Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

 

 
иеленеді.  Олардың  бірі  адам  өмірінің  биологиялық  жағдайларына,  екіншісі 
қалыптасқан дағдылар мен салттарға байланысты пайда болады. 
Қажеттілік, мұқтаждық және жетіспеушілік тұлғаның, ағзаның, әлеуметтік 
топтың,  жалпы  қоғамның  өмір  сүруін  қолдауға  қажетті  белсенділік 
қоздырғышы болып табылады. 
Экономикалық  қажеттіліктер  материалдық  және  рухани  игіліктерді 
пайдалану  арқылы  қанағаттандырылады.  Бұл  жерде  қоғамның  экономикалық 
қызметінің  табиғи  мақсаты  жүзеге  асырылады.  Адамдар  өз  еңбектерінің 
нәтижелерін  пайдалану  үшін  шаруашылық  жүргізу  жүйесін  қалыптастырып, 
оның  қызметін  қолдап  отырады.  Ұтымды  пайдалану  экономиканың  жалпы 
тиімділігін  де  арттырады.  Мысалы,  материал  сыйымдылығын  кеміту  қоғам 
қажеттілігін  аз  шығындармен  қанағаттандыруға  көмектеседі,  әрі  өндіріске 
жүктелетін тапсырмаларды жеңілдетеді. 
Қажеттіліктерді қанағаттандыру өндірістің әрі қарай дамуына ықпал етеді. 
Пайдаланылған  өнімнің  орнына  жаңа  өнім  шығару  қажеттілігі  туады. 
Қанағаттандырылмаған қажеттілік жаңа сұраныстар туғызады. 
Саналы,  мақсатты,  пайдалы  еңбекпен  айналысатын  адамдар  белгілі  бір 
жұмысты  атқара  отырып,  өздеріне  де,  қоғамға  да  қажетті  экономикалық 
өнімдрді қалыптастырады. Олар өмір сүруге қажетті материалдық және рухани 
құндылықтарды  жасайды,  экономикадағы  өндірістің  басты  түйіні  болып 
табылатын  кәсіпорындарда  барлық  өндірістік  процестер  жүргізіледі  әрі 
қажеттіліктер қанағаттандырылады.  
Адамдардың  шаруашылық  қызметі  нақты  ойын  ережелері  шеңберінде 
жүзеге  асырылады,  негізгісі  –  меншік  қатынастары.  Жеке  меншік  еркін 
бәсекелестікке  жағдай  жасайды  және  мүдделі,  шығармашылық  әрі  одан  да 
нәтижелі 
еңбекке 
жетелейді. 
Шаруашылық 
қызметтің 
шарттарына 
шаруашылық  жүргізу  заңдарын,  ережелерін  белгілейтін,  еңбек  қызметі 
талаптарын реттейтін әртүрлі мемлекеттік ұйымдар елеулі әсер етеді. 
Нарықтық 
экономика 
деп 
нарықтық 
қатынастарға 
негізделген 
шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен 
шартты  жағдайын  айтамыз.  Нарықтық  қатынастар  -  бұл  экономикалық 
қатынастар.  
Экономикалық  қатынас  өзінің  «қатынас»  мағынасына  сай  қандай  да  бір 
заттың  немесе  адамдардың  өзара  қос  әрекетін  сипаттайды.  Сондықтан 
экономикалық    қатынас  деп  адамдардың  қандай  да  бір  затқа  байланысты 
қатынасын  айтамыз.  Дәлірек  айтқанда,  экономикалық  қатынас  дегеніміз  – 
экономика субъектілерінің қандай да бір зат жөніндегі қатынасы. 
Әрбір экономикалық агент үнемі және бірмезгілде бірнеше экономикалық 
қатынасқа  түсіп  отырады.  Көп  жағдайда  адамдар  экономикалық  қатынасқа 
пайда табу мақсатында қатысады [2].  
Біздің  пікірімізше,  экономикалық  қатынас  дегеніміз  –  ұдайы  өндіріс 
процесіндегі еңбек өнімін өндіру, иемдену, айырбастау және тұтыну жөніндегі 
адамдар арасындағы объективті қалыптасқан қатынас. 


 
10 
 
Экономикалық  байланыстар  өнімдерінің  өндірушілерден  тұтынушыларға 
қозғалысын  қамтиды:  бір  жақтан,  өндірушілер,  басқа  жақтан,  тұтынушылар 
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады. 
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл 
бір  жақтан,  өндірушілерді  ажыратады,  еңбек  әрекеттеріне  сәйкес  оларды  бір-
бірінен 
оңашаландырады. 
Екіншіден, 
олардың 
арасында 
тұрақты 
функционалдық  қатынастар  тудырады.  Бірінші  жағдай  әр  өндірушілердің 
шаруашылық  жүргізуде  экономикалық  жекеленуіне,  тәуелсіздігіне  ұласады, 
сөйтіп  нарық  қатынастарының  субъектерінің  қалыптасуының  экономикалық 
негізін  құрайды.  Екінші  жағдай,  тауарларды  сатып  алу  -  сату  эквиваленттік 
негізде  жүріп  отыратын  айырбастар  процестеріне  айналады.  Нәтижесінде, 
жабайы  өндірушінің  нарық  қатынастарының  субъектіне  айналуының 
экономикалық  шарты  материализацияланады,  өндіріс  тауарлық  өндіріске 
айналады.  Өндірушілер өнім  өндіруді және  оны  өткізуді, шығындарды өтеуді, 
өндірісті  кеңейтуді  және  жетілдіруді  –  барлығын  өз  еркімен  дербес  шешеді. 
Тауар-ақша  қатынасы  жағдайында  айырбас  процестері  нарықтық  қатынастар 
формасын алады. 
Осы  қатынастардың  мазмұна  неде?  Экономикалық  әдебиетте  бұл  сұраққа 
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып 
алушы  болып  бір-бірін  тауып  кездесетін  жері.  Неоклассикалық  экономикалық 
әдебиетте  жиі  қолданылатын  нарыққы  анықтаманы  француз  экономисті 
А.Курно  мен  экономист  А.Маршал  береді.  «Нарық  заттар  сатылатын  және 
сатып  алынатын  белгілі  нақты  нарық  алаңы  емес,  ол  сатып  алушылар  мен 
сатушылардың  бір-бірімен  өте  еркін  жағдайда  келісімге  келетін,  кез  келген 
жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада 
теңеледі».  Бұл  анықтамада  айырбастың  еркіндігі  мен  бағаның  белгіленуі 
нарықтың басты критериі деп көрсетілген. 
Нарық  жағдайындағы  экономикалық байланыс пен  қатынастарда  тауарды 
өндірушілер  мен  тұтынушылар  арасындағы  қатынастар,  байланыстар 
анықталса,  екіншіден,  ол  байланыстар  қайтарымдылықты,  тепе-теңдікті 
объективті  түрде  алдын-ала  анықтайды,  үшіншіден,  бұл  байланыстарда  өзара 
бәсекелес болады, өйткені онсыз нарық болуы мүмкін емес. Соның нәтижесінде 
экономикалық  жағынан  әлсіз  шаруашылықтар  бірліктерінен  тазартады,  ал 
тиімділігі жоғары, келешегі бар шаруашылық субъектілеріне жол ашылады. 
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және 
қызмет  көрсету  процесіне  байланысты  қалыптасатын  экономикалық 
қатынастардың жиынтығы. 
Нарық  –  тауарларды  сатып  алу-сатумен  байланысты  орын  алатын 
экономикалық қатынастар жиынтығы. 
Нарық  тауарларды  өткізуге  байланысты  сатушылар  мен  сатып 
алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады [5]. 
Келтірілген  көзқарастардың  қайсысы  да  жеткілікті  түрде  дәлелді,  бірақ 
мәселелердің  бір  жағын  ғана  қамтиды.  Бұл  анықтамаларға  ортақ  нәрсе-ол 
нарықты  өндірістің  емес,  айырбастың  категориясы,  нарықтық  қатынастың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау