191
зайыптық сор өмір. Осы секілді психологиялық толғаныс, мінез
құбылыстарының табиғи қалпын жанр шарттарымен байланыстырып,
лайықты үйлесіммен көрсете алмау – қазақ пьесаларының үлкен міні.
Өзіне шақ қылықтарымен, іші-тысы ашылып келе жатқан кейіпкер
сенімсіз қадам басқан соң, шығарма идеясы буылдыр тартып, әр түрлі
сарын тұман секілді тарап кетеді.
Салмақты оймен жіті көз жіберсек, драманың жанрлық сипаты
мен көркемдік құралдарын бажайлайтын бұрынғы теориялық
концепциялардың кейбіреуі бүгінде шатқаяқ тартып, өнер тәжірибесі
ескі канондарды бұзып отыр. Жанр шекарасын айқындағанда, “драма
дәл қазір болып жатқан оқиғаны көрсетеді” дейтін ежелгі пікірдің
жаңсақ тарта бастағанын ұғыну қиынға соқпайды.
Қазақ драмасының қазіргі өрісін барлағанда, өнер дамуының
тұтас тенденциясына айнала бастаған жанрдың бұрын аңғарылмаған
ішкі қуаттарын өрбіту факторы төбе көрсете бастағанын айту ләзім.
Бүгінгі әдебиетте документ, факт, деталь, болған оқиға, дерек
әсері күшті. Атом бомбасын жасаған физик Оппенгеймерге байланысты
сот ісінің протоколы, ағылшын драматургі Бернард Шоудың хаттары...
пьесаға айналды. Роман, поэмалардың сахнаға шығуы, көне
архаикалық түрлердің қайтадан тіріліп, кәдеге асуы, драмада эпостық
әдістерді, лирикалық бейнелеу құралдарын кең пайдалану жанрлар
шекарасының жойылуын, ғасырлар бойы қалыптасқан өнер
арналарының бұзылуын көрсетпейді, бұл – қазіргі әдебиеттегі ішкі
бұлқыныс, үдей өсу
тенденциясының, даму заңдылықтарының айғағы.
Өлмес өмір, мәңгі тіршілік – адамзаттың ежелгі арманы. Жарық
дүниені ешкімнің де қиғысы келмейді. Тумақ бар да өлмек бар. Сонда
өлім бейдауа, бет қаратпас бейбақ па? Не деуші еді қазақтар? “Әкеден
ұл туса игі еді, әке жолын қуса игі еді”. Өмір базары толқын-толқын
ұрпақтар көшімен жаңарып, жасарып, әмсе жайнап тұрмақ.
Өмір, өлім хақындағы көне ғажап аңыздардың бірі Қорқыт ата
есіміне байланысты айтылады. Бұл - өлімді жеңген ғаламат құдіретті
өнер жайлы халықтың дана жыры, терең философиясы. Осы аңыздың
негізінде Гетенің “Фауст” тектес дүние жазуға болар еді-ау. Рас,
Мағжан дастан тудырды. Ал, композитор қайда?
Бүгінгі
таңдағы
әдебиет
фактілеріне
қарасақ,
күрделі
тенденциялардың бір арнасын трагедия ауылынан көреміз. Беккет,
Ионеско сияқты драматургтер “атрагедияны” жақтайды. “Қоғам мен
адам бір-біріне жау, өш қазіргі заманда шын мәнісіндегі трагедия тууы
мүмкін емес”, - деп есептейді олар.
Әдебиет жанрларының ішіндегі жауһары, поэтикалық шедевры –
трагедия құрыды десек, онда өнер мүмкіндігі жойылды дегенге де ден
қоясың. Бұл – дәлелсіз концепция, өнердің күнделікті тәжірибесі, даму
192
өрісі бекерге шығарып отырған, қосылуға болмайтын жат, жалған
тезис.
Комедия жанрлық ерекшеліктері, сюжет құру, композиция жасау,
бейне қалыптау жағынан трагедиямен ұқсас. Неге күлеміз? Мақсат пен
мақсатқа жету жолындағы әрекет арасындағы кереғарлық, адамның
сөзі мен ісінің арасындағы айырмашылық, жағдайға лайықсыз мінез
көрсету, қоғамдық аренадан кеткен күштердің далбаса тірлігі –
осындай толып жатқан күлкі тудырар себептер бар.
Достарыңызбен бөлісу: