Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет48/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

Бесінші эссе 
 
І 
 
Алматыдағы  Мұқан  Төлебаев  көшесімен  өткеніңде,  кей  шақта 
ойыңа  әлденелер  түсіп,  көңілің  бұзылады.  Батыр  ағамыз  Мәлік 
Ғабдуллин алдыңнан шыға келетіндей; 
-
 
Әй, бала, бір партия шахматқа қалай қарайсың?.. 
Күнде  таңертең,  кешке,  белгілі  уақытта  дағдысын  бірде-бір 
бұзбастан,  қағаздай  қалпында,  қыры  сынбай,  тіп-тік  болып  Хамза 
Есенжанов кетіп бара жатушы еді. 
-  Режим,  режим  керек.  Жазушылық  тәртіптен  басталады,  -  деп 
сыр айтар еді. 
Соңғы  жылдары  денесі  ауырлай  бастаған  Сәбит  Мұқанов  көп 
қозғалмай,  көбінесе  кешке  қарай  терезе  алдындағы  орындықта 
отыратын, қасында бәйбішесі – Мәкең, бірде оқыс сұрақ қойылды. 
-
 
Замандастарыңыздан кімді мықты санайсыз? 
Көзі  бір  күлмің  етіп,  қырылдаңқырап  шығатын  даусымен, 
тосылмастан, іле сөйлеп кетті. 
- Өзім мықты. Сәбит Мұқанов деген кісі мықты! – Бетіме жалт етіп 
бір қарады да: - Неге ондай сұрақ қоясың? Өздерің де білесіңдер ғой. 


 
230 
Мұқаң  мықты.  Мұхтар  Әуезовтің  таланты  мықты.  Ал,  екінші  мықты  – 
Сапекең, - деді. 
-
 
Кім? 
-
 
Сапекең  деймін.  Сапарғали  Бегалин.  Ол  кісіге  арнаған 
өлеңімді білесің бе? 
Менде үндей алмай қалдым. 
-  Сендер  ылғи  батыс-шатысты  оқып  кеттіңдер  ғой.  “Ал  тыңда” 
деп, тек өзіне ғана тән, тармақтың соңғы сөзіне екпін түсіретін қызық 
мақаммен өлең оқи бастады: 
 
Алпысқа келу керек Сапекеңше: 
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе. 
Сиятын қара көз бен қара қасқа, 
Отыз бен отыз бестің бірін берсе! 
Мұртының миығына аздап бурыл 
Кіргенмен, көрсетпейтін ол да қу бір! 
Қоңырқай ажарында жоқ еш әжім, 
Дерліктей, - “Ұл атаулы сендей туғыр!” 
Денеге лайық біткен қылық, мінез. 
Не артық іс, бойда жоқ не артық сөз. 
Қалпынан сыпайылық бір аумайтын 
Өлшемі тұрақталған бір әділ тез. 
Жеткенше талант, ойдың шама-шарқы, 
Сүйсініп оқитұғын туған халқы, 
Бірталай еңбек жазды, алды жарқын, 
Ласы, кіршігі жоқ, таза арты. 
Жүз жасқа аяқ басты әкесі Ысқақ. 
Көрген жоқ жүрер жолын ешкім нұсқап. 
Сенеміз Сапекеңнің сөйтуіне, 
Себебі туған ұл бұл әкеге ұқсап! 
 
Кейін  білдім,  бұл  өлең  Сәбит  Мұқановтың  он  алты  томдық 
таңдамалы  шығармаларының  бірінші  томының  367-бетінде  басылған 
екен.  
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау