Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет17/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ІІІ 
 
Үлкен талант  – мейлі қайраткер, мейлі суреткер, мейлі санаткер 
болсын – бір ұлттың шаңырағында туса да, тек сол елдің шеңберінде 
қалмаса  керек.  Өйткені,  тіл  дін,  сенім  әр  түрлі  болғанымен  сезім, 
әсемдікке құштарлық, арман адам баласына ортақ. 
Орыс әдебиетінің алтын ғасыры жаһан өнеріне орасан зор ықпал 
жасаған  қалың  шоғыр  жазушыларды  берді.  Ал  қазақ-орыс 
әдебиеттерінің тарихи байланысы сонау қыпшақ заманында басталған 
терең  тамырлы,  әзірге  білімпаздарымыз  ХІХ  ғасырдан  бергі  қарым-
қатынастарды ғана талғажау етіп жүр. Сөз көбіне тәржіме төңірегінде. 


 
115 
Данышпан Абай саф таза, мінсіз сұлу қазақша сөйлеткен Пушкин, 
Лермонтов,  Крылов  сахарадан  көп  достарын  тапқан  болатын.  Бұл 
бастама  көрбілтеленіп  қалмай,  жаңа  әдебиеттің  жемісті  ізденістер 
арнасының  біріне  айналып,  қазақ  топырағында  реалистік  аударма 
мектебі  қалыптасты.  “Капитан  қызы”  1903  жылы,  “Қажымұрат”  1923 
жылы батырлар жырымен қатар жатты. ХХ ғасыр басында Г.Мопассан, 
Д.Лондон қазақша сөйледі. 
Шөл  далада  өскен  жалғыз  бәйтерек  емес-тін  Абай,  оның  өзі 
баулып  өсірген  шәкірттері,  өнерінен  қуат  алып,  қанаттанған 
ізбасарлары  өнімді  дәстүрді  ілгері  апарып,  Тұрағұл  М.Горькийдің 
“Челкаш”  әңгімесін  Семейде  шығатын  “Таң”  журналында  бастырса, 
Шәкәрім “Дубровскийді” өлеңмен еркін жыр еткен. 
Революция алдындағы қазақ әдебиеті мен әсем стиль сұлу өрнек 
иесі  Иван  Сергеевич  Тургенев  шығармашылығы  арасында  қандай 
байланыс  бар  деген  сұрауға  жауап  боларлық  фактілер  сирек.  Рас, 
семинария, гимназия, университеттерде оқып, орыс тілін жетік игерген 
ат  төбеліндей  қазақ  жастары  ұлы  суреткер  туындыларынан  нәр  алып 
өскені хақ. 
Өмірлік  материалды  пайдалану,  сюжетке  сүйек  боларлық 
оқиғаларды  сұрыптап  таңдай  білу  кездейсоқ  нәрсе  емес,  талант 
қуатына,  дүниетаным  шеңберіне  сабақтас  процесс  екендігі  белгілі. 
Абай Құнанбаев пен Иван Тургеневтің өзара байланыссыз бір сюжетке 
шығарма  жазулары  екі  алыптың  іштей  туыстығын  аңғартса  керек.  Біз 
“Масғұт”  поэмасы  мен  “Шығыс  аңызы”  әңгімесін  айтып  отырмыз.  Екі 
туынды арқауы да “Мың бір түндегі” Хасен шебер басындағы оқиғадан 
алынғаны  анық.  Тургенев  қысқа  ғана  әңгіме  жазса,  Абай  поэма 
шығарған. 
Қазақ  әдебиеті  өрлеу,  өсу  процесін  басынан  өткеріп,  сан 
бағдарлы  ізденістерге  түсті.  Соның  бірі  –  шеберліктің  үлкен  жолы  – 
классиканы  аудару.  Шекспирдің  “Гамлет”,  “Отелло”,  “Асауға  тұсауы”, 
“Сервантестің “Дон-Кихоты”, Рабленің романы тәржіма етілді. 
1934  жылы  “Әдебиет  майданы”  журналында  “Әкелер  мен 
балалар”  романының  кейбір  тараулары  басылды,  “Льгов”,  “Бирюк”, 
“Бежин  шабындығы”,  “Хор  мен  Калиныч”  сияқты  әңгімелер 
қазақшаланды. 
Аз уақыт ішінде Тургеневтің негізгі шығармалары, “Рудин” (1952), 
“Әкелер  мен  балалар”  (1953),  “Дворян  ұясы”  (1954),  “Түтін”  (1966) 
секілді  романдары,  повестері  қазақ  тілінде  сөйледі.  Әрине,  бұлардың 
бәрі  де  ұлы  суреткер  туындыларының  түпнұсқадағы  күш-қуатын 
сақтаған, төрт аяғынан тік тұрған көркем өреде дей алмаймыз. Кейбір 
шығармаларды  қайта  аудару  шарт.  Сөзге  ұста  тәржімашы  Ісләм 
Жарылғапов аудармасын қарап көрейік. 
 


 
116 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау