Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48

 
48 
 
1) кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау; 
2) тексеруші органдардың санын азайту; 
3) рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. 
Көптеген  кәсіпкерлер,  бір  жағынан,  өндірісті  жүргізудегі  қиындықтарға, 
шенеуніктік  прессинкке,  өте  жоғары  салыққа  шағым  айтуда.  Ал  екінші 
жағынан,  өндірісті  жаңғыртумен,  маркетингтік  зерттеулермен,  жаңа  өнім 
түрлерін  әзірлеумен,  оның  жарнамасымен  мүлдем  айналысып  жатқан  жоқ, 
кәсіпорынның  стратегиялық  міндеттерін  қалыптастыра  білмейді,  өндірістің 
тиімділігін арттыру жөнінде сындарлы шаралар ұсына алмайды.  
Он  сегіз  жыл  бойғы  белсенді  мемлекеттік  қолдау  отандық  кәсіпкерліктің 
сандық іргетасын қалауға мүмкіндік берді, бірақ бизнестің толыққанды сапалы 
дамуына  ықпал  ете  алған  жоқ,  кәсіпкерліктің  прогрессивті  рухын 
қалыптастыруға  ынталандыра  алмады.  Кәсіпкерлік  –  сатып  алу-сату  емес, 
өндірісті дамытудың жаңа жолдарын ұдайы іздеу, ықтимал тұтынушылар үшін 
күресте қызметтер көрсету сапасын ұдайы арттыру. 
Қазақстанда еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін енгізу және импорт 
алмастыруды  дамыту  жөніндегі  шаралар  отандық  «импортты  сатып  алу-сату 
саласындағы  мамандардың»  көрсеткіштерін  төмендетудің  және  кәсіпкерліктің 
өндірістік емес секторының танымалдық саяси қызметін жандандырудың басты 
макроалғышарттары болып табылады. 
Ағымдағы  жағдайда  мемлекеттің  стратегиялық  мақсаттары  тұрғысынан 
шағын бизнесті дамытудың жаңа кезеңіне өту қажет. Кәсіпкерлік мәселелерінде 
мемлекеттік  саясатты,  өндірістік  қызметті  қолдауға,  Қазақстандық  шағын 
экономиканың  жаңа  бәсекеге  қабілетті  мүмкіндіктерін  іздестіруге  қайта 
бағдарлау  қажет.  Жаңа  кезеңде  өндірістік  шағын  бизнес  субъектілерінің 
кооперациясын өзара да, неғұрлым ірі кәсіпорындар арасында да белсенді түрде 
қолдау,  сондай-ақ  салалық  және  салааралық  негізде  кәсіпкерлердің  қоғамдық 
бірлестіктерін құруды көтермелеу талап етіледі. 
Әлемдік  тәжірибе,  сондай-ақ  біздің  реформамыздың  тәжірибесі 
материалдық  өндіріс  саласындағы  ұсақ  кәсіпкер  сауда-делдалдық  және 
монополиялық  құрылымдар  тарабынан  бәсекелестікке  төзе  алмайтын  болып 
шыққанын  көрсетті.  Бұдан  басқа,  Қазақстанда  талап  етілетін  және  бәсекеге 
қабілетті өндірістік кәсіпкерліктің қалыптасуына елеулі көмек керсетуі мүмкін 
қызметтер  көрсетудің  (менеджмент,  маркетинг,  ақпараттық  қамтамасыз  ету 
саласында) толыққанды жеке секторы жоқ. 
Қазіргі  уакытта  тиімді  меншік  иесінің  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін 
өміршең  экономикалық  құрылымдарды  қалыптастыру  жолымен  қоғамның 
сындарлы  күштерін  біріктіру  қажет.  Мұндай  біріктірудің  үлгілері  әр  алуан 
болуы мүмкін, бірақ олардың мәні кооперация мен әріптестікке келіп тіреледі. 
Қаржы  ресурстарының  жалпы  жетіспеушілігі  кезінде  лизингті,  жалгерлікті, 
тиісті  ақпараттық  және  құқықтық  базаны  қамтамасыз  етуді  қоса  алғанда, 
өндіріс  құралдары  бар  жұмыс  іздеуші  адамды  біріктірудің  бүкіл  әр  алуан 
нысандарын  пайдалану  өте  маңызды.  Ірі  бизнес  үшін  тығыз  ынтымақтастық 
пен әріптестік те өзекті проблема. Соңғы он жылдықта экономикалық дамудың 


 
49 
 
инновациялық  сипаты  дамыған  елдерде  өнеркәсіптік  фирмалар,  банктер, 
ақпараттық  және  зерттеу  орталықтары  бірлестіктерін  қалыптастыруды 
ынталандырады.  Мұндай  желілер  өндірістік  және  қаржы  ресурстарын 
біріктіруге,  рыноктағы  сұраныстың  өзгеруіне  жедел  ден  қоюға,  жаңа  өнім 
түрлерін жылдам алға жылжытуға мүмкіндік береді. 
Біздің  ірі  кәсіпорындарымызда  өзара  кооперация  мен  әріптестік  — 
шаруашылық  желілерін  қалпына  келтіру  және  өзара  төлемдер  проблемаларын 
жеңілдету үшін қажетті жол. Ішкі кооперациялық байланыстар трансакцияның 
әрбір кезеңінде бағаны кәдуілгі айналдыруды болдырмауға мүмкіндік берер еді. 
Қаржы  институттары  мен  өнеркәсіптік  фирмалар  арасындағы,  ғылым  мен 
өндіріс  арасындағы,  шикізат  және  өңдеуші  салалар  арасындағы  тікелей 
байланыстарды қалпына келтіру өмірлік маңызды мәнге ие болуда. 
Өсімге  қол  жеткізу  жөніндегі  бірлескен  іс-қимыл  үшін  базаны  бүлдіретін 
өзіміздің  тар  ведомстволық  бір  сәттік  мүдделеріміз  үшін  салалық  лоббизммен 
күресті  соңына  жеткізу  қажет.  Қалыптасқан  жағдайды  шешу  жолдары  іскер 
топтар арасында сенім ахуалын құру, олардың жалпы мүдделерді жете түсінуі, 
мемлекетпен  бірлесіп  экономикалық  ынтымақтастықтың  ұзақ  мерзімді 
жоспарларын әзірлеп шығару болып табылады. 
Бұл  үшін  өзіне  мемлекет  тұлғасы  алдында  корпоративтік  мүдделерді 
қорғауды  ғана  емес,  өз  мүшелерінің  заң  шеңберінде  ойын  ережесін  сақтауы 
үшін  жауапкершілікті  де  алуға  қабілетті  кәсіпкерлік  одақтардың  қызметін 
жетілдіру  талап  етіледі.  Сол  арқылы  корпоративтік  этиканы  жандандыруға 
болар еді, оның бұзылуы «тұлғаның азып-тозуына» әкеліп соғады. Көрсетілген 
қайта құрулар ауыртпалықсыз жүргізіле алмайды, өйткені іскерлік әлемін өзіне 
бағындыруға  және  оған  өзінің  ойын  ережелерін  жапсыруға  ұмтылатын 
көлеңкелі  құрылымдардың  қарсылығына  жолықпауымыз  мүмкін  емес.  Осы 
проблемаларды 
шешуде, 
шағын 
бизнестің 
өркениетті 
нормаларын 
қалыптастыру  мәселелерінде  мемлекет  аса  белсенді  рөл  атқаруы  тиіс. 
Кәсіпкерлік  аясымен  ғана  шектелмеген,  олар  бүкіл  қоғам  үшін  тым  өзекті. 
Реформа  жалдамалы  еңбек  тұлғаларын  білдіретін  халықтың  негізгі  тобының 
белсенді  қатысуынсыз,  табысты  жүзеге  асырыла  алмайды.  Осыдан  келіп, 
микро-  және  макродеңгейлерде  әлеуметтік  әріптестікті  іске  асыру  қажеттілігі 
туындайды. 
Макродеңгейде  мемлекетпен,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен, 
кәсіподақтармен  және  кәсіпкерлік  қауымдастықтармен  тығыз  ынтымақтастық 
орнатпайынша, өндірісті құрылымдық қайта құрудың күрделі бағдарламаларын 
әзірлеу  және  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Бірақ  кәсіподақтардың  қатысуы 
табысы аз кәсіпорындарды жабу, босатылатын жұмысшылар үшін жаңа жұмыс 
орындарын  құру  және  оларды  қайта  оқыту  жөнінде  кешенді  шаралар  жүргізу 
кезінде  әлеуметтік  қауырттылықтың  шиеленісуін  азайтуы  мүмкін.  Әлеуметтік 
әріптестік жұмыспен қамтудың белсенді саясатын табысты жүзеге асыру үшін 
қажетті  алғышарт  болып  табылады.  Шағын  бизнес  дамуының  көрсеткіштері 
экономикадағы  шағын  бизнес  рөлі,  негізінен,  әлеуметтік,  яғни  жұмыс 
орындары  санының  өсуімен  байланысты  екендігін  көрсетеді.  Мұның  өзінде 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау