409
Құммен, қармен ойнағанда бала қасиеттер туралы түсініктер
алады, салыстырады, жинақтап қорытады: ылғалды құмнан және
ылғалды
қардан ғана салуға болады, құм мен қар – төзімсіз
құрылыс материалдары.
Құрылыс материалдарымен ойнауға арналған
жағдайлар
Балалардың ойын қызметін дамыту үшін келсі жағдайлар
жасалуы тиіс:
■
ойын ортасын ұйымдастыру: осы жастағы балалардың
конструктивті қызметін дамытудың
мақсаттарына сәйкес
қажетті құрылыс материалдарын іздеп табу. Материал
әртүрлі (еденге қоятын, стөл үстіне қоятын, түрлі
конструкторлар түрін, жинақтарын және т.б.), тартымды
безендірілген, жеткілікті тиянақты, баланың мүмкіндктеріне
сай болуы тиіс. Мысалы, 2 – 3 жастағы балалар үшін
материалдар жиынтығына кубтар, кірпіштер, призмалар,ұзын
пластиналар кіреді. Екі-үш бөлшекті қосасың – зат дайын
болды;
■
құрылыс материалдарымен
ойнайтын уақыт пен орынды
қамтамасыз ету. Ойындар ойдың жұмылдырылуын, назардың
зейін салуын талап етеді. Сондықтан құрылыс маткриалдары
, конструкторлар қойылған стеллаждар балаларға бөгет
жасамайтындай, алаңдатпайтындай етіп қойылуы тиіс;
■
балалардың жасаған ғимараттарына, құрылыстарына абайлап
қарау керек. Әдетте бала өзінің салған құрылысына «қайтып»
келгенді, оған өзгеріс енгізгенді жақсы көреді. Сондықтан
барлық
балаларды
өзінің
және
басқаның
жасаған
құрылыстарына ұқыпты, назар сап қарауға тәрбиелеу керек;
балаға оның достарының
салған құрылыстарын көрсетіп,
басқалардың жетістіктерін байқауға, оларға қуануға үйрету
керек;
■
құрылыстарды ойнатуға жағдайлар жасау керек. Ол үшін
ұсақ ойыншықтар (машиналар, поездар, адамдар мен
жануарлардың фигураларын және т.б.) жинау керек. Үлкен
410
балаларды ойынды жабдықтау үшін қағаз, картон, қосалқы
материалдардан түрлі заттарды құрастыруға тарту пайдалы.
Мысалы, құрылыс материалдарынан жасаған автострадаға
балалар бензоколонка, трайлер, жол кафесін және т.б.
жасайды.
Бұл
мақсатта
конструктордан
жиналған
ойыншықтарды
пайдалануға болады;
■
балаларды конструктордан біріккен құрылыстар жасау үшін
біріктіру. Жаңа конструктивті машықтарды игерген бала,
оларды басқа балаларға үйрететін жағдайлар жасалынады.
Жарыс элементтерін енгізуге болады. Мысалы, метро
станциясын (театр, қала көшелері және т.б.) құрудан конкурс
жарияланады. Конкурсқа 2 - 3 топша (әрқайсысында 5 – 6
адамнан аспайтындай) қатысады. Балаларды конструктордан
, қосалқы материалдардан жасалған бұйымдар көрмесін
ұйымдастыру идеясы балаларды қызықтырады. Көрмеге
арналған жұмысты бала үйінде
ата-анасының көмегімен
жасауына болады;
■
учить детей бережно обращаться с конструктивными и строи-
тельными материалами, аккуратно разбирать постройку,
поделку из конструктора, раскладывать детали,
формы по
ячейкам стеллажа, коробки балаларды конструктивтік және
құрылыс
материалдарымен
ұқыпты
қатынасуға,
конструктордан жасалған құрылысты, бұйымды абайлап
бұзуға,
бөлшектер, формалар стеллаждың, коробканың
ұяшықтарына салуға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: