Рст халықаралық өтінім және еуразиялық өтінім беру, артықшылықтары



жүктеу 111,89 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі111,89 Kb.
#3107




РСТ халықаралық өтінім және еуразиялық өтінім беру, артықшылықтары


1 қадам: Халықаралық және еуразиялық өтінім «ҮЗМИ» РМК беру

Халықаралық өтінім және Еуразиялық өтінім ҰЗМИ бірінші (басымдық) өтінімді беру күнінен 12 ай ішінде Қазақстан Республикасының патентін беруге бұрын «ҰЗМИ» РМК берілген бір немесе бірнеше өтінімдерінде негізделеді.



2 қадам: РСТ халықаралық өтінімді ДЗМҰ және ХІО, еуразиялық өтінімді өндеу және ЕАПҰ қайта жолдау

Рәсімге сәйкес өтінімнің бір данасы Қабылдаушы ұйымында сақталады, бір данасы Халықаралық бюросына жолданады және бір данасы Халықаралық іздеу органына жолданады. Сонымен қатар еуразиялық өтінімдердің үш данасы Еуразиялық патенттік ұйымына жолданады.



3 қадам: Іздеу туралы есепті дайындау және басымдылық мерзімінен 18 ай өткен соң өтінімді жариялау

Халықаралық іздеу органы халықаралық іздеу туралы есепті өтінім берушіге және Халықаралық бюроға жолдайды. Нәтижесінде өтінім берушіге халықаралық іздеу туралы есепте бар ақпараттың негізінде және халықаралық алдын-ала сараптаманың қортындысы негізінде өзінің өнертабысын әрі қарай патенттеу процедурасының мақсаттылығын бағалауға мүмкіндік береді.



4:қадам. Таңдалған мемлекеттердің үлттық фазасына кіру

- Қорғау құжатын алу үшін өтінім беруші Шартпен бекітілген мерзімдер ішінде РСТ өінімін ұлттық фазаға ауыстыруға, қажетті құжаттарды ұсынуға және қорғау құжаттың бар болуын қалайтын елдің патенттік ұйымына баж төлеуге міндетті.



- Мәні бойынша сараптама және еуразиялық патент беру







Овал 6 SHAPE \* MERGEFORMAT

Овал 4Овал 5

Өтінім берушілерге қолайлылық жасау және өнертапқыштық қызметін белсенді ету үшін 2016 жылдың наурызында Петропавл, Шымкент, Атырау, Өскемен өпалаларында филиалдар ашылған.

Қажетті ақпарат алу үшін өтінім берушілерге көрсетілген қалалардың әділет департаменттеріне хабарлауға болады:

Петропавл қ. - (7152) 50-19-48

Шымкент қ. - (7252) 39-20-73

Атырау қ. - (7122) 30-84-70



Өскемен қ. - (7232) 70-20-16

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:



«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Мекен-жайы: Орынбор к-сі, 8 үй,

Министрліктер үйі, № 1 Кіреберіс,

Астана қ., Қазақстан Республикасы, 010000

тел.:(7172) 74-90-97, факс: (7172) 74-96-60

Call-center: (7172) 74-96-21

e-mail: kazpatent@kazpatent.kz

РСТ халықаралық өтінім және еуразиялық өтінім беру


«РСТ» деп танылатын Патенттік кооперация туралы шарт (Patent Cooperation Treaty) 1978 жылы күшіне енген.

РСТ – бір мезгілде бірнеше елдерде құқықтық қорғауды алуға талап ететін өнертабыстардың шетелдік патенттеудің бастапқы сатысы болып табылады. РСТ процедурасын пайдалану біркелкі бастапқы шығындар жұмсап, нақты жаңалығына қатысты әлемдік нарықтың конъюнктурасын талдау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.



Патенттік кооперация туралы шарт (РСТ) бүгінгі күні шетелдік патенттеу кезінде ең талап етілетін шарт болып табылады, себебі өтінім берушіге ең қолайлы және тиімді тәсілмен жеке алынған мемлекеттен тыс жерлерде патенттік қорғауды алуға мүмкіндік береді.

Халықаралық өтінімдер үшін басымдылық мерзімінен 18 ай ішінде оларды орталықтандырып жариялау қарастырылған. Бұдан басқа, халықаралық өтінім «халықаралық іздеудің» нысанына айналады.

Осындай іздеуді РСТ Ассамлеясы мен халықаралық іздеу органы (ХІО) ретінде тағайындалған ірі патенттік ұйымдарының бірі жүргізеді. Көрсетілген іздеудің нәтижесі «Халықаралық іздеу туралы есеп» болып табылады, атап айтқанда, халықаралық өтінімде талап қоятын өнертабыстың патенттік қабілеттілігіне әсер ете алатын осындай жарияланған құжаттар болып табылады. Осы уақытта ХІО патент қабілеттілігі туралы жазбаша қортындысын дайындайды. Есеп өтінім берушіге шешім қабылдау үшін жолданады..

Артықшылықтар:

- өтінім берушінің ұлттық баждарды төлеу және қажетті аударуларды дайындау үшін әрбір басқа елде патенттік сенім білдірілген өкілдерді тағайындау үшін басқа елдерде қорғау сұраудың қажеттілігі туралы мәселе бойынша ойлануы үшін РСТ шеңберінен тыс процедураға сәйкес одан 18 айға көбірек уақыты бар;

- өтінім берушінің, егер оның халықаралық өтінімі РСТ жазылған формаға сәйкес болса, өтінімді қараудың ұлттық сатысында көрсетілген ұйымдардың ешқайсысы формалды негіздер бойынша қабылдаудан бас тартпауына кепілдік беріледі;

- халықаралық іздеу туралы есеп негізінде немесе жазбаша қортынды негізінде өтінім берушінің өзінің өнертабысын патенттеу мүмкіндігін жеткілікті ықтимал дәрежемен бағалауды және халықаралық алдын-ала сараптама барысында ол әрі қарай өндеу үшін көрсетілген ұйымға тапсыру алдында оны тәртіпке келтіру үшін халықаралық өтінімге өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі бар;

- іздеу және сараптаумен байланыстырылған патенттік ұйымдардың жұмыс көлемі халықаралық іздеу туралы есептің, жазбаша қортындысының және қажет болған жағдайда халықаралық өтінімді сүйемелдейтін халықаралық алдын-ала сараптаманың қортындысы арқасында анағұрлым қысқартылады немесе жойылады;

- әр халықаралық өтінім халықаралық іздеу туралы есеппен бірге жариялау себебінен, үшінші тұлғаларға мәлімделген өнертабыстың патент қабілеттілігіне қатысты жақсы негізделген пікір жасауға оңай.

Халықаралық өтінімнің өту процедурасы оның беру сәтінен және мәлімделген өнертабыстың қорғау қабілеттілігі туралы шешім қабалданғанға дейін екі кезеңге бөлінеді: халықаралық және ұлттық. Қорғау құжат алу үшін өтінім беруші Шартпен бекітілген мерзімдер ішінде өзінің өтінімін ұлттық кезеңіне ауыстыру қажет, яғни қажетті құжаттарды беру және ол қорғау құжаттың бар болуын қалаған елдің аумағының патенттік ұйымына баждар төлеу. РСТ 22 және 39- баптарына сәйкес ұлттық кезеңге кіру үшін басымдық күнінен 30 айды құрайды. Егер халықаралық өтінімге қатысты халықаралық кезеңінде РСТ нормативтік құжаттарымен реттелген әрекеттер жасалса, онда халықаралық өтінім жайында ұлттық кезеңінде ұлттық патенттік ұйымдарының заңнамасымен қарастырылған әрекеттер жасауға болады. Сонымен қатар қазақстандық өтінім берушілер еуразиялық патент алуға еуразиялық өтінім беру жолымен ТМД көптеген мемлекеттерінде өзінің өнертабысына қорғау алуға мүмкіндігі бар. Сараптаманың нәтижесінде Еуразиялық патенттік ұйымына берілген еуразиялық патентке өтінім беру күнінен 20 жылға дейін қолданыста болады және Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Түркменстан - 8 ТМД елдерінің аумағында күшін таратады.

РСТ халықаралық өтінім немесе еуразиялық өтінім ҰЗМИ бірінші (бастапқы) өтінімді беру күнінен 12 ай ішінде Қазақстан Республикасының өнертабысына қорғау құжат беруге «ҰЗМИ» РМК бұрын берілген бір немесе бірнеше ұлттық өтінімдерінде негізделеді (Қазақстан Республикасы Патент Заңының 20 б.)

ҚР Патент заңының 37 б. сәйкес Қазақстан Республикасында құрылған өнеркәсіптік объектіне өтінім шет елдерге сараптамалық ұйымына беру күнінен бастап 3 ай өткен соң немесе ерте – мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің болуын тексерудің заңнамамен бекітілген тәртібінде өткізілген тексеруден кейін берілуі мүмкін.



РСТ халықаралық өтінімі ҰЗМИ РМК-ға 3 данада, ал еуразиялық өтінім 4 данада беріледі.

Процедураға сәйкес РСТ халықаралық өтінімнің бір данасы Қабылдаушы ұйымында – ҰЗМИ РМК қабылданады («қабылдаушы ұйымы үшін көшірмесі»), бір дана ДЗМҰ Халықаралық бюросына жолданады («тіркеу данасы») және бір данасы Роспатент немесе Еуропалық патенттік ұйымына (өтінім берушінің таңдауы бойынша) Халықаралық іздеу органына жолданады («іздеу үшін көшірмесі»).
жүктеу 111,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау