Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата17.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

20 
 
қажеттіліктерін  анықтау,  сұраныстың  мектептің  кадрлық  ресурсымен, 
даму бағдарламасының ерекшеліктерімен сәйкестендіру керек. 
Негізгі  мектепте  жалғасатын  қызметтің  кем  дегенде  бір 
бағытын  таңдауға  негізделетін  сабақтастық  ұстанымы.  Мысалы: 
жобалық  қызмет.  «Мен  –  зерттеушімін»  үйірмесі  бастауыш  мектептің 
төрт жылы бойында жұмыс істей алады, өзінің зерттеу спецификасына 
ие,  және  негізгі  мектептегі  клуб  немесе  ғылыми  қоғам  түрінде  заңды 
жалғасады.  
Сабақтан  тыс  қызмет  бағыттарының  әртүрлілігі  ұстанымы, 
ол сабақтан тыс қызметтің бағыттарын іске асыруды көздейді:  
Мектептің  әлеуметтік-мәдени  ерекшеліктерін,  білім  беру 
ұйымының  даму  бағдарламасын  есепке  алу  ұстанымы.  Мысалы,  егер 
мектеп  экологиялық  білім  беру  және  тәрбие  беру  мәселесі  бойынша 
жұмыс істесе, аталмыш бағыт бастауыш мектептен бастап сабақтан тыс 
қызмет сабақтарында көрініс табуы тиіс. 
Сабақтан  тыс  қызметтерді  ұйымдастыруға  арналған  өңірлік 
әзірлемелерді есепке алу ұстанымы. Бірінші сыныпта «Оқы, оқы» атты 
үйірмені  ұйымдастыру,  оның  бағдарламасы  тек  сабақтарда,  пәндік 
материалда  ғана  емес,  сондай-ақ  түрлі  ойындық  және  танымдық 
сценарийлерде де әмбебап оқу қызметтерін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Қосымша білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарымен өзара 
қызмет  ұстанымы.  Сабақтан  тыс  сабақтардың  бөлігі  қосымша  білім 
беру  ұйымының,  кітапхананың  аумағында  іске  асырылуы  мүмкін. 
Үйірме  жетекшісі  болып  қосымша  білім  беру  жүйесінің  немесе 
мәдениет және спорт мекемесінің маманы істей алады.  
Сабақтан 
тыс 
қызметті 
ұйымдастыру 
ормаларының 
әртүрлілігі 
ұстанымы. 
Мектептің 
сабақтан 
тыс 
қызмет 
бағдарламасында  үйірмелер,  студиялар,  клубтар,  шеберханалар, 
секциялар, қоғамдар және т.б. болулары тиіс. 
Сабақтан  тыс  қызметті  ұйымдастыру  кезінде  оқу  жылының 
оқу  және  каникулдық  кезеңдерін  оңтайлы  пайдалану  ұстанымы. 
Сабақтан тыс қызмет бағдарламасының бір бөлігі каникул уақытында, 
демалыс  күндері  іске  асырылуы  мүмкін.  Белгілі  бір  сабақтардың 
өткізілу 
уақыты 
туралы 
ақпарат 
 
үйірменің, 
студияның 
бағдарламасында болуы тиіс.   
Білім беру үрдісінде қолданылатын оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) 
мүмкіндіктерін есепке алу ұстанымы. 
Сабақтан  тыс  қызметке  іс-әрекет  мазмұнының  қатаң  реттелуі 
және  бағдарламаларды,  алгоритмдерді,  жоспарларды  құрастыру 
кезіндегі таза басқарушылық амал-тәсіл тән емес. Сабақтан тыс қызмет 
баланы  тәрбиелеудің  жеке  сипатын  көздейді,  бұл  ретте  тәрбие  оқушы 
таңдап алған қызмет пәніне деген қызығушылыққа негізделеді. 


21 
 
Сабақтан тыс қызметті  ұйымдастыру кезеңдері:  
1. 
Жобалық, 
ол 
балалардың 
қызығушылықтарына, 
қажеттіліктеріне 
диагностикадан, 
олардың 
ата-аналарының 
сұраныстарынан  және  оның  нәтижелері  негізінде  ресурстық 
қамтамасыз  етудің  мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып,  мектептегі 
сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру жүйесін жобалаудан тұрады. 
2.  Ұйымдастырушылық-қызметтік,  оның  аясында  сабақтан  тыс 
қызметтің  әзірленген  моделінің  оның  ресурстық  қамтамасыз  етілуі 
арқылы құрылуы және жұмыс істеуі жүреді.  
3. Сараптамалық кезең, оның барысында сабақтан тыс қызметтің 
іске асырылушы моделіне талдау жүргізіледі  
Сабақтан  тыс  қызметті  іске  асыру  үшін  жағдайлар  жасау. 
Сабақтан  тыс  іс-  қызметті  табысты  іске  асыру  үшін  мына  бағыттар 
бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу қажет:  
Ұйымдастырушылық  қамтамасыз  ету  ресурстық  орталықтарды 
құрудан тұруы мүмкін. Алғашқы құрамдас ретінде мына «ресурстық» 
модель  бола  алады:  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымы  бірнеше 
жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқушыларына  арнап  білім  беру 
үрдісін  іске  асыру  үшін  өзінде  бар  материалдық-техникалық  базаны 
қолданады,  ол  мектептер  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымына 
«топтасады».  
Вариативті  модельдің  екінші  құрамдас  бөлігі  де  өзара  қызметті 
ұйымдастыруға деген дәстүрлі амал-тәсіл болып табылады, яғни жалпы 
білім  беру  ұйымының  оқушылары  қызығушылықтары  бойынша 
аталмыш  жалпы  білім  беретін  ұйымның  базасында  жұмыс  істейтін 
балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  үйірмелеріне, 
секцияларына, клубтарына және т.б. барады. 
Оқушылар  санының  көп  жағдайында  аталмыш  модельдің  ары 
қарай  дамуы мектеп базасында БҚББҰ тиісті филиалының ашылуына 
әкеледі.  
Өзара қызметтің вариативті моделінің үшінші құрамдас бөлігі – 
бұл  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымының  базасындағы 
тағылымдамалық  алаң  қолданылатын  модель.  Бұл  жағдайда  БҚББҰ  – 
бұл  жалпы  білім  беру  жүйесі  педагогтерінің  біліктілігін  арттыруға 
арналған  белгілі  бір  ұйымдастырушылық-әдістемелік  орталық  және 
базалық ұйым. 
Балаларға  жалпы  және  қосымша  білім  беретін  ұйымдардың 
барлық  өзара  іс-  қызметі  жағдайларында  ортақ  бағдарламалық-
әдістемелік  кеңістік  құрылуы  тиіс.  Мұндай  өзара  қызмет  аясында  іске 
асырылатын  сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламаларының  мақсатты 
бағдарлары нақты жалпы білім беретін ұйымның жалпы орта білім беру 
бағдарламасын  игерудің  жоспарланып  отырған  нәтиежелерін  көздеуі 
тиіс.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау