439
мекемеге алынған ойыншықтар жас ерекшелігіне қатысты
топтарға бірдей атеортиментте бөлінуі мүмкін, оны болдырмау
керек. Тым қарапайым ойыншықтар жоғары мектеп жаына
дейінгі
балаларда
қызығушылық
тудырмайды,
олар
жалықтырады, ал кішкентай балаларды,
керісінше, күрделі
ойыншықтар шаршатады, манипулятивті әрекеттерге апарады.
Ойыншықтың безендірілуіне де белгілі талаптар қойылады.
Балада эмоционалдық қатынас тудыру, көркемдік талғамын
тәрбиелеу үшін, ойыншық тартымды, әсем безендіруді қажете
етеді. Көркем бейнелілік конструкциясының, түсі мен пішінінің
гармониялық үйлесуімен қамтамасыз етіледі. Ойыншық
дайындалған материал да бейжай қалмайды.
Зерттеушілер
жұмсақ, үлпілдек материал оң эмоцияларды тудырады, баланы
ойынға ынталандырады деп анықтаған. Беті тықыр, суық
ойыншықтар, әдетте, сүйікті ойыншығы болмайды.
Ойыншықтың безендірілуі бала өмірі мен денсаулығына
қауіпсіз болып, бір қатар гигиеналық талаптарға жауап беруі
тиіс. Соңғы жылдары балаларға арналған ойыншықтарға
қойылатын талаптардың
қатаюы туралы мәселе жаңа
полимерлік, материалдардың бояулардың, сырлардың пайда
болуына айланысты кезек күттірмейтін проблемаға айналды. Әр
елдерде жүргізілген сараптамалар ойыншық нарығын толтырып
кеткен пластиктен жасалған қарапайым, арзан заттар
балалардың, әсересе ерте жастағы, денсаулығы мен өміріне
қауіп төндіретіндігін көрсетті.
Осыған байланысты көптеген
елдер ойыншық өндірушілерден олардың өнімінің сапасына,
оның токсинды еместігіне, жанбайтындығына және т.б. сенімді
кепіл берулерін талап етеді.
Бала денсаулығына қауіпті оларды «пайдалану» барысында
туындаған ақаулары бар ойыншықтар төндіруі мүмкін:
кішкентай балалар өздері отырғанды ұнататын ірі қуыршақ
жиһазы жинағынан шыққан үстел қисайып қалды;
металл
самосвалдың борты түсіп қалды және т.б. Сондықтан тәрбиеші
жүргізетін ойын материалының жағдайына жиі бақылау жасау
440
қажет, уақытылы жөндеу, балалардың пайдалануынан ақауы
бар, сынған ойыншықтарды алып тастау керек. Металл және
ағаш бөлшектердің көмкерілмеген шеттеріне,
ойыншықтардың
нашар бекітілген ұсақ бөлшектеріне, бояуының тұрақтылығына
және т.б. аса назар аудару қажет.
Мектепке дейінгі ұйымда ойыншықтар тиісті деңгейде
орналастырылуы қажет, ол болса, белгілі ойын жабдығын
пайдалануды талап етеді: шкафтар, стеллаждар, жәшіктер,
доптарды сақтауға арналған торлар және т.б. Өздік ойындарды
ойнау үшін
ыңғайына қарай модульдер, өзгермелі ойыншық-
жиһаз, сахналық жабдық, подиумдар болуы тиіс.
Қазіргі талаптарға толыққанды жауап беретін ойыншықтарды
жасау әр түрлі бейіндіге мамандарды біріктіру арқылы мүмкін
болады: педагогтар, психологтар, дәрігерлер, суретшілер,
мүсіншілер,
дизайнерлер, технологтар, инженерлер және т.б.
Мәскеуде 1920 ж. ойыншықтың көркем-педагогикалық
мұражайы ашылды. 1931 ж. ол Загорск қаласына ауыстырылып,
мұнда Ойыншықтың ғылыми-зерттеу институты және ойыншық
техникумымен бірге (екеуі де 1932 ж. ашылған) отандық
ойыншық өнеркісібінің өзіндік орталығын ашты. Атаулы
орталық жңа ойыншықтардың үлгілерін жасап, ойыншықтың
даму үрдістерін зерттейді және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: