Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата04.01.2018
өлшемі0,72 Mb.
#6969
1   2   3   4   5   6   7   8

№54 (736) 

3.04.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


КҮРЕС

Еншімізде – бес жолдама, үш алтын

Еркін күрестен аса ауыр салмақта Ма-

рид Муталимовке сенім артқанбыз. Ол 

қырғыз Айал Лазаревты екі кезеңде де 

ұтып (8:2, 2:0 есептерімен), одан соң дәл 

осындай нәтижемен оңтүстіккореялық 

Кунг Жин Намды жолынан тайдырып, 

Олимпиада лицензиясына ие болды. Ал 

финалда өзбекстандық Олимпиада чем-

пионы Артур Таймазовтан таза ұтылды. 

Бұдан соң боз кілемге грек-рим күресі 

шеберлері шықты. 55 келіде Асхат Құдай-

бергеновке сенім артқанбыз. Алдымен 

фи липпиндік балуанды жеңген Асхат бұ-

дан кейін әлемнің бес дүркін чемпионы, 

ирандық Хамит Сироянға еш қарсылық 

көрсете алмады. Екі кезеңде де Иран бал-

уаны басым түсіп, финалға шықты да, 

лицензияға ие болды. Ал біз жолдамадан 

қағылдық. Десек те, Асхат қола медаль 

үшін қырғыз балуанымен күресіп, оны 

жеңді де, үшінші орынды иеленді.

66 келіде Дархан Баяхметов жарады. 

Алдымен қытайлық Шен Хені таза ұтты. 

Жартылай финалдағы шектен тыс шие-

леністі өткен белдесуде өзбекстандық Вла-

димир Погодинді жеңді. Ал финалда жа-

пон Тсоми Фуджимурамен кездесіп, одан 

да айласын асырды.

Дархан БАЯХМЕТОВ,

 

лицензиялық турнирдің жеңімпазы:



– Мен үшін өзбек балуанымен өткен 

жартылай финалдық белдесу қиын 

бол ды. Бұрын кездеспеген едім, күші 

басым екен. Бірақ соңғы сәтте «қалайда 

ұтуым керек, бүкіл халық маған үмітпен 

қарап отыр, солардың сенімдерін ақта-

уым керек» деп ойладым да, бар күшім-

ді салып, оны кілем үстінде аунатып, 

ма 

ңыз 

ды ұпайларға қол жеткіздім. 

Мұн дай мүмкіндіктің екінші қайта кел-

мейтінін түсіндім. Бұл жолы жеңіске 

жет песем, бұл қателігімді жанкүйер-

лер дің кешірмейтіндігін білдім. 

Дарханның жеңісті жолын 84 келіде 

белдескен Даниял Гаджиев жалғастырды. 

Ресейден қоныс аударып келген балуан. 

Біздің елдің атынан осымен екінші рет 

халықаралық сында белдесті. Бапкерлер 

сенімін ақтап, әуелі ирандық Нариман Та-

лебті таза ұтты. Бұл белдесу өте шиеленісті 

өтті. Екі балуан да қызуқанды екен. Белде-

су төбелеске ұласып кете жаздады. Гад-

жиев бұдан соң қытай Ма Саниді де жеңіп, 

лицензияға қол жеткізді. Ал финалда оң-

түс тіккореялық Сеул Лимнен басым түсіп, 

турнир жеңімпазы атанды.



Даниял ГАДЖИЕВ,

 

лицензиялық турнирдің жеңімпазы:



– Жанкүйерлердің қолдауын жақсы 

сезіндім. Олар мені демеп отырды. 

Шы нын айту керек, барлық белдесу-

лерім өте қиын болды. Себебі мен 74 

келіден биыл ғана ауыстым, осы сал-

мақ қа. Қазірдің өзінде таразыға тұрсам, 

сексен үш келі тартамын. Өзіңіз ойлай 

беріңіз, 90 келіден салмақ қуып ке-

летіндермен күресу қалай қиын екенін. 

Жолдама алдым, енді Олимпиадада 

артылған үмітті ақтауым керек.

96 келіде Марғұлан Әсембеков үндіс 

Ашок Кумарды ұтқан. Ал ширек финалда 

жапон Накатсу Касаявамен белдесті. Жа-

понды да жеңетініне сенімді болғанбыз. 

Бірақ ол қарулы екен, біздің Марғұланды 

қапсыра құшақтап алды да, кілемде бір 

аунатып, екі ұпай алды. Марғұлан үзілістен 

кейін де қарсыласына қарсы еш әдіс қол-

дана алмағандықтан, төреші оны төртта-

ған датты. Жапон мықты екен. Әсембековті 

кілемнен жұлып алып, бір аунатты да, ке-

лесі айналымға жолдама алды. Зал толы 

көрермен тым-тырыс болып, аңтарылды 

да қалды. Өйткