Республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет10/28
Дата04.01.2020
өлшемі1,43 Mb.
#25855
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

 

20

құрауыштар  туралы  тұтас  ойды  жəне  оларды  дұрыс  өзара  əрекеттесуде 



қарастыруды  талап  етеді.  Əдістемелік  оқыту  жүйесінің  құрауыштарының 

өзара əрекеті оның функционалды сызбасында көрнекі орын алады. 

 

Əдістемелік  жүйе  күрделі  динамикалық  қалыптан  тұрады.  Оқытудың 



мақсаты  мен  міндеті  оның  мазмұнын  анықтайды.  Оқыту  мазмұны  оқытуды 

ұйымдастырудың нақты əдістері мен формаларын талап етеді. Оқыту барысы 

бойынша  ауызша,  жазбаша,  зертханалық-практикалық  жұмыстар,  сынақтар 

мен емтихандар көмегімен жүзеге асатын ағымдық жəне қорытынды бақылау 

қажет.  Бақылау  оқу  үрдісінде  кері  байланыстың  жұмыс  істеуін  – 

оқытушының қиындықтар дəрежесі туралы,  оқыту  тапсырмаларын  кезеңмен 

шешу сапасы туралы ақпаратты алуын қамтамасыз етеді. Кері байланыс оқу 

үрдісін  ұйымдастыруды,  корригирлеуді  реттеу,  оқыту  əдісі  мен  формасына 

өзгерістер  енгізу,  оларды  сол  жағдай  үшін  оңтайлысына  келтіру  қажеттігін 

тудырады.  Қол  жеткізілген  нəтижелерді  бағалау  қойылған  оқу-тəрбие 

міндеттеріне  сəйкестіктен  нақты  ауытқушылықтарды  анықтап,  білім  мен 

ептіліктен  анықталған  кемшіліктерді  ескеретін  жаңа  міндеттерді  жобалауды 

талап  ете  алады.  Ақыр  соңында,  əдістемелік  жүйенің  барлық  құрауыштары 

өзінің  жиынтығымен  нақты  нəтижелерді  алуды  қамтамасыз  етеді,  оның 

талдамасы  білім  мен  ептіліктегі  анықталған  кемшіліктердің  орнын  толтыру 

қажеттілігін  ескеретін  оқытудың  қосымша  міндеттерін  қою  жолымен 

анықталатын  ауытқушылықтардың  себептерін  анықтауға  жəне  жоюға 

мүмкіндік береді. 

 

Оқытудың  əдістемелік  жүйесінің  ішкі  өзара  байланыстары  оның  түрлі 



жұмыс істеу тəсілдерін таңдаудың барынша кең мүмкіндіктеріне жол береді. 

Сондықтан  əдістемелік  жүйені  жетілдірудің  бағыттарын  анықтайтын 

қағидалар  қажет.  Бұндай  қағидаларды  А.М.Пышкало  [1975]  оқытудың 

əдістемелік жүйесін жетілдіру ұстанымдары деп атады. 

 

Əдістемелік  жүйені  жетілдірудің  орталық  ұстанымы  мақсаттылық 



ұстанымы болып табылады: əдістемелік жүйені жетілдірудің бағыттары мен 

нəтижелері  жəне  оның  құрауыштары  көбінесе  студенттерді  оқыту 

мақсаттарына сай болуы керек. 

 

Əдістемелік  жүйені  жетілдіру  бағыты  жүйелік  амалдың  мəнінен 



туындайтын 

нақты 


талаптарды 

ескермеуге 

тиім 

емес. 


Жүйенің 

құрауыштарының  бірінің  кез-келген  өзгерісі  міндетті  түрде  өзгелеріне  əсер 

етеді.  Осы  ойдан  келіп  келесі  жайт  туындайды:  А.М.Пышкало  өзара 

байланыс  ұстанымы  деп  атаған  əдістемелік  жүйені  жетілдіру  ұстанымы: 

əдістемелік  жүйенің  құрауыштары  өзгерген  кезде  осыдан  туындайтын 

салдарын қалған басқа да құрауыштары үшін анықтау қажет. 

 

Көрсетілген  ұстанымды  толықтық  ұстанымы  деп  аталатын  жүйедегі 



барлық өзара байланыстарды қарау талабымен толықтыру қажет: əдістемелік 

жүйені жетілдіру кезінде оның құрылымының əрбір элементіне көңіл бөлген 

жөн. 

 

Жаңа  оқу  пəнінің  даму  сатысында  əзірлеуге  амалды  анықтайтын  жəне 



оқу-əдістемелік құжатнаманы жəне оқу-əдістемелік құралды түзетуге ілесетін 

дұрыс  теоретикалық-əдіснамалық  бағдарды  бірден  анықтап  алған  дұрыс. 




 

21

Оқытудың  əдістемелік  жүйесін  құруды  оқыту,  тəрбиелеу  жəне  дамыту 



тапсырмаларын  кешенді  шешудəі  қажетті  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 

оқытуға қойылатын негізгі талаптар жүйесі аясында түсіндірілетін оқытудың 

кəсіби-педагогикалық  бағытының  дидактикалық  ұстанымдарына  сəйкес 

өткізу керек. 

 

Оқытудың  əдістемелік  жүйесіне  ықпал  жасаған  белгілі  дидактикалық 



ұстанымдарды: 

1. 


Оқытудың 

əдістемелік 

жүйесінің 

мақсаттылық 

ұстанымы. 

Ойластырылған мақсат оқытудың əдістемелік жүйесіне идеялық бағыттылық, 

саналық  жəне  шығармашылық  сипат  береді,  оқытушылар  мен  студенттер 

əрекеттеріндегі стихиялықты ескертеді. 

2.  Оқыту  мазмұнының  ғылымилық  ұстанымы,  талап  етеді  [Краевский, 

Лернер,1983]: 

а) білім мазмұнының заманауи ғылым деңгейіне сəйкестігін; 

ə)  студенттердің  танымның  жеке  жəне  жалпы  ғылыми  əдістері  туралы 

түсінігін қалыптастыру; 

б) таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын үйрену. 

3.  Қол  жетімділік  ұстанымы,  осыған  сəйкес  интеллектуалдық,  физикалық 

жəне моралды салмақсыз оқушылардың мүмкіндік деңгейінде құрылуы тиіс. 

4.  Жоспарлаудың  түрлі  формаларында  оқыту  үрдісінде  іске  асырылатын 

жүйелік  жəне  кезектілік  ұстанымы.  Жоспарлау  кезінде  оқу  материалының 

тараулары  арасында  логикалық  байланыстар  орнатылады,  тақырыптар  мен 

олардың  жеке  сұрақтарын  игерудің  реті,  теоретикалық  жəне  зертханалық 

жұмыстардың  кезектілігі,  оқу  материалын  қайталау  жəне меңгеру  дəрежесін 

бақылау  белгіленеді.  Заңдылық  орнатылған  –  логикалық  байланыстарды 

сақтаған  жағдайда  оқу  жəне  дүниетаным  материалдары  үлкен  көлемде  жəне 

анағұрлым  берік  игеріледі.  Жүйелік  пен  кезектілік  аз  уақытта  үлкен 

нəтижелерге жетуге мүмкіндік береді.  

5. Көрнекілік ұстанымы Я.А.Коменскийдəі «дидактиканың алтын ережесіне» 

негізделеді, оқытуға сезімнің барлық мүшелерін тартуды талап етеді. Оқыту 

көрнекілігі  оқу  үрдісінде  əр  түрлі  демонстрацияларды,  зертханалық-

практикалық  жұмыстарды,  оқу  плакаттарын,  сызбаларды,  т.б.  қолданумен 

қамтамасыз етіледі. 

6.  Оқытудың  оңтайлы  əдістерін,  формаларын  жəне  құралдарын  таңдау 

ұстанымы  педагогтарға  ғылыми  негізде  нақты  пəн  үшін  сəйкес  келетін 

жұмыс  тəсілдерін  таңдау  құқығын  береді.  Бұл  ұстаным  оқытушыларды 

əдістемелік  шығармашылыққа  шақырады,  озық  тəжірибенің  жетістіктерін, 

сондай-ақ  оқыту  саласындағы  өзінің  зерттеу  іс-қызметін  қолдану  үшін  кең 

мүмкіндік береді. 

7. Оқыту нəтижелерінің беріктікұғынушылық жəне əрекеттік ұстанымы, 

осыған  сəйкес  оқытудың  əдістемелік  жүйесін  құруда  оқу-танымдық  іс-

қызмет  дағдыларының  беріктігін,  алынған  білімнің  ұғынушылығын  жəне 

əрекеттік білім, ептілік, дағдыларды жəне тəртіп тəсілдерін қалыптастыруды 

қамтамасыз ету қажет..  



жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау