Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет55/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

Алтыншы эссе 
 
Қазақ әдебиетіне Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды үш алтын діңгек, 
үш алыпты берген Шыңғыстау атырабының шалдары күні бүгінге дейін 
жеңіл әзіл, ерке мақтаннан құр емес: 
-  Бар  десек  те  болмайды  өзі.  Енші  беріп,  машина  мінгізіп 
жіберейік  дейміз.  Қалаға  кетсе,  шабыт  құсын  ұшырып  алатындай 
көреді  білем.  “Жүрекадырдан”  шықпайды  ғой  бұл  Шәкір  ақының. 
Осында жатып-ақ кітап жаза береді. 
Сол  ақын  Шәкір  Әбенов  1900  жылы  қазіргі  Семей  облысы,  Абай 
ауданына қарасты Құндызды деген жерде туған. Мұсылманша ерте хат 
таныған.  Семейдегі  приходская  школада  3  жыл  оқыған.  “Борсықтар” 
деген өлеңі 1916 жылы “Айқап” журналында басылған. 
Колхоз  құру,  ауылды  советтендіру  істеріне  белсене  араласқан 
Шәкір  Әбенов,  Ұлы  Отан  соғысына  өзі  сұранып  барып,  Брянск 
майданынан  жаралы  болып  елге  оралады.  Қайтадан  колхозда, 
совхозда  істейді:  шығармашылық  жұмыспен  айналысады.  Ақын 
қаламынан  туған  “Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу”,  “Кейпін  батыр”, 
“Таңшебер  -  Жапал”,  “Ортақ  арал”  поэмалары  әр  жылдары  басылып 
шықты. 
Ескі  шежіре,  халық  әдебиетінің  білгірі  Шәкір  Әбенов  Жанақ, 
Түбек,  Дулат,  Байкөкше  секілді  ақындардың  мұрасын  тұңғыш  рет 
қағазға  түсіріп,  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізген;  музыка  мамандары  Шәкір 
Әбеновтың айтуымен көптеген әндер мен күйлерді нотаға жазды. Ақын 
көп  жылғы  жемісті  еңбегі  үшін  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  Құрмет 
грамотасымен наградталды. 
Шәкір  Әбеновты  қалың  жұртшылыққа  ақын  ретінде  танытқан 
күрделі  шығарма  –  “Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу”  поэмасы.  Бұл  туынды 
тұңғыш рет 1937 жылы жарияланған болатын. 
Халық  санасына  әбден  сіңген,  небір  жүйрік  жыршылар,  дүлдүл 
ақындар  жырлаған  ғашықтықтың  ғажайып  тарихына  Шәкір  Әбенов 
қаймықпай  барып,  тамаша  шығарма  тудырды.  Ол  тұста  Сәкен,  Ілияс, 
Иса, Қасым, Тайыр сынды небір сұңқарлар, Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, 
Төлеу секілді небір ақиықтардың көзі тірі кезі.  
Ұлттық  әдебиетте  орын  тепкен  қызық  құбылысты  көресіз. 
Поэмадағы  қаһармандардың  негізгілері  –  жырдың  көптеген 


 
238 
нұсқаларында  кездесетін  дәстүрлі  кейіпкерлер.  Сюжеттің  жалпы 
ағысында ерекше бұра тартар, тыңнан салған арналар жоқ. 
Сөйте  тұра,  шығарманың  ішкі  структурасы,  көркемдік  бітімі 
сонылығымен, дара құнарымен әсер етеді. 
Шәкір  Әбеновтың  табиғи  ақындық  дарынын  фольклор  дәстүрі, 
жазба әдебиеттің үлгісі, классикалық мұралардың тәлімі ұштап, өрбітіп 
өсіргендігін  көру  қиын  емес.  Мұның  үстіне  өлең  мәдениетіндегі  Абай 
мектебінің сарынын салған жерден аңғаруға болады. 
Тілдің лексикалық байлығы, сөз байламының кесетіс, ұйқас ырғақ 
шеберлігі  –  “Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу”  поэмасының  негізгі  қасиеті. 
Оқиғаларды  баяндауда  эпостық  дәстүрден  гөрі,  жазба  әдебиеттің 
психологизм,  портрет,  детальға  қойылатын  талаптарын  ерекше 
ескергендікті  көреміз.  Қодар,  Қарабай  портреттерін  жасау  кезінде 
жарасымды гипербола, әсірелеу, қолданылады. 
Қазақ  дастанында  Шәкәрімнің  “Еңлік-Кебек”,  “Қалқаман  - 
Мамырынан”  кейін  диалогты  кең  пайдалану  дәстүрі  қалыптаса 
бастады.  Осы  белгілерді  Шәкір  Әбенов  поэмаларынан  да  табуға 
болады. 
Халық  жырында  келте,  қысқа  қайырылатын  жәйттерді  ақын 
тереңдетіп, байытып, әуезге - әуез, сарынға – сарын қосып, ұлғайтып, 
жаңа бояулармен құлпыртып, жаңғыртып жіберген. 
Қозының  Баянды  іздеп  келе  жатқандағы  хикаялары,  жолбарыс 
соғып  алуы,  қалмақ шалмен  кездесуі,  қойшының  әңгімелері, балуанға 
түсуі – тың дүниелер. 
Жалпы Шәкір Әбенов поэзиясынан фольклор мен жазба әдебиеті 
дәстүрінің жақсы тоғысуын көруге болады. 
Тіл  байлығында,  оқиғалық  негізде  фольклор  қазынасынан  алған 
дүниелер  көп,  ал  пейзажда,  диалогта,  монологта,  сюжет 
поэтикасында, идеялық тереңдікте классикалық жазба әдебиеті дәстүрі 
барлығын айту дұрыс. 
Ақындық  таланты  эпикалық  жанрда  жарқырап  ашылған 
қаламгердің  көптеген  өлеңдерінде  лирикалық,  сатиралық,  юморлық 
пафостың мол екендігін көреміз. 
Ақындық  дәстүрдің  жалғастығын  сөз  еткенде,  Шәкір  Әбенов 
шығармашылығындағы Абай ықпалы әр түрлі деңгейде аңғарылатынын 
айту  керек.  Тақырыптық  тұрғыдан  Абай,  Шәкәрім,  Көкбай,  Ақылбай, 
Мағауия,  Әсет  поэмаларындағы  объектімен  “Кейпін  батыр” 
поэмасындағы өмірлік материал әуендес, сарындас. 
Қылышынан  қан  тамған  Ақсақ  Темір  заманындағы  бір  оқиға  – 
шығарма арқауы. Басты кейіпкер Кейпіннің шыққан тегі, ауыр тағдыры, 
тіршіліктегі  шырғалаңдары  –  романтикалық сюжетке  лайық  дүниелер. 
Кездейсоқ  ұшырасып,  оқыстан  табысқан  Гүлнармен  арадағы 
сүйіспеншілік шебер бейнеленеді. 


 
239 
Орта  ғасырдағы  Шығыс  елдерінің  хал-ахуалы,  Ақсақ  Темір 
саясатының  мәні,  патша  мен  қатардағы  батыр  арасындағы  тартыс  – 
бұл шындықтарды ақын реалистік тұрғыдан, біліктілікпен көрсетеді. 
Қазақ  әдебиетіндегі  өзге  елдер  тұрмысын  бейнелейтін, 
интернационалдық  пафосы  күшті  шығармалардың  ішінде  “Кейпін 
батыр”  поэмасы  өз  ерекшелігімен,  айқын  идеясымен,  шеберлік 
кестесімен дараланып тұрмақ. 
Кең  тынысты,  мол  оқиғалы,  көп  кейіпкері  “Таңшебер  -  Жапал” 
поэмасында  жаугершілік  заман,  қазақ-қалмақ  елдерінің  арасындағы 
алма-ғайып кезеңнің көркем суреті, ақындық олжалар бар. 
Бұл  шығармада  дастандық  оқиға  баяндау  тәсілінен  гөрі,  қызық 
фабулалы  роман  сюжеті  поэтикасына  ден  қою  басым  десе,  артық 
болмайды. 
Поэмада  дұшпан  қолында  қалған  сорлы  жесір  қойнында  өскен 
жетім  ұлдың  ер  жетіп,  ер  кегін  қуған  батырлық  тарихы  суреттеледі. 
Мұның үстіне шебер, әсерлі бейнеленетін махаббат хикаясы және бар. 
Халық  тұрмысына,  әдет-ғұрыпқа,  салт-санаға,  қатысты,  көшпелі 
өмірдің  қазіргі  ұрпақ  біле  бермейтін  сан  алуан  қызықты  көріністерін 
ақын зор шабыт, үлкен ықыласпен жырлайды: жүйрік аттың сыны, ізге 
қарап  сыр  түю,  батырлардың  жекпе-жегі,  табиғат  суреттері,  - 
осылардың баршасы ақын бояуының неше түрлі байлығын танытады. 
Жүрек  сырын  киік  мойнына  таққан  тұмарға  жазған  қаңлы  қызы 
Таңшебер,  жауласқан  елдерді  тату  еткен  Жапал,  қиындыққа  шыдап, 
достық үшін  тас  өткел, тар  босағадан  өткен  жастар  тағдыры  поэмада 
жан-жақты, сан-алуан көрініс табады. 
Шәкір  Әбеновтың  негізінен  фольклорлық  –  тарихи, шежіре-аңыз 
сюжеттеріне  жазған  поэмаларын әлеуметтік тынысы кең,  эстетикалық 
мақсаты айқын; тарихты, көне күндерді жақсы білетін шебер ақынның, 
терең  ой,  шынайы  көркемдікті  нысана  етіп  қаламгердің  қолтаңбасы 
көрініп тұрады. 
Ақын Шәкір Әбенов соңғы кездескенімізде: 
-  Жаңа  кітабымның  атын  “Шыңғыстау”  қойдым.  Кір  жуып,  кіндік 
кескен  жерім.  Бауырында  сексен  жыл  ғұмыр  кештім.  Ылғи  қарыздар 
адам секілді болам да тұрам, - деді. 
Рас, ақын қашан да туған жердің алдында қарыздар. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау