«роль транспортной науки и образования в реализации пяти институциональных реформ», посвященной



жүктеу 15,03 Mb.
Pdf просмотр
бет154/220
Дата13.02.2022
өлшемі15,03 Mb.
#35913
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220
respub mejdu kon

 

 

ТҮЙІСПЕЛІ ТОРАПТА ОҚШАУЛАҒЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУ



 

 

Соңғы  кезде  түйіспелі  торап  үшін  оқшаулама  таңдау  кезінде  изоляторлардың 

ішінен  кремний  органикалық  қорғаныс  қабығы  бар  полимерлік  изоляторларды  барлығы 

артық  санайды.  Басқа  энергетикалық  салаларда  да  мұндай  жағдай  кездеседі  –  моралдық 

тозған  фарфорлы  жəне  шынылы  изоляторларды  заманауи  сенімді  полимерлік 

изоляторларға ауыстыру келең алып отыр. 



 

«ҚТЖ 


ҰК» 

АҚ 


Қазақстан 

Республикасының 

ең 

ірі 


электр 

энергия 


тұтынушыларының  бірі  болып  саналады  –  ол  бүкіл  өндірілген  электр  энергияның  5% 

жуығын тұтынады. Сондықтан энергия үнемдеуші жабдықты жəне технологияны қолдану 

«ҚТЖ  ҰК»  АҚ  энергетикалық  стартегиясының  артықшылығы  (приоритетті  бағыты) 

болып табылады. 



 

Энергия  үнемдеу  аймағында  негізгі  мəселелердің  біріне  электр  энергияның 

технологиялық  шығындарын  төмендету  жатады,  өйткені  электр  энергия  шығындары 

құрылымында олардың күші басымырақ. Технологиялық электр энергия шығындарды тек 

электр  энергиясының  шығындарымен  шартталатын  физикалық  үдерістердің  ықпалы 

əлдеқайда  төмендейтін  заманауи  инновациялық  техниканы  қолдану  арқылы  төмендетуге 

болады.  

 

Кремний  органикалық  қорғаныс  қабығы  бар  полимерлік  изоляторларды  қолдану 

жоғарыда  келтірілген  технологиялық  құраушылардың  біреуінен  толық  құтылуға  жол 

береді,  атап  айтқанда  ластанған  изоляторлардың  беттігінен  жылыстау  токтарынан 

болатын шығындарды он есе төмендетеді. 

 

Полимерлік  изоляторларды  өндірушілер  кремний  органикалық  қорғаныс  қабығы 

бар  полимерлік  изоляторлардың    негізгі  ерекшеліктерінің  біріне  изолятордың  беттігінің 

төмен  жылыстау  токтарын  жəне  жоғары  разрядты  сипаттамаларын  жабдықтайтын 

сутепкіштігін (гидрофобность) айтады. 

 

Беті тұтас су қабығымен толық ылғалданған фарфорлы изолятордың  жəне бетінде 

тек су тамшылары ғана бар кремний органикалық изолятордың лас күйлерінде жылыстау 

токтары бір бірінен екі есеге айырмашылықтанады. 



 

Егер  кірленіп  ылғалданған  изолятордың  бетін  үлкен  электрлік  кедергісі  бар 

өткізгіш  ретінде  қарастыратын  болсақ,  онда  сутепкіш  беттіктің  қорғаныс  қасиеттері, 

өткізгіштікте  (беттіктегі  тамшылар  арасындағы  құрғақ  жерлер)  көптеген  үзіктердің 

болуымен  жабдықталады.  Көптеген  полимерлік  материалдардың  беттігі  бастапқы  күйде 

(кезде) сутепкіш болып келеді, бірақ та  уақыт  өте келе, кірдің жиналу мөлшері бойынша 

жəне  күн  радиациясының  əсерінен  тозу  нəтижесінде  көптеген  материалдарда  беттік 

сутепкіштігін жоғалтады. Кремний органиканың бірегей (тамаша) қасиетіне бүкіл қызмет 

ету  мерзімі  ішінде  тіпті  ластанған  (кірленген)  күйінің  өзінде  беттіктің  сутепкіштігінің 

сақталып қалуы жатады. 



 

Кремний  органикалық  изолятордың  ластанған  беттігінің  сутепкіштігі,  кремний 

органикалық  резинада  төмен  молекулалық  салмақты  молекулалар  басқа  молекулалармен 

ешқандай 

байланыспай, 

материал 

қалыңдығынан 

бетікке 


көшуін 

болдыратын 

молекулалардың  болуының  жəне  жаңбыр  шаймаған  жел  іліп  əкетпеген  кірлерді  толық 

сіңдіріп  алуының  арқасында  жабдықталады.  Кремний  органикалық  резиналарды 

өндірушілердің мəліметтері бойынша төмен молекулярлы фракция 1,5 мм қалыңдықтағы 



 

 

 



 

411 


 

 

«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ 



РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ  «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ» 

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

 

кір  қабатын  сіңіріп,  оған  сутепкіштік  қасиетті  беруі  мүмкін.  30  жылдан  кем  емес  уақыт 



бойы  сақталып  келе  жатқан  кремний  органиканың  осы  бір  тамаша  қасиеті,  бүкіл 

нормативті  қызмет  ету  мерзімінде  изолятордың  ылғалдануы  кезінде  төмен  жылыстау 

токтарын жабдықтап келеді. 

 

Əр  түрлі  типті  изоляторлардың  сыртқы  беттіктерінен  жылыстау  токтарынан 

болатын  электр энергия шығындарының  деңгейін бағалау үшін   «НПО  «Изолятор» ЖАҚ 

зерттеу  жұмыстары  жүргізілді.  «РЖД»  АҚБ  филиалдарының  бірнеше  темір  жолдарынан 

түйіспелі торапта  5 жылдан 40 жылға дейін пайданылып келе жатқан шынылы, фарфорлы 

жəне  полимерлік  изоляторлар  жиналып  алынды.  Табиғи  кірленген  изоляторлардың 

ылғалданған  күйлерінде  жылыстау  токтары  өлшеніп  алынды  жəне  кір  қабаттың 

өткізгішітігінің мəні есептелді. 



 

Бүгінгі таңда изолятор өндірушілердің техникалық саясаты тұтас құйылған кремий 

органикалық қорғаныс қабығы бар полимерлік изоляторлардың бірегей сапасын анықтады 

(полимерлі  изоляторлардың  «II  буыны»).  Алайда  қолданыстағы  техникалық  жəне 

нормативтік  құжаттарды  бекіткен  кезеңнен  бастап  арада  5  жыл  өтті,  ал  полимерлік 

изоляторлардың  аймағында  конструктивті  шешімдер  одан  əрі  жетілдіріле  түсті  де,  жаңа 

сапалы («ІІІ буын» деп аталатын) изоляторларды жасауға мүмкіндік туды. 


жүктеу 15,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   220




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау