) өз бетінше алдьщғы қуыс венаға құйылады, ал сол жақ дара вена (vепа һетіаzуgоs) қуыс венамен байланысын үзеді де көлденең вена арқылы оң жақ дара венаға барып кұйылады.
Нерв системасы. Сүт қоректілердің миы басқа жануарлар-дың миымен салыстырғанда әлде қайда үлкен болады. Ол ми-шық пен алдыңғы ми сыңарларының көлемді болуына байла-нысты.
Алдыңғы мидың дамуы негізінен оның қақпағының — ми күмбезінің өсуімен байланысты. Алдыңғы мидың қақпағы ми қарыншақтарының бүйір керегелерінің нервтік заттарынан өседі. Пайда болған ми күмбезі екінші реттегі күмбез, немесе неопаллиум (пеораllіum) деп аталады. Ол нерв клеткалары мен талшықтарынан тұрады. Сүт қоректілерде ми қыртысының жақсы жетілуіне байланысты, оның сұр заты ақ затының үстіне орналасқан. Ми қыртысында жоғарғы нерв әрекетінің орталықтары болады. Сүт қоректілердіқ мінез-құлқының күрделі болуы, әр түрлі сыртқы әсерлерге беретін күрделі жауаптары алдыңғы ми сыңарларының қыртысының прогессивті дамуына тікелей байланысты. Екі ми сыңарлары сүйелді дене (согриs) деп аталатын ақ нерв талшықтарының комиссураларымен байланысқан.
Алдыңғы ми сыңарларының беті көпшілік түрлерінде тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның беттік ауданын ұлғайтып тұрады. Тіпті болмағанда маңдай бөлімін самай бөлімінен бөліп тұратын бір сайы болады, оны сильвиев бороздасы деп атайды. Одан ары қарай маңдай бөлімін шүйде бөлімінен бөліп тұратын көлденең — роландов бороздасы кетеді. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілердің ми қыртысында бороздалары өте көп болады. Аралық ми үстіңгі жағынан көрінбейді. Эпифиз бен гипофизі үлкен болмайды.
Ортаңғы ми өз ара біріне-бірі перпендикуляр екі бороздамен төрт төмпешікке бөлінген. Жануарлардың қозғалысының күрделі болуына сәйкес мишығы үлкен, әрі бірнеше бөліктерге бөлінген (35-сурет).
Сезім органдары. Сүт қоректілердің иіс сезу органы өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен роль атқарады. Осы
220
35 - с у р е т. Кроликтің миы:
1 — улкен ми сыңары, 2 — , иіс бөлімдері, 3 — көру нерві, 4 — эпифиз; 5 — ортаңғы ми, 5 — мишық 7 — сопақша ми, 8—гипофиз, 9—• варолиев көпірі; 10 — ми воронкасы, 11 — сүйелді дене.
Достарыңызбен бөлісу: |