Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет35/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ІХ 
 
Бюфонның  “стиль  -  адам”  деген  афоризмін  көп  айтамыз. 
Байыбына  бармай,  шатасып  жүрген  мәселенің  бірі  осы  стиль 
проблемасы. Оны пайымдауда қандай бағыттар бар? 
Лингвистикалық  көзқарасты  құптайтын  оқымыстылар  әдеби 
шығарманың стилін, жазушының даралық сипатын сөз саптау, сөйлем 
ерекшеліктерінен іздейді. 
Стилистикалық  көзқарасты  құптайтын  оқымыстылар  сөздің  әр 
салада дұрыс, өз орнында қолданылуын негізгі принцип етіп ұстайды. 
Стилистика  белгілі  кезеңдегі  стильдік  қабаттың,  ағымның,  арнаның 
жалпы халықтық тілге қатысын да қарастырады.  
Әлі балаң, зерттеу принциптері, әдістемелік әдістері айқындалып 
болмаған  сала  –  эстетикалық  көзқарас  мектебі.  Көп  оқымыстылар 
стилистика,  лингвистика,  поэтика  объектісі  бір  деп  біледі.  Бажайлап 


 
207 
көрейік. Стилистика, лингвистика өз зерттеулерін сөзден бастайды да, 
грамматикалық  категорияға  қарай  ойысады.  Поэтика  болса,  сөзден 
бастайды  да,  жазушының  идеясына  қарай  ойысады.  Яғни  стильге 
қатысты осы үш саланың шығар жері бір, барар жері бөлек. 
Бейнелеу,  айқындау,  ауыстыру,  ұлғайту,  түйдектеу,  кішірейту, 
үдету,  ажарлау,  әсірелеу,  құбылту,  даралау,  айшықтау,  жинақтау, 
дәлдік тәрізді көркемдік құралдарды стильді айқындап беретін бірден-
бір  өлшем  деп  қарау  –  дәлелсіз  нәрсе.  Бұл  қалыпты  стилистикаға 
қонымды  болғанмен,  әдебиет  сырын,  өнер  табиғатын  түсіндіріп  бере 
алмайды,  өйткені  әдеби  ұғымдағы  стиль  –  ең  алдымен,  эстетикалық 
категория.  Стиль  сөздің,  сөйлемнің,  оралымның  тіркестің  сыртқы 
конструкциясымен  ғана  айқындалмайды.  Стиль  жазушының  авторлық 
мұратымен, эстетикалық идеалымен жанды түрде байланысып жатыр. 
Өйткені, көркемдік процесте механикалық сипат жоқ. 
Жазушы стиль шығарманың барлық бөлшегін, оның сыртқы, ішкі 
қабатын  түгел  қамтиды.  Шынында,  стиль  –  суреткер  талантының 
даралық қуатын көрсететін сапалық белгі. 
Осы  орайда  Гете  пікірі  еске  түседі;  ұлы  ақын  стильді  үш  сатыға 
бөліп қараған: 
1.
 
Жай еліктеу. 
2.
 
Ұқсау. 
3.
 
Стиль. (Гете. Собр. соч. т. 10. М., 1937, стр. 403). 
Бұл  шартты  түрде,  тәжірибеден  тыс  қалыпта  алынған  нәрсе, 
жасанды бөлшектеу емес, өнер мен болмыс байланысының ішкі, өзекті 
сырын ашатын тұжырым. 
Фольклорда,  ауыз  әдебиетінде  стильдік  даралық  бірден  көріне 
алмайды.  Өйткені,  фольклордың  негізі  –  ұжымдық  шығармашылық. 
Стильдік  даралану  әдебиеттің  жалпы  дамуындағы  елеулі,  сапалық 
өзгерістерді көрсетеді. Д.Лихачев айтқандай, ХІІІ ғасырға дейінгі орыс 
әдебиеті  туындыларында  авторлық  қолтаңба,  ала  бөтен  ерекшелік 
айқын  сезілмейді.  Осыған  ұқсас  құбылысты  ХІХ  ғасырға  дейінгі  қазақ 
ақындары шығармашылығынан да табуға болады. 
Жасқа  байланысты  Шал  ақын  туындылары  мен  Бұхар  жырау 
өлеңдері  арасында  андағайлап  тұрған  стильдік  өзгешелігі  жоқ.  Түйін: 
стильдік даралық - әдебиеттің ержеткен, марқайған, авторланған биік 
өреге шыққан кезінде айқын көрінетін қасиет. 
Жазушы  стилі  мен  оның  дара  тұлғасы,  жеке  басы  арасындағы 
қарым-қатынас  –  ерекше  күрделі  проблема.  1956  жылы  Бернде 
шыққан  “Әдебиет  тануға  кіріспе”  дейтін  еңбегінде  В.Кайзер 
суреткердің  шығармасы,  стилімен  қара  басының  арасында  ешқандай 
сабақтастық  жоқ  дегенді  айтты.  Америкада  бірнеше  рет  басылған 
“Әдебиет  теориясы”  кітабының  авторлары  Уэллек  пен  Уоррен  де 
жазушының шығармасы бір бөлек, өзі бір бөлек деп қарайды.  


