88
3
КӘСІПКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТ
СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ІСКЕРЛІК
ҚАТЫНАСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін арттырудағы
шетел тәжірибесін пайдалану нәтижелігі мен мүмкіндіктері бағыттары
Батыс елдерде фирма өсімінің кезеңдік теориясы да кең таралған, ол
«ұйымдық тәртіп» аумағындағы зерттеу нәтижесінде туып, фирма дамуының
кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың
кеңеюіне жол берді. Фирма өсімі теориясының бір нұсқасы кәсіпорын
мөлшерін анықтаумен тікелей байланысты болмаса да, бекітудің сапалы
нұсқасын дамыту үшін қолданады.
Осы теорияның бір нұсқасы кәсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде
өнімді дамыту стратегиясына көзделді. Көптеген авторлар компанияларды бір
өнімді өндіруге бағытталған шағын фирмадан бастап, өнімнің үлкен өндірісі
бойынша қызмет диверсификациясына бағытталған ірі кәсіпорындар –
конгломерат–компания түрінде қарастырады (технология, қызмет, «ноу-хау»).
өнім дамуының кезеңін сипаттау үшін фирманың жылдық табысының оның
өндіріске кеткен барлық шығындарының қатынасына тең «мамандандыру
коэффиценті» қолданылады.
Сапалық көзқарастың артықшылығы – теориялық негіздеменің белгілі бір
дәрежедегі жетістігі және түрлі кәсіпорындарға «менеджмент жүйесі» т.б.
сияқты сапалық критерийлер тән кең спектр есебі. Бұл тұжырымның
кемшіліктері – түрлі сипаттамалар қатарын анықтау үшін фирмаішілік
ақпаратқа ену қиындығы мен тәжрибені қолдау күрделігі (мысалы,
«менеджмент жүйесі»), және критерийлердің неғұрлым кең спектрі.
Шағын фирманың таза сапалық анықтамасын оның өмір сүру және даму
ерекшіліктерін бөлу арқылы қалыптастыруға болады. Бұл көзқарас шағын
фирманың қызметі ретінде қарастырады: айқындылықсыздың жоғарғы деңгейі,
инновация енгізуге жоғары мүмкінділік (кең мағынада); тұрақты дамуды және
өзгерістерге тез бейімделуі.
Комбинациялы көзқарас бертінде ғана қолданыла бастады. Оның мысалы
болып 1971 жылы Болтон комитеті (Ұлыбритания) баяндамасында ұсынылған
шағын фирма анықтамасы табылады. Бұл шағын бизнесті дамыту мәселесін
алғаш қарастыру мысалы. Ол әртүрлі елдердегі шағын фирмалар дамуының
кейбір аспектілерін салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген (кесте 14).
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып,
экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен
өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау
қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде
кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы
өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және
әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
89
Кесте 14
Шағын бизнеске жатқызу критерийлері (Ұлыбританияда)
Қызмет түрі
Жұмысбастылар
саны
мен
жылдық
айналым
Өнеркәсіп
жұмысбастылар саны 200-ден
көп емес
Құрлыс,
пайдалы
қазбалар
өндіру
жұмысбастылар саны 25-ден көп емес
Бөлшек сауда, қызметтер
Айналым 50000 ф.
ст-тен көп емес
Автомобильдер сату
Айналым 100000 ф. ст-тен көп емес
Көтерме сауда
Айналым 200000 ф. ст-тен көп емес
Көлік
Фирма меншігінде транспорт құралдары 5-
тен
аспайды
Қоғамдық
тамақтандыру
Кез-келген бөлімдер мен кәсіпорындардан
басқа барлық жеке кәсіпорындар (сыра
қайнату зауыттары мен басқарылатын).
Себебі шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша
жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Бұл жағдайды төмендегі
кестенің көрсеткіштерінен айқын байқауға болады (Кесте 15).
Кесте 15
Шағын бизнеске қатысушылардың жалпы жұмысқа қамтылғандар
санындағы әр елдегі үлесі, 2006 мәлімет
Ел аты
Үлесі
Ел аты
Үлесі
Италия
80%
Румыния
27%
Ұлыбритания
76%
Венгрия
24%
Жапония
73%
Словакия
23%
Бельгия
72%
Польша
23%
Франция
69%
Ресей
10%
Германия
64%
Беларусь
6%
АҚШ
53%
Хорватия
22%
Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктің өзгеруіне өте сезімтал.
Сонымен катар экономикадағы бәсекелік сипатты қолдай отырып, орта топтың
қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан
нарықтык реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың
әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта
қолдаған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды. Мысалы, АҚШ-та жалпы
өнімнің 40 пайызы және еңбекке қабілетті халықтың 53 пайызы оның үлесіне
тиеді. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын кәсіпорындар технологиялық
жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындар тауарларды