«тектінің текті ұрпағы»
болып жатсақ,
асқақтана мақтануға болады ғой. Осы арада Талдықорған қаласынан Айдын Бекжановтың
«Шыңғыс хан қазақ болса, моңғолдар кім?»
[3] деген сұрағына жауап іздеген жөн сияқты.
Шыңғыс ханның тегі туралы əлі де талай еңбектер жазылып, əртүрлі талас пікірлер
туындауы талассыз нəрсе. Бұл мəселенің шешілу кілті - біздің пікірімізше, ұлы қағанның
сүйегін тауып, оған тегін анықтайтын (ДНК) талдау жасалып, бұлтартпайтын дəлел
анықталмайынша, əрқилы жорамалдар жалғаса береді.
Шыңғыс хан өлімінің себептері жөнінде де аңызға негізделген әртүрлі пікірлер
бар.
Мысалы, белгілі саяхатшы италиялық Марко Поло ол уланған жебенің оғынан
қайтыс болған десе, Рим папасының Моңғолиядағы елшісі болған Джованни дель Плано
Карпини ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп жазып кеткен.
Ежелгі моңғолдардан сақталған аңыз бойынша, Шыңғыс хан таңғұттарды тас-
талқан етіп жеңгеннен кейін, таңғұт патшасының Күрбелчин атты сұлу əйелін алған
көрінеді. Кек алу мақсатында ол қағанды тістеп алып, жарасы асқынып, іріңдеп содан
қайтыс болыпты дейді. Содан кейін Күрбелчиннің өзі сол маңдағы өзенге суға батып жоқ
болады. Ал ресми мəліметтерде хан аң аулау кезінде аттан құлап өлген делінген. Біздің
пікірімізше, Шыңғыс ханның өлімін тездеткен тұңғыш баласы Жошының қайғысы да
сияқты.
Жошыны жер қойнауына беріп, кері қайтып келе жатқан қаған жол үстінде о
дүниелік болғанын айттық. Аңыз бойынша, оның өлгені құпия қалуы үшін жолда
кездескендердің барлығын өлтірген. Шыңғыс ханның сүйегін моңғол жеріне апармай,
Ертіс өзенінің бойындағы Шыңғыстауда жайлауда отырған бəйбішесі Бөртеге жеткізіп,
күзет қойып, осы жерден қағанның өлімі туралы жария етіледі. Жер-жерден халық келіп,
қағанмен қоштасу Шыңғыстауда болған сияқты. Қоштасу рəсімінен кейін аза тұтқан,
жиылған елдің ығайлары мен сығайлары біртіндеп тарай бастайды. Солардың өзінен
Шыңғыс ханды қайда жерлейтіндігі құпия болғандығын аңғартады.
Шыңғыс ханның мәйіті қайда жерленді?
Шыңғыс хан жаулап алған жерлердегі қатыгездігі үшін моласын қорлауы мүмкін
деген оймен өз денесін ешкімге көрсетпей, белгісіз етіп қоюды талап еткен деседі. Ондай
жағдай көшпенділердің тарихында болып тұрған. Əсіресе, хандардың, патшалардың, кісі
ақысын жеп, елді зар еңіреткен байлардың молаларын бұзып, қорлаған жағдай ежелгі
моңғол, қытай шежірелерінде де айтылады.
Шыңғыс хан аса құпия жағдайда жерленгендіктен, күні бүгінге дейін оның моласы
беймəлім. Осының төңірегінде кейбір деректер мен ел аузында əр түрлі аңыздар бар. Ол
аңыздардың мазмұны əр түрлі, көп жағдайда біріне-бірі қайшы.
Көп тараған аңыздардың бірі - Шыңғыс ханның Бұрқан-Қалдұн тауының
маңына жерленуі.
Өзін жерлейтін жерді көзінің тірісінде өзі айтып кеткен деген пікір
бар. Шыңғыс хан бірде аң аулап жүріп, жалғыз өсіп тұрған ағаштың түбінде демалып,
жан-жағына мұқият зер сала қарап тұрып:
«Осы жерге мені жерлейсіңдер, естеріңе
сақтаңдар! Бұл жерге белгі қойылсын!»
, - дейді жалғыз өсіп тұрған ағашты нұсқап.
Рашид-ад-Диннің мəліметі бойынша, ұлы хан өзі көрсеткен жерде жерленген дейді.
Жерлеу рəсіміне қатысқан адамдардың барлығын қырып тастаған. Шыңғыс ханның өсиеті
орындалды, оның денесінің Бұрқан-Қалдұн тауының қай жерінде екенін бүгінге дейін
164
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ешкім білмейді. Хан жерленген соң, ол жерге оқ атса өтпейтін қалың ағашты ну орман
пайда болған деседі аңыздарда.
Келесі аңыз бойынша, бір түрік қолбасшысы ханның денесін Моңғолияға жеткізіп,
төрт жерден көр қаздырып, төртеуіне төрт табыт салып көмген. Ханның денесі қай
табытта екенін ешкім білмеген. Сол жерден үйір-үйір жылқы айдатып, молалар жермен-
жексен болып, əбден тапталған кезде, ал енді табыңдар дегенде, ешкім хан сүйегі жатқан
жерді таба алмаған. Жерлеуге қатысқандардың барлығы өлтірілген. Кейін Хэнтэй жерінің
біраз бөлшегін қасиетті деп жариялап, ол жерді басқан адамды қарғыс атады деп санаған.
Бұл да Шыңғыс ханның моласын іздемесін деген мақсатпен таратылған аңыз болуы
мүмкін.
Тағы бір аңызда Шыңғыс ханның денесі Онон өзенінің арнасында су астында
жатқан көрінеді. Бейіт қазу үшін өзенді басқа арнаға бұрып, жерленгеннен кейін оны
қайта өз арнасына жіберген дейді.
Тіпті, мынадай да аңыз бар. Қағанның қай жерге жерленгенін білдірмеу үшін
денесін бір жыл бойы бальзамдап (моңғолдар ол кезде денені бальзамдауды білмеген),
түйенің қомына салып алып, ел аралап жүрген. Ана жерге, мына жерге жерленді деп лақап
таратқан.
Марко Полоның жорамалы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |