Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48

 
61 
 
берілген  [16].  Тәуекелділік  шаруашылық  шешімнің  элементі  ретінде,  оған 
мынандай  анықтама  беруге  болады  -  бұл  нарықтық  қатынастың  кез-келген 
субъектісі  қызметінің  ситуациялық  сипаты.  Өйткені,  кәсіпкерлік  іс  нәтижесі 
бұл  жағдайда  анықталмаған,  өз  іс  әрекетінің  нәтижесі  жағымды  немесе 
жағымсыз,  пайдалы  немесе  зиянды  болуы  ықтимал.  Сондықтан  да  кәсіпкер 
өзінің  нақты  экономикалық  шаруашылық  қызметінде  қажетті  нәтижені  алу 
немесе ала алмау мүмкіндігінің дәрежесін еске алуы қажет. 
Неғұрлым тәуекелділік деңгейі төмен болса, соғұрлым жоғары. Пайда алу 
мүмкіндігі  төмен.  Сондықтанда  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілер  міндеті  - 
тәуекелділік теориясына сәйкес, - тәуекелділікті ең төменгі деңгейге жеткізбей, 
қабылданатын шешім мен тәуекелділік деңгейі және нәтижесінің пайдалылығы 
арасындағы қатынастың ең жоғарғы деңгейін табу [17].
 
Тәуекелділік  кез-келген  экономикалық  қызмет  түрлерінде  кездеседі, 
сондықтан  да  олардың  түрлері  аса  көп  және  күрделі.  Оның  негізгілеріне 
мыналарды  атауға  болады:  өндірістік,  қаржылық,  инвестициялық  және 
нарықтық. 
Өндірістік тәуекелділік  - өндірістік қызметтің кез-келген түрін жүргізетін 
өндіріс  және  өнімді  өткізумен  байланысты.  Тәуекелділіктің  бұл  түрі  өндіріс 
және  өнімді  өткізу  көлеміне  материалдық  және  еңбек  шығындарының 
өзгерісіне, баға өзгерісіне байланысты. Өндірістік тәуекелділіктің құрамы: 
-  шаруашылық келісімінің орындалмай қалуы қауіпсіздігіне тәуекелділік; 
-  нарық 
конъюнктурасының 
өзгерісіне, 
бәсекелестіктің 
күшеюі 
қауіптілігіне тәуекелділік жасау; 
-  ойламаған шығындардың болуына тәуекелділік жасау; 
-  кәсіпорынды жоғалту мүмкіндігіне тәуекелділік. 
Шаруашылық  келісімінің  орындалмауының  себебі  серіктестерінің  төлем 
қабілеттілігінің болмауынан туындайды. Ал, нарық конъюнктурасының өзгеруі 
және бәсекелестіктің шиелене түсу себебі маркетингтік саясаттың жетілмеуінен 
болуы  мүмкін.  Өнім  өткізу  нарығын  дұрыс  таңдай  алмауы,  бәсекелестер 
жөніндегі  ақпараттардың  дұрыс  болмауы,  құпия  ақпараттардың  қолды 
болуынан  болады.  Сонымен  қатар  қазіргі  дағдарыс  жағдайында  ресурстарға 
бағаның  өсуі  ойланбаған,  жобаланбаған  шығындарды  тудырады.  Ресурстар 
нарығының  конъюнктураларын  жобалау  және  талдау  арқылы  мұндай 
тәуекелділік түрлерінен келетін зиян шегуді азайтуға тіптен жоюға да болады.  
Кәсіпорынның  өз  мүлкін  жоғалту  себебі  әртүрлі  апаттық  жағдайлардан 
болады:  жер  сілкінуі,  су  тасқынынан  өрттен  және  т.б.  ұрлықтан,  өндіріс 
апатынан т.б. Бұдан сақтану жолдары: мүлікті сақтандыру (өрттен, апаттан т.б.)  
Қаржы  саласындағы  тәуекелділік  -  осы  салада  субъектілер  кәсіпкерлік  іс 
жүргізгенде  немесе  қаржы  келісім  жасағанда  валюта-  ақша  операцияларының 
шектеулі болуынан да болуы мүмкін. 
Инвестициялық  тәуекелділіктің  болу  себебі  өзінің  және  алынған  бағалы 
қағаздардың  құнсыздануынан  болады  [18].  Сонымен  кәсіпкерлік  қызмет 
субъектілері тәуекел жасау тән. Бірақта, сол іске тәуекел жасағанда, ол негізге 
сүйенуі  керек.  Ойланбаған  шығындардың  кездесуі  мүмкін,  әңгіме  оны 


 
62 
 
болдырмау  емес,  одан  шегетін  зиянды  азайту  үшін  алдын-ала  нақты  шаралар 
белгілеу  қажеттілігі  туады.  Болашақ  іс  жоспарын  жасағанда  немесе  келісім-
шартқа тұрғанда мұндай жағдайлар жан-жақты талданып, құжаттарда көрсетіп, 
маркетингтік  стратегиядан  да  орын  берілуге  тиіс.  Міне,  сонда  ғана  іскерлік 
қызмет субъектілері өзінің алдына қойған негізгі мақсатына жетіп, тұрақты да 
табысты жұмыс істеуіне сенім болады. 
Бірақта,  нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпкерлік  іс  жүргізуде  қауіп-
қатер  болуы  мүмкін.  Әңгіме  сондай  қауіп-қатерден  қашқақтау  немесе  оны 
болдырмау  емес,  оны  алдын-ала  білу  және  оның  келтіретін  зардабын  азайту 
қажет  болады.  Қазіргі  экономикадағы  кәсіпкерліктің  қауіп-қатерінің  күшейе 
түсу себептері мына жағдайларға тікелей байланысты: экономикалық қызметті 
ретке  келтіретін  заңдар  мен  нормативті  актілердің  тез  өзгеруі  және  олардың 
нақты  өмірге  еңбеуі  мен  шарушылықты  жүргізетін  барлық  деңгейдегі 
субъектілердің жауапсыздығы.  
Кәсіпкерлік  қызметтің  кейбір  түрлеріндегі  қауіп-қатерге  тәуекелділік 
жасау  деңгейін  есептеп,  анықтауға  болады.  Мәселен,  мүлікті,  денсаулықты 
және  адам  өмірін  сақтандыруға  болады.  Ал,  кәсіпкерлік  аясындағы  қызметтің 
басқа түрлерінде кездесетін қауіп-қатер деңгейін анықтау тәсілдері жоқ.  
Кәсіпкерлікте  кездесетін  қауіп-қатерлікке  тәуекелділік  жасау  жолында 
мынандай  түсініктер  кездеседі  -  «шығын»,  «зиян»  және  «жоғалту».  Мұның 
ішінде  «шығынды»  алатын болсақ,  оның  әрқашанда болуы  шарт,  өйткені,  көп 
пайданы,  тек  жұмсалатын  шығындарды  азайту  арқылы  ғана  қол  жеткізуге 
болады,  ал  зиян  шегу  тек  қана  істің  сәтсіздікке  ұшырауының  нәтижесінде 
болатыны белгілі. Бұдан біз қауіп-қатердің сапалық және сандық көрсеткіштері 
болатынын айтуымыз керек.  
Қауіп-қатерге  тәуекел  жасаудың  сандық  көрсеткіштерінің  шегі  болады. 
Оған байланысты мына түсініктерді енгізуге болады: 
1)  Тәуекелділік  жасауға  мүмкін  болатын  аймақ.  Бұған  кәсіпкерлік 
қызметтің  экономикалық  тиімділігін  сақтай  алатын  түрі  жатады.  Былайша 
айтқанда  түсетін  пайдадан  жұмсалған  шығын  аз  болу  керек.  Тек  кәсіпкерлік 
пайданы  белгіленген  мөлшерден  кем  алу  қауіпі  туады.  Бұл  жағдайда  тәуекел 
жасау  зонасының  шегі  шығын  деңгейінің  есептегі  (белгіленген)  пайда 
мөлшеріне тең болуына сәйкес келеді.  
2) Тәуекелділік  жасаудың  екінші  түрі  -  өте  қиын  жағдайда  тәуекел  жасау 
аймағы.  Мұнда  зиян  белгіленген  пайда  мөлшерінен  жоғары  болу  қауіпі  мен 
сипатталады.  Зиян  тіптен  белгіленген  пайдамен  жұмсалған  шығын 
қосындысына  жетуі  де  мүмкін.  Сонда  кәсіпкер  пайда  алмақ  түгел  барлық 
жұмсалған шығынының көлемінде зиян шегеді. 
3) Апатты  қауіп-қатерлі  аймақ.  Мұнда  кәсіпкер  өз  мүлкінің  құнына  тең 
болатын зиян шегеді. Бұндай зиян шегу кәсіпорынды жабуға, өз мүлкін сатуға 
мәжбүр  етеді.  Бұған  адам  өміріне  өте  қатерлі  немесе  экологиялық  апаттың 
болуы да мысал бола алады. Аталған қауіп-қатердің үш түрінің әр қайсысының 
деңгейін  анықтауға  болады.  Оны  мына  12-кесте  түрінде  сызып  көрсетуге 
болады:  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау