ҚҰрметті бірінші курс студенті!



жүктеу 204,62 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.11.2017
өлшемі204,62 Kb.
#2061


ҚҰРМЕТТІ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІ! 

 

Сіздің  арманыңыз  орындалды  –  Сіз  атақты  С.ЖАсфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық 



медицина университетінің студенті атандыңыз.  

 

Сізді 2015 жылдың желтоқсан айында 85 жылдық мерейтойын ӛткізетін университетімізде 



кӛруге қуаныштымыз. 

 

Біз  Сіздің  қалыптасуыңызға  қолғанат  болуға  дайынбыз:  біздің  университетіміздің  бай 



дәстүрі,  жақсы базасы және үлкен келешегі бар, ендеше ол Сізде де бар.  

 

Сіз  қазір  қиындықтың  барлығы  артта,  ал  алдымда  әндер  мен  жырларда  шырқалатын  



уайымсыз  студенттік  жылдар  күтіп  тұр,  сәл  демалуға  болады  деген  ойдасыз.  Алайда  осылайша 

ойлап жүрген студенттер кӛп кешікпей ӛздерінің ойын түбегейлі ӛзгертеді. 

 

Неліктен  жасӛспірімдер  талаптары  жоғары  қабылдау  емтихандарынан  сүрінбей  ӛтіп,  



кӛбінесе  университетте  оқи  алмайды?  Бұның  себебі  кӛп,  алайда  ең  басты  себебі  бірінші  курс 

студенті  жаңа  ортаға  келіп,  шоғырлана  алмай,  білім  алу  -  бұл  ең  алдымен  ауыр,  әрдайым  кӛңіл 

бӛлуді, үлкен күш салуды, жинақтылықты талап ететін күрделі үдеріс екенін естен шығарады. 

    


Жоғары  оқу  орнының  оқу  үдерісі  Сіз  үйренген  орта  мектептің  оқу  үдерісінен  әлдеқайда 

ӛзгеше. Жоғары мектептің басты міндеттерінің бірі  – кешегі мектеп оқушысын ӛмір бойы оқуға 

үйрету. 

 

Университеттің оқытушылық-профессорлық құрамы Сіз таңдаған мамандығыңыз бойынша  



негізгі  құзыреттілігіңізді  қалыптастыруға  атсалысады.  Алайда  кӛбісі  сіздің  табандылығыңызға, 

еңбекқорлығыңызға, мақсатқа талпынушылығыңызға, тәртіптілігіңізге байланысты.  

 

Сіз  ӛзіндік  және  ғылыми  жұмыс  дағдыларын  меңгеруіңіз,  саналы  түрде  шығармашылық 



қабілеттеріңізді және  қарым-қатынас дағдыларын дамытуыңыз қажет. 

 

Сіздің  студенттік  тобыңызда  позитивті  жолдастық,  әділетті,  тең,  адал  қарым-қатынастың 



орнағаны ӛте маңызды. Жаңсақтық үшін шара қолданатын, жетістіктер үшін мадақтайтын, оқуда 

үлгермегенде  қол  ұшын  беретін  нағыз  ұжым  болуы  тиіс.  Осындай  ұжымды  құру  әр  топтың 

студенті үшін маңызды міндет болып табылады. 

 

Ұсынылып  отырған  ескертпеде  Сіз  С.Ж.Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ-да  оқу  үдерісін 



ұйымдастыру жайлы барлық ақпаратты, сұрақтарыңызға жауап, сонымен қатар пайдалы кеңестер 

мен ұсыныстар таба аласыз.  

 

Сіздерге сәттілік, құрметті бірінші курс студенттері! 



Біз Сіздерге сенеміз! 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Сабақ қашан басталады? 



 

1  қыркүйек,    сағ  10.00,    университеттің  басты  «Мәнгілік  ел»  алаңында  дәстүрлі    Білім 

күні ӛткізіледі. Аталған салтанатты іс-шараға бірінші курс студенттері және олардың ата-аналары, 

университет басшылығы және университеттің жетекші оқытушылары қатысады. 

 

Бірінші курс студенттерін дәстүрлі түрде  Университет ректоры, профессор Ақанов Айқан  



Ақанұлы құттықтайды. Ӛз тілектерін Университеттің проректорлары, ақсақалдары және ҚазҰМУ-

ның еңбегі сіңген оқытушылары білдіреді. 

 

Салтанатты  рәсімнен  кейін  университет  ректоры  және  факультет  декандары 



аудиторияларда  студенттермен  дәстүрлі  кездесулер  ӛткізеді.  Кездесу  барысында  барлық  бірінші 

курс туденттері С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студентінің Ар-намыс кодексіне қол қояды. 



 

2  -  4  қыркүйек  аралығында  деканат  қызметкерлері,  студент  белсенділері,  оқытушылар  

Сіздерді  оқу  ғимараттарымен,  кафедралармен,    аудиториялармен,  кітапханалармен  және 

Университет алаңдарымен  таныстырып ӛтеді.  

 

Аталған  күндері  Сізге  студенттің  негізгі  құжаттары:  студенттік  билет,  сынақ  кітапшасы, 



бірыңғай оқырман билетін, стипендия алу үшін банк картасын рәсімдеу және оқулықтар жинағын 

алу қажет. 



 

2015 жылдың 1 курс студенттерінің оқу жылы 7 қыркүйекте басталады. 

Білім алушылардың жұмыс аптасының ұзақтығы- 5 күн. 

Оқу  жылы  екі  академиялық  кезеңнен  (семестрден)  тұрады:  күзгі  (қыркүйек  айынан 

желтоқсан айына дейін) және  кӛктемгі (қаңтардан мамырға дейін).  

 

Сабақтар оқу үдерісінің кестесіне және сабақ кестесіне сәйкес ӛткізіледі. Оларды деканатта 



немесе Университеттің ресми сайтынан алуға болады. 

Сонымен  қатар  дәрістер  кестесі  және  практикалық  сабақтар  кестесі  әрбір 

кафедра/модульдерде орналасқан стендтерде ілінген. Ол жерде Сіздің тобыңыз қай оқу бӛлмесінде 

немесе қай аудиторияда дәріс алып жатқанын кӛре аласыз.  

Тобыңыздың нӛмірін Сіз деканатыңыздан біле аласыз. 

 

Сабақтар:  дәріс,  семинар,  практикалық,  зертханалық,  коллоквиум,  студенттің  ғылыми-



зерттеулік жұмысы, тәжірибе және т.б.  түрінде ӛткізіледі. 

 

                                   Студентте қандай негізгі құжаттар болуы тиіс? 

 

Студенттік билет 

Студенттік  билетті  қолына  алғаннан  кейін,  студент  оны  оқу  аяқталғанға  дейін  сақтауы 

қажет,  жоғалып  қалған  жағдайда,  оны  тез  арада  қалпына  келтіруге  тырысады,  себебі  студенттік 

билетсіз жүру кӛп жағдайда қиынға әкеліп соғады. 

Сонымен  қатар  студенттік  билет  Университет  аймағына  кіру  рұқсаты  болып  саналады. 

Жыл  сайын  мерзімі  ұзартылады.  Студенттік  билетті  алуға  Сізге  деканат  қызметкерлері 

кӛмектеседі. 

              

 

 

 

 

 



 

 

Сынақ кітапшасы  

 Сынақ  кітапшасы  емтихан  тапсырғанда,  дифференциялық  сынақ  және  пән  бойынша 

емтихан  тапсырғанда  қажет.  Сынақ  кітапшасында  оқудың  барлық  кезеңіндегі  аралық  және 

қорытынды аттестацияның барлық түрі бойынша бағалары қойылады. 

Сынақ кітапшасын алуға Сізге деканат қызметкерлері кӛмектеседі. 



 

Бірыңғай оқырман билеті 

Бірыңғай  оқырман  билеті  кітапхананы  қолдануға  мүмкіндік  беретін  жалғыз  құжат  болып 

есептеледі. 

Студент  оқу  және  ғылыми  әдебиеттерін  оқу  залдарында  және  абонементтерде  қолдана 

алады. Университеттің кітапханасында Интернет-залдар орналасқан, сонымен қатар халықаралық 

электронды білім беру қорларын еркін қолдануға болады..  

Бірыңғай  оқырман  билетінің 

мерзімі  жыл  сайын  ұзартылады. 

Бірыңғай  оқырман  билетін 

 

алуға Сізге кітапхана қызметкерлері кӛмектеседі. 



 

 

Банк  картасы

  –Центр  Кредит  Банкі  арқылы  стипендиясын  немесе  басқа  да  қаржылай 

кӛмегін тез арад,а ӛзіне ыңғайлы уақытта ала алатын электронды карта. 

  

Кітапханадан бірыңғай оқырман билеті және оқулықтарды қалай алуға болады? 

 

С.Ж.Асфендиярова  атындағы  ҚазҰМУ  студенті  атанып,  Сіз  С.Ж.Асфендиярова  атындағы 



ҚазҰМУ  –дың  Ғылыми  кітапханасының  қорын  және  ақпараттық  қызметін  қолдануға  құқылы 

болдыңыз.  

Университет  кітапханасының  1931  жылдан  бергі  тарихы  бар  және  бүгінгі  күні  1,5 

миллионға жуық басылымдар сақталған.  

 

Университетте  жемісті  білім  алу  үшін  Сізге  оқу  жылы  басталмай  тұрып  оқулықтар 



жиынтығын алу қажет. 

Бірінші курс туденттеріне оқырман билеттерін және оқулықтарды беру 2015 жылдың 

2 қыркүйегінен басталады. 

 

Бірыңғай  оқырман  билетін  алу  үшін  Сіз  ҚазҰМУ-дың  Ғылыми  кітапханасына  жеке 



күәлігіңізді (түпнұсқасын) кӛрсетуіңіз  және екі 3х4см. сурет апарып беруіңіз қажет.  

 

Жалпы  медицина,  Қоғамдық  денсаулық  сақтау,  Мейіргерлік  ісі  факультеттерінің  бірінші 



курс  студенттері  ҚазҰМУ-дың  Ғылыми  кітапханасының  абонементін  қолданады  (№2  оқу 

ғимараты, 1 қабат, ауладан кіресіз)  

 

Стоматология,  Фармация  факультеттерінің  бірінші  курс  студенттеріне  ҚазҰМУ-дың 



Ғылыми кітапханасының 2 қабаты  қызмет етеді (№2 оқу ғимараты, 220 кабинет, ауладан кіресіз)  

 

Кітапханаға  жазылу  барысында,  Сіз  қолдану  ережелерімен  танысып,  оларды  орындауға 



міндетті  екеніңізді  растайтын  оқырман  билеті  және  оқырман  формулярына  қол  қоясыз. 

Тапсырылған  құжаттар  негізінде  Сізге  бірыңғай  оқырман  билеті  беріліп,  оқырман  формуляры 

толтырылады. 

 

Кітапхананың жұмыс уақыты: 

Дүйсенбі – сенбі -  сағ. 9

00  

- 19


00 

(сессия кезінде -   20

00

 дейін


 

)  


Демалыс күні – жексенбі. 

 


 

 

Университеттің оқу үдерісінің ерекшеліктері 

 

С.Ж.Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ  оқу  үдерісі  білім  берудің  кредиттік  технологиясы 



арқылы  жүзеге  асады,  яғни  оқытылып  жатқан  пәннің  кӛлемі  байланыс  сағаттарына  (дәрістер, 

практикалық,  зертханалық)  және  студенттің  ӛзіндік  жұмысына  бӛлінеді.  Студенттің  ӛзіндік 

жұмысы  оқытушымен  бірлесе  отырып,  сонымен  қатар  аудиторлық  сабақтардан  тыс  уақытта 

жасалады. 

 

Аудиториялық    сабақтардың  барлық  түрлері  үшін  ұзақтығы  50  минутты  құрайтын 



академиялық сағат белгіленеді (дене тәрбиесі сабақтары, зертханалық жұмыстар үшін -100 минут). 

 

Біздің  Университетімізде  құзыретті-бағдарланған  медициналық  білім  беру  Моделі  жүзеге 



асырылуда.  Бакалавриатты  бітіруші  студенттердің  әрқайсысында  мамандық  бойынша 

бакалавриаттың білім беру бағдарламасына және білім берудің түпкі нәтижелеріне сәйкес 5 негізгі 

құзырет  қалыптасады  (білім;  практикалық  (операциялық),    коммуникативтік  дағдылар;  ӛзін-ӛзі 

дамыту және жетілдіру дағдылары және құқықтық құзірет).  



 

Дәрістер 

 

Егер дәрістер Университеттің үлкен аудиторияларында ӛткізілетін болса, сабақ кестесінде 



аудитория нӛмірі кӛрсетіледі. 

Егер  дәріс  кафедра/модулде  оқытылса,  Сіз  оқу  бӛлмесінің  нӛмірін  кафедра/модулдердің 

сабақ кестесі қойылған стендінен кӛре аласыз.

 

Дәріс – әрбір пән бойынша ақпараттың маңызды көзі! 

 

Әдетте  біздің  Университетімізде  дәрістер  практикалық  пәндерден  озық  келеді.  Дәрістер 



студентті  оқытылып  жатқан  пәннің  негізгі  мәселелеріне  бағдарлайды,    сонымен  қатар  ӛзіндік 

жұмысты маңызды бӛлім бойынша жасауға бағыттайды. 

Дәріске таза, үтіктелген медициналық халатпен кешікпей келіңіз.. 

Дәріс басталмай тұрып ұялы телефоныңызды сӛндіріңіз. 



 

Біздің ұсынымдарымызды қолданғаныңыз жөн: 

1)  Әр пән бойынша дәрістің конспектісін жеке дәптерде жүргізіңіз.   

2)  Дәріскердің аты-жӛнін және дәрістің тақырыбы мен жоспарын жазып жүріңіз..  

3)  Дәрісті  бас-аяғына  дейін  сӛзбе-сӛз  жазудың  қажеті  жоқ,  Сіздің  мақсатыңыз  негізгі 

ережелерді,  ойды,  тұжырымдаманы  түсініп  жазып  алу.  Әрдайым  дәріскердің  ойлау 

қисынын түсінуге тырысыңыз. 

4)  Мүмкіндігіңізше  анықтамаларды,  классификацияларды,  түсініктемелерді, 

заңдарды, 

формулаларды және т.б. нақтырақ жазып алуға тырысыңыз.  

5)  Дәріскердің айтқанын ӛз сӛзіңізбен жеткізуге үйреніңіз. 

6)  Дәрістің маңызды түсініктемелерін маркермен немесе т.б. сызып қойыңыз. 

7)  Сӛзді қысқарту бойынша ӛзіңіздің тәсіліңізді, шартты белгілеріңізді қалыптастырыңыз  

8)  Келесі  дәрістің  алдында  ӛткен  дәрісті  оқып  шығуды  сонымен  қатар  пән  бойынша 

практикалық  сабаққа  даярлық  барысында  конспектілеріңізді  қолдануды  дағдыға 

айналдырыңыз.  

9)  Дәріс материалдарын басқа ізденістерден табылған ақпараттармен толықтырыңыз. 

10) Егер дәріс барысында қандайда бір сұрақтар туындаса, дәріс аяқталғаннан соң дәріскерден 

сұрауыңызға болады, оған арнайы уақыт бӛлінеді. 

11) Оқытушылардың кӛбісі студенттерге дәрістің электрондық мәтінін беруге дайын, алайда ол 

дәрісті  конспектілеудің  қажеті  жоқ  дегенді  білдірмейді.  Әдетте  дәріскер  түсініктемесінің 

маңыздылығы презентация слайдындағы ұсынылған мәтіннен кем емес.  



 

 

12) Дәрістің    мазмұнын  әркім  ӛзінің  жеке  түсінігімен  жазып  алады,  сондықтан  бӛгде 



конспектілермен қолдану қиын және ыңғайсыз.  

 

              Практикалық сабақтар

 

Пән  бойынша  практикалық  сабақ  қай  кафедрада,  қай  оқу  ғимаратында  және  қай 

аудиторияда болатынын алдынала біліп қойыңыз.  

Сабақтың ӛту уақытын кафедраның кесте стендінен кӛріп алғаныңыз жӛн. Ондай болмаған 

жағдайда Сіз уақытыңызды іздеу жұмыстарына жоғалтып, сабаққа кешігуіңіз ықтимал. 

Пән  бойынша  алғашқы  практикалық  сабақта  оқытушы  Сізге  силлабусты  кӛрсетеді    және 

қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізеді. 

 

 



Силлабустың электрондық нұсқасын Сіз алғашқы сабақта ӛзіңіздің оқытушыңыздан немесе 

кафедра  завучінен  ала  аласыз.  Пән  бойынша  оқу-әдістемелік  кешеннің  толық  нұсқасын  сіз  АИС 

ҚазҰМУ жүйесінен таба аласыз. 

 

 



Дәл  сондай  Сіз  біліміңізді  практикалық,  коммуникативтік,  құқықтық  дағдыларыңызды, 

ӛзіндік жұмысыңызды  қашан, қайда, қалай бағалайтынын білетін боласыз. 

 

 

Практикалық сабақтардың басым бӛлігі теориялық және практикалық бӛлімдерден тұрады. 



 

Сабаққа дайындықпен келіңіз. 

Сабаққа  дайындық  барысында  ұсынылған  оқулықтардың  материалдарын,  қосымша 

әдебиеттерді,  дәріс  материалдарын,  Интернет-қорларын,  электронды  оқыту  бағдарламаларын 

қолданыңыз.  

Сабақтың  практикалық  бӛлімінің  тапсырмаларын  және  ӛзіндік  жұмысты  орындауда 

силлабуста кӛрсетілген мерзімнен қалмаңыз . 

 

 



Сабақтардан дәлелді себепсіз қалуға жол берілмейді. 

 

 



 

 

 



Біздің ұсынымдарымызды қолданғаныңыз жөн: 

1) 


Сабаққа  алдын-ала  келуді  әдетке  айналдырыңыз,  себебі  студенттің  сабақ  басталғаннан 

кейін  аудиторияға  кіруі  оның  жинақталмағандығының,  жауапкершілігі  тӛмен  адам 

болғандығының, сонымен қатар оқытушыны сыйламағандығының дәлелі.

 

2)  Ұқыпты  киініп  жүруіңізді,  сабаққа  таза,  үтіктелген  халатпен  келуіңізді  есте  сақтап 



жүргеніңіз жӛн. 

3)  Практикалық сабақ басталар алдында ұялы телефоныңызды сӛндіріңіз. 

4)  Алғашқы сабаққа тым болмаса дәптер мен қалам ала жүріңіз. 

5)  Сабаққа жүйелі және жоспарлы түрде дайындалыңыз. 



6)  Есте  сақтаңыз: 

  дифференциалды сынаққа немесе емтиханға кіру  рұқсатын алу  үшін 

Сіздің кіру рұқсатыңыздың рейтингі 50 немесе 50-ден жоғары балды құрауы қажет.

  

7) 


Есте сақтаңыз: 

Сіздің кіру рұқсатыңыздың рейтингі  –  емтихан бағасының 60%! 

 

Өзіндік жұмысты қалай ұйымдастыру керек?

 

Ӛзіндік  жұмыс  Сізге  зерделеп  отырған  ғылымның  мән-маңынасын  тереңірек  түсінуге, 



қажетті  дағдыларды  білуге,  ӛзіңіздің  мүмкіншіліктеріңізді  және  қабілеттігіңізді  дамытуға 

кӛмектеседі. 

Ӛзіндік  жұмыс  білім  берудің  маңызды  құралы  ретінде,  еңбектің  ғылыми 

ұйымдастырылуына сәйкес құрылуы тиіс.  



 

 

Біздің ұсынымдарымызды қолданғаныңыз жөн: 

1)  Ӛзіңіздің  мүмкіншіліктеріңізді  анықтаңыз,  ӛзіңіздің  жақсы  және  осал  жақтарыңызға,  есте 

сақтау қабілетіңізге, зейініңізге, ойлау қабілетіңізге және т.б. айқын баға беріңіз. 

2)   Ӛзіңізге қолайлы ӛзіндік жұмыс әдістерін анықтаңыз.  

3)  Жұмыты бастамас бұрын ӛз алдыңызға мақсат қойыңыз (не үшін жұмыс жасаймын, қандай 

мақсатқа жетуім қажет деген сияқты) 




 

 

4)  Жұмыс  жоспарын  құрып,  сол  жұмыс  жоспары  бойынша  еңбектеніңіз  (нені,  қай  уақытта 



аяқтауым қажет) 

5)  Жұмыс барысында ӛзін-ӛзі тексеруді және ӛзін-ӛзі бақылауды жүргізу. 

6)  Ӛзіңіздің  жұмысыңызға  қолайлы  жағдай  жасап,    әрдайым  жұмысыңызды  жетілдіріп 

отырыңыз .  

7)  Күнделікті жүйелі түрде жұмыс жасаңыз.  

                             

Студенттердің оқу жетістіктері қалай бағаланады? 

 

Әр тапсырманы орындаған үшін Сізге 100 балдық шәкіл бойынша баға қойылады.  

5  құзыреттілікті  бағалау  мақсатында  арнайы  тапсырмалар,  бақылау-ӛлшеу  құралдары 

қолданылады;  

 

Білім:

 бақылау сұрақтары, тесттік үлгідегі сұрақтар,  ситуациялық тапсырмалар жіне т.б.. 

 

Практикалық дағдылар: 

 зертханалық жұмыстарды, тәжірибелерді атқару, стандартталған 

және  нақты  адамды  тексеру,  науқасқа  клиникалық  талдау  жүргізу,  патологиялық- 

анатомиялық  конференциясына  қатысу,  науқастың  сырқатнамасын  кӛрсету,  медициналық 

құжаттарды толтыру, біліктілік талаптарға сәйкес жұмыстарды атқару және т.б.   

 

Коммуникатік дағдылар:  

командалық жұмыстар, тренингтер, науқаспен қарым-қатынас, 

сұхбат, пікірталас және т.б. 

 

Құқықтық  құзыреттілік: 

тестілеу,    ауызша  сауалнама,    тапсырмалар,    эссе,  

медициналық құжаттармен жұмыс және т.б. 

 

Өзін-өзі  дамыту:

  талдамалы  шолуларды,  презентацияларды  даярлау,  тақырыптық 

кроссвордтар әзірлеу, мақала, эссе жазу және т.б. 

Бірінші  сабақта  оқытушы  (завуч)  Сіздерге  кафедрада  бекітілген  бағалау  айдарының/чек-

парақшасының электронды нұсқасын береді. 

Оларды шығарып, тезтікпе папкасына салып, әр бағалау айдарына аты-жӛніңізді жазыңыз. Бұл 

Сіздің оқу портфолиоңыз болады.  

Оқу  портфолиоңызды  оқытушыңызға  екінші  сабақтан  кешікпей  ӛткізіңіз.  Оқу  портфолиосы 

Сіз аралық аттестациядан ӛткенге дейін кафедрада сақталады. 

Қағаз  және  электронды  журналға  баға,  бағалау  айдарының/чек-  парақшасының  балдары 

негізінде қойылады. 

Құзыреттіліктің  әр  түрі  бойынша  баға  қойғанда,  оқытушы  Сіздің  қай  жетістігіңіз  немесе 

осалдығыңыз үшін қойғанын түсіндіруге міндетті. 

   

 

Ағымдағы бақылау бағасы 



 

Ағымдағы  бақылау  бағасы  (t)  –  5  құзыреттілікті  меңгеруіңіздің  балдық  бағаларының 

ортаарифметикалық кӛлемін білдіреді, және келесі формула бойынша белгіленеді: 

 

 



 

мұнда      Z – білім үшін қойылған баға қосындысы (z

1

+z

2



+…+z

n

), 



N -  дағдылар үшін қойылған баға қосындысы (n

1

+n



2

+…+n


n

), 


K  - коммуникативтік құзыреттілік үшін қойылған баға қосындысы (k

1

+k



2

+…+k


n

), 


P -  құқықтық құзыреттілік үшін қойылған баға қосындысы (p

1

+p



2

+…+p


n

), 


S -  ӛзіндігінен білім алу бағасының қосындысы (s

1

+ s



2

+…+s


n

), 


n – барлық құзыреттілік бойынша алған бағалар қосындысы..

 

 



Ағымдағы  бақылаудың  орта  бағасын  есептеу  автоматты  түрде  электронды  журналда 

жүргізіледі.  




 

 

 



Кіру рұқсаты рейтингін анықтау 

 

Кіру  рұқсаты  рейтингі  үлгерімнің  ағымдағы  бақылау  бағасы  және  аралық  бақылау 



бағасының  орта  есебінен  алынады,  олардың  саны  және  формасы  пән  бойынша  силлабуста 

кӛрсетілген. 

 

 

Кіру рұқсаты рейтингісінің кӛлемі келесі формула бойынша анықталады: 



t + r

1

+ r



+ ….+r


n

 

   Rд = -------------------------, мұнда: 



 

           m +1

 

t – ағымдағы бақылау нәтижесінің орта бағасы;  



            r

1

,…, r



– ағымдағы бақылау бағасы;  

            m – ағымдағы бақылаудың саны. 

 

Кіру  рұқсаты  рейтингісі  электронды  журналды  толтыру  барысында  автоматты  түрде 



есептеледі. 

 

 Оқу журналы дегеніміз не? 

 

Оқу  журналдарында  студенттер  кафедра/модуль  саясатымен,  құзыреттілікті  бағалау 

ӛлшемдерімен және қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысуы қарастырылған.   

Бірінші  сабақта  оқытушы  нұсқаулық  жүргізгеннен  кейін  Сізге  тиісті  бағанға  қол 

қоюыңызды сұрайды.  

Біздің  Университетімізде  оқу  журналдары  медициналық  білім  берудің  құзыретті-

бағдарланған  Моделіне  бейімделген,  яғни  әр  орындалған  тапсырма  үшін  Сізге  құзыретке  сәйкес 

баға  қойылады  (білім,  практикалық,  коммуникативтік,  құқықтық  дағдылар,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру, 

ӛзін-ӛзі дамыту дағдылары үшін) 

Аралық бақылау бағалары бӛлек бетке қойылады. 

Осымен қатар оқытушы электронды журналды толтырып отырады.  

Кіру рұқсаты рейтингісі автоматты түрде электронды журналда есептеледі. 

Оқытушы  Сізге    емтиханға  кіру  рұқсаты  рейтингіңізді  (сараланған  сынақ)  пән  бойынша 

соңғы сабақта айтуға міндетті. 

Электронды журналды кӛру үшін кіру рұқсатын Сіз АИС ҚазҰМУ жүйесінен ала аласыз. 

 

 

 

АИС ҚазҰМУ жүйесіне кіру рұқсатын қалай ала аласыз? 

 

 

АИС ҚазҰМУ (Университеттің бірыңғай білім беру порталы) жүйесіне кіру үшін Сіз логин 

және  құпиясӛз  алуыңыз  қажет.  Мұнда  Сізге  деанат  қызметкерлері  және  IT-технологиялары 

департаментінің мамандары кӛмектеседі.  

АИС ҚазҰМУ  жүйесінде Сізге келесілер қолжетімді болады: 

 

- Пәндер бойынша ПОӘК; 



- тестік тапсырмалардың емтихан базасы (дұрыс жауап нұсқасы белгіленбеген); 

-  пән  бойынша  емтиханның  екінші  кезеңінің  тапсырмалары  (сұрақтар,  ситуациялық 

тапсырмалар және т.б.) 

- электронды журнал. 

Электронды журналды тиісті логин және құпиясӛзге сәйкес Сіздің ата-аналарыңыз да кӛре 

алады.  


 


 

 

Емтиханға қалай дайындалу қажет?



 

  

Есте  сақтаңыз:

  емтиханға  дайындалудың  барлығына  бірдей  ортақ  әдісі  жоқ.  Бұл  Сіздің 

жеке  ерекшеліктеріңізге,  пәннің  мазмұнына,  дәріс  мәтіндерінің  болуына,  оқулықтардың,  оқу 

құралдарының бар болуына байланысты. Алайда емтиханға дайындалудың бірнеше ережесі бар. 

 

 

 



 

 

 



 

Біздің ұсынымдарымызды қолданғаныңыз жөн: 

1.  Сізге  пән  бойынша  тесттік  тапсырмалар  базасымен,  емтиханның  екінші  кезеңі 

тапсырмаларының мазмұны және тізімімен танысу қажет. 

2.  Емтиханға  дайындалудың  негізгі  бағдары  болып  Сізге  пәннің  мазмұнын  және  қисынын 

еске түсіруіңізге  дәрістер конспектілері (презентациялары), практикалық сабақтар материалдары 

кӛмектеседі. 

 3.    Дәрістерде  пәннің  барлық  сұрақтары  толығымен  қамтылмайды,  сондықтан  емтиханға 

дайындық  барысында  оқулықтарды,  оқу  құралдарын,  тапсырмалар  жинағын,  әдістемелік 

құралдарды қолданғаныңыз жӛн. 

4. Оқу  материалдарын  күндерге бӛліп тастаңыз, соңғы күнді  біліміңізді  жүйелендіру және 

жинақтауға қалдырыңыз.   

5.  Сұрақтарға  талдау  жасай  отырып,  ерекше  кӛңіл  бӛлуді  және  дайындалуға  кӛп  уақытты 

талап ететін сұрақтарды белгілеп қойыңыз. 

6.  Ӛзіңізге түсініксіз жерлерін жазып алып, консультация кезінде оқытушыға сұрағыңызды 

қойыңыз . 

7.  Пәннің  мазмұнын  толығырақ  меңгеру  үшін,  дайындық  және  практикалық  сабақтарда 

жұмыс дәптеріңізге  оқытылған материалдан қысқаша жазба жазып жүріңіз.  

 

Емтихандар қалай өткізіледі? 

 

Пән  бойынша  емтихан  әдеттегідей  цикл  аяқталғаннан  кейін  келесі  күні  ӛткізіледі. 



Сондықтан емтиханға сабақтың алғашқы күнінен бастап-ақ дайындалу керек. 

Ескерту! 

Пән  бойынша  емтиханға  кіру  рейтингісі  50  балдан  төмен  студенттер  қорытынды 

бақылауға (емтиханға, сараланған  сынаққа)  кіргізілмейді  және қосымша  жазғы семестрге 

пәнді қайталап оқуға (ақылы негізде) жіберіледі. 

      


Емтиханның ӛткізілетін күні және уақыты сабақ кестесінде кӛрсетілген. 

     Кейбір жағдайларда (сырқат,  отбасылық немесе жұмыс бабы мәселелері  болған  жағдайда) 

факультет деканы  студентке емтихан сессиясын жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат береді.  

    Емтиханға келгенде міндетті түрде сынақ кітапшасын алып келіңіз..  



 

Пән бойынша емтихан екі кезеңнен тұрады:  

I   кезең – тестілеу (білімін және құқықтық компонентін бағалау);   

II  кезең – прктикалық және коммуникативтік дағдыларын бағалау.   

 

 



    

 

  



Емтиханның  бірінші  кезеңі

  компьютерде  немесе  жазбаша  тестілеу  әдісі    арқылы 

Университеттің  Тестілеу  Орталағанда  немесе  кафедрада  (жазбаша  тестілеу  болған  жағдайда) 

ӛткізіледі. 

 

Емтиханның  бірінші  кезеңінің  мақсаты  –  пән  бойынша  біліміңізді  және  құқықтық 



құзыреттілігіңізді бағалау. 

Ескерту!

  

 

Тестілеу  кезінде  студенттерге  ӛзара  сӛйлесуге,  басқа  орынға  отыруға,  емтихан 



материалдарымен алмасуға, кӛшіруге, аудиторияға шпаргалка, оқулық және басқа да әдістемелік 

нұсқаулықтарды, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар,  құлаққап, 




 

 

планшет және т.б.) кіргізуге тыйым салынады. 



Тетілеу  орталығында  бейнебақылау  жүргізіледі.  Ережені  бұзған  жағдайда  тестілеу 

Орталығының  қызметкерлері,  кафедра/модуль  оқытушылар  ережені  бұзу  туралы  Акт  әзірлеп, 

білім алушы аудиториядан шығарылады.  

 

 



        

Емтиханның екінші кезеңі кафедра/модулде өткізіледі.

  

Емтиханның  екінші  кезеңінің  мақсаты-Сіздің  практикалық  және  коммуникативтік 



дағдыларыңызды  бағалау.    Емиханның  екінші  кезеңінде  Сізге  пәннің  ерекшеліктеріне 

байланысты, түрлі тапсырмалар беріледі. 

Емтиханды  ӛткізу  үшін  жетекші  профессорлар,  доценттер,  аға  оқытушылар  қатарынан 

емтихан қабылдаушылары сайланады. 

            Емтиханның  екінші  кезеңінің  бағасы  балдарды  есептеу  негізінде  емтихан  қабылдаушы 

толтыратын, емтиханды бағалау айдарында қойылады. 

        

Емтиханның екінші кезеңі бойынша тапсырмалар және олардың мазмұны алдын-ала белгілі 

болады, сондықтан Сізде пәнді оқу барысында емтиханға дайындалу мүмкіндігі болады. 

 

            Емтихан кезеңдері түрлі реттілікте ӛтуі мүмкін. 



  

            Емтиханның  әр  кезеңінің  бағасы  100  балдық  шкаламен  есептеледі  (  1  балдан  100  балға 

дейін). 

  

 

 

         Ескерту!

  

 

 



  Егер  Сіз  емтиханның  бір  кезеңінен  тӛмен  баға  алсаңыз  (50  балдан  тӛмен),  үміт  үзбей 

емтиханның келесі кезеңін тапсырыңыз. 

 

 

  Егер  кіру  рұқсаты  рейтингіңіз  жоғары  болса,  Сіздің  емтиханды  тапсыруға  мүмкіндігіңіз 



бар. 

 

Курс 



Емтихан бағасын есептеу формуласы 

Е = Е



1

 × 0,25 + Е

2

 × 0,15  



мұнда Е

1

 – емтиханның І кезеңінің балдық кӛрсеткіші; 



Е

2

 – емтиханның ІІ кезеңінің балдық кӛрсеткіші;   

0,25  және  0,15 –  балдық бағалардың пайызбен есептелу коэффициенты.  

 

Курс 



Қорытынды рейтингті есептеу формуласы 

I = R



д

 х 0,6  + Е х 0,4 = R

д

 х 0,6  + (Е



1

 × 0,25 + Е

2

 × 0,15) 



мұнда I – қорытынды рейтинг,  

R

д

 – пән бойынша  кіру рұқсаты рейтингі,  



E – қорытынды бақылау бағасы (емтихан бағасы),  

Е

1

 және Е



2

 – сәйкесінше емтиханның І және ІІ кезеңінің бағалары. 

 

 І 



Төрт балдық жүйе бойынша, сандық эквивалентке сәйкес, білім алушылардың оқу 

жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі  

Әріптік 


жүйе 

бойынша 


баға 

Балдардың  сандық 

эквиваленті 

%-дық белгілері 

Дәстүрлі жүйе бойынша баға 

А 

4,0 



95-100 

  Ӛте жақсы 

А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

В 

3,0 



80-84 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттандырарлық 




 

 

С 



2,0 

65-69 


С- 

1,67 


60-64 

D+ 


1,33 

55-59 


1,0 


50-54 



0-49 

Қанағаттандырарлықсыз  



 

Емтихан  қорытындысы  (сараланған  сынақ)  бойынша  50  балдан  тӛмен  алған  студенттер  

қосымша жазғы семестрге пәнді қайталап оқуға (ақылы негізде) жіберіледі. 

 

Қосымша  жазғы  семестрді  оқып,    рейтинг  балы  50,  немесе  емтиханның  қорытынды  балы 



50-ден тӛмен студент қайталап оқу жылына қалдырылады. 

Емтиханды қайта тапсыру сәтті ӛткен жағдайда  қорытынды баға қайта есептеліп, емтихан 

тізімдемесіне, сынақ кітапшасына және транскриптке қойылады.  

Үлгерімнің орта балын есептегенде оқу пәні бойынша соңғы бағалар есепке алынады.  



 

Студентті курстан курсқа көшіру қалай жүргізіледі?  

 

 

 

 



 

Студенттердің  курстан  курсқа  кӛшірілуі  пререквизиттерді  міндетті  түрде  есепке  ала 

отырып, белгіленген орта кӛшіру балына (GPA) сәйкес жүзеге асырылады. 

 

2015-2016 оқу жылының курстан курсқа көшу балы 

 

 

Курс  



Кӛшіру балы 

Әріптік баға 

 1 курстан 2 курсқа                      

 1,33 


 «D+» 

2 курстан 3 курсқа                      

 1,67 

 «С-» 


3 курстан 4 курсқа                      

 2 


 «С» 

       4 курстан 5 курсқа                      

 2,33 

 «С+» 


       5 курстан 6 курсқа                      

 2,67 


 «В-» 

       6 курстан  7 курсқа                      

 3,00   

 «В» 


 

Курстың  бағдарламасын  толығымен  меңгерген,  алайда  курсатн  курсқа  кӛшу  балын  ала 

алмаған  студентке,  үлгерімінің  орта  балын  (GPA)  кӛтеру  үшін  қосымша  семестрде  ақылы 

негізінде  жеке  пәндерді  қайталап  оқуға  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  «Қақақстан 

тарихынан»  басқа)  және  сол  пәндер  бойынша    қайтадан  емтихан  тапсыруға  мүмкіндік  беріледі. 

Транскриптке  ең соңғы пән бойынша қорытынды рейтинг қойылады. 

 

 

Университеттің ғылыми өмірі 

 

Университет  –  Сіздерге  тек  мамандық  қана  емес,  сонымен  қатар  ғылыми-зерттеулік 

қызметке кірігуге жол беретін білім ордасы. 

Біздің  Университетімізде  «Зерттеу  арқылы  оқыту»  бағдарламасы  жүзеге  асырылуда  және 

сол  үшін  барлық  жағдайлар  жасалған:  Б.Атчабаров  атындағы  қолданбалы  және  іргелі 

медицинаның  ғылыми  зерттеу  институтында  заманауи  ғылыми-зерттеулік  лабораториялары 

ғылым және техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған. 

Университеттің  әр  кафедрасы/модулі  ӛзінің  саласы  бойынша  зерттеу  орталығы  болып 

есептеледі. 

Ғылыми  қызметке  алғашқы  рефератты  жазу,  шығармашылық,  жобалық  тапсырмаларды 

орындау, әдебиеттерге, мақалаларға  шолудан бастап кірігесіз.  

Университетте ғылыми студенттік қоғам (ҒСҚ) құрылып, қызмет етуде, әр кафедра/модуль 

аясында ғылыми студенттік үйірме (ҒСҮ) жұмыс жасауда. 



 

 

Жыл  сайын  ҒСҚ  факультет  деңгейінде  студенттік  ғылыми  конференцияларын  ӛткізіп 



отырады.  Ең  үздік  жұмыстар  Университеттің  студенттік  конференциясына,  республикалық  және 

халықаралық сайыстарға шығарылады. 

Зерттеу  жұмыстарыңыздың  нәтижесін  Университет  басылымында,  республикалық  және 

халықаралық журналдарында басып шығаруыңызға болады. 

Егер  Сіз  қандайда  бір  пән  бойынша  СҒЗЖ  сайысының  жүлдегері  болсаңыз,  сол  пән 

бойынша  қорытынды  бағаңыз  университет  деңгейінен  бастап  ағымдағы  үлгеріміңіз  бойынша 

автоматты түрде қойылады (тестілеу және практикалық дағдыларды бағалау емтихандарысыз) .  

Егер  Сіз  қорытынды  бағамен  келіспесеңіз,  Сізге  пән  бойынша  емтиханды  тапсыруға 

мүмкіндік беріледі. 

 

Университет клиникалары 

 

Бүгінгі күні ҚазҰМУ құрамында кешенді диагностика және кӛптеген ауру түрлерін емдеуге 



мүмкіндік беретін, заманауи құралдармен жабдықталған университет клиникалары қызмет етуде. 

ҚазҰМУ клиникалары – бұл озық әдістердің, біліктілігі жоғары мамандардың ордасы және 

онда әр науқасқа ерекше кӛңіл бӛлінеді. 

Университет клиникаларының есігі Сіздер үшін әрдайым ашық. 



 

 

Университетте қандай студенттік ұйымдар бар? 

 

Университетімізде 30 жастар және шығармашылық ұжымдар жұмыс жасайды 

1. 


Университеттің студенттік Үкіметі 

2. 


«Жалпы медицина» факультетінің Студенттік үкіметі 

3. 


«Стоматология» факультетінің Студенттік үкіметі 

4. 


«Фармация» факультетінің Студенттік үкіметі  

5. 


«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің Студенттік үкіметі 

6. 


«Жалпы медицина» факультетінің Студенттік деканаты 

7. 


«Стоматология» факультетінің Студенттік  деканаты 

8. 


«Фармация» факультетінің Студенттік деканаты 

9. 


Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің Студенттік деканаты 

10. 


Университеттің студенттік жасағы 

11. 


Студенттік  сап-жасағы 

12. 


«Мейірімді жүрек» Еріктілер ұйымы  

13. 


«Демеу» ҚазҰМУ студенттерінің кәсіподақ ұйымы  

14. 


 «ТОР-100» клубы 

15. 


Зияткерлік клубы 

16. 


«Аlma-mater» пікірталас клубы  

17. 


«Asfendiyarov Students Familу»  

18. 


«KazNMU students» 

19. 


«Kazakhstan Medical Students' Association – KAZNMU»  

20. 


ҚазҰМУ студенттердің Ғылыми қауымдастығы 

21. 


«АНТИКОРР»  

22. 


«Бірлік» ҚазҰМУ  кіші  Ассамблеясы 

23. 


«Info Media Center | KazNMU»  

24. 


«Жайдарлы жандар» КВН командасы  

25. 


«Шәкен» студенттік драма театры  

26. 


 «Concordia» би ұжымы 

27. 


Студенттік ақындар клубы 

28. 


«Дала сазы» ұлттық аспаптар студенттік ансамблі  

29. 


 «ВИА  Сырттан» Рок-тобы 


 

 

30. 



«16 Crash» музыкалық ансамблі  

 

Барлық  студенттік  ұйымдардың  қызметін  Университеттің  студенттік  Үкіметі  (УСҮ) 



үйлестіреді.  

 

 Факультеттердің студенттік үкіметі 



 

Факультеттердің  студенттік  үкіметі  (ФСҮ)  Университетіміздің  оқу-тәрбие  үдерісін 

басқарудың  жалпы  жүйесінің  бӛлігі  болып  табылады  және  ФСҮ  студенттердің  қоғамдық 

кӛзқарасын зерделеу арқылы олардың қажеттіліктері мен мүдделерін барынша ескеріп отырады.  



 

Факультеттердің студенттік деканаттары 

 

Студенттік  деканаттың  негізгі  міндеті  -  факультет  студенттерінің  оқу  үдерісі  бойынша 

мүдделерін  және  құқыларын  қорғау  бойынша  үздіксіз  ұйымдастыру,  үйлестіру  және  әкімшілік 

жұмыстарын орындау. 



 

Студенттік шығармашылық ұйымдар 

 

Студенттердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында ҚазҰМУ-да «Студенттік 

драма театры» құрылды.

 

Кәсіби  режиссердің  жетекшілігімен  және  студенттердің  талпынысымен  әрдайым 

қойылымы  ерекше спектакльдер қойылып отырады.  

 

«Concordia» 

би ұжымы  кәсіби хореографтың жетекшілігінде қызмет етеді. Ұжымға 50-60 

студент қатысады. 

 

«Дала сазы»

  ұлттық  аспаптар  ансамблі  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  мемлекеттік



 

Ұлттық 


аспаптар  оркестрінің  әртісі  Әсет  Жұмабаевтың  жетекшілігімен    университеттің  түрлі  іс-

шараларында ӛнерлерін кӛрсетуде. 

 

«ВИА  СЫРТТАН»

  Рок-тобы  –  белсенді  және  ӛнерпаз  студенттер  тобы.  Топ  әртүрлі 

қалалық  және  республикалық  деңгейде  ӛткізілетін  іс-шараларға  қатысып,  жүлделі  орындарға  ие 

болып отырады. Топ жетекшісі – Айдос Ысқақов –студент. 



«Жайдарлы  жандар»

  КВН  командасы



.

  Команда  капитаны:    Убенов  Нурлыбек.  Команда 

республика деңгейіндегі КВН жоғары лигасының ойындарына қатысады.  

 

 



Университеттің спорттық секциялары 

 

Студенттердің  денсаулығын  нығайту  және  салауатты  ӛмір  салтын  насихаттау  мақсатында 



Университетімізде келесі спорттық секциялар қызмет етуде: 

1. 


Бокс және кикбоксинг 

2. 


Мини-футбол 

3. 


Еркін күрес 

4. 


Грек-рим күресі 

5. 


Аэробика 

6. 


Шахмат, Тоғызқұмалақ 

7. 


Үстел теннисі 

8. 


Волейбол 

9. 


Баскетбол 

10. 


Дзюдо 

 

  



Студенттердің Университеттегі мінез-құлқының жалпы ережелері 


 

 

  



 

Университет ғимараттарында және ауласында тыйым салынады: 

 



Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түрі 

 



Дӛрекі сӛйлеу; 

 



Ішімдік қолдану;  

 



Шылым шегу;   

 



Еліткіш заттарды тарату немесе қолдану;  

 



Оқу үдерісіне кедергі жасайтын түрлі әрекеттер жасау. 

 

Университетте саяси партаия құруға, университет ауласында қандайда бір саяси іс-

шаралар жүргізуге, діни үгіт-насихаттауға тыйым салынады .  

 

Жатақханада тұратын студенттер келесіге  міндетті: 

 

Жатақхананың жұмыс тәртібін сақтауға;  



 

Мүлігіне ұқыпты болуға;  



 

Тазалықты сақтауға;  



 

Жатақхана бойынша қоғамдық іс-шараларға қатысуға;  



 

Орналастыру бойынша әкімшіліктің талаптарын орындауға;   



 

Басқаларға оқуға және жатақханада тұруға кедергі жасамауға 



 

Оқу  және  мінез-құлық    ережесін  бұзған  студенттерге  ескерту  жасау,  сӛгіс  жариялау, 

стипедиядан  айыру,  жатақханадан  шығару,  университеттен  шығару  сияқты  әкімшілік  шаралар 

қолданылады. 

Әкімшілік жазалардың барлығы студенттің жеке іс-парағында тіркеледі. 

 

Студенттерді мадақтау 

Оқудағы жетістіктері, ғылыми-зерттеу немесе қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқаны 

үшін студенттер келесідей мадақталады:  

 

Алғыс жарияланады; 



 

Мақтау  қағазын,  құнды  сыйлық  немесе    қаржылай  сыйақы 



беріледі ;  

 

Студенттерге атаулы стипендиялар әрекеттегі Ережеге сәйкес тағайындалады.  



 

ГЛОССАРИЙ   

 

1)  академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы барысында ӛткізілген оқу және 

бақылау іс –шаралары, кәсіби тәжірибе, демалыс күндері (демалыс және мереке күндері) 

белгіленген күнтізбе; 

 

2) академиялық кезең (Term) – семестр ретінде бекітілген теориялық білім беру кезеңі



 

3) академиялық сағат – студент пен оқытушының арасындағы сабақ кестесіне сәйкес 

сабақтардың  барлық түрі бойынша (аудиторлық сабақ) немесе жеке бекітілген кесте бойынша 

ӛткізілетін кезең 

 

4)  белсенді  тарату  материалдар  (АРМ,  Hand-outs)  –  білім  алушыға  тақырыпты  ойдағыдай 



қабылдауға  уәждемелейтін,  сабақ  уақытында  таратылатын  кӛрнекті  құралдар  (дәріс  тезистері, 

нұсқаулықтар, слайдтар, мысалдар, глоссарий, ӛзіндік жұмыс тапсырмалары). 



 


 

 

5)  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  әріптік  балдық-рейтингтік  жүйесі-  халықаралық  практикада 

қолданылып  жүрген  әріптік  жүйеге  сәйкес  қолданылатын  және  білім  алушының  рейтингісін 

анықтауға мүмкіндік беретін- білім деңгейін балмен бағалау жүйесі. 



 

 

6)  білім  алушылардың  қорытынды  аттестациясы  –  мемлекеттің  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартына сәйкес, білім алушылардың пәндер кӛлемін меңгеру деңгейін анықтау мақсатындағы 

рәсім; 

 

7)  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бақылау  –  жоғары  оқу  орны  белгілейтін,  білім 

алушылардың  білім  деңгейін  әртүрлі  форамалар  арқылы  бақылау  (ағымдағы,  аралық  және 

қорытынды бақылау);  

 

8)  білім  берудің  кредиттік  технологиясы  –  білім  беру  траекториясының  таңдаулылығы  және 

меңгерілген  оқу  материалдарын  кредит  түрінде  есептейтін,  білім  алушының  ӛздігінен  білім  алу 

деңгейін арттыруға бағытталған, білім беру технологиясы; 

 

9)    білім  алушылардың  аралық  аттестаттациясы  –білім  алушылардың  пәннің    кез-келген 

тарауын немесе толық мазмұнын меңгеру сапасын бақылау мақсатында ӛткізілетін рәсім; 

 

10)  білім  алушылардың  ағымдағы  бақылауы  –      оқытушының  академиялық  кезең  барысында 



сабақ  кестесіне  сәйкес  аудиторияларда  немесе  аудиториядан  тыс,  кәсіби  білім  беру 

бағдарламаларына сәйкес студенттің білімін жүйелі түрде ӛткізетін тексеріс түрі;  

 

11)  транскрипт  (Transcript)  –тиісті  кезеңде  ӛткен  пәндер  тізімінде  білімді  бағалаудың    әріптік 



балдық-рейтингтік жүйесі бойынша кредиттер саны және бағалары кӛрсетілетін құжат; 

 

12)  пререквизиттер  (Prerequisite)  –  оқытылып  жатқан  пәнді  меңгеруге  қажетті,  білім,  шеберлік 

және дағдылардан құралған пәндер тізімі;  



 

13) силлабус (Syllabus) – бұл оқытылып жатқан пәнңің сипаты, оның мәні және мақсаты, қысқаша 

мазмұны,  сабақ  тақырыбы,  ӛзіндік  жұмыс  тапсырмалары,  консультация  уақыты,  студенттерге 

қойылатын  талаптар,  білім  алушылардың  құзыреттілігін  бағалау  белгілері  және  әдебиеттер  тізім 

кӛрсетілген білім беру бағдарламасы;   

 

14)  Тіркеуші  кеңсесі  –  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  барлығын  тіркеумен  және  білімді 



бақылаудың  барлық  түрлерін  ұйымдастырумен  және  академиялық  рейтингті  есептеумен 

айналысатын құрылымдық бӛлім; 



 

15) аралық бақылау – ӛтіп жатқан пәннің кӛлемді тарауы (модулі) аяқталғаннан кейін ӛткізілетін 

білім жетістіктерін бақылау түрі; 

 

16)  студенттің өзіндік жұмысы  (СӚЖ)  –оқу  –әдістемелік әдебиеттермен және нұсқаулықтармен 



қамтамасыздандырылған,  тестілеу,  бақылау  жұмыстары,  коллоквиум,  реферат,  шығарма  және 

есеппен  бақыланатын,  ӛзіндік  зерделеуге  арналған  тақырыптар  бойынша  жұмыс.  Студенттің 

ӛзіндік  жұмысы  (СӚЖ)  және  студенттің  оқытушымен  ӛзіндік  жұмысы  (СОӚЖ)  болып  бӛлінеді. 

СӚЖ кӛлемі білім алышудан күнделікті ӛзіндік жұмысты жасауды талап ететін  тапсырмалармен 

расталады. 

 

17)  үлгерімнің  орта  балы    (Grade  Point  Average  -  GPA)  –  білім  алушының  оқу  жетістіктерінің 

орта бағасы 



 


 

 

18) білім алушылардың оқу жетістіктері – білім алушылардың оқу үдерісі барысында меңгерген 

және  олардың  қол  жеткізген  тұлғалық  даму  деңгейін  кӛрсететін-  білімі,  шеберлігі,  дағдылары 

және құзыреттлігі; 

 

19) емтихан сессиясы – жоғары оқу орындарындағы студенттерді аралық аттестаттаудың кезеңі. 



 

Қорытынды 

 

Біз  жоғарыда  айтылған  ақпарат,  кеңестер  мен  нұсқаулықтар  Сіздерге  білім  алуға, 

практикалық, коммуникативтік және құқықтық дағдыларды меңгеруге, ӛздігінен жұмыс жасауға, 

сынақ  пен  емтихандарды  ойдағыдай  тапсыруға  және  денсаулығыңызды  сақтауға  кӛмектеседі 

деген үміттеміз, құрметті бірінші курс студенттері 

 

Сіздерге сәттілік, құрметті бірінші курс студенттері!



 

Біз Сіздерге сенеміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 



Корпустардың орналасуы 

 1А корпусы: Ректорат 

  Intro V- деканаттар: жалпы медицина, стоматология, шетел студенттері деканаты 



  Intro IV- ҚДСМ 

 

1Б корпусы - «Морфологиялық пәндер» орталығы:  

  Intro I- №20 аудитория 



  Intro VI- №1, №3 аудитория, қоғамдық денсаулық сақтау деканаты   

  Intro VII- кафедралар: гистология, қалыпты анатомия, патологиялық анатомия,                       



клиникалық анатомия и оперативті хирургия, №3 аудитория.  

  Intro VIII -  «Коммуникативтік дағдылар» орталығы 



 1С корпусы:  

  Intro II-№5 аудитория, кафедралар: жалпы гигиена және экология, қоғамдық денсаулық 



сақтау, эпидемиология.  

  Intro III- әскери кафедрасы,  «МАКО» орталығы 



 

 2 корпус-  «Ӛмір туралы ғылым» орталығы 

A-  ОПҚ асханасы 

B-  ҚазҰМУ театры 

C-  Студенттік асхана 

D-  Тестілеу орталығы 

E-  Кітапхана 

F-  1 курс студенттерінің кітапханасы 

G- Кафедралар: қалыпты физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, орыс 

тілі, биохимия 

Модулдер: валеология, биофизика және биостатистика. 

H- 2-ші бӛлім, ГО ЧС 

K – студенттер алаңы  

L – гүлбағы 

 

 3 корпус: 

A-  Апаттық шығу 

B-   Стоматология институты, кафедралар: микробиология, медициналық құқық 

C-  Апаттық шығу 

 

 4 корпус - «Практикалық дағдылар» орталығы. 

 

 5 корпус – ӘШБ, кафедралар: фармакология 

 

6 корпус - Клиника Внутренних болезней КазНМУ 

 

7 корпус - Аудиторлық корпус  

  Intro IX- Аудиториялар №2, №4, №6, №7, №8, №9  



 

Модулдер: информатика, денсаулық сақтау және  фармациядағы менеджмент және 



маркетинг, денсаулық сақтау және  фармациядағы экономика 

 

8 корпус - Б.Атчабарова атындағы Ғылыми-зерттеу институты 

.  


 

жүктеу 204,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау