8 Материалдық құндылықтардың жиналуына және тасымалдануына қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
8.1 Материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың жиналуына қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
8.1.1 Материалдар, бұйымдар мен жабдықтар арнайы бөлінген орындарға жиналуы тиіс. Қойма аумағында барлық ғимараттарға баратын бос жолдарды қарастыру қажет. Қоймаға кіретін және шығатын жолдарды, сондай-ақ өрт сөндіру қалқандарына баратын жолды бөгеуге тыйым салынады; істеп тұру және түнгі уақытта жарық болып тұруы тиіс.
8.1.2 Нысанның өзіндегі қоймалар көтергіш-тасымалдау механизмдері емін-еркін қозғалып жүру үшін үсті қатты алдын ала ойластырылған, автокөлік құралдары оңай жақындай алатын ыңғайлы жолдары бар жерлерге орналастырылуы тиіс.
Қойма алаңдары жер үсті суынан, ал қыс мезгілінде қар мен тұздан тазартылған болуы тиіс.
Материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды нығыздалмаған үйілген топырақтың үстіне жинауға тыйым салынады.
8.1.3 Материалдар мен бұйымдарды төмендегідей жолмен орналастыру, жинау және сақтау қажет:
- диаметрі 15,0 мм бастап, 50,0 мм дейінгі құбырлар әр 0,5 м сайын ағаш төсемелерді салып, 2,2 м биіктікке дейін бір-бірінің үстіне қойылып жиналады;
- диаметрі 70,0 мм және одан артық болат құбырлар төсемемен 3,0 м биіктікке дейін бір-бірінің үстіне қойылып жиналады;
- диаметрі 76,0 мм бастап, 100,0 мм дейінгі құбырлар – 4 қатардан кейін;
- диаметрі 133,0 мм бастап, 159,0 мм дейінгі құбырлар – 2 қатардан кейін;
- диаметрі 300,0 мм және одан артық құбырлар төсемелерсіз 3,0 м дейін жететін үйме болап, қатар-қатар жиналады.
Құбырлардың әр қатары металл башмақтармен немесе астыңғы жағынан төсемелерде жақсы бекітілген тіреуіштермен бекітілуі тиіс.
8.1.4 Дөңгелек ағаштар қатарлардың арасына төсеме салынып, биіктігі 1,5 м аспайтындай қатар-қатар қойылып жиналып, дөңгелеп кетпеу үшін тіреуіштер қойылады. Кесілген ағаштар қатарға қойылғанда биіктігі қатар-қатар жиналған кесілген ағаштардың енінің жартысынан аспайтын, ал айқастырылып қойылғанда қатар-қатар жиналған кесілген ағаштардың енінің жартысынан аспайтын қатарларға жиналады.
Материалдар мен бұйымдарды күрделі және уақытша құрылыстар мен қашалардың бөлшектеріне сүйеп қоюға (тіреп қоюға) болмайды.
8.1.5 Құм, қиыршық тас, ұсақталған тас және басқа да сусымалы материалдар материалдардың осы түрі үшін қиябет бұрышы сақталып сақталу немесе ұстап тұратын өзге қабырғамен қоршалуы тиіс. Үйілген сусымалы материалдардың арасын қазып алуға тыйым салынады.
8.1.6 Шаңтәріздес материалдар тиеу және түсіру кезінде ұшып, шашырауға қарсы шаралардың қолға алынуымен бункерлерде, ларьларда және беті жабылатын басқа да ыдыстарда сақталу керек.
8.1.7 Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен ЖҚҚ қоймалардың жылытылатын жабық жайларында сақталуы тиіс.
8.1.8 Қоймалардағы қатарлардың арасында ені 1,0 м кем болмайтын адам жүретін жол мен ені қоймаларға қызмет көрсететін тиеу-түсіру механизмдерінің және көлік құралдарының көлеміне байланысты болатын техника жүретін жол қарастырылуы тиіс.
8.1.9 Қатарларды жинау және бұзу жұмыстары механикалық жолмен жүргізілуі тиіс. Биіктігі 1,5 м аспайтын қатарларды инвентарлы сатылардың көмегімен жинау қажет. Қатарлардың арасына 1,0 м кем болмайтын адам жүретін жол мен қоймада қолданылатын механизмдердің түріне байланысты техника жүретін жол қалдырылады.
8.2 Қышқылдар мен сілтілердің сақталуы мен тасымалдануына қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
8.2.1 Химиялық заттарды сақтауға арналған қойма жайлары ҚНжЕ 2.11.01 талаптарына сәйкес бір қабатты арнайы ғимараттарда орналасуы тиіс.
8.2.2 Қышқылдарды ауа тарту-жіберу желдеткіші бар бөлек жайларда, аузы жабық әйнек шөлмектерде тоқылған немесе ағаш ыдыста сақтау қажет. Ішінде қышқыл мен сілті бар шөлмектер бір қатарға еденге жиналуы тиіс. Шөлмектердің әрқайсысына қышқылдың (сілтінің) атауы жазылған бирка жапсырылады. Бос шөлмектер де дәл осылай сақталуы тиіс.
Қышқылдар мен сілтілерді жұмыс орнында ауысымға қажетті мөлшерден асырмай сақтауға болады.
8.2.3 Шөлмектерді олардың қозғалмай тұруын қамтамасыз ететін арнайы құралдардың көмегімен екі жұмыскер тасуы керек. Қышқылмен және сілтімен жүргізілетін барлық жұмыстарды ЖҚҚ пайдаланып, арнайы үйретілген жұмыскерлер жүргізуі тиіс.
8.2.4 Химиялық заттарды бірге сақтау шарттары «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі» мен ГОСТ 12.1.004 сәйкес таңдалады.
8.2.5 Қойма жайларындағы ауа температурасын, салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығын нақты химиялық заттарды сақтау технологиясының талаптарына сәйкес белгілеу қажет.
8.2.6 Сусымалы химиялық заттар жел тимейтін қойма ғимараттарында сақталуы керек. Мұндай химиялық заттарды механикаландырылған жолмен әперіп, түсіру қажет.
8.2.7 Қышқылдар мен сілтілерді сақтау шарттары олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай таңдалады.
8.2.8 Қышқылдар мен сілтілерді жертөлелерде, жартылай жертөле жайларда және ғимараттың жоғарғы қабаттарында сақтауға тыйым салынады.
8.2.9 Қышқылдар сақталатын қоймада қажетті мөлшердегі әктасты, абайсызда төгілген сұйықтықты бейтараптандыру үшін пайдаланылатын соданы, сондай-ақ құмды сақтайтын ыдыстар болуы тиіс.
8.2.10 Ішінде қышқыл бар шөлмектерді жылыту аспаптарының жанына қоюға тыйым салынады.
8.2.11 Химиялық заттар сақталатын жерлерде ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026 және «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес қауіпсіздік белгілері болуы тиіс.
8.2.12 Ішінде химиялық заттар бар ыдыстың бойында тиісті жазулар мен таңбалауы болмаған жағдайда қоймаға мұндай химиялық заттарды әкелуге және оларды қоймада сақтауға жол берілмейді.
8.2.13 Химиялық заттарды тасымалдау кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ГОСТ 12.1.004 және «Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері» талаптарымен реттеледі.
8.2.14 Әйнек ыдыстағы қышқылдар, сілтілер түсірілген жерден қоймаға дейін және қоймадан пайдаланылатын жерге дейін толық қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін приспособленных көлік құралдарымен тасымалдануы тиіс.
8.2.15 Химиялық заттармен жүргізілетін барлық жұмыстарды арнайы киімі, арнайы аяқ киімі мен ЖҚҚ бар арнайы оқытылған жұмыскерлер жүргізуі тиіс.
8.2.16 Реагенттердің темір жол, автомобиль көлігінен түсірілуі, тасымалдануы және қойманың ішіне жиналуы, ерітінді дайындайтын құрылғыларға салынуы механикаландырылған жолмен жүргізілуі тиіс.
8.2.17 Қоймада сақталатын реагенттердің мөлшері олардың ең көп тұтынылатын кезеңі бойынша есептегенде 30 тәуліктік қордан аспауы және бір жолғы әкелінетін көлемінен кем болмауы тиіс.
«Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес сұйық хлор қоры 15 тәуліктік қажеттіліктен аспауы тиіс. Хлор қорын 30 тәуліктік қажеттілікке дейін көбейту қажет болған жағдайда бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілуі тиіс.
8.2.18 Реагенттермен жүргізілетін жұмыстардың барлығын нормалармен белгіленген арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ал жұмыс аймағының ауасына шаң немесе зиянды заттар бөлінген уақытта газ қағармен немесе тыныс алу жолдарын қорғайтын басқа да жеке қорғаныс құралдарымен және көзді қорғайтын көзілдірікпен жүргізу қажет.
8.2.19 Орындайтын қызметтік міндеттемелері мен жұмыстары бойынша жұмыскерлердің қауіпсіздік пен еңбек қорғау нұсқаулығы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |