Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2011
Модуль 3 Мемлекеттік басқарудағы заңдылық және аумақтық ұйымдастыру
Дәріс №7. Мемлекеттік басқарудағы қатынастарды құқықтық реттеу
Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері
Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
Мемлекеттік-құқықтық ілімдер тарихында құқық белгілі нысанда қабылданатын заңның алғышарты ретінде қарастырылады. Құқық адамдардың коғамдық және жеке іс-әрекеттерін реттеудегі қажеттіліктерімен және мүдделерімен байланысты. Ол тұлғаның бостандығын, адамгершілікті, әлеуметтік әділеттілікті, қоғамдық процестердің тарихи тұрақтылығы мен беріктігін қамтиды. Яғни, құқық билік етуші топтардың, монархтың еркі емес, солардың қалауы бойынша пайда болмайды, жоғары мемлекеттік билік (парламент немесе президенттің) бекіткен жай заң емес, адамдардың ынтымақтастығын, бір-біріне байланыстылығын білдіретін олардың сана-сезімінің, мінез-құлқының қызметтерінің және қатынастарының белгілі құрамдас бөлігі (компоненті).
Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің зандық күшіне ие болады (мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асады), немесе адамдардың құқықтық сана-сезімдерінде, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі міндеті бар:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндеттерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орыңдалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауга) бағытталады. Жаман қатынастарға тыйым салу.
Құқыктық реттеу әлеуметтік, нормативтік және тәжірибелік аспектілердің бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым-қатынасын емес, олардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатқа ие болады. Ол адамдардың сана-сезімдерінде олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселелердің қалыптасуымен байланысты. Болашақта қолданыста болатын тәртіп нормасынан (ережесінен) тұратын құжатты әзірлеу өткен кезендегі ақпараттар (қажеттіліктер, мұқтаждықтар), белгілі бір әлеуметтік игіліктерге деген сұраныстар негізінде жүргізіледі. Сондықтан құқықтық реттеу әлеуметтік мағынада болжамдық сипатқа ие болады, яғни адамдар өздерінің ертеңгі күнін «құра» алады. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның еркін тіршілік-әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділеттілікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланыстарға сай болуы керек. Ол ғылыми тілде заңға сәйкес келушілік (легитимность) және заңдылық түсініктерімен сипатталады. Егер заңдылық іс-әрекеттің заң нормаларының талаптарына сай болуымен анықталса, легитимділік (заңға сәйкес келушілік) заңның құқық мәнісіне сай болуының, яғни заңның қаншалықты қоғамдық өмірдің объективті негіздеріне сәйкес келетіндігін және сол арқылы адамдардың сенімін тудыратынын білдіреді.
Нормативтік аспект дегеніміз - адамдар әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, занды түрде бекіту. Оның элементтері: 1) гипотеза-өмірдегі карым-қатынастар мен әр түрл і жағдайлардан туындайтын нормалардың бір бөлігі; 2) диспозиция — іс-әрекет (тәртіп) ережесінің мән-мазмұнын анықтайтын субъектінің занды құқықтары мен міндеттері; 3) санкция - тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезасының орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норманың бір бөлігі.
Құқықтық реттеудің тәжірибелік аспектісі заң нормаларының арнайы мемлекеттік-ұйымдық құрылымдар арқылы жүзеге асырылу барысын білдіреді. Осы жерде құқықтық реттеудің аталған аспектісінің ең күрделі екендігін атап өткен жөн, себебі кейбір қабылданған нормаларды, әсіресе адамның мінез-құлқын (тәртібін) және іс-әрекетін өзгертуді талап ететін нормаларды қоғам мүшелерінің бәрі бірдей орындауға ниет білдіріп, оларды оң қабылдай бермейді. Көбінесе нормативтік талаптардың ескеріліп, оларды адамдардың орындауы үшін тиісті мемлекеттік құрылымдар тарапынан ықпал ету қажет болады. Құқықтық реттеу қандай да бір жүріс-тұрыс нормалары (ережелері) қабылданған (бекітілген) кезде емес, осы нормалар нақты өмірде басшылыққа алынып және олардың мән-мағынасына сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекет жүзеге асқанда туындайды. Осыған орай құқықтық реттеудің ұтымдылығы мен тиімділігі маңызды алғышарт ретіндегі занды нормалардың мазмұнымен емес, олардың нақты жүзеге асырылуымен, адамдардың қарым-қатынастарына, сана-сезіміне, жүріс-тұрысына, қызметіне тікелей әсер етуімен және тіршілік ету процестерін өзгерту қабілетімен анықталады.
Сонымен құқыктық реттеу адамдар әрекетінің занды нормаларын, ережелерін анықтаумен байланысты болатын мемлекет қызметінің бір түрі. Ол әлеуметтік жағынан негізделген, тиімді жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс және іске асырылуы қажет.
2 Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық процестерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, құралдарын және процедураларын негізінен занды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.
Құқықтық реттеудің объектілерін құрайтын мемлекеттік және қоғамдық өмірдің бірнеше аспектілерін атап өтуге болады: . 1. Мемлекет пен қоғам, азаматтар арасындағы қатынастар;
2. Мемлекеттік органдар арасындағы билік бөлінісі және олардың құқыктық мәртебесін анықтауға байланысты қалыптасатын қатынастар;
2.1.Мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын, рөлін, функциясын және мақсат-міндеттерін аныктау;
2.2.Мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымын заңды түрде бекіту;
3. Мемлекеттік-басқарушылық процеске қатысушы адамдар арасындағы қатынастар, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты және өздерінің қандай да бір мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну барысында қалыптасатын қатынастар. Жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік басқару басқарушылық қатынастарды орнатушылардың ерік қалауынан тәуелсіз болатын, міндеттілік сипаттағы құбылыс. Ондағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазым иелері белгілі бағытта, нақты қызмет түрін атқаруға міндетті, себебі оларға адамдардың тіршілік-әрекетінің мемлекеттік, қоғамдық және жеке мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан өкілеттіктер берілген. Мемлекеттік басқарудьщ мәні оның басқарушылық ықпалының басқарылатын объектілерде басқаруға қажеттілік туындаған жағдайда ғана қалыптасып, жүзеге асырылатындығында. Сондықтан мемлекеттік басқаруда тиісті органдардың қызмет ету аясы мен бағыты занды түрде белгіленуі тиіс.
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекеттік органның құқықтық мәртебесіне (статусына) басты мән бе-ріледі. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі занды мағынаға не болатын үш элементтен тұрады. Оған біріншіден, мемлекет органдарының біртұтас жүйесіндегі жеке мемлекеттік органның алатын орнын және өзіндік мән-мағынасын, болмысын жатқызуға болады. Мемлекеттік органның қай билік түрін (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі) атқаратындығы, қай деңгейде (орталық, жергілікті) орналасатындығы және атқарушы биліктің мамандандырылған кіші жүйелерінің қайсысына жататындығы оның құқықтық мәртебесінің анықталуына негіз болады. Және аталмыш белгілер органдардың тік және көлденең өзара қарым-қатынас тәртібін, бағынушылық үлгісін айқындайды. Осыған байланысты мемлекеттік органның қарастырылып отырған құқықгық мәртебесінің осы элементі тиісті органның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын және мемлекеттік-құқықтық мән-мағынасын айқындауға және сипаттауға арналған. Мемлекеттік органның құзіреті, яғни жекелеген басқарылатын объектілерге қатысты атқаратын басқарушылық қызметтері мен өкілеттіктері жиынтығының занды түрдегі көрінісі оның құқықтық мәртебесінің екінші элементін құрайды. Мұнда нақты мемлекеттік орган үшін басқарушылық қызметтердің жиынтығы, оның сәйкес өкілеттіктері, басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру нысандарын, әдістерін қамтитын өкілеттіктер құрамы, басқарылатын объектілер мен қаралатын мәселелердің тізімі болмаса олардың қызмет ету жағдайлары заңды түрде бекітіледі. Мемлекеттік органның құқықтық статусының үшінші элементіне оның ұйымдық құрылымының, қызмет ету нысандарының, әдістерінің және процедураларының занды түрде бекітілуі жатады. Себебі, мемлекеттік органның өкілеттіктерін жүзеге асыру сол органның сәйкес ұйымдық құрылымын (штаттық кестесін), оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің құқықтық ұйымдастырылуын талап етеді. Әрбір мемлекеттік органның құзіреті бекітілген құқыктық нысандарда және процедураларда құқықтық әдістерді қолдану арқылы нәтижелі түрде тиісті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылуы қажет. Жалпы құқықтық реттеу объектісінің құрамдас бөліктеріне мемлекеттік басқарудың мақсаттары, функциялары, құрылымы, нысандары, әдістері, кезеңдері, процедуралары және қағидалары жатады.
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде оның объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес тиісті әдістер қолданылады. Құқықтық реттеудің әдістері басқарушы жүйенің әлеуметтік-құқықтық салаға әсер егуінің занды тәсілдері мен құралдарының жиынтығынан тұрады. Олар: 1) орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация әдісі), мұнда реттеу жоғарыдан төмен биліктік-императивтік негізде мемлекеттік билік органдары арқылы жүргізіледі; 2) орталықсыздандырылған, диспозитивті реттеу, мұнда құқықтық реттеу пікір алмасу, келісім жасау, бірлескен актілер қабылдау арқылы жүргізіледі.
Басқарушылық процестердегі (және қатынастардагы) іс-әрекетті анықтайтын құқықтық нормалардың мән-мағынасы басқарушылық қатынастарға қатысатын тұлгаларға құқықтық норманың ықпал етуінен тұратын құқықтық реттеу тәсілдеріне байланысты болып келеді. Құқықтық реттеу тәсілдері: позитивтік міндеттеу - тұлғаларға накты оң іс-әрекеттер жасауды тікелей міндеттеу; тыйым салу - қандай да бір іс-әрекеттерді орындамауға міндеттеу; рұқсат ету - тұлғалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін атқаруына құқықтарын қамтамасыз ету. Аталмыш тәсілдердің барлығы мемлекеттік басқаруды құкықтык реттеуде қолданылады, бірақ олардың ішінде позитивтік міндеттеу тәсіліне негізгі басымдық беріледі. Себебі, мемлекеттік органға берілген құзіретке міндеттілік сипатқа тән және оның құзіретінде жазылғандардың барлығы да міндетті түрде атқарылуды қажет етеді. Мемлекеттік органдардың азаматтық құқық субъектілерінен айырмашылығы да осында, өйткені мемлекеттік басқару конституциялық және әкімшілік құқық нормаларымен реттеліп отырады.
Сонымен бірге құқықтық нормалардың мәніне сай құқыктық реттеу барысында қолданылатын заң нормалары ғылыми әдебиетгерде төмендегідей жіктеледі: адамдарға құқық беру және оларды, міңдеттеу арқылы тікелей қоғамдық қатынастарды реттеуге1 бағытталған, нүсқаулардан тұратын реттеуші нормалар; заң алдында жауапкершілік шараларын және санкцияны қолдану тәртібін белгілеуге бағытталған қорғаушы (сақтаушы) нормалар; реттеуші және қорғаушы нормаларды толықтыру қасиетіне ие болатын мамандандырылған нормалар, олар өз кезегінде мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нысандары мен анықтамалары келтірілетін анықтамалық-пайымдық, яғни дефинитивтік нормалар; қағидаттық (принципті білідіретін) нормалар; актілердің күшін білдіретін оперативтік (жеделдік) нормалар; нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін коллизиялық нормалар; нормалар (ережелер) мазмұны бойынша факуль-тативтік, ұсыныстық, ситуациялық, баламалық болып бөлінеді.
Сонымен, мемлекеттік-басқарушылық ықпалдарды қалыптастыру және жүзеге асыруды қамтамасыз етумен байланысты болатын мемлекеттік-құқыктық институттар (элементтер), адамдардың сана-сезімі, тәртібі (мінез-құлқы) және қызметі мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің объектілерін құрайды. Осы объектілерге сай құқықтық реттеу әдістерінің ішінен мемлекеттік органдардың құқықтык мәртебесін және олардың қызмет ету процестеріне нақтылық, мақсатты бағыттылык, бірізділік сипат беретін құралдар, тәсілдер, амалдар, нормалардың құрылымы қолданылады. Сондықтан көп жағдайлар осы құбылыстардың бәрі занды түрде көрініс табатын және бекітілетін құқық нысандарына тәуелді.
Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазымдардың құкыктық жағдайын айқындау мақсатында қолданылатын құқық нысандарының оларға қажетті құрылымдық ұйымшылдық, атқаратын қызметтеріне ұтымдылық, өзара іс-әрекеттеріне жүйелілік сипат беруде маңызы зор. Мемлекеттік басқару элементтеріне, басқарушылық процестердегі адамдардың жүріс-тұрыс ережелеріне (нормаларына) мәртебелік (статус) сипаттама беретін құқықтық нормалардың құқықтық күші неғүрлым жоғары болса, соғұрлым мемлекеттік басқарудың тұтастығын қамтамасыз етуге және оның ұйымдық құрылымының әр түрлі деңгейлері мен кіші жүйелерінің басқарушылық ықпалдарын үйлестіруге мүмкіндігі мол болады. Сонымен қатар құқықтық реттеу нысандары өздерінің сипаты, мазмұны жағынан үйлесімді болып, нәтижесінде мемлекеттік басқаруды құқыктық реттеу жүйесін құруы қажет. Сондықтан орындалуының нәтижесінде мемлекеттік-ұйымдастырушылық құбылыстар, процестер, қатынастар ретке келтірілетін құқықтык ретгеу нысандарына біркатар талаптар қойылады: а) құқық нормаларын дер кезінде қабылдау; ә) құқықтық реттеу нысандары тұрақты болуы тиіс; б) құқық нормаларының өзара байланыстылығы және кешенділігі.
Құқықтық реттеудің ең негізгі нысаны - мемлекеттің конституциясы және одан туындайтын әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар, нормативтік-құқықтық актілер, Президенттің шығаратын түрлі жарлықтары, өкімдері. Заң шеңберінде құқықтық нормативтік актілер жалпы мемлекеттік, ведомстволық, жергілікті, локальдық немесе ішкі ұйымдық болып бөлінеді. Жалпы мемлекеттік нормативтік актілер жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарады. Оларды мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органдар бекітеді (президент, парламент, үкімет). Жекелеген ведомстволардың заң негізінде жасаған нормативтік актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді. Жергілікті нормативтік актілерді жергілікті жерлерде мемлекеттік биліктің аумақтық органдары мен басқармалары немесе өзін-өзі басқарудың жергілікті органдары шығарады. Олардың ықпалы мен әрекеті сол өлке, облыс, қала, аудан, кент, ауыл аумағында тұратын адамдарды түгел қамтиды. Локальдық немесе ішкі ұйымдық нормативтік актілерді жекелеген кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің ішкі істеріндегі мәселелерді шешу мақсатында шығарады. Бүл актілердің ықпалдары мен әсерлері тек осы ұжым мүшелері болып табылатын адамдарды ғана қамтиды.
Құқықтық реттеу нысандарына сәйкес құрылымы қалыптасады:
1. Конституция мен заң шығару негізінде бекітіліп, объективті түрде қалыптаскан;
2. Мемлекеттік басқару қатынастарының сипатына қарай:
2.1.3аң шығару арқылы реттеу;
2.2.Мемлекеттік басқарудың бірқатар элементтерін жергілікті басқару органдары арқылы нормативтік айқындау;
2.3.Жалпы (орталық) атқарушы билік аркылы ішкі жүйелік нормативтік реттеу;
2.4.Аумақтар шеңберіндегі халықтың еркін білідіретін өзін-өзі басқаруға негізделген реттеу;
2.5.Құқықтық қорғау негізіндегі реттеу.
Қорыта айтқанда құқықтық реттеу процесі жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс, яғни құқыктық нормаларды қабылдау уақыты, мазмұны, зандық күші және оларды жүзеге асыратын органдар арасында өзара тығыз байланыс болуы қажет.
3 Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
Заңдылық дегеніміз қолданылып жүрген құкық нормаларын оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен барлық жеке және занды тұлғалардың) қатаң және бұлжытпай сақтауы. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудағы заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру әдісі ретінде, қоғамдық-саяси емірдің режимі ретінде, түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылады. Зандылықтың өзіне тән маңызды белгілері бар, атап айтқанда, тұтас мемлекетті, барлық мемлекеттік және жергілікті басқару құрылымдарын толық қамтитын бірыңғайлығы, әр түрлі жағдайларда түрлі адамдар мен ұйымдық кұрылымдардың оны бірдей түсініп, орындайтындығы, жаппай қамтитындыгы, яғни мемлекеттік басқарудағы зандардың тек мемлекеттік, жергілікті органдарына, ондағы қызметкерлерге ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға, азаматтарға таралуы, оның кепілдік беру мүмкіншілігі әрі тұрақты болуы.
Мемлекеттік басқарудағы зандылықты қамтамасыз ету ең алдымен, мемлекеттік билікті қалыптастыруға байланысты. Зандылық биліктің бірден бір құрылымы заңнан жоғары тұра алмайтындай жағдайда қалыптасады. Бұл билік бөлінісі арқылы қамтамасыз етілуі тиіс, яғни заң шығарушы органдар атқарушы биліктің қызметін, ал атқарушы билік өзара бірін-бірі бақылауы қажет.
Құқықтық мемлекетте басқару ісіндегі зандылықты қамтамасыз етуде біріншіден, сот билігі (Қазақстан Республикасының жоғары соты, жергілікті соттар, конституциялық кеңес, прокуратура), екіншіден, атқарушы билік, үшіншіден, халықтың саяси белсенділігі маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік баскаруда заңдылықты қамтамасыз ету құралы ретінде бақылау механизмдерін атауға болады. Олар арқылы басқару шешімдерінің заңға сәйкестігі анықталады. Бақылау механизмдерінің түрлері:
1. Сыртқы бақылау - бұл аткарушы биліктің бір органының екіншісін бақылауы;
2. Жалпы бақылау жоғары органның сәйкесінше төменгісін қадағалауы;
3. Мамандандырылған сыртқы бақылау, мысалы, кедендік бақылау, халық тұтынатын тағамдар мен тауарлардың сапасын бақылау, монополияға қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, радиациялық-экологиялық, жол қозғалысын бақылау;
4. Ішкі бақылау - мемлекеттік органдарда жетекшілерінің, арнайы топ бөлімдерінің бақылау функциясын атқаруы.
Зандылықты қамтамасыз етуде халыктың саяси белсенділігі дегеніміз өзінің заңды мүдделерін, Конституция бойынша кепілдік берілген құқықтары мен бостандыктарын қорғауға багытталған әрекеті. Сондай-ақ басқарушы органдардың заңға қайшы келетін шешімдеріне наразылық білдіруі. Бұл тұрғыда халыктың белсенділік танытуы демократиялық-құқыктық мемлекет құрудың кепілі болып табылады.
Мемлекеттік басқаруда зандылық бір жағынан, болашақтағы қоғамдық қатынастардың логикалық моделін жасау мен оны заң нормаларында бекіту ретінде қалыптасса, екінші жағынан, заң нормаларын іске асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың нақты жағдайы ретінде көрініс табады. Заңдылықтың осы екінші жағдайда қалыптасуы құқықтық реттілік түсінігін білдіреді және ол мемлекетте, қоғамда, адамдар арасында болатын, олардың қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын қамтамасыз ететін тұрақты құқыктық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. «Зандылық» және «құқыктық реттілік» түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Алайда олардың арасында белгілі шек бар. Құ-қыктық реттілік зандылық талаптарының орындалу деңгейін сипаттайтын заңдылыктың нәтижесі болып табылады. Егер заңдылық белгілі талаптар қоятын, қоғамдық-саяси өмірдің тәртібін білдірсе, құкықтық реттілік — сол талаптарды орындау нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың тәртіпке келтірілген нақты «құқықтық жағдайы», бір қалыпты құқықтық өмірді білдіреді. Мемлекеттік басқаруда құқықтық реттіліктің сақталмауы қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың орын алып, кеңінен таралуына себепкер болады.
Мемлекеттік басқаруды тиімді ету үшін зандылық пен құқықтық реттіліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Оған мәжбүр етуден гөрі әркімнің өзі түсініп, саналы түрде орындау арқылы қол жеткізген абзал. Ал бұл мемлекеттік басқарудағы тәртіпке байланысты.
Тәртіп — әр адамның келісілген ережелерді, нормаларды орындау, пікір алмасу, нақтылы бір тапсырмаларды атқару процедураларын мойындап, қатаң сақтауында тұратын қоғамдық байланыстар нысаны. Ол заңдылықпен тығыз байланысты, әрі оны қамтамасыз ету құралы болып табылады. Мемлекеттік басқарудағы тәртіп басқару шешімдері мен іс-әрекеттен және пікір алмасулардан байқалады. Ол көптеген құрылымдардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыратындықтан мемлекеттік басқарудың жүйелілік көрсеткішін, басқарушылық күш-жігер мен ресурстардьщ өнімділігін арттыратындықтан ұтымдылық көрсеткішін, басқарушылық ықпалдарды үйлестіретіндіктен, олардың адамдарға әсерін арттыратындықтан тиімділік көрсеткішін қалыптастырады.
Тәртіптің жеке іс-әрекеттерде көрініс алуынан (жұмысқа уақытында келу, құжатты уақытында дайындау мен жіберу және т.б) әрбір мемлекеттік орган белсенділігінің тұтас нәтижесі қалыптасады, ал одан- қоғамдық процестерді мемлекеттік басқару деңгейі туындайды.
Тәртіп мемлекеттік орган қызметкерлерінің тиісті басқарушыға бағынатындығын, басқарушылық шешімдерді орындайтындығын, өздерінің лауазымдық функциялары мен өкілетікгеріне жауапкершілікпен қарайтындығын білдіретін орындаушылық мазмұнға не болады. Орындау тұлғаның өзіне, оның ұятына, сонымен бірге сыртқы жағдайларға: басқарушылық қызмет шамасы мен нұсқауларының сапасына, басқарушылық ақпараттың толықтығына, қызмет орнының техникалық қамтамасыз етілуіне, ұйымдық құрылымның тиімділігіне, кадрларды дайындаудың жалпы және кәсіби деңгейіне, мемлекеттік қызметті моральдық және материалдық ынталандыруды ойластыруға, ұжымдағы моральдық-психологиялық климатқа байланысты.
Мемлекеттік басқарудағы тәртіп түрлері бағытталуы мен мазмұнына қарай: 1) жалпы жоспарлы; 2) келісімді; 3) қаржылық (бюджеттік, ақша айналымы, банк қызметі, салық, несие, инвестициямен байланысты); 4) қызмет тәртібі; 5) есептік-статистикалық; 6) еңбек тәртібі; 7) штаттық тәртіп; 8) оку тәртібі болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару қанда да бір формациялық қоғамда жүзеге асса да ол жоспарлылықтан және оны қамтамасыз ететін жоспарлы тәртіптен тыс бола алмайды. Бұл жерде сөз алға негізделген мақсаттарды қоюдың қалыпты процесі мен оларға қол жеткізу үшін келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру туралы болып отыр. Мемлекет қоғаммен тарихи уақыт шеңберінде өзара іс-әрекет жасайды және оның сенімді болжаусыз, бағдарламасыз және жоспарсыз, қандай да бір шешім қабылдауға құқығы жоқ. Ал бұл жоспарлар мен жеке жоспарлы тапсырмаларды құру мен оларды орындаушыларға жеткізуде белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігін, жоспарлы көрсеткіштердің, тапсырмалар мен нормативтердің орындалуын ресурстық қамтамасыз етілуін, әр түрлі басқарушы субъектілер мен басқарылатын объектілердің арасындағы қызметтің мерзімі мен тәртібін келісуді білдіреді.
Қызмет тәртіб— мемлекеттік қызмет бойынша міндеттер мен құқықтарды, атқаратын мемлекеттік лауазым бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жауапкершілікпен әрі адал орындау.
Штат тәртібі - тиісті органдарды ұйымдастыруда белгілі типтік модельдерді ұстануды білдіреді. Басқарушы өзінің аппаратының құрылымын қалыптастыруда кейбір бостандықтарға ие болғанымен де, іс жүзінде тексерілген ұсыныстар, тәжірибелерді елемеу, ескермеу мақсатқа сай емес.
Еңбек тәртібі - еңбек келісімі мен еңбек заңдарының шарттарына сәйкес мінез-құлықты, жүріс-тұрысты анықтайды.
Оқу тәртібі - мемлекеттік басқару қызметкерлерін оқытуда ұйымдастырушылық және әдістемелік ережелерді сақтауды көздейді.
Сонымен мемлекеттік басқарудағы зандылық әлеуметтік -құқықтық құбылыс ретінде құқықтық реттеу, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету, басқару мамандарын даярлау, олардың біліктілігін арттыру, халықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәріс №7.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Құқықтық реттеу тәсілдерін көрсетіңіз:
A. өкімгерлік, рүқсат ету, нормативтік;
B. бастапқы тәсіл, туынды тәсіл;
C. мәжбүр ету, сендіру;
D. мемлекеттік-биліктік нұсқама, бұйрықтар, жарлықтар, өкімдер;
E. позитивтік міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету.
2.Құкықтық реттеу нысандарына қандай талаптар қойылады?
A. көкейтестілігі, шындыққа жанасуы, жеткілікті болуы, ашық, айқын болуы;
B. өзектілігі, икемдіпігі, жеделдігі;
C. мемлекеттік органдар туралы ережеге сәйкес болуы;
D. олардың дер кезінде қабылдануы, түрақтылығы, кешенділігі және өзара байланыстылығы;
E. ірілену және үсақтану қасиетіне ие болуы, салыстырмалы болуы.
3.Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің құрылымы:
А. қаржыльқ реттеу, мемлекеттік кәсіпкерлік, әлеуметтік реттеу;
B. заңдық реттеу, нормативтік айқындау, ішкі жүйе ішіндегі нормативтік реттеу, өзін-өзі басқару арқылы;
C. әкімшілік реттеу, нарықтық реттеу, нормативтік реттеу;
D. бөлімшелер жиынтығын, оның ішінде қызметтерді, функциялар мен өкілеттіктерді бөлу үлгісін;
E. инвестициялық реттеу, кредиттік реттеу, амортизацияльқ реттеу.
4.Заңдылықтың маңызды белгілерін атаңыз.
A. бірыңғайлық, жаппай қамту, тұрақтылық, кепілдік беру;
B. жүйелілік, ұтымдылық, тиімділік;
C. тұрақтылық, бәрін қамтушылық;
D. сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге икемді бейімделу;
E. нормативтілік, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, анықтылық.
5.Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету құралдарына бақылау механизмдері жатады.Олар:
A. сыртқы бақылау, жалпы бақылау, мамандандырылған сыртқы бақылау, ішкі бақылау;
B. кедендік бақылау, радиациялық бақылау, экологиялық бақылау;
C. радиациялық бақылау, ішкі бақылау, жол қозгалысын бақылау;
D. санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, жалпы бақылау;
E. экспорттық бақылау, импорттық бақылау, сауда бақылауы.
Достарыңызбен бөлісу: |