25
Сонымен, GPA оқылған барлық пәндер бойынша есептеледі, оның нәтижесі
келесі курсқа кӛшірудің негізі болып табылады.
Лайықты бағаға тапсырылған емтиханды, бағаны барлық кезең үшін
кӛтермелеу мақсатында, немесе үздік диплом алу мақсатында қайта тапсыруға
рұқсат етілмейді.
Пән бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған білім алушының
бұл пән бойынша кредиттері есептелмейді. Қанағаттанарлықсыз немесе оң баға
алған білім алушыға емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Пән бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған білім алушы
аталмыш пән бойынша оқу курсын қайта ӛтіп, етиханға рұқсат алып, сонан соң
оны ақылы негізде кейінгі академиялық кезең ішінде немесе жазғы семестрде
тапсыру қажет.
Егер білім алушы (жазғы семестрді қоса) GРА белгіленген деңгейден тӛмен
алса, онда ол қайта оқу курсына қалдырылады.
Келісім – шартқа отырмаған және қайта оқу курсының ақысын тӛлемеген
білім алушы оқу жылының басындағы бір ай ішінде оқудан шығарылады.
Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім тапсырысы бойынша
білім алушылар кейінгі оқу кезеңінде мемлекеттік білім грантынан айырылады.
4.10 Жазғы семестрді ҧйымдастыру
Академиялық қарыздары (10 кредиттен аспайтын) бар білім алушылар үшін
жазғы семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестр кезеңінде пәндерді қайта оқу
үшін 4-5 адамнан кем болмайтын топтар жинақталады. Жазғы семестрге тіркелу
жазғы семестр басталарға дейінгі бір апта бұрын аяқталады.
Жазғы семестрге қатысуға жазылу құқығына тӛмендегі студенттер ие бола
алады:
– рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша сессияға жіберілмеген;
– академиялық қарыздары бар;
– қайта қабылдау, ауыстыру, академиялық демалыстан оралу кезінде
академиялық айырмашылықтары бар.
Жазғы семестрде жалпы кредит саны 10-нан аспаған жағдайда қайта оқуға
болады.
Жазғы семестр нәтижесі бойынша кӛшіру балын (GРА) жинай алмаған білім
алушылар қайта оқыту курсына қалдырылады.
Тіркеу Офисі жазғы семестрді ұйымдастыру және жазғы семестрге білім
алушыларды тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
Жазғы семестрді ұйымдастыру тәртібі:
– жазғы семестрге қатысатын білім алушы ӛтініште курс пен курс бойынша
жүргізілген тӛлем ақыны кӛрсете отырып тіркеледі;
– жазғы семестрдің сабақ кестесі құрастырылады.
Жазғы семестрде игерілген мамандықтың оқу жоспарының пәндері бойынша
емтихан нәтижелері кӛшіру балында (GРА) ескеріледі.
Оқылған пәндер бойынша білім алушының жинаған барлық балдары
транскрипте кӛрсетіледі.
26
5 БІЛІМДІ БАСҚАРУДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН «PLATONUS»
ЖҤЙЕСІНДЕ ЖҦМЫС ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН НҦСҚАУЛЫҚ
Университетте білімді басқарудың автоматтандырылған «Platonus» жүйесі
енгізілген.
Білімді басқарудың автоматтандырылған «Platonus» жүйесі - қашықтықтан
оқытуды қолдайтын жүйе (әрі қарай жүйе), тӛмендегі мүмкіндіктерді біріктіріп,
Интернет/Интранетте оқу орталығын жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманауи
бағдарламалық қамсыздандыру болып келетін - бағдарламалық тұғырнама, ол:
оқу курстарын тіркеуді;
білім алушыцлар мен оқытушыларды тіркеуді;
оқу материалдарын, тесттер мен жаттығуларды жасау және
жариялауды;
үлгерімді есептеуді;
оқу кестені құру және басқаруды;
басқа да қажетті сервистер мен қасиеттерді қамтамасыз етеді.
Жҥйеге кіру
1. Жұмысты бастамас бұрын колданушы алдымен браузерді қосу керек
(Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer);
2. atu.kz университет сайтына кіру керек, ары қарай Platonus пернесін басу
қажет;
3. Жүйеге кіру үшін авторландыру пішінінде жүйедегі рӛлін таңдап
(студенттер үшін: Білім алушы) лақап атын (әрі қарай – логин ӛрісіне) және құпия
сӛзін («Құпия сӛзі» ӛрісіне) енгізіп, содан соң «Кіру» пернесін басу қажет. Логин
мен құпия сӛзді тіркеу Офисінде алуға болады, әр студент үшін логин мен құпия
сӛз жеке беріледі. Осы деректерді жоғалтқан жағдайда немесе жүйеге кіру
мүмкіндігі жоқ кезде ақпараттық технологияларды басқару (АТБ)
бӛлімшесіне хабарласуыңыз қажет.
1 сурет - Жүйеге кіру (тілді таңдау)
27
2 сурет - Жүйеде авторландыру
Жҥйенің интерфейсі
Авторланған соң келесі бет жүктеледі, ол жүйенің Интерфейсі (3-
сурет). Сервердің барлық беттеріндегі жиынтық элементтер үлгісін жүйенің
Интерфейсі пайдаланады. Бұл қолданушыға бағдарламада жеңіл қалыптасуға
және жүйенің барлық мүмкіншіліктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
3-суретте негізгі элементтердің нұсқауы бар бағдарламаның үлгісі
кӛрсетілген.
Қолданушының атқаратын қызметтер топтамасы
Қолданушының блогында (жоғарғы оң жақтағы бұрышта) қолданушы
блогінің келесі мүмкіндіктеріне ие бола аласыз:
Кітапхана;
Чат;
Форум;
Басқа бетке;
Шығу.
Басты мәзір
Бұл қолданушының атқаратын әрекеттерін таңдаудағы басты құралы болып
табылады. Білім алушы үшін оқу аудитория, журнал, оқу кестесі, жеке оқу
жоспарлары, академиялық күнтізбе, транскрипт, апелляциялар және хабарламалар
ұсынылған.
3 сурет – Жүйенің интерфейсі