92
маңызды, олардың мағынасына көңіл бөледі, олар жаңа
сөздердің мағынасын түсіндіруге тырысады ( «
абажур
дегеніміз
кім
?
Бұл
жақсы көретін
адам ба?»; «Неге бұл соншама
ыстық
?
-
барлығы
қайғыруда
ма?»). 4 – 5 жастағы мектепке дейінгі
балаларға сай сөз шығармашылығы қалыпты дамудың
көрсеткіші
болып
табылады
және
кішкентай
адамда
шығармашылықтың бастауы бар екені туралы дәлел болып
табылады.
Мектепке дейінгі жастың жетістігі іс-әрекеттің әр түрлері
дамуы болып табылады: ойын, сурет салу, еңбек.
Оқу әрекеті
дами бастайды. Әрине, басты, жетекші әрекет – бұл ойын. Ерте
жастағы баланың қалай ойнағанынмен салыстыратын болсақ,
онда ойын сюжет бойынша, роль бойынша әр түрлі бола
бастағанын атап өту керек. Енді ойын ұзағырақ бола бастады.
Бала ойында өз ортасында көргенін ғана емес, сонымен қатар
оған оқып бергенді де, қатарластыры мен үлкен балалардан
естігінін де және т.с қолдана бастайды. Ойын баланың ересектер
әлемін тануда қажеттілігін қанағаттандырады және өз сезімдері
мен қарым-қатынасын көрсету мүмкіндігін береді.
3 жастағы бала рахаттанып, еңбек тапсырмасын орындайды,
ересектерге барлық үй
істеріне, мысалы, ыдыстарды жуу,
тазалау, жууға көмектесуге тырысады: Әйгілі «Мен - өзім»!
деген сөздер жұмысқа деген ниетіне айналуы мүмкін, бірақ ол
өшіп,қайта қалпына келмейді. Бұл ересектердің баланың
тәуелсіздік көріністеріне қатынасына байланысты.Ал, мектепке
дейінгі жастағы бала еңбек жасауға қабілетті, ол өсімдіктер мен
жануарларға
қамқорлық
жасаудан
(ересектердің
басшылығымен), өз-өзіне қызмет көрсете алудан (өзін
киіндіреді, өзі тамақ жейді), тапсырмаларды орындаудан көрінуі
мүмкін. Ақыл-ой жұмысына да қызығушылық туындайды.
Мектепте оқуға дайындық біртіндеп қалыптасады.
Эмоциялық саланың даму сипаты сапалы түрде өзгеруде.
Л.С.
Выготскийдің
айтуынша,
5
жасында
«сезімнің
интеллектуализациясы» орын алады: баланың өз күйзелістері
менбасқа адамның эмоционалдық жағдайын сезінуге, түсінуге
және оны айта білуге қабілетті бола бастайды.
Өз құрдастарымен қарым-қатынастары да өзгереді. Балалар
бірге ойнау, ойларымен, әсерлерімен бөлісу мүмкіндігі үшін бір-
бірімен бірге болған уақытты бағалай бастайды. Олар
қақтығыстарды әділ шешуге үйренеді;
бір-біріне тілектестікті
93
білдіреді. Достық пайда болады. Көбінесе бір жыныстағы
балалар бір-бірімен дос болады, алайда кейбір жағдайда ер
балалар мен қыз балалардың арасында да достық қарым-қатынас
байқалады. Оң көріністермен қатар, жаман ойлаушылық,кейде
дөрекілік, араласқысы келмеушілік жағдайы да кездеседі.
Зерттеушілер өтірік сынды құбылысты да атап өтеді. Әрине,
өтіріктің пайда болу себептері әртүрлі, бірақ ол көбінесе дұрыс
тәрбие алмауға және балалар еліктейтін ересектер мінез-
құлқымен де байланысты болады.
Жеке
абырой сезімі дамиды, ол кейде көтеріңкі
ашушаңшылықтан көрінеді және кейбір жағдайда балалар
арасындағы ұрыстың себебі болады. Бірақ сол арада бұл балаға
кейін кішкене ересерек кезінде жақсы қызмет атқаратын өте
маңызды сезім болып табылады.
Бала табиғатына қарай оптимистті және көңілді болып
келеді. Алайда 5 жасқа қарай, зерттеулердің көрсетуінше,
балалардың барлығы әлемді оптимистік сезіне бермейді. Бұл
өзін қабылдаудағы, өзін-өзі танытудағы қажеттіліктерге
қанағаттанбауына байланысты болуы мүмкін.
Уақыт өткен сайын бала біршама өз бетінше бола бастайды.
Онда қалаған мақсатына жету үшін ерік күшінің
көру қабілеті
қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі бала өзінің ересектерге және
балаларға деген қатынасын білдіру формаларын игереді. Онда
жақын адамдарына, өзінің отбасына деген жақындық айқын
және саналырақ біліне бастайды. Психологтар
Достарыңызбен бөлісу: