Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет54/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ҮІІ 
 
Жаңбыр  жауып  тұр.  Көп  тостырып,  сағындырып  келген  көктем 
жаңбыры.  Алматыда  биыл  жауған  жылы  жаңбыр.  Еңсесін  тік  ұстап, 
аяғын  ширақ  басып,  егде  тартқан  бір  адам  кетіп  барады.  Абай 
ескерткішіне қарай кетіп барады. Ойына өткен күн елестері оралады. 
Онда  да  жаңбыр  жауып  еді.  Жұмсақ,  жылы  жаңбыр  емес, 
жапалақ-жапалақ  қар  аралас  сұмпайы  жаңбыр.  Белуардан  батпаққа 
малтыққан. 
-
 
Шіркін, туған жер-ай, - деген қарасұр жігіт белін жазып. 
-
 
Шіркін,  бостандық-ай,  -  деген  ұзын  бойлы  жігіт  күрегін 
тастай салып. 
-
 
Работать надо, бараны! – деген мұрты едіреген надзиратель. 
1916 жыл еді. Петроград түбіндегі тыл жұмысындағы қазақтар еді 
бұлар. 
Абай  ескерткіші  Алатаудың  кеудесінде  тамаша  көрінеді.  Абай  – 
табиғаттың бір үзігі, жақсы жалғасы секілді. Аспанға бой созған зәулім 
үйлерге  көз  салып,  Абай  ойланып  қалған  сияқты.  Ескерткіш  қасына 
келген егде адам да ойланады. 
Журналға басылар деп есептемеген. Қайда, Сералин, Торайғыров 
сынды  құдіреттілер,  ел  таныған  жүйріктер  тұрғанда  мұның  өлеңін 
қайтсын.  Әуелі  сол  өзі  өлең  бе  екен?  Нартәуекел  етіп  жіберді.  Енді 
мынау. Семей жастары гу-гу етеді. “Айқап” басыпты. Сене ме, сенбей 
ме? Басыпты! Тасқа басқан... Сенеді. 
Аяңдап  келеді  егде  адам.  Ендігі  –  беті  Шоқан  Уәлиханов 
ескерткіші. Кешқұрым сейілдегенде Абайға, Шоқанға сәлем беру үлкен 
бір парызындай. 
Егде  адам  кетіп  барады.  Жаңбыр  жауып  тұр.  Сағынтып,  көп 
тостырып келген жаңбыр. Алматыда биыл жауған тұңғыш жаңбыр. 
Жаңа  көктем  келеді  дүниені  түлетіп.  Кәрі  боз  не  әкелдің  соған? 
Қызық  өзі.  Қазақта  бүгін  отызға  шығып,  роман  беріп  жатқан  жас 
толқын  бар.  Мықты  толқын.  Өнімді  толқын  өзі.  Мен  ескінің  көзімін. 
Мұқанов,  Әуезовтерден  жасым  үлкен.  Феодалдық  Қазақстан, 
революция,  коллективтендіру,  социалистік  Қазақстан  –  бәрі  көз 


 
237 
алдымнан  өтті.  Сыртымнан  Сапарғали  Бегалин  дейді  ғой,  әрине, 
көзімше барлық қазақ Сапеке дейді... 
Жаңбыр  күшейді.  Қас  қарайып  барады.  Қала  шамын  жағып 
жатыр. 
Егде адам үйіне қарай беттеді. Жазу столына асығады. 
Сірә, тіршілікте тындырмаған істері бар шығар-ау әлі. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау