15
Меншіктің түрі мінез алмасу іскерлігімен және бұл алмасу сапалы түрде
іске келтіріле ме, жоспарлы немесе стихиялы бола ма соны анықтайды. Осымен
қоса ол азық-түліктің тікелей орнықтылуы да тауар алмасудың алғашқы не
кейінгі түрінің көмегімен ажыратылады.
Қоғамдық дамудың белгілі бір сатысында азық-түліктің алмасуы алып
сатарлық жолмен жүзеге асады. Бірақ тауар алмасу мәңгі құбылыс. Марксизм-
лениннизм классиктері байқағандай, белгілі бір қоғамдық даму сатысында ол
жойылады деген болатын.
Сонымен қоғамдағы қатынастардың негізгі түрлерінің бірі болып тұтыну
аймағындағы қатынас болып табылады. К.Маркс дәлелдеген өндіріс және
тұтыну екеуі бір-біріне қарама-қарсы үрдіс болғанымен, бірін-бірі жоққа
шығармайды, сонымен қатар өзара бір-біріне сіңісіп, бір-бірінсіз өмір сүре
алмайды [5]. Әрине тұтыну биологиялық немесе технологиялық үрдіс сияқты
әлеуметтік экономикамен қарастырылмайды. Бұл басқа ғылымдардың есебі.
Бірақ тізбектілі тұтынудың өндірілуі экономикалық зерттеулердің қоршауына
ене береді. Сонымен өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну өзара тығыз
орнастырылған өндірістің бір тұтас үрдісін білдіреді.
Адамдардың өндірістік үрдіске қатынасын қалған барлық экономикалық
байланыстар және қоғамдағы қатынастар анықтайды. Қоғамдық өндірістің
нәтижесінде қоғамдық өнім құрылады. Ол өзінің қозғалу барасындағы бір-
біріне байланысты бірқатар кезеңдерден өтеді:
а) Өндірістік қатынастар әртүрлі жағынан өзінше біртұтастықты білдіреді,
оның барлық бөлшегі бір жақты әсер етеді. Сонымен меншіктік қатынастар
немесе жұмыс күшінің өндіріс қажеттілігімен бірігу тәсілі, айырбастау іскерлігі
қатынасымен әсер етуін сезеді, кейінгілері қатаюына жол береді немесе
берілген меншіктік қарым-қатынастың әлсіреуіне соқтырады. Мысалы: құл
иеленушілік қоғамында өндірістік қатынастардың мақсаты ретінде тұтыну
болатын. Ал, натуралды шаруашылықтарда тұтыну өндірістің мақсаты болып
табылады. Бірақ та нарық шаруашылығының жүйесінде өндірістің мақсаты
ретінде пайда табу болып табылады. Бұл нарық экономикасының жетістігі.
Белгілі австрия экономисі Ф.Хайек «Пайдаға ұмтылу неғұрлым ресурстарды
тиімді қолдануға мүмкіндік береді»- деген болатын [6].
Өндіріс қатынасы және бөлу өзара бір-біріне әсер етеді. Мысалы: бөлу
айлық жалақы түрінде сыйлық және басқа төлемақы сияқты өндірістік еңбектің
өнімі ретінде өндірілуін жоғарылатады.
б) Бөлу қатынасы өндірістік қатынасқа әсер етіп қоймай, соған сіңіп кетеді.
Бөлу жоғарыда көрсетілгендей, экономиканың тиянақты аясы болып табылады.
Келешекте зерттеу өндірісі, бөлу сол уақытта өзін-өзі өндірудің элементін
құрайды. Ол үздіксіз меншікті өндірістің қажеттілігіне адамдар арасындағы
әрекеттің тәсіліне айырбастайды. «Бөлуден бұрын азық-түлікті бөлу» қажет
және ол бар деген К.Маркс [7]:
Біріншіден, өндірістің бөлінуі; екіншіден ол әрі қарай сол қатынастың
қоғамдық мүшелеріне әртүрлі өндірісте әсер етеді... Азық-түлікті бөлу, оны
үйлестірудің нәтижесі ретінде ғана көрсетеді, яғни өндірістік қатынастың
16
мұндай жағы меншік қатынасына кіреді. Міне, саяси экономиканы меңгеру
кезінде сол және басқа процесс құбылыстың бірінші орында болуы, сол меншік
барлық экономикалық қатынастарды жалпы байланыстырады және қоғамдық
қатардың сипатын анықтайды.
Айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен нарықтық қатыныстар
қалыптасты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезендерге
бөлуге болады:
1) нарық элементтерінің пайда болуы;
2) натуралды айырбас кезеңінің нарығы;
3) тауар баламасы кезеңінің нарығы;
4) тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады олар
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-
саттық көріністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2
көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.
Оның нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша
Т1-Т2, балама-Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол
ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып
шығып қалып отырады.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:Т1-тауар емес балама-
Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иеленушілері-
несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады.
Сонымен қатар нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты -
өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік, белгілі бір дәрежеде дамыған
қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті.
ХХ ғасырда елдер арасындағы экономикалық қатынастар әрқилы болып
дамыды, олар тек сауда ғана емес, өндірісте капитал айналымында, ғылыми
зерттеулердің нәтижелерін айырбастауда да кездеседі.
Бұл өндіріс үрдісін үнемі қозғалысқа келтіретін факторлар болады. Оларға
өндірістің үш классикалық факторлары (жер, еңбек, капитал) және төртінші
фактор (ұйымдастырушы), яғни кәсіпкерлік қабілет жатады. Бірінші болып, осы
өндіріс факторларының төртінші факторын ұйымдастырушы деп атаған Андре
Маршалл болған. Осыған орай кәсіпкерлік институтының мәні қарастырылып
оның қызметтері зерттеліп, кеңейе түскен.
Қорыта келгенде, нарықты экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие
және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең секторлы қоғамдық
қарым-қатынастарды қамтиды. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет тіршілігіміздің
экономикалық жағдайларына да қатысты үлкен роль атқарады.
Сонымен бұл бөлімде жүргізілген талдауға былайша қорытынды жасауға
болады:
-
нарықтық қатынастар жүйесінің қалыптасуы қаралып, оның жеке
элементтері талдауға алынды;
Достарыңызбен бөлісу: |