Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/48
Дата17.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#861
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48

28 
 
жетекшілері іске асырылады. 
Мектептегі  қосымша  білімнің  бағыттары:  көркем-эстетикалық, 
әлеуметтік-педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, 
спорттық-сауықтыру және тағы басқа. 
Сабақтан  тыс  жұмыстар  мен  қосымша  білім  берудің  маңызды 
байланыстырушы  буын  пәндік  үйірмелер  болып  табылады:  бұл 
міндетті  оқу  материалымен  байланыс;  білімге,  біліктілікке,  дағдыға 
және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; 
білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты 
таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс 
жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі. 
Білім  беру  үдерісінің  баланың  дамуына,  оның  шығармашылық 
мүмкіндіктерін, қабілеттерін  ашуға  бағытталғандығы  маңызды.  Мұнда 
білім  беру  үдерісінің  нысандалған  сипаты  аз,  сондықтан  ол  бала 
дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің 
белсенді  субъектісі  болып  табылады,  білім  алу  міндеттерін  белсенді 
шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, 
қызметті  орындау  түрлерін  анықтайды,  бақылау  объектілерінің 
арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді. 
Егер  мектепте  оқытуды  жекелендіру  ережесіне  сәйкес  бастама 
мұғалім тарапынан болатын болса, ал  балаларға қосымша білім беруде, 
өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан 
болады.  Педагогтің  позициясы  өзгереді:  ол  тек  қана  білім 
тасымалдаушысы  ретінде  қарастырылмай,  сонымен  қатар  оқушының 
тұлғалық 
қалыптасуына 
көмекші 
ретінде 
қарастырылады: 
ынтымақтастықтың,  формалдық  емес  қарым-қатынастың    идеясы 
бекітіледі.  Қосымша  білім  берудің  педагогі  кеңес  берушінің  қызметін 
орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы 
жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады. 
Баланы  дамыту  мақсатына  жету  үшін  білім  беру  үдерісінде 
ұйымдастырудың  жеке  және  ұжымдық  түрлерін,  оқытудың 
проблемалық  түрлерін  (жұптық  әрекеттестік,  шағын  топтар,  топтар 
арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы 
мен  педагог  ұстанымдарын  ауыстырады,  олардың  әрекеттестіктерінің 
субъект-субъектілік  сипаттамаларын  іске  асыруға  көмектеседі,  қарым-
қатынас  жасаудың  демократиялық  стилін  және  педагог  қызметінің 
ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді. 
Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, 
өзін-өзі  анықтау  және  тұлғаның  өзін-өзі  іске  асыруды  шешу 
жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі. 
Қосымша  білім  беру  педагогінің  қағидалық  ұстанымы  –  бала 
тәрбиелеу,  бұл  жағдайда  пән  мақсат  емес,  ол  тұлғаның  барлық 
қырларын:  ой-өрісін,  тәжірибелік  ақылын,  еңбексүйгіштікті,  дене 


29 
 
дамуын  және  өзін-өзі  жетілдіру,  мінезі  мен  рухын  қалыптастыру, 
дамыту және жетілдіру құралы болып табылады. 
Басқаша айтқанда, қосымша білім беру  – баланың бай ішкі жан-
дүниесіне  еніп,  оны  түсіну  және  мүмкіндіктерін  ұлғайту  болып 
табылады.  
Қосымша  білім  беру  жүйесіне  тиісті  технологияларды  мектептің 
оқу үдерісіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, 
оқу  жобалары,  дискуссиялық  технологиялар,  ойындар,  пәндік 
технологиялар  болуы  мүмкін.  Олар  әдеттегідей  сабақтың  шегінен 
шығатын  оқытушының  басшылығымен  білім  алушылардың  өзіндік 
жеке  және  топтық  қызметін  қарастырады.  Сонымен  қатар,  мектеп 
сабақтары  оқу  сабақтарының  аясында  материалдың  мазмұнын 
тереңдету  мен  кеңейту  арқылы  және  сабақтан  тыс  қызметтеріндегі 
әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін қолдану 
арқылы  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  үдерісінде 
жалғасын табуы мүмкін. 
Бір  жағынан  негізгі  және  қосымша  білім  беруді  кіріктіруді 
дамыту  мектептің  әртүрлі  мектептен  тыс  қосымша  білім  беру 
ұйымдарымен  әрекеттесу  қызметі  болып  табылады.  Бұл  оқушыларды 
көркемөнер,  спорт,  туристік-өлкетану  және  басқа  қызметтерге 
тартудың  өте  жақсы  мүмкіндігі.  Әрекеттесу  қызметі  жұмыс  жоспарын 
үйлестіруге,  мектеп  және  қосымша  білім  беру  ұйымдарының 
мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.   
Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері 
Егер  мектепте  бұрын  қосымша  білім  беру  блогы  болмаған 
жағдайда,  әкімшілік  кезең-кезеңімен  келесі  талдамалық  және 
ұйымдастырушылық                         қызметтерді жасауы керек.     
1-кезең – талдамалық.  
Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды: 
•  мектептің  мақсаты  мен  міндеттеріне  мұқият  талдау  жасау. 
Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның 
мақсатына,  бағытына,  міндеттеріне,  жоғары  сыныптардағы  бар  немесе 
жоспарлаған  бейінінің  сипатына  байланысты  тандаған  мақсатты 
болады; 
•  қосымша  білім  беру  қызметтеріне  балалардың  және  ата-
аналардың 
сұранысын 
анықтау. 
Олардың 
қажеттіліктерін 
сауалнамалар,  ауызша  сұрау,  ата-аналар  жиналыстарында  ұжымдық 
талқылау арқылы анықтау;  
• мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс 
істейтін  үйірмелерді,  секцияларды  анықтап,  оларды  балалардың  және 
ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру; 
•  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары  ұсынатын  қосымша 
білім  беру  қызметтерін  зерттеп,  олармен  біріккен  жұмыстардың 


30 
 
түрлерін ойластыру; 
•  мұғалімдердің,  ата-аналардың,  жоғары  сынып  оқушыларының 
шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;  
• мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру; 
•  ғылыми  және  оқу-тәрбие  жұмыстары  бойынша  директор 
орынбасарларының,  қосымша  білім  беру  педагогтерінің,  сынып 
жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша 
білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;     
•  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары  бойынша  негізгі 
құжаттарды  (заңдар,  қаулы,  бұйрықтар,  нұсқаулар,  өкімдер),  сонымен 
қатар  республикалық  және  өңірлік  деңгейдегі  бағдарламалық 
құжаттарды оқып білу;    
Алдын  ала  жасалған  талдау  қосымша  білім  беру  қызметтеріне 
әлеуметтік  тапсырыстар  мен  мектептің  нақты  мүмкіндіктері  туралы 
түсінік береді.  
2-кезең – жобалау.  
Осы  кезеңнің  негізгі  міндеті  –  мектепте  қосымша  білім  берудің 
жалпы  сызбасын  дайындау.  Оны  дайындау  үшін  келесі  сұрақтарға 
жауап беру керек:   
• мектепке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және 
қандай шамада  мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;     
•  осылардың  қандай  бағыттарын  және  қандай  формада    мектеп 
базасында,  қандайын  балаларға  мектептен  тыс  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының базасында іске асыру қажет;  
•  қайсысын  педагогтердің,  шақырылған  мамандардың,  ата-
аналардың,  жоғары  сынып  оқушыларының  көмектері  арқылы  іске 
асыруға болады; 
•  балаларға  қосымша  білім  беру  саласында  мектептің  негізгі 
материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;   
• не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады; 
• бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қосымша білім беру 
бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;  
• білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру 
арқылы  қандай  кәсіби  деңгейге  дейінгі  немесе  кәсіптік  бейімделу 
жұмыстарын ұйымдастыруға болады. 
Осы  сұрақтарға  жауап  бергеннен  кейін,  мектептегі  сабақ  кестесі 
мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім 
беру блогының жұмыс кестесін құру.   
3-кезең  –  мектепті  қосымша  білім  берудің  ұйымдастырушылық 
және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету. 
Жобалау  кестесі  іске  аспай  тұрып  үйірмелердің,  студиялардың, 
секциялардың,  клубтардың  жұмыстары  ұйымдастырушылық  және 
бағдарламалық-әдістемелік  қолдау  алу  керек.  Біріншіден,  ол  үшін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау