16
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination)
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу
пәндерінің игеру дәрежесін немесе кӛлемін анықтау мақсатында ӛткізілетін рәсім;
10) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан
сессиясы кезеңінде бір пәннің толық кӛлемін немесе бір бӛлігінің мазмұнын
аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін рәсім;
11) білім алушылардың ӛзіндік жҧмыстары (бҧдан әрі - БӚЖ) - ӛз
бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен
қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар,
шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі
бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің
ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӚЖ), магистранттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан
әрі - МӚЖ) және докторанттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӚЖ) болып
бӛлінеді; БӚЖ-дің барлық кӛлемі білім алушылардан күнсайын ӛзіндік
жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
12) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу
үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін кӛрсететін
білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;
13) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу
орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары
арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін
тексеру;
14) білім алушылардың ҥлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық
кезең ішінде, оқытушымен ӛткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс
сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде
тексеру;
15) екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе
бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу
жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;
16) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жҥйесі
(ECTS) - білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда
білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда)
салыстыру және қайта сынақтан ӛткізуде пайдаланылатын білім беру
бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;
17) жеке оқу жоспары - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің
каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын
оқу жоспары;
18) кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу
жұмысы кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;
19) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу
жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану
арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес
жоспарлауы негізінде оқыту;
20) қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде
жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім
алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер
17
барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық
кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
21) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда
білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
22) оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі
бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;
23) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жҥйесі -
халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне
сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін
балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
24) тіркеу Офисі - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық
тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және
оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін
академиялық қызмет;
25) оқытушының басшылығымен жҥргізілетін білім алушының ӛзіндік
жҧмысы (бҧдан әрі - ОБӚЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының
басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім
алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін
студенттің ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӚЖ), оқытушының басшылығымен
жүргізілетін магистранттың ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӚЖ) және
оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың ӛзіндік жұмысы
(бұдан әрі - ОДӚЖ) болып бӛлінеді;
26) оқу ҥлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық
оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау
пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының
қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы
қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
27) оқу жҧмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім
алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін
құжат;
28) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары
мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8
сӛйлемнен тұрады);
29) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті
білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
30) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда
оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет
ететін пәндер;
31) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын,
мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы
мен ұзақтығын, ӛзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім
алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау
ӛлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;
32) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік
жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген
пәндердің тізбесі бар құжат;