71
тұтынуындағы міндетті және айырбасталмайтын тағам. Соңғы жылдары
республикамызда сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері нарығының
дамуы байқалуда. Оның жыл сайынғы орташа өсімі 4,9% құрап отыр. Сүт
өндірісі жыл сайын өсіп отырғанымен, ол ішкі сұранысты толық қамтамасыз
ете
алмайды.
Ішкі
нарықтағы
жетіспеушілік
импорт
есебінен
қанағаттандырылып отыр. Елімізге әкелінетін сүт өнімдерінің импортының көп
бөлігін сыр, қойытылған сүт, құрғақ сүт, сары май алады. Ал экспорт көлемі
жыл сайын кеміп келеді. Оның көлемі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда
төрт еседей кеміген. Оның негізгі себептері ретінде ішкі нарықта құрғақ сүтті
тұтыну көлемінің өсуі мен отандық өнімдердің бағалық бәсеке қабілетсіздігін
атап өтуге болады. Сонымен бірге, сүт өнімдерінің ішкі нарығын зерттей келе,
сүт өндірісіне қатысты екі мәселені атап өту керек: шикі сүттің сапасы және сүт
өндірісінің маусымдылығы. Бұл сүт өндірісінің аз көлемде ұсақ
шаруашылықтарда шоғырлануына, сүтті өңдеу технологиясының дамымауына
байланысты.
Республикамызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын реттеу
тетіктерінің болмауына, сүт және сүт өнімдерінің ассортиментінің көптігі мен
өндірістің түрлі технологияларын қолдануға байланысты бір облыстың шегінде
бағаның түрлі болуы орын алады: 1 л сүттің бағасы 60 теңге болуы немесе 250
теңгеден (ультрапастерленген) артып кетуі де мүмкін. Ал аймақтар бойынша
баға айырмашылығы өте күшті. Мысалы, 2009 жылдың наурыз айында 1 л шикі
сүттің нарықтық бағасы Ақтауда 165 тг, Павлодарда 76 тг болды; 1 л қаймақ
бағасы Алматыда 700 тг, Петропавлда 376 тг болды, яғни айырмашылық екі
еседей.
ҚР бойынша 1л сүт бағасының соңғы 5 жылдағы деңгейі туралы
мәліметтерді өңдеу негізінде сүт бағасының маусымдық құбылуын
сипаттайтын келесідей алынды: ауытқу амплитудасы (R) 41,5тг; орташа
квадраттық ауытқу (
) 9,5тг; құбылу коэффициенті (V) 16,8%, демек жеке
айлардағы бағаның тренд бойынша есептелген теңестірілген баға айналасында
құбылуы орта есеппен алғанда 9,5 теңгені немесе 16,8%-ды құрайды.
Баға деңгейінің құбылуына маусымдық ауытқулар ғана емес,
экономикадағы инфляциялық үрдістер де әсер етуі мүмкін. Жүргізілген
есептеулер бойынша ҚР бойынша 1л сүттің орташа бөлшек сауда бағасының
динамикасы келесідей сызықтық теңдеумен сипатталады:
ij
у
=36,137+0,672
ij
t
,
демек 2004-2008 жылдар аралығында сүт бағасы орта есеппен ай сайын 0,672
теңгеге жоғарылап отырған. Сонымен қатар, 2009 жылы баға деңгейінің
алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады. Сол
себепті 2009 жылғы нақты деңгей мен сызықтық теңдеу арқылы теңестірілген
деңгей арасындағы айырмашылық басқа жылдарға қарағанда айқын.
Құбылыстардың өзгерісіне құбылыстың даму тенденциясы да әсер етуіне
байланысты, динамика қатарын маусымдылықты ескере отырып талдауда
динамика қатарын үш құрамдас бөлікке: трендке, маусымдық құбылулар
есебінен болған ауытқу мен кездейсоқ ауытқуға бөле отырып талдау қажет.
Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2009 жылдардағы 1л сүт бағасының
72
нақты деңгейінің орташадан ауытқуында тренд үлесі 60,8%, маусымдық
құбылулардың үлесі 31,6% болса, жалпы ауытқуға кездейсоқ факторлардың
әсері үлкен емес. Демек, сүт өндірісінің маусымдылығы сүт нарығындағы
бағаның динамикалық ерекшеліктерін анықтайтын негізгі фактордың бірі
болып санала алады.
Сонымен, тәуекел жағдайында шешім қабылдау барысында кәсіпорынның
максималды табыс алуға деген ынтасы ғана емес, сонымен қатар оған қол
жеткізудің кепілдендірілген деңгейі де ескерілуі тиіс. Сол себепті жоспарлы
шешімдердің тиімділігін бағалаудың ең ұтымды критерийі болып –
кепілдендірілген максималды күтілетін табыс санала алады.
2.3 Кәсіпкерліктің
іскерлік
субъектілерінің
этикалық
және
мәдениеттілік деңгейінің нәтижелігі
Этика проблемалары туралы адамдар ұстанатын айқындамалардың сан
қырлы көптігі біздің моральдық ережелерімізді бұзатын қарсы қимылдардың
болуынан деп түсіндіріледі. Іскерлік қимылдардың меркантильдік мүдделерін
қолдайтын адамдар, егер бұл проблема болса, онда мұны қатал өзіндік бақылау
жолымен жақсырақ шешуге болады деп есептейді. Бұл айқындаманы сы-
наушылар адамдардың қылықтарын сырттан реттеу арқылы шешуге болады
деп есептейді. Өкінішке орай, адам тәртібін реттеудің тікелей әдісіне көшуге
асыққандықпен қараған тәртіпке қатал өзіндік бақылау болуын сынағандар да,
жақтаушыларда жұмыс орындағы тәртіптің дұрыс болуы сияқты маңызды
мәселені көзден таса қалдырып отыр. Осының салдарынан бизнес этикасы
жөніндегі кең тараған әдебиеттердің көпшілігі адам үшін пайдасыз болып
қалуда.
Іскерлік өмірде орныққан тәртіптерді сынаушылар әрқилы ситуацияларда
қалай дұрыс әрекет жасауға болатыны хақында сұрақтар беретін көрінеді.
Рольф Нейдер іскерлік өңірдегі тәртіптердің сыналатыны туралы айта келіп,
сыншы корпорацияны тұрғылықты тоқтатуға, монополизмді жоюға өнімді
сатпауға, қызметшілерді қорқынышты қатерге душар етпеуге, корпорацияда
жұмыс істейтін саналы адамдарға зорлық жасамауға және бүгінгі адамдармен
болашақ ұрпақтардың өмір сүру құкын қорғауды бастауға шақырады деп
жазады.
Нейдер бүтіндей барлық корпорацияларда адамдар тәртібін едәуір
өзгертуге шақырады. Бұған жету құралы оның пікірі бойынша, іскерлік
белсенділікке бақылау жасау жөніндегі шараларға адамдардын неғұрлым кең де
белсенді қатысуы, сондай-ақ осындай бақылаудың тиімділігі көп болуына жету
болмақ. Алайда Нейдердің әдісі нақты ұйым шеңберінде қызмет бабындағы
міндеттерді орындау кезінде әрқилы жағдайларға кезіккен адамдар алдында
тұрған тікелей диллемаға (екі ұдайға) қатысы жоқ. Бұл адамдар өз ұйымының
Достарыңызбен бөлісу: |