 
208 
Рас, бұл орайда ХІХ ғасырда француз әдебиетінде эссе үлгілерін 
берген,    өнерді  тануда  ғұмырбаянды  бірінші  қатарға  шығарған  Сент-
Бев принциптеріне бас шұлғу да адастырып жібермек. 
Қазіргі  эстетика  көрсеткендей,  объективтік  болмысқа  жазушы 
ғұмырын  қарама-қарсы  қоюға  болмайды,  суреткердің  шыққан  ортасы, 
алған  тәрбиесі,  оның  от-басылық,  интимдік  сырлары  стильге  мүлде 
әсер етпейді деу – дұрыс емес. 
Казактар  өмірінің  энциклопедиясын  жасаған  Шолохов  стиліне 
дала  стихиясы,  жаугершілік  рухы  ықпал  жасағанын  қалайша 
мойындамайсың? 
Фадеевтің 
партизан 
жорықтары 
негізгі 
шығармаларына арқау болды ғой. 
Француз ғалымдары Флобердің басындағы дерт, орыс ғалымдары 
Достоевскийдің  науқасы,  қазіргі  сыншылар  Кафканың  психологиялық 
көңіл  күйі  шығармаларында  көрініс  бергенін  көптеген  деректермен 
дәлелдеп берді. 
Әдебиеттану    ғылымында  стильді  поэтикалық  тұрғыдан  зерттеу 
арнасы  айрықша  бел  алды.  Табысты  еңбектер  деп  академик 
В.Виноградовтың “Көркем әдебиеттің тілі туралы”, “Стиль және сюжет” 
еңбектерін,  М.Бахтиннің  “Достоевский  поэтикасының  проблемалары”, 
А.Чичериннің  “Идеялар  және  стиль”,  А.Соколовтың  “Стиль  теориясы”, 
Қ.Жұмалиевтің “Стиль - өнер ерекшелігі” зерттеулерін айтамыз. 
Ал  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  осал  буыны,  жете  сөз 
болмаған  объектісі  –  стиль.  Әсіресе  стильді  эстетикалық  категория 
тұрғысынан  қарастыру  принципі  сирек  ұшырасады.  Көркем 
шығармадағы  барлық  компоненттерді  тұтастықта  алып,  идеялық, 
эстетикалық талдауда, мазмұн мен түрді бірлікте қарағанда ғана өнер 
табиғатын терең зерттеп, нәзік ұғуға болады. 
Эстетика  -  әдеби  әдіс,  әдеби  бағыт,  ағым  проблемаларына 
бойлауды талап етеді. 
Қазіргі  әдебиеттану  ғылымында  әрі  өзекті,  әрі  даулы  теориялық 
мәселенің  бірі  -  әдеби  ағым  және  әдеби  әдіс  проблемасы.  Рас,  ХХ 
ғасырға дейінгі теориялық еңбектерде әдеби әдіс деген термин болған 
жоқ.  Тарихи  фактіні  еске  түсірсек,  эстетика  деген  терминді  ХҮІІ 
ғасырда неміс философы Баумгартен бірінші рет қолданған. Бұдан ХҮІІ 
ғасырға  дейін  эстетика  ғылымы  болмады  деген  ұғым  тумайтыны 
түсінікті. 
Әлемдік  эстетикалық  ойдың  корифейлері  Аристотельдің, 
Гегельдің,  Чернышевскийдің  зерттеулерінде  де  әдеби  әдіс  деген 
термин  қолданылмайды.  Шығармашылықтың  сан  ғасырлық  ұзақ 
тарихына  назар  салғанда,  әдеби  ағым,  әдіс  құбылыс  ретінде,  өнердің 
фактісі  ретінде  көне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін  түрлі  өзгерістерге 
түсіп, өмір сүріп келгенін көреміз. 


 
209 
Советтік  эстетикада  әдеби  әдіс  ұғымы  20-30  жылдарда 
қалыптасты.  Әуелде  әркім  әр  түрлі  термин  ұсынып  жүрді.  Жазушы 
Ю.Либединский  “пролетарлық  реализм”.  А.Толстой  “монументальдық 
реализм” деген терминдерді атады. 
Коммунистік  идеологияның  басты  ұғымдарының  бірі  социалистік 
реализм термині, тұңғыш рет 1932 жылы “Литературная газетаның” 29 
майдағы  санында  жарияланған  “Іс  тындырайық”  деген  мақалада 
қолданылған. 
Оқымыстылар әдіс ұғымын әр түрлі түсіндіреді: 
1.
 
Әдіс – шығарма жасаудағы көркемдік құралдардың жиынтығы. 
2.
 
Әдіс – идеологиялық көзқарастың принциптері. 
3.
 
Әдіс – болмысқа эстетикалық көзқарасты көрсетеді. 
Эстетиканың соңғы табыстары, жаңа зерттеулердегі тұжырымдар, 
айтылмыш пікірдің үшеуінің де олқылығын ашты. 
Көркем шығармашылық болмысты танып-білудің және өзгертудің 
адам  баласының  ұзын-сонар  тарихи  тәжірибесінен  туған  бір  негізгі 
идеологиялық қаруы, объективті мәні бар құрал екендігі аян. Суреткер 
құбылыстарды  іріктеп,  сұрыптап,  жинақтап  барып,  шығармаға  арқау 
еткенде,  белгілі  принциптерді,  амалдарды  басшылыққа  алмақ.  Бұл 
ретте,  шындықты  терең  әрі  жан-жақты  қамту  басқа  факторларды 
былай  қойғанда,  ең  алдымен,  жазушы  талантына  һәм  дүниетанымға 
сабақтас. 
Көркемдік  ойлаудың  типі  болып  табылатын  шығармашылық  әдіс 
бір жазушының тәжірибесін де, сонымен қатар, тарихи дамудың белгілі 
дәуіріндегі тұтас бағытты да сипаттай алады. 
Өнердегі  шығармашылық  әдіс  –  тарихи  нақты  ұғым.  Ол  бір 
суреткердің қалауының, тілегінің жемісі емес, әлеуметтік өзгерістердің, 
қоғамдық дамудың әсерінен объективті түрде тумақ. Әдістердің ауысуы 
прогресті,  болмысты  игеру  көкжиегінің  кеңеюін  көрсетеді.  Ғылымның 
қазіргі өскелең өресіндегі түсінік бойынша, көркемдік әдіс  – ойлаудың 
типі, болмысты танып, бейнелеудегі суреткер белсенділігін анықтайтын 
категорияның бірі. 
Н.Чернышевский  айтқандай,  әрбір  ғылымның  теориясы  оның 
тарихи  негізінде  жасалмақ.  Әдеби  ағым,  әдіс  проблемасын 
қарастырғанда  да  тарихи  тұрғыдан  келу  шарт.  Кейбір  ғалымдар 
әдебиеттегі  әдіс  тарихы  реализм  мен  антиреализмнің  күресі  деп 
көрсетті.  Бірақ  бұл  философиядағы  материализм  мен  идеализм 
арасындағы  күресті  көркем  өнерге  жадағай  көшіре  салған  байлам 
қолдау  тапқан  жоқ.  Эльберг,  Самарин  сияқты  ғалымдар  реализмнің 
әдебиетте  кеңінен  көрініс  беруі  Ренессанс  заманында  деп  біледі. 
(“Проблемы реализма в мировой литературе”. М., 1959). 
Академик  Н.Конрад,  профессор  Д.Благой  шын  мағынасындағы 
реализмнің  әдебиет  аренасына  шығуын  ХІХ  ғасырдың  екінші 


 
210 
жартысындағы 
француз, 
орыс, 
ағылшын 
романистерінің 
туындыларымен  байланысты  қарайды.  С.Петров  әдіс  ретінде  реализм 
белгілері деп мыналарды көрсетеді: 
1.
 
Адамды бейнелеудегі жан-жақтылық. 
2.
 
Әлеуметтік және психологиялық себептестік. 
3.
 
Өмірге тарихи көзқарас. 
Ал В.Разумныйдың ойынша реализм белгілері: 
1.
 
Болмысқа қол арту. 
2.
 
Суреткер идеалының реалдылығы. 
3.
 
Бейне өміршеңдігі. 
Қазақ  прозасындағы  реализм  мәселелеріне  М.Қаратаев  жеке 
зерттеу арнады. 
Қазіргі  ғылыми  таластар  бүгінгі  әдебиеттегі  негізгі  жемісті  әдіс  – 
реализмнің  төңірегінде  болуы  заңды.  Бірақ  әдіс  проблемасын  түсіну 
үшін  дүние  жүзі  әдебиеті  тарихында  болған  классицизм, 
сентиментализм,  романтизм  сияқты  әдістердің  кейбір  ерекшеліктерін 
айту шарт. 
Классицизмде  кейіпкер  мінезі  жан-жақты  дараланбайды,  мұнда 
автордың  логикалық  ойы,  автордың  күні  бұрынғы  шешімі  шығармада 
белсенді  қызмет  атқармақ.  Айтылмыш  әдіс  әрбір  туындының  пішініне, 
мазмұнына  көпке  белгілі  орын  бірлігі,  уақыт  бірлігі,  әрекет  бірлігі 
триадасы  арқылы  тұсау  салған.  Табиғат  ғылымдары  өрлеп  дами 
бастаған кезде дарвинизм қағидалары қоғамдық ғылымға да әсер етті. 
Әдебиеттегі  натурализм  әдісінің  принциптері  адамдар  арасындағы 
қоғамдық  қарым-қатынастарды  физиологиялық  тұрғыда  суреттеуді 
құптайды. 
Натурализм  -  өмір  құбылыстарының  бір-біріне  жасайтын  әсерін, 
даму заңдылықтарын, фактілер арасындағы сабақтастықты ашып бере 
алмайды. Натуралистердің жабысып ұстайтын тұтқасы, табынар тәңірі 
– факт. Дара қалпында, шикі күйінді алынған материал. 
Негізінен  сезім  сырларын,  көңіл  күйлерін  бейнелеуге  тырысатын 
сентименталдық  бағыттағы  шығармалардың  үлкен  олқылығы  - 
әлеуметтік  анализдің  жоқтығы.  Сентименталистер  адам  сезімдерін 
тудырушы шешуші фактор – қоғамдық құбылыстарды елемейді. Дүние 
жүзілік  әдебиеттегі  көптеген  шоқтықты  шығармалар  романтикалық 
әдіспен жазылған. 
Болгар  академигі  Тодор  Павлов:  “Романтизм  дегеніміз  -  өмір 
шындығы және суреткер субъективтігі”, - деп көрсеткен. 
Бұл байлам тым қатқылдау десек те, әдебиетте кең тараған әдіс – 
романтизмнің  даралық  белгісін  көрсетеді.  Қашан  да  романтик 
жазушылар ерекше кейіпкер таңдамақ, олар қарабайыр, қоңыр төбел, 
құр  жаутаңдаған  көген  көздерге  қарағанда  еңсесі  биік  жандар. 
Романтикалық  қаһарман  –  бір  бұлқыныстың,  бір  шабыттың, 


 
211 
бөлінбейтін,  жарылмайтын  бір-ақ  ойдың  адамы.  Көбіне  мұндай 
қаһарман өз ортасына қарсы, сол ортаның моральдық институттарына 
кереғар.  Байронның  Дон  Жуанын,  Мағжанның  батыр  Баянын  еске 
алсақ та жеткілікті.  
Жалпы  романтикалық  әдіске  тән  сипаттар  деп  бірнеше  белгіні 
көрсетуге болады. 
Тірліктің  күйбеңіне  қарсылық,  идеалға  ұмтылу,  жеткенге,  қолда 
барға  қанағаттанбау,  өткінші  нәрсеге  –  мәңгілік  дүниеге,  объективтік 
нәрсеге  субъективтік  нәрсені  қарсы  қою,  өмір  құбылыстарын 
бейнелеудегі идеал біріншілігі, жазушының ылғи идеал соңында кетуі – 
романтикалық  шығармалардың  тарихи  негіздерін  солғындатады. 
Оларда  шарттылық,  кездейсоқтық  мәні  зор.  Кейіпкер  мінезі  мен  орта 
арасындағы диалектикалық байланыс жете ескерілмейді. 
   “Романтизм адамның дүниеге көзқарасы жайлы жүйелі теория емес, 
ол  әдеби  шығармашылық  теориясы  да  емес,  оны  теория  ретінде 
анықтау  талабының  бәрі  де  көмескі  һәм  жеміссіз.  Көңіл  күй  ретінде 
романтизм қат-қабат дүние және қоғамды өтпелі кезеңде билейтін сан 
алуан  аумалы-төкпелі  сезімнің  сәулесі,  оның  басты  сарыны  - 
әлдеқандай жаңалық күту, жаңалық алдындағы лүпіл, сол жаңалықты 
тануға  асығыс  ұмтылыстан  туған  діріл”,  -  деп  жазды  М.Горький 
(“История  русской литературы”, М., 1939, стр. 42). 
ХХ ғасырдағы қоғамдық даму, цивилизация ғылымда, өнерде сан 
алуан  ағымдарды  туғызды.  Математика  мен  физиканың  өрлеп  өсуі 
кейбір суреткерлерге оқыс әсер етті.  
Кейін  кубистер  атанған  суретшілер  “өмірді  есеп  тұрғысынан 
бейнелеу  шарт”  деген  кредо  ұстанды.  Адамнан,  адамның  реалды 
пішінінен,  табиғаттан,  табиғаттың  реалды  пішінінен  ат-тонын  ала 
қашты.  Кубизм  өмірді  өз  қалпында  емес,  суреткердің  ойындағы, 
қиялындағы  биреалды  қалыпта  көрсетпек  болады.  Кубизмнің 
программасын  ту  еткен  суретшілер  құбылысты  геометриялық 
формалар  арқылы:  куб,  призма,  цилиндр,  конус,  шар  түрінде 
бейнелеуге тырысты. 
Осылардың  өкшесін  баса  шыққан  футуристік  ағымдағы 
суреткерлер капитализмнің техникалық табыстарын жыр етті. Олардың 
бірі “біз темір болаттан жасалғанбыз, біз де машинамыз”, - деп жазды. 
Футуристік  бағыттағы  жазушылардың  шығармаларынан  шылау, 
одағай қуылды, тыныс белгілер алынып тасталды. Сөйтіп, футуристер 
техникалық  заманның  тынысын  сол  заманға  сай  пішіндер  арқылы 
бейнелейміз деп жар салды. 
ХХ  ғасырдың  басында  шыққан  бұл  декаденттік  ағымдар  екінші 
жиһан  соғысынан  кейін  құбылып,  жонданып,  қайта  шу  көтерді. 
Жаңалық емес, бұрынғы модернистік ұрандарды ту етті. 


 
212 
Қазіргі  сюрреалистер  көркем  шығармадағы  негізгі  амал,  идеяны 
берудегі  кілт  –  метафора  деп  біледі.  Қиналып,  шаршап  жүрген 
адамның  түсі,  шала  есті  кісінің  сандырағы  –  сюрреалистерге  етене 
объект.  Бүгінгі  таңдағы  декадентік  әдебиеттегі  ең  үлкен  арна  – 
экзистенциализм.  Бұл  ағымның  философиялық  негізін  қалаушы  дат 
ойшылы Серен Кьеркегор (1813-1855) “Яки-яки”, “Қорқыныш һәм діріл” 
кітаптарын жазды. 
Экзистенциалистер  Софокл,  Шекспир,  Гете,  Достоевский 
шығармаларындағы өлім сарынына ерекше мән береді. 
Экзистенциализмнің  теориялық  принципі  бойынша,  күні  бүгінге 
дейінгі  философия  атаулы,  -  мейлі  материализм  болсын,  мейлі 
идеализм  болсын,  -  тым  кең  мағыналы  категориялар,  ұғымдар 
шырмауында  келген.  Болмыс,  материя,  сана,  олардың  бір-біріне 
қарым-қатынасы,  ғылым  үшін  мәнді  делінсе  де,  кішкене  пенде  үшін, 
оның өмірі үшін қажетсіз дүниелер. 
Қазіргі  заманда,  миллиондаған  адамдар  соғыс  құрбаны  болған 
шақта,  кісі  үшін  керек  нәрсе  -  өз  бостандығы,  адамның  тірліктегі, 
қоғамдағы  орнын  табуы,  дара  тұлғаның,  Меннің,  басқалармен  қарым-
қатынасын  көрсету  болмақ.  Экзистенциалистер  қоғамдық  проблема, 
мәселе  атаулыға  өлімнің  мұнарасынан  қарайды.  Ертең  бұл  пәниден 
кетер  болғандықтан,  ертең  бәрі  бітер  болғандықтан  өлімнен  күшті 
ешнәрсе жоқ. 
Бүгінде  көркем  шығармаға,  жазушы  өнеріне  әсер  етіп  отырған 
ықпалды  теория  –  экзистенциализм  қоғамдық  ғылымдарда  бұрыннан 
қалыптасқан  терминдердің,  категориялардың  орнына  жаңа  “басқару”, 
“дауласу”, “көзқарас” деген тәрізді ғылыми сөздерді ұсынады. 
Қазіргі  модернистер,  декаденттер  құр  форма  қуушылар  емес, 
олардың  дүниетанымы  өзегінде  философиялық  концепция  жатыр,  ал 
әлем  әдебиетіндегі  жемісті  бағыт  –  қоғамдық  дамудың  тәжірибесі, 
тудырған  адам  табиғатындағы  мың  сан  құбылыстар  екендігіне 
жазушылар түгел ден қойған. 
Реализм  әдісі  –  барлық  халықтардың  өзгерген,  дамыған  жаңа 
сапалық өнерінің алтын өзегі, ол ең алдымен, қоғамдық құбылыстарды 
бейнелеу,  әлеуметтік  зеттеу,  анализ  шарттарын  бірінші  орынға 
шығарады. 
Өнердің  халықтығы  жөніндегі  принцип  бұрынғы  өнімді 
дәстүрлерді  ұлғайта  пайдалана  отырып,  болмысты  биік  идеалдар 
тұрғысынан  бейнелеуді,  әрқашан  қоғамдық  мәні  бар  проблемаларды 
көтеруді  талап  етеді.  Реализм  әдісін  ұстанған  суреткердің  қоғамның 
даму  заңдылықтарын  айқынырақ  біліп,  биік  төбеге  шығуға,  тереңірек 
ұғынып, дәл бейнелеуге мүмкіндігі мол.  
Бұл  әдіс  шығармашылық  еркіндікті  халыққа  қызмет  ету,  Отан 
алдындағы  борышты  ұмытпау  шарттарымен  сабақтас  қарайды. 


 
213 
Шыншылдықтың  ең  басты  белгілерінің  бірі  –  тарихи  нақтылықты 
жалаң факті сәйкестігі, тұрмыстық детальдердің дәлдігімен өлшемейді. 
Нақтылық – сырт ұқсастық емес, ішкі мазмұн дәлдігі. 
Кездейсоқ,  ұсақ  белгілерді  әдейі  қырнап,  басты,  шешуші 
сипаттардың  бояуын  қанықтыру,  оптимизм,  гуманизм  туын  көтерген 
шоқтықты  өнер  трагимзді  сан  алуан  шарттылық  формаларын,  тіпті 
фантастиканы  да  әсте  мансұқ  етпейді.  Тарихтың  жасаушысы  халық 
екенін  көрсете  отыра,  реализм  әдісі  адам  тағдырының  қат-қабат 
шырғалаңын бейнелеуге тарау-тарау жол ашпақ. 
Өнердің    соны  сипатты  мүмкіндіктері,  монтаж,  ішкі  монолог, 
емеуірін,  астар,  ой  ағымының  сан-алуан  түрлері,  сюжет  жасаудағы 
табыстар,  символ,  фантастика  –  реализмге  бұрынғы  әдістерден 
жадағай алынып жағылған бояу емес. Өз тәжірибесінде әрбір суреткер 
әдеби  әдісті  авторлық  идеалына,  шығарма  мақсатына  байланысты 
үнемі құбылтып, өзгертіп жаңашылдықпен пайдаланса ғана, шабыттың 
айдын шалқарын таппақ. 
Әдебиет  –  үлкен  құбылыс,  жанды  дүние,  күрделі  процесс.  Бір 
әдебиет  –  дария,  бір  әдебиет  –  бұлақ,  бәрі  де  ағады,  өседі,  өрбиді. 
Халық  бар  жерде  әдебиет  бар.  Қазақ  сөз  өнерінің  қазіргіден  де  шат-
шадыман,  қуанышты  күндері,  абыройы  зор,  жеңісті  күндері  алда 
екеніне жүрек сенімі кәміл. 
Үміт көзі келешекке қарайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
214 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау