Республики казахстан национальный центр тестирования итоговая аттестация



жүктеу 0,59 Mb.
бет3/20
Дата09.12.2023
өлшемі0,59 Mb.
#44634
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
2af5375edb8a4c43861fbd1658e10066

Чтение
1-мәтін.
Рахымжан Қошқарбаев
( 1924- 1988ж.ж.)
Рахымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып , Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тікті.
Рахымжан Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақтақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылып, Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балхаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберіледі.
1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. 1943 жылдың жазында офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды. Рахымжан осы топқа ілігіп, Фрунзе қаласында орналасқан офицерлік училищеге келеді.
Училищені 1944 жылдың қазан қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді.
Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-пәрменді армиясына 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жетті. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды. Осында «Гимлердің үйінде» барлау взводының командирі лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. «Гимлер үйі» мен Рейхстагқа дейін ара қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол өзінің солдаттарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағаттта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды.
Бұрынғыдай мұнтаздай, денесі тіп-тік, келбетті жігіт қалпы. Омырауын «Қызыл ту», «І-дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары ажарландырып тұрды. «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті.
«Халық қаһарманы» атағы Р. Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Рахымжан Қошқарбаев 1988 жылы дүниеден өткендіктен, Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия және майдандас досы Ж.Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Р.Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді. Оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты.

1.Рахымжан Қошқарбаев қандай ерлігімен бүкіл елге даңқы шықты?


A) Варшаваны азат еткені үшін.
B) Беларусь майданындағы ерлігі үшін.
C) Брестті азат еткені үшін.
D) Берлинді азат еткені үшін.
E) Бірінші болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тіккені үшін.
2. Рахымжан Қошқарбаевқа 2001жылы қандай атақ берілді ?
A) Кеңес Одағының Батыры.
B) Халық Батыры.
C) Халық қаһарманы.
D) Халық қалаулысы.
E) Халықтың қорғаушысы.
3. Рахымжан Қошқарбаевтың балалық шағы қалай өтті?
A) Жетімдік пен қиыншылықты көп көрді.
B) Бақытты өмір сүрді.
C) Жақындары туысқандары көп болды.
D) Ерке болып өсті.
E) Әкесімен бірге өмір сүрді.
4. Рахымжан Қошқарбаев ерлігінің маңыздылығы неде?
A) Батырлық және патриоттық мәнінде.
B) Еңбеққорлық мәнінді.
C) Ата дәстүрін дәріптеу мәнінде.
D) Ана тілін қастерлеу.
E) Әскери адамды құрметтеу мәнінде.
5. Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды көрсетіңіз
A) Ер үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.
B) Ердің екі сөйлегені – өлгені.
C) Ерлік – елдің сыны.
D) Батыр жарасыз болмас.
E) Ер – ырыстың кілті.

жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау