9.6.3 Полимерлі жүктемелі сүзгілер
9.6.3.1 Полимерлі жүктемелері бар сүзгіштерді оларда болмайтын тұрақты эмульсиялар түріндегі майлар мен мұнай өнімдерінен өндірістік тоспа суларды тазарту үшін қолдану қажет.
Жаңбыр суларын тазарту үшін полимерлі жүктемелері бар сүзгілерді қолдануға жол беріледі.
9.6.3.2 Бастапқы сулардағы майлар мен мұнай өнімдерінің рауалы концентрациясы:
- 150 мг/л дейін;
- қалқымалы заттар 100 мг/л дейін.
Тазартылған сулардағы осы заттардың концентрациясы 10 мг/л аспауы тиіс.
9.6.3.3 Жүктеме ретінде ірілігі 20 мм 20 мм 20 мм, тығыздығы 46 кг/м3 ден 50 кг/м3 дейін, және қабат биіктігі 2 м полиуретанды қолдану қажет. Сүзгілеу жылдамдығы сағатына 25 м дейін
9.6.3.4 Сүзгілерді ауа температурасы 6С төмен емес ғимаратта орналастыру қажет.
9.6.4 Торшалы барабанды сүзгілер
9.6.4.1 Торшалы барабанды сүзгілерді өндірістік тоспа суларды механикалық тазалау үшін, сүзгілер алдында тоспа сулардың терең тазартылуын (барабанды торшаларды) орнату үшін, сондай-ақ терең тазартатын дербес құрылыстар (микросүзгілер) ретінде қолдану қажет. Торшалы барабан сүзгілерінде тоспа суларды тазарту деңгейін 9.29-кесте бойынша қабылдауға жол беріледі.
9.6.4.2 Тоспа суларды механикалық тазартуға арналған барабан торшаларын қолдану кезінде бастапқы суда торшаны шаюды қиындататын заттар (шайырлар, тоң майлар, майлар, мұнай өнімдері және т.б.), ал өлшенген заттардың мөлшері 250 мг/л аспауы керек.
Қалалық тоспа суларды терең тазарту кезінде микросүзгілерді пайдалану кезінде бастапқы судағы өлшенген заттардың мөлшері 40 мг/л аспауы керек.
9.29-кесте – Торшалы барабан сүзгілерде тоспа суларды тазауту деңгейінің мәні
Торшалы барабан сүзгілер
|
Ластаушы заттардың мөлшерін төмендету, %
|
өлшенген заттар бойынша
|
ОБТтол бойынша
|
Микросүзгілер
|
50-ден 60 дейін
|
25-тен 30 дейін
|
Барабан торшалары
|
20-дан 25 дейін
|
5-тен 10 дейін
|
9.6.4.3 Резервтік торшалы барабан сүзгілерінің санын 9.30-кестеде көрсетілген бойынша қабылдау қажет.
9.30-кесте – Резервтік торшалы барабан сүзгілерінің саны
Барабан сүзгілері
|
Саны
|
Жұмыс
|
Резервтік
|
Микросүзгілер
|
4 дейін
|
1
|
4 жоғары
|
2
|
Барабан торшалары
|
6 дейін
|
1
|
6 жоғары
|
2
|
9.6.4.4 Торшалы барабан сүзгілерін қолдану кезінде келесідей болу қажет:
- өнімділік және конструкцияны өндіруші-зауыттардың паспорттық мәліметтері бойынша немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарының ұсыныстары бойынша қабылдау;
- 0,15 МПа қысыммен торшалы барабан сүзгілерден өткен сумен жууды қарастыру;
- 3%-дан 4 % дейін микросүзгілерге арналған, 1%-дан 1,5% дейін тоспа суларды механикалық тазартуға арналған барабан торшаларының шығындарымен қондырғының тұрақты есептік өнімділігін;
- тәулігіне 8-ден 12-ге дейін жуу санымен, жуудың 5 мин ұзақтығымен, жууға арналған сулардың 0,3%-дан 0,5 % дейін шығынымен, тоспа суларды терең тазарту схемасында барабан торшаларына арналған мерзімдік барабан торшаларының есептік өнімділігін.
9.7 Тоспа суларды физико-химиялық тазартауға арналған құрылыстар
9.7.1 Тоспа суларды бейтараптандыру
9.7.1.1 рН мөлшері 6,5 төмен немесе 8,5 жоғары тоспа сулар елді мекеннің суды бұру жүйесіне немесе су объектісіне бұрудың алдында бейтараптандырылуы тиіс.
Бейтараптандыруды реагенттерді енгізумен немесе оларды бейтараптандырушы материалдар арқылы сүзгілеумен қышқылды және сілтілік тоспа суларды араластырумен жүзеге асыру керек.
9.7.1.2 Тоспа сулардағы қышқылдарды немесе сілтілерді толық бейтараптандыру шарттарынан және сәйкес келетін реакциялардың теңестіруі бойынша ауыр металдардың қосылыстарын шөгіндіге бөлуден реагенттер дозасын анықтау керек. Реагенттің артық мөлшері есептік мөлшерден 10% құрауы керек.
Реагент дозасын анықтау кезінде қышқылдар мен сілтілерді өзара бейтараптандыруды, сонымен қатар тұрмыстық тоспа сулардың немесе су айдынының (суағардың) сілтілік резервін есепке алу керек.
9.7.1.3 Қышқылды тоспа суларды бейтараптандыруға арналған реагенттер ретінде әктік кальцийдің немесе сілтілік қалдықтарының (күйдіргіш натрдың немесе калийдің) белсенді тотығы бойынша 5% түрінде кальций гидрототығын (сөндірілген әкті) қолдану керек.
Әкті сүтті дайындауға арналған қондырғыны жобалауды ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02 сәйкес орындау керек.
9.7.1.4 Сілтілік тоспа суларды қышқылдау және бейтараптандыру үшін техникалық күкірт қышқылын қолдану ұсынылады.
9.7.1.5 Шөгіндіні бөліп шығару үшін 2 сағаттың ішінде тоспа сулардың болу уақытымен тұндырғылар қарастыру керек.
9.7.1.6 Еркін күкірт қышқылы және ауыр металдардың тұздары бар тоспа судың 1 м3 бейтараптандыру пайда болатын кездегі шөгіндінің құрғақ заттарының М, кг/м3 мөлшері келесі формула бойынша анықталуы керек:
(9.64)
мұндағы А - пайдаланылатын әктегі белсенді СаО мөлшері, %;
А1 - металдарды қамау үшін қажетті белсенді СаО сандары, кг/м3;
А2 - еркін күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін қажетті белсенді СаО сандары, кг/м3;
А3 - гидрототықтарды қалыптастыратын металдардың саны, кг/м3;
Е1 - металдарды қамау кезінде пайда болатын кальций сульфатының саны, кг/м3;
Е2 - еркін қышқылды бейтараптандыру кезінде пайда болатын кальций сульфатының саны, кг/м3.
ЕСКЕРТУ Формуладағы үшінші мүше егер оның мәні теріс болса есепке алынбайды.
9.7.1.7 1 м3 тоспа суды бейтараптандыру кезінде пайда болатын шөгіндінің көлемі, Wmud, %, келесі формула бойынша анықталады:
(9.65)
мұндағы Pmud - шөгіндінің ылғалдылығы, %.
Шөгіндінің ылғалдылығы пайыздарда көрсетілген құрғақ заттың мөлшерін алып тастаумен 100 айырмашылығынан кем немесе тең болуы керек.
9.7.1.8 Тұндырғыларда бөлінген шөгінді шламды алаңдарда, вакуум-сүзгілерде немесе сүзгі-баспақтарда зарарсыздандырылуы тиіс. Тұндырғыларды және зарарсыздандыру бойынша құрылыстарды жобалау кезінде осы нормативтің сәйкес келетін тарауларының талаптарын басшылыққа алу керек.
9.7.1.9 Агрессивті орталармен түйісетін барлық резервуарлар, құбырлар, жабдықтар сәйкес келетін оқшаулаумен қорғалуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |