Ќўрылым бґлімшелерінде басќару процесін ўйымдастыру



бет1/2
Дата19.05.2020
өлшемі59 Kb.
#30503
  1   2
Сулейманкулова статья


Елубаева Аманғайша Серикболқызы экономика ғылымдарының магистры, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА-ң аға оқытушысы
Демеуова Құралай Жүнісақынқызы экономика ғылымдарының магистры, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА-ң аға оқытушысы

БАСҚАРУ ЕСЕБІНДЕ ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРЫЛЫМ БӨЛІМШЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Ірі компаниялар бүкіл әлем бойынша көптеген өнімдерді шығарып, өткізеді. Операциялардың күрделілігі мен санының көптігіне байланысты жоғары деңгейлі басқарушыларға осы операцияларды бақылау өте қиын. Бұл жағдайда компанияны бөлек сегменттер мен құрылым бөлімшелерге бөліп және осы бөлімшелердің менеджерлеріне тәуелсіздік деңгейін беріп, дербес шешім қабылдауға рұқсат беру өте мақсатты. Мұндай басқарушы өз бөлімшесінің өндірістік және маркетингтік қызметтеріне жауапты болады. Бірақ, басқа жағынан қарағанда, осы басқарушылар өз қызметін атқарып, тұтас компанияның алдында тұрған мақсаттарға жетуге тырмыспауы мүмкін. Мақалада тұтас компания үшін тиімді мақсаттарға жету үшін менеджерлерге ықпал ететін қызметтің қаржылық көрсеткіштері қарастырылған. Басқаша айтқанда, мақсаттардың келісімділігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерін даярлау қажет./1/

Бұл мақалада құрылым бөлімшелерге жауапты менеджерлер қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне аса көңіл бөлінген.Бірақ мұндай көрсеткіштер құрылым бөлімшенің қызметін арттыру үшін сынапты болатын барлық факторларды шынайы көрсете алмайды. Сондықтан бәсекелесу қабілеттілік, өнім бойынша алда болу, сапа, уақытылы жеткізу, инновациялар және сұраныстың өзгерістеріне икемдену сияқты маңызды салаларға жататын қаржылық емес көрсеткіштерге де есеп берулерде көңіл бөлінуі керек. Құрылым бөлімшелердің әрекеттену көрсеткіштерін осы бөлімшенің қызметін өлшеу және басқару үшін қажетті жалпы параметрлердің бір бөлігі ретінде қарастырған жөн.

Компанияның ішінде бір жүйелі қызметтің барлық түрлері бір жетекшімен бақыланса, онда функционалдық ұйымдасутырушылық құрылым бөлімше пайда болдаы. Төменгі суретте осы функционалдық құрылым бөлімшенің схемасы берілген (1 сурет).

Бұл жерде берілген компания бес құрылым бөлімшеден тұрады: өндірістік, маркетингтік, қаржылықәкімшілік, сатып алу және зерттеу мен даярлау. Функционалдық ұйымда осы бес бөлімшенің еш басқарушысы өз бөлімшуесінен артық жауапкершілік алмайды. Мысалы, өндірістік бөлімше өнімнің барлық түрлерін дер кезінде аз шығынмен, талап еткен сапасымен шығаруға жауапты. Маркетинг бөлімшесі өткізуден түсетін барлық түсуімдерге және өнімді өткізумен байланысатын барлық шығындарға жауапты, бірақ жалпы пайданы есептемейді. Сатып алу бөлімшесуі шуикізатты төмен бағамен және өндірістік бөлімге қажетті сапасымен алуға жауапты.

Суреттен қарап отырсақ, маркетингтік қызмет түсу орталығы ретінде, ал қалғандары шығындар орталығы ретінде әрекеттенеді. Барлық түсімдер мен шығындар бас орындаушы директордың деңгейінде біріктіріледі./2/

2 суретте ұйымдастырушылық құрылымның орталықтары бөлінген схемасы көрсетілген.Мұнда ұйым өзінің шығару өнімінің түрлеріне сәйкес бөлшектенеді.















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау