23
Нарықтық ортаны қалыптастырудың негізгі факторы кәсіпкерліктің
қалыптасуы және дамуы болып келеді. Саяси экономия, бастапқы кезде
кәсіпкерікке өзіне тән өзекті мәселесі ретінде экономикалық өсудің және пайда
табиғатының көздерін ұғындыруымен байланысты көңіл бөлген. Кәсіпкер
туралы түсінік 18-ғасырда өмір сүрген алғашқы француз бизнес теоретигі
Ричард Канильтонның «Коммерция табиғаты жайлы очерк» деген еңбегінде
пайда болды. Мұнда ол белгілі баға бойынша өндіріс құралдарын сатып алып,
олардың көмегімен тауар өндіруге үміттеніп және сол заттарды өзіне
де белгісіз
пайда түсіретін жоғары бағамен сататын субъектісін жобалап түсінген.
Кәсіпкерлікке көңіл бөлгендердің бірі - Адам Смит [12]. Ол кәсіпкерді капитал
иесі бола отырып, қандай болса да, коммерциялық кәсіпкерлік мақсатын іске
асыруы үшін және пайда табу үшін тәуекелге барады деген. А.Смит пікірі
бойынша кәсіпкерлік пайда тәуекел компенсациясы болып табылады. Жан
Батист Сэй – кәсіпкерлік түсінігін кең көлемде қарастырған. Ол кәсіпкерлік
қызметтің мәнін жоғары бағалай отырып, өнімді шығарудағы оның белсенді
рөлін мойындаған. Сэйдің айтуынша кәсіпкер қызметтеріне ақпараттарды
жинастыру, қажетті тәжірибиені жинақтау, шешім қабылдау және өндіріс
үрдісін ұйымдастыру кіреді. Сонымен бірге ол бұл қызметтердің
шығармашылық ерекшелігіне көңіл аударып, олардың өндірісті басқарудың
ескішіл күнделікті операциялардан айырмашылығын айтқан.
К.Маркс көбіне Смиттің көзқарастарына сүйеніп, өзінің қосымша құн
теориясында кәсіпкерді тек қана өзінің капиталын жұмсап және өндірілген
қосымша құнды иеленген қоғамдық тұлға деп, яғни жалдамалы еңбекті
пайдаланушы капитал иесі мен өндірісті ұйымдастырушыны кәсіпкердің
қызметтеріне теңестірген.
Көптеген экономистердің ойынша, кәсіпкерлік теориясын тұтас алып
талдаған Иозеф Шумпетер. Кәсіпкерліктің мәнін И. Шумпетер алдымен
прогрестің қозғаушы күші және өндіргіш күштерінің үдемелі дамуы ретіндегі
жаңашылдық қасиетіне байланысты ашты. Кәсіпкер – жаңашыл - ол
экономикадағы барлық серпінді өзгерістердің қайнар көзі [13].
И.Шумпетер кәсіпкерлердің ішінен төрт түрін бөлген. Бұлар
Казақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуына зор маңызы бар. Ол түрлер-
«фабрикант-саудагер», «индустрия капитандары», «директор-менеджерлер»,
«негіздеушілер». Барлық төрт топтың ортақ белгілері бар. Оларға жататындар:
билікке ұмтылу, жаңа жетістіктерге жету, шығармашылық қуанышы. Атап
кететін жағдай, кәсіпкерліктің бұл сипаттамасы Франсуа Перридің сынына
түскен. Перридің айтуынша қазіргі жағдайда кәсіпкердің жаңашыл рөлі
ғалымдарды, зерттеушілерді және басқа мамандарды қамтуда. Бұл жай
меншіктің, басқару қызметінің өсіп жетілуіне байланысты. Ф.Перри тағы да
кәсіпкердің белгілі ортада жұмыс істейтінін және басқа институттардың әсерін
көретінін ескертеді.
Кәсіпкерлік теориясының дамуына И.Тюнен және Ф.Найт айтарлықтай
үлес қосты. Тюнен кәсіпкерге ерекше қасиеттердің иесі деп сипаттама береді.
Өз саласындағы «өнертапқыш, зерттеуші» және жобаланбаған, жоспардан тыс