Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008.
Дәріс 5 Мемлекеттік билік пен мемлкеттік басқару: қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу механизмі
Мемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами дамудың рөлі
Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері
Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірбиесінің ерекшеліктері
1 Мемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами дамудың рөлі
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында егемендікке қол жеткізген Қазақстанға өз халқына лайықты әлеуметтік-бағдардағы қоғам құрудың өзіне берілген тарихи мүмкіндігін ұтымды пайдалану міндетін дұрыс атқару керек болды. Сол кездің өзінде-ақ елдің өркениетгі деңгейі қоғамдық дамудың перспективалы бағыттарын ұстану қажеттілігін саналы түрде әрі ғылыми негізде аныктауға мүмкіндік берді. Осы бағытта құкықтық мемлекет, азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканы құру идеялары, алдыңғы қатарлы елдерде ойдағыдай жүзеге асырылған оңтайлы тәжірибелер бағдарға алынды. Әлеуметтік мемлекет құру стратегиялық мақсат ретінде анықталып, еліміздің Ата заңында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды». Соған сәйкес мемлекеттің алдына шешуді талап ететін көптеген міндеттердің қойылуы заңды да.
Мемлекет кез келген қоғамдық-экономикалық жүйеде өзгеріссіз қалатын өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясымен қатар оңтайлы институционалдық-құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды және нарыктық механизм кемшіліктерінің орнын толтыруды өз міндеті етіп қояды. Өйткені, А.Смит тұжырымдағандай, аталмыш механизм кемшіліксіз емес және өзінің мүмкіндігінің шектеулілігіне орай халықтың сұранысын үнемі, бүтіндей және тиімді қанағаттандыра бермейді. Сондыктан да оның қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Ең алдымен олардың қатарына адами даму мәселесін жатқызу ләзім.
Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде мемлекеттіліктің қалыптасуы, тәуелсіздікті нығайту, экономиканы тоқырау жағдайынан шығару және ел ішінде тұрақтылықты сақтау үшін жағдай жасау маңызды басымдылықтар ретінде қарастырылды да, оларды орындау үшін жағдай жасау мақсаты алдыңғы орынға шықты. Осыдан барып адами фактор мәселесі екінші орында қалып, ал көп жағдайда ескерілмеді де. Сондыктан халқымыздың басым бөлігінің өмір сүру сапасының көрсеткіштері күрт төмендеп кетті. Оны қалпына келтіру үшін өте ауқымды шаралар кешенін жүзеге асыру, көптеген қаржы жұмсау, осыларға қажетті экономикалық мүмкіндіктерді пайдалану керек болды. Экономиканы, әлеуметтік сфераны және басқаруды қайта құрудың бастапқы кезеңдерінде жіберілген осы кемшіліктер адам мүддесін кейінге қалдырудың зияны ұшан-теңіз екенін, ал тұракты даму халыкты тиісті тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етпейінше мүмкін еместігін түсінуге алып келді. Өйткені, әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, қазіргі заманда қоғамның ілгері дамуының негізгі күші адамға, оның хал-жағдайына, көңіл-күйіне, білім мен біліктілігіне, жаңашылдық пен жасампаздық қасиеттеріне тығыз байланысты болып отыр. Осыған орай кейінгі жылдары әлеуметтік салалар мен адами дамуға да көңіл бөліне бастады. Күн тәртібінде тек экономикалық даму, оның тұрактылығын қамтамасыз ету мәселелері ғана емес, осының негізінде әлеуметтік жағдайды, ел тұрмысын айтарлықтай жақсарту міндеті тұрды. Ал, ол мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетіні белгілі.
Бүл саясат, әдетте, адамдардың әр түрлі қоғамдық, кәсіби, аумақтық және басқа да топтарын қамти отырып, мемлекеттің экономикалық саясатының шеңберінде жүргізілетін қызметінің нақты бағыты ретінде қарастырылады. ¥лттық табысты бөлгенде адами даму мүдделерін бірінші орынға қою әлеуметтік саясаттың негізгі мәселесі болып табылады да, қоғамның әрбір мүшесінің аса маңызды қажеттіліктерін толыктай қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік әділеттілік әлеуметтік саясатты іске асырудың басты шартын құрайды. Сонымен қатар оны іске асыру барысында қоғамның әрбір мүшесі (отбасы) өзінің тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық күш-жігерін жұмсауы керек екендігі ескеріліп, мемлекет соған құқықтық-ұйымдастырушылық негіз қалыптастырып отыруы керек екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Адами дамудың қалыпты және қоғам талап ететін моделі халық сұранысының қажетті материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз етілуін біртіндеп жақсартуды көздейді. Сондықтан да еңбеккерлердің табысының өсуін қамтамасыз ететін өндіргіш күштердің дамуы, материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз етілуі олардың өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіштеріне жатады. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, бірқатар дамыған елдерде табиғи және материалдық-қаржылық ресурстар олардың өркендеуінде маңызды рөлге ие болғанымен, еңбек пен оны ұйымдастыру өндірістің негізгі ресурсы ретінде қарастырылған. Мысалы, Жапонияда еңбек өнімділігі өндірістік қызмет тиімділігінің негізгі және қорытынды көрсеткішіне жатады. Бұл елде еңбекке, оның сапасына, осы фактордың ішкі жағдайына ықпалын тигізетін физикалық және рухани саулық, рухани байлық пен мәдениет, адамньщ жалпы және арнайы білім деңгейі, еңбек етуге психологиялық көзқарасы мен дайындығы, тәжірибесі және өзіндік дағдылары - осылардың барлығы еңбек етудің тиімділігін арттырудың, әр түрлі қызмет көрсетуді ұйымдастырудың алғы-шартын, басты негізін құрайды. Осыдан барып әлеуметтік-экономикалық даму аталған қасиеттердің әрбір адамның бойынан табылуын, сақталуын, одан әрі дамытылуынталап етеді. Сондықтан мемлекет өзінде бар барлық ресурстарын және қоғамдық даму үрдістерінің сипатына ықпал ету мүмкіндіктерін адами дамуды жақсарту жолына пайдаланады.
Адамдардың еңбекқорлық және ізденгіштік қабілетін дамыта алатын органы қалыптастыру мемлекеттің негізгі міндетіне жатады, өйткені тек осы жағдайда ғана игіліктерді өндіру мен адами дамуды жақсарту мүдделері бір арнада тоғыса алады. Экономикалық даму әрбір адамға өзінің қабілетін қоғамдық өмірдің барлық салаларында, атап айтқанда, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, саяси сфераларда барынша тиімді қолдануын қамтамасыз етуі қажет.
әлеуметтік және экологиялық салдарлары келер ұрпақтың даму жағдайына да айтарлықтай ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан қоғамның қажеттіліктерін келер ұрпаққа зиян келтірмей қанағаттандыруды жүзеге асырған жөн. Адамның тандау еркін кеңейту үрдісі бүгінгі ұрпақтың да, болашақ ұрпақтың да мүддесі тұрғысынан жүргізілуі қажет. Осыған байланысты мемлекет тарапынан атқарылатын қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру міндеті үлкен мәнге ие болады. Әлеуметтік және экологиялық проблемалар, ағымдағы және болашақтағы тұтыну арасындағы ымырашылдық кез келген елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму стратегияларының негізін құрауы қажет деп есептелуі жайдан — жай емес.
Барлық адам үшін тең мүмкіндіктер тек әлеуметтік саясатты жүргізу барысындағы мемлекеттің күш-жігерін және қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестірудің негізінде қамтамасыз етілуі мүмкін. Ол үшін үкімет толықтай халкының алдында есеп беретін негізі қаланған азаматтық қоғамды одан әрі дамытуы тиіс деген пікірдеміз.
Азаматтық қоғам - саяси жүйеден тәуелсіз әрекет ететін және оған ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастар мен институттардың және жеке индивидтер мен әлеуметтік субъектілердің қоғамдастығы. Өзге де азаматтармен тең занды құқыққа ие болатын, азаматқа айналған адам тұлғасының маңызының артуы азаматтық қоғамды құрудың маңызды алға шарты болып есептеледі. Өзінің қызметіне еркін мақсаттар қоя алатын және оларға жетудің тәсілдерін анықтайтын егеменді тұлға азаматтық қоғамның басты әрекет етуші субъектісі болып табылады. Оған ортақ мақсаттарды, мүдделерді, құндылықтарды жүзеге асыру жолында өзге түлғалармен қатынастар орнату және өзінің жеке басының мүддесін, оған ету жолдарын ортақ игіліктерге қызмет етуге бағыттау тән.
Әлеуметтік субъектілердің осындай түрін қалыптастыру арқылы накты институционалдық алғышарттар қажет, ең алдымен мақсаттарды білдіру үшін азаматтардың өзіндік ұйымдастырылуын мүмкін әрі заңды ете алатын демократиялық кұқықтар мен еркіндіктің болуы керек. Бірақ институционалдық алғышарттардың болуы жеткіліксіз. Одан өзге мәдени және әлеуметтік-психологиялық алғы шарттар қажет. Себебі осы үрдіске мәнді ықпал ететін, Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірнеше ерекшеліктері бар: біріншіден, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне бүкіл шешім қабылдауды әрдайым өзіне алған мемлекеттік билікке бағыну әдеті азаматтардың әлеуметтік психологиясында орныққан жәйт; екіншіден, халықтың санасында ұжымдық әрекет, бірігіп тіршілік ету әдеті басым; үшіншіден, халықтың негізгі бөлігінің ешқашанда шынайы меншік иесі болмауы. Осыған байланысты қазіргі кезде мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі тек стратегияны, жаңа заң актілерін және ережелерін әзірлеу ғана емес, сонымен қатар адамдардың оларға бейімделуіне жағдай жасау.
Азаматтардың экономикалық еркіндігі мен өз бетінше жұмыс істеуіне қол жеткізу, білікті, іскер қызметкерлерден мейлінше жоғары деңгейлі табысы бар «орта тапты» қалыптастыру азаматтық қоғамды кұру үшін үлкен мәнге ие болуда. Кейінгі жылдары елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы, қажетті жағдайлар жасалуда. Алайда бүл процесс оған мемлекет тарапынан тұракты көңіл аударуды қажет етеді. Мемлекет өз кезегінде азаматтарды құқықтармен қамтамасыз етіп ғана қоймай, сонымен бірге оны қолдану жолдарын түсіндіреді, олардың толықтай жүзеге асуына қолайлы жағдайлар жасайды.
Бүгінгі танда нарықтық қатынастардың қалыптасуында және тұракты адами дамуды қамтамасыз етуде мемлекеттің белсенді рөлінің аса қажеттілігі айқындалып отыр. Себебі кез келген қоғамның даму деңгейі ондағы адамдар мен әлеуметтік топтардың даму тенденциясы арқылы көрініс табатыны белгілі. Мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы адам баласының ғасырлар бойы көкейтесті арманы болғанымен, өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарында ғана кейбір алдыңғы қатарлы елдерде қалыптаса бастады. Соңғы жылдары бұл біздің еліміздің де экономикалық дамуының негізгі басымдығы, тұрақты бағытына айналды. Осы кезге дейін экономикалық мәселелердің ығында жүріп, оны түбегейлі шешкеннен кейін әлеуметтік саланы, адамды дамытуға бет бұратын уақыттың келгендігін Елбасы өзінің биылғы жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында атап өтті. Сондай-ақ аталмыш Жолдауда Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін арттыру қажеттілігін және оның жолдарын баяндап берді. Бұл өз кезегінде бүгінгі танда тұрақты адами дамуды қамтамасыз ету мәселесіне мемлекет тарапынан үлкен мән беріліп отырғандығының дәлелі болса керек.
2 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік пен толық мемлекеттік егемендікке қол жеткізген соң азаматтық қоғам мен құқыктық мемлекет құруға бағыт алды.
Өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің негізгі институттарының саяси-құқықтық мазмұны өзгерді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай парламенттік-президенттік басқару нысаны таза президенттік басқару нысанына айналды. Президенттілік институты мемлекеттік жүйеде негізгі орын алады, ол ел ішіндегі жағдайға, мемлекеттік биліктің барлык, үш тармағының келісіп жұмыс істеуіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына ықпал етеді.
Заң шығарушы билік институты да өзгерді. Бір палаталы Жоғары Кеңестен екі палаталы Парламентке ауысу жүзеге асырылды. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін зандар шығаруға хақылы.
Атқарушы билік Үкіметтің тікелей басшылық етуімен қызмет етеді, оларға күнделікті мемлекеттік басқару, заңдардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу, экономикалық реформаларды жүзеге асыру жүктелген.
Мемлекеттік биліктің жеке тармағы ретінде сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Жалпы және төрелік соттар бүгінде Жоғарғы сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді. Үш жыл (1992-1995) қызмет атқарған бұрынғы Конституциялық соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылды. Заң қорғау органдарының жүйесі де қайта ұйымдастырылуда. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттарын қалыптастыру аяқталуда, республикалық гвардия құрылған, мемлекеттік рәміздер бекітіліп, қолданылуда. Республика өзінің ұлттық валютасын енгізді.
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастыру және құқықтық мемлекет құру процестері жүзеге асырылуда. Құқықтық мемлекет құру дамудың бірнеше кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, қоғамнан, халықтан байсалдылық пен күш-жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз етуді, қоғамның заңдық және моральдық-адамгершілік негізін дамытуды қажет етеді. Құқықтардың жаңаруын жылдамдатуды, оны қолдану механизмін жетілдіруді ойластыру, азаматтардың оған құрметпен қарауын қалыптастыру, қоғамдағы нақты кұқықтық қатынастар мен басқа да заңдық байланыстарды іске асыру бойынша шараларды белгілеуді көздейді. Қалыптасқан құқықтық нигилизмді, яғни қүқықтың әлеуметтік құндылығын жоққа шығаруды, заңның талаптарын саналы түрде орындамауды жою, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, азаматтар тарапынан зандарға жеңіл-желпі қарап, немқұрайлық танытуын жою, адамдардың құқықтық санасын позитивті түрде қалыптастыру мемлекеттің негізгі міндеттеріне жатады. Мәселені осындай кешенді түрде шешу құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы болып табылады. Онда қоғам мен мемлекет өмірінің мәселелері занды түрде рәсімделген және бекітілген: азаматтың және адамның міндеттері мен бостандығы, құқығы, сонымен қатар мемлекеттің құрылу қағидалары мен қоғамның экономикалық негізі. Конституция заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізгі қайнар көзі болып табылады, кез келген органдар қабылдаған заң, Президент жарлықтары, Үкімет қаулысы, министрліктер бұйрықтары, жергілікті мемлекеттік органдар шешімі Конституция принципіне, идеяларына, нормаларына толық түрде сай болуы және солардың негізінде қабылдануы тиіс және оған қайшы келмеуге тиіс. Кез келген құқықтық актінің Конституцияға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл құқықтық актіні заңдық күшінен айырады, оны жарамсыз етеді.Конституция ережелерін, нормаларын сақтау талаптары тек мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар ғана емес, сонымен бірге азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер үшін де міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі бекітілген. Қазақстан мемлекетінің егемендігі келесі белгілер арқылы сипатталады: Қазақстан мемлекетінің өзінің Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстанмен шектесетін тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мемлекеттің аумағына қол сұғылмайды және бөлінбейді. Мемлекет аумағына баса - көктеп кіру агрессия болып саналады, ал ол халықаралық құкықпен жауапқа тартылады.
Конституцияда Қазақстан мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді делінген. Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Президент республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заң бойынша біздің мемлекет өз аумағының шекарасын құрлықта да, теңізде де, әуе кеңістігінде де Қарулы күштерімен күзетеді. Шекаралық әскер аумактың тұтастығына төнген кез келген қауіптерге, қаруланған баса-көктеп кіруге қарсы тұрып, халықты қылмыстық қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекеттік биліктің жогары органдарының болуы егемендіктің негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет басшысын -Президентті халық сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сырткы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармактарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазакстан Республикасының Парламенті екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұратын, заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып саналады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Қазақстан Ресггубликасының Үкіметі республиканың бүкіл аумағында атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол орталық органдардан - министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден, комиссиялардан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан - облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктерден тұратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың өкілеттіктері занда, сонымен бірге арнайы ережелерде анықталады.
Сот билігін арнайы құқық қорғау органдары: соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура жүзеге асырады. Олардың құрылымы, өкілеттіктері арнайы заңдарда анықталады.
Республика азаматтығы да егемендіктің белгісі. Азаматтық мәселелері Конституцияда, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» занда, заң күші бар Президент жарлыктарында аныкталған. Азаматтық - мемлекеттің адамдармен тұрақты саяси байланысының көрінісі. Осындай байланыстардан мемлекет пен азаматтардың өзара құқыктары мен міндеттері туындайды. Мемлекет, оньщ органдары өзінің азаматтары өз бостандыктары мен құқыктарын қолдана алуына жағдай жасауға міндетті. Азаматтар, кез келген адам Конституция мен зандарды сақтауға, мемлекеттік тілді, Қазақстанда тұратын барлық ұлт азаматтарының тілдерін құреттеуге, олардың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын қадірлеуге, ел экономикасының нығаюына ат салысуға міндетті.
Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзара қатынасқа түсе алу қабілеттілігі - бұл да егемендіктің маңызды белгісі. Қазақстан БҰҰ-ның, тағы да басқа халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Республика көптеген шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасын бекітті. Ол саяси, экономикалық, мәдени мәселелер бойынша халықаралық келісім шарттарға отырады. Ел Конституциясына сай келісімшарттар жасау өкілеттігі Республика Президентше, Парламентке және Үкіметке жүктелген.
Егеменді мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы тарихи қазақ жерінде құрылды. Яғни, қазактар осы аумакта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос ретінде табиғи және занды түрде мемлекетке өздерінің тарихи атауын берген. Сонымен бірге қазақ тілінің мемлекеттік болуы да түсінікті. Ал орыс тілі ресми түрде мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жұрттың барлығына тең құқыктар берілген, түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі үшін құқықтық негіз қаланған. Сондықтан Қазақстан Республикасы - осы елде тұратын барша халыктың мемлекеті. Бұл Ереже Конституцияда жазылған мемлекет және оның органдарының қызмет ету қағидаларымен бекітілген. Біріншіден, мемлекет, оның органдары өз қызметтерінде үнемі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс. Қоғамдық келісім - Қазақстанда тұратын түрлі ұлттық топтар, халықтың түрлі жіктері арасындагы қарама-қайшылықгы, қарсы тұруларды болдырмау. Мұндай келісімді қамтамасыз ету қоғам тұрактылығының, әркімнің тыныш білім алуға, еңбек етуге және өмір сүруге сенімді болуының кепілі. Екіншіден, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын қоғамның экономикалық дамуын қамтамасыз ететіндей жүргізуі тиіс. Мұндай даму қандай да бір топтың ғана емес, Қазақстанда тұратын бүкіл халыктың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға багытталуы тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттік органдар мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуі тиіс. Бұл жеке жағдайларда, мысалы, Конституция өзгерсе халық оны референдумда шеше алады дегенді білдіреді. Референдумды өткізу тәртібі арнайы заңмен қарастырылған.
Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаты - демократиялық мемлекет құру. Барлық азаматтардың ұлтына қарамастан тең құқыкты негізде бірігуі оны құрудың басты шарты болып табылады. Конституцияда қолданылған «халық» деген түсінік осы интернационалдық идеядан туындаған. Саяси-құқықтық мағынада халық деп - ел ішіндегі барлық саяси шараларга қатысуға құқығы бар кәмелетке толған азаматтарды айтады. Мысалы, Конституция мен Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Президент жарлығына сай азаматтар, саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжіліс депутатына өздерінін кандидаттарын еркін түрде ұсына алады. Оларға қарсы немесе қолдайтын үгіт-насихаттарын жүргізе алады. Барлық саяси паргиялар тең құқықты, олардың ешқайсысына жеңілдік болмаса артықшылық көрсетілмейді. Азаматтар өз еріктері бойынша осы не басқа саяси партияға, депутаттыққа ұсынылған кандидаттарга қолдау көрсетуі немесе көрсетпеуі мүмкін. Бұл бүкіл халыктың ойын білдіруге мүмкіндік береді. Азаматтар еш мәжбүрлеусіз Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде өз дауыстарын кімге беретіндіктерін ерікті түрде өздері шешеді.
Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ісіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол берілмеуі демократияның көрініс алуы болып табылады. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың мәдени, діни, тіл және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, заңдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты тудырмауы керек. Олардың жұмысы мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруте, конституцияльіқ құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстанның аумактық тұтастығын бұзуга бағытталмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Елде азаматтар өздерінің діни сенімдерін қанағаттандыратын түрлі діни қоғамдар қызмет етеді. Азаматтар қандай да бір дінді мойындауға немесе мойындамауға ерікті. Дін 'мемлекеттен бөлек, бұл біріншіден, мемлекеттің қандай да болмасын діни идеологияны мойындамайтындығын, екіншіден, мемлекеттік оку орындарында (мектеп, институт) діни ілімдерді насихаттауға тыйым салынатындығын, үшіншіден, Республикада саяси діни негізде партиялардың құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейтіндігін білдіреді.
Қазақстан халқының алдына қойған мақсаты - құқықтық мемлекет құру. Құқықтық мемлекетте заңдар бүкіл халықтың накты еркін білдіреді. Барлық адамдар, жоғары лауазымды тұлғадан бастап қатардағы азаматқа дейін заңдардың бүкіл халық мүддесі үшін қабылданып қызмет ететінін, зандар кез келген адамның құқығы мен бостандығын қорғайтындығын, заңдардың адамдардың оқуы, семья құруы, жұмыс істеуі, таңдаған іспен айналысуы, қалыпты өмір сүруі үшін табыс табуы, өзін еркін сезінуі, қоғамдық өмірге қатысуы үшін керек қоғамдық тәртіпті бекітетіндігін түсінуі қажет. Сондықтан азаматтар, лауазымды тұлғалар заң талаптарын қатаң түрде ұстануға міндетті. Азаматтар бұзылған құқыктарын өздері қорғай білуге үйренуі қажет. Ол үшін соттар объективті болуы және азаматтар өздерінің құқықтарын кім бұзса да: қатардағы азамат болсын немесе кез келген деңгейдегі лауазымды тұлға болсын құқыктарын қорғау үшін сотқа шағымдануы қажет.
Қазақстан Республикасында Конституцияда белгіленгендей әлеуметтік мемлекет құрылуда. Бұл Конституция мен заңдарға сай халықтың ешқандай таптарға бөлінбейтінін білдіреді. Мемлекет халықтың барлық тобын өз қамқорлығына алады: шаруаларды, жұмысшыларды, кәсіпкерлерді, зейнеткерлерді, оқытушыларды және т.б. Қоғамның ең әлсіз қорғалған мүшелеріне - балалар мен аналарға, мүгедектер және қарт адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіледі. Мемлекеттің әлеуметтік сипаты жастар, зейнеткерлер туралы ерекше заңдарды қабылдауда, сонымен қатар, Президент, Үкімет, арнайы органдар қызметінде де көрініс табады.
Еліміздің Ата заңында көрсетілгендей «Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындагы біртұтас мемлекет». Мемлекеттің біртұтастығы оның әкімшілік-аумактық бірліктерден тұратындығын және автономияға бөлінбейтіндігін білдіреді.
Қазақстан Республикасьшың Президенті — мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Конституция бойынша Президент Қазақстан халқының бірлігін кепілдендіретін лауазымды тұлға болып табылады, яғни ол халықтың түрлі ұлттық топтарымен әр түрлі жіктері арасында қайшылыктың туындамауын қамтамасыз етеді. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармактарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Президент азаматтар мен адамның құқықтары мен бостандыктарының кепілі ретінде қызметін атқарады. Парламент ұсынған заңдарға қол қояды немесе ол заңдар Конституцияга қарама-қайшы келсе, қайта қарастыруға қайтарады. Президент Конституцияда қарастырылған жағдайлар бойынша заң күші бар жарлықтарды қабылдайды. Егер Парламент өз міндеттерін орындай алмаса, онда Президент оны тарата алады. Президент Үкімет қүрамын бекітеді, сонымен бірге оны отставкаға жібере алады. Барлық айтылғандар басқарудың Президенттік жүйесін сипаттайды.
Сонымен қатар Ата заңымызда биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөліну принциптері бекітілген. Заң шығарушы билікті Парламент, ел аумағында атқарушы билікті -Үкімет, сот билігін — Жоғары сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің тармактар болып табылады. Мемлекеттік биліктің әр тармағы өз функциясын өзі атқарады және олар бір-бірінің қызметтеріне араласпауы тиіс. Егер ондай жағдай орын алып жатса, онда тежемелік әрі тепе-тендік механизмдерін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметті отставкаға жіберу туралы, Президентті қызметінен кетіру туралы мәселелер қарайды, ал Президент Парламентті тарата алады.
Мемлекеттің атқарушы органдарына Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, жергілікті әкімшілік (об-лыстық, қалалық, аудандық, ауылдық (селолық) және құқық қорғау органдары кіреді. Мемлекеттік органдардың әр буыны туралы ерекше заңдар бар. Мысалы, прокуратура туралы Конституциямызда оның мемлекет атынан еліміздің аумағында зандардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің және тағы басқа әрекеттердің зандылығын жіті қадағалауды жүзеге асыратындығы айтылған. Құқыктық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдары да үлкен рөль аткарады. Олардың міндеттері занда анықталған. Адам құқығын, қоғамды, мемлекетті ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауда ұлттық қауіпсіздік органдарының алатын орны ерекше.
Дәріс №5.Студенттердің өзін-өзі тексеру тапсырмасы
Достарыңызбен бөлісу: |