(Возвращается призрак)
Но тише, смотрите, вот оно снова идет! Я заступлю ему дорогу,
хотя бы оно погубило меня. Стой, обманчивое видение. (Раскинув
руки, он преграждаев дорогу Призраку). Если ты можешь произнести
звук и подать голос, заговори со мной. Если нужно совершить доброе
дело, которое принесет тебе облегчение, а мне милость неба,
заговори со мной. Если ты посвящен в тайну судеб твоей родины,
которые, возможно, могуть быть предотвращены, если заранее знать о
них, - о, заговори! И если ты при жизни открыл во чреве земли
насильственно добытые сокровища, в поисках которых, как говорят,
вы, духи, часто блуждаете после смерти (поет петух), говори. Скажи
об этом. Стой и говори. Останови его. Марцелло. (М.М.Морозов. Избр.
Статьи и переводы. М., 1954, стр. 336-337).
Мәжит Дәулетбаев “Гамлет” трагедиясын көбіне қарасөзбен,
ішінара өлеңмен аударған. Рас, диалогтар кейде дыбыс, буын, кезең,
ырғақтарымен ақ өлеңге айналып кетеді. Ауызекі сөз екпіні, сахна
ерекшеліктерінің шарттары да ұмытылмаған. Алынып отырған Горацио
монологының мысалынан бірнеше жайтты аңғаруға болады:
аудармашы түпнұсқадан көп алшақтамайды: бейнелі, өрнекті кестеге
ұмтылады: “Царство Нептуна” деген секілді қазақ ұғымына түсініксіз
нәрселерді әдейі тастап кеткен.
Әлем әдебиетіндегі жұмбақ жан, бәріне сұрақпен, сауалмен көз
тастайтын, бір басына қан қайғысы жетіп жатқан Гамлет не деп
күңіренеді, тыңдайық.
121
Г а м л е т. Сен неліктен ерімейсің, неліктен сен топыраққа ұқсап
үгітілмейсің? Әй, адамның денесі! Сен неткен беріксің, мықтысың! Егер
құдірет өзін-өзі өлтіруді тыймаған болса игі еді...
Құдірет, ұлы құдірет! Жер бетіндегі адам баласының істеген ісі
неткен құнсыз, неткен берекесіз! Тіршілік, сен не? Қырдағы дәнсіз
шөп-шөлеңдерді қоршаған иесіз, мылқау бақша... Шешемнің ер жүрек
қосағының... менің сүйікті әкемнің дүниеден өткеніне алты жұма
болған жоқ. Әкем шешемді жалынды махаббатпен сүйетін еді ғой...
Жер мен көк! Мен мұны ұмытамын ба? Шешемнің көңілі неткен ғашық,
шабыты неткен күшті... бір ай болған жоқ, айтуға да ұят... Әй, дариға
әйелдер! Сендердің атақтарың неткен берекесіз... қалайша? Ай... ай
болған жоқ, әкемді көмуге барғанда аяғына киген башмағын бүгінгі
күні киіп тоздырған да жоқ. Әкемді көмуге барғанда, атағы жесір, көзі
жасты, жүрегі жаралы емес пе еді... енді қарап көр, әнекей. Әне...
Жә, құдірет! Ақылсыз, сезімсіз жыртқыштар да бұдан кем уайым
қылмас еді. Шешем ағама көңіл қосты. Менің геркулеспен қай жерім
тең келеді... ағам да сол тәрізді... оның менің әкеме қай жері тең
келеді, қайдан менің әкемдей болады. Бір-ақ ай! Көзінің жасы кепкен
жоқ, шешем бөтен біреудің қатыны! Ұшқалақ нәлет көңіл! Бүйткен
некені аруақ та кешпес! Жамандыққа болсын, бүліншілікке болсын!..
Жүрегім, тілім күрмеліп, көңілімдегі барлық арманымды сыртқа шығара
алмай тұрғанымда, астан-кестен бол, шырқ айнал! (10-11-беттер).
Бұдан асқан қандай тығырық болмақ? Қияметтің қыл көпірі,
дозақтың оты осы шығар. Трагедия, қайғылы халге ұшырады деп
жатады. Ол бауырына тартқан туысынан, сыр бөліскен досынан, бірге
тірлік кешкен жарынан айрылу ма? Әке қазасын не дерсің? Асарын
асап, жасарын жасап жеріне жетсе, жазмыш бұйрығы тоқтау бермес
ауруға, кәрілікке тыйым жоқ. Кемелденіп, керторысына мінген шақта,
төрт құбыласы түгелденген сәтте азамат мерт болды! Король мерт
болды! Қойнынан шыққан шұбар жылан шақты, өзі өсірген қабылан
жарып тастады, өз қандасы, өз туысы, бауыры өлтірді. Трагедия ма?
Зар тұтып, қара жамылып, жас төгіп отырар шеше еді ғой, тірлігі анау:
тойымы жоқ нәпсінің жаңа қызығына түскен. Трагедия ма? Иә,
трагедия! Бір басқа жеткілікті трагедия. Арыстан жүрек, темір шыдам,
дария ақыл тоқтатпаса, адамның есін алып, сандалтып, мәңгіртіп
жіберер қайғы.
Осындай күйдегі жанның аузынан шығар сөздер қандай болмақ?
Ішкі өрттің жалыны алау атпақ, запырандай ащы ой улы тілмен
төгілмек. Қазақтың шешендік дәстүрінде оралым-өрнектер, кестелі
айшықтар қалыптасқан. Гамлет монологын аударуда Мәжит
Дәулетбаев сол арнаға әдейі түскен. Сұрақ қойып, жауап беріп
отырған жоқ, қайғылы жүрек сырын ашады, аһ ұрады. Лықсып келген
ыза, кек төгіліп-төгіліп кетеді. Кейде түйдектеліп, қыстығып қалады.
122
Мәжит аударманың қазақша жатық болуын, қыр оқырманының
ұғымына сәйкес келуін ерекше құнттаған. Баласы Лаэртті сапарға
шығарып тұрып әкесінің айтқан тілегі:
П о л о н и й. Ұзақ баптанба, балам, аттан! Тұра тұр ендеше. Мен
саған тағы да бір ақыл берейін: ойламай іс істеме, дос арасынан дос
ірікте. Кіммен дос болсаң сонымен сезімді тату бол. Дос екен деп
көрінген адамға сыр шашпа. Ешкіммен араздаспа. Сөзді түгел ұқ, бірақ
түгел бытыратпа. Қай мәселені шешуге ойлансаң да, өзіңнен
басқалардың ол мәселе туралы пікірлерін білуге тырыс. Бөтеннің ойын
ақылға сал. Сараң болма, бірақ орынсыз мырзалық қылма. Киімге
қарап көзге түсесің, сондықтан түзеліп жүр, бірақ өте сыпайыланып,
жылтырап кетпе. Бөтеннен қарыз сұрама, сұрағанға берме. Саған
осыны айтпақ едім. Жетті! Жолың болсын, балам! (14-15-беттер).
Билер, қариялар батасы секілді. Форма ұқсас, мағына бөлек.
Саясат майданында табан тоздырған ескі көз жиған-терген, білген-
қорытқан ойларын қысқа қайырып, шебер тұжырымдаған. Адамдар
арасындағы қым-қиғаш, қат-қабат, жымы тереңде жатқан айла-
шарғының тәсілін үйретіп отыр.
Әкесінің аруағымен тіл қатқан Гамлет басында екі ұдай сыр бар:
бір жағынан ашу-ыза, кек өшпенділігі өзегін өртеп бара жатса, ақыл-
қайратқа және ден қояды. Екі оттың ортасында қалса да, темір
төзіммен өзін-өзі ұстайды. Әдейі қисық мінез көрсетеді.
П о л о н и й. (Гамлетке). Амансыз ба, сүйікті шаһзада!
Г а м л е т. Шүкір, оп-оңды.
П о л о н и й. Мені танисыз ба, шаһзада?
Г а м л е т. Жақсы, танимын, балықшысың.
П о л о н и й. Балықшы емеспін, шаһзада.
Г а м л е т. Ол болмасаң, одан жоғары болуыңа тілектеспін.
П о л о н и й. Жоғары дейсіз бе, шаһзада?
Г а м л е т. Иә, бұл дүниедегі жоғары болу деген сөздің мағынасы
он мыңдаған халықтың арасында белгілі, санаулы азамат болу деген
сөз.
П о л о н и й. Дұрыс сөз, шаһзада.
Г а м л е т. Терісін сыпырып алып далаға тастаған иттің денесіне
күннің сәулесі құрт түсіреді... Сіздің қызыңыз бар ма?
П о л о н и й. Бар, шаһзада.
Г а м л е т. Ендеше, қызыңызды күннің көзіне шығарма, өйткені
қызыңызға зияны тиіп жүрер. Қызыңды сақта.
П о л о н и й. О не деген сөзіңіз, шаһзада? (Сырт қарап, өз-өзіне)
әйтеуір есі-дертім менің қызым. Әлгіде мені шырамыта алмай,
балықшы деп еді. Қырдың киігіне ұқсаған не қылған жан өзі! Жас
күнімде мен де осындай едім-ау! Тағы да сөйлесейінші. (Гамлетке) Не
қып жүрсің, шаһзада.
123
Г а м л е т. Сөз!
П о л о н и й. Іс не түрде, шаһзада
Г а м л е т. Бұл жерде іс жоқ.
П о л о н и й. Кітап не айтады дегенім ғой.
Г а м л е т. Өсек айтады. Антұрған кітап жазушы былай дейді:
“Шалдардың шашы ақ келеді. Беттерінде қиыршық болады. Көздері
көрмейді, бастарында миы болмайды, буындарында әл болмайды”
дейді. Бұл рас сөз. Мұны жазудың қажеті де аз. Әркім-ақ ойлап табу
керек. Сенің дәл осы шал сияқтанып келешек тұрмысқа бет бұрмай
кейін өше беруіңе де болады. Мәселен, мен сияқты боп.
П о л о н и й. (сырт бұрылып). Сөзінде аңғалдық бар. Бірақ бір
ойласаң, сөйлеген сөзі орынды-ақ! (Гамлетке) Жүруге ойыңыз жоқ па,
шаһзада?
Г а м л е т. Қайда? Көрге қарай жүруге дейсің бе?
П о л о н и й. Біраз бой жазып жүрсек қайтеді? (сырт қарап.)
Сөзді қалайша келтесінен қайырады!.. Ақылдының ойлап таба алмаған
сөзін, ақымақтар кейде бұлжытпастан табады. Қой! Мұны мен осы
жерге тастай тұрып, қызымды жіберіп көрейін. (Гамлетке) Қымбатты
шаһзада! Мен кетіп қалсам сіз ренжімейсіз ғой. (28-29-беттер).
Бұл жолдарда астар, айрықша мән бар. Әке қазасының күйігі ішін
жалап бара жатқан, бойын кек буған Гамлет арандап қалмас үшін
әдейі осылай сөйледі. Бірақ қанша қиястанғанмен, әдейі бұра
тартқанмен, қараңғы аспанды осып өткен найзағай қамшысы іспетті
ойлар көрініп қалады. “Гамлет” трагедиясының орысша әр түрлі
тәржімаларындағы осы көрініспен Мәжит аудармасы салыстырып
қарағанда, оның түпнұсқамен жақындығы анық байқалады.
Дәулетбаев айтылмыш ситуациядағы психологиялық күйлерді, астарлы
мағыналарды қазақша жақсы жеткізе білген. Рас, “Сөз!” деп келте,
шолық қайырмай, орысша аудармаларда түгел қайталанатын, қанатты
оралым боп кеткен “слова, слова, слова” дегенді “сөз, сөз, сөз” деп
алса, дұрыс еді.
Жұмбақ сыры, қайғылы құпиясы өзгелерден еріксіз бөлектеткен
Гамлетті қазақ неге теңер еді? Мәжит түпнұсқада жоқ детальді –
бейнені өз жанынан қосқан: “Қырдың киігіне ұқсаған не қылған жан
өзі?” Бұл бейненің төркіні Абайда жатыр ғой. Татьяна аузына салған
сөзді еске алайық.
Шекспирдің
барлық
пьесалары
сахна
ерекшеліктеріне
лайықталып, театр талаптарын ескеріп жазылғандығы аян: Бұл сипат
“Гамлетке” де тән. Зұлымдықты әшкерелеуде көшпелі артистердің
келуі, қақпан сценасының мәні зор. Осы көріністердегі өлеңдер қалай
аударылған? Приам өлімі жайлы жырды алдымен Гамлет оқиды:
Пирр құстай ағып өтіп келе жатыр,
124
Қараңғы ойды тербеп дене жатыр,
Саудырап қару-жарақ, ат үстінде
Қаны қызып күрсінеді Пирр батыр,
Бақытсыз сүйгені мен анасының
Қарындас, әке, қызы, баласының,
Кегін алып дұшпаннан, мейір қанып,
Уытын алып тастамақ жарасының
Тамұқтың отындай боп зәрені алған,
Қызарып екі көзі оттай жанған,
Бұратын жолбарысты ақ иықтай,
Приам да өлімдей қорқу салған.
Ары қарай артист жалғайды:
Басталды ұрыс-тартыс жағаласу,
Найзаласу, бір-біріне қылыштасу,
Пирр батыр күркірейді күндей болып,
Тау күңіренді, қозғалды биік асу.
Пирр батыр қаны қызып ашуланды
Қолына өткір болат қылыш алды.
Қалжырап, қылыштасып, найзаласып,
Приам жер бауырлап жата қалды.
Дем алды өткір қылыш, сүйір найза,
Приам жерді құшып жатты жайға,
Пирр сүйтіп кегін алды, құмар қанды
Құстай ұшып жөнелді әлдеқайда
Аспан көк тұрды қарап, жерді қарғап,
Жердің беті күнәсін жатты сарнап,
Жердің бетін қан қылған тастай жүрек
Ұшса да құстай болып қайда бармақ?..
Бұдан кейін артист Гекуба жайына көшеді:
Көзінен мөлдіреген ақты жасы,
Тарқатылып толқынды қара шашы,
Алтын тәж басындағы жылтыраған,
Түскен соң адыра қалды оның басы.
Көз жасы көл боп ақты жерге түсіп,
Көз жасын тізесінен жүрді кешіп
Күткен бақ, отырған тақ адыра қалып
Жұмбағын қайғыменен сонан былай,
Ащы жас қан аралас қайнап шығып,
Ер өлді арманда боп жылай-жылай.
125
Достарыңызбен бөлісу: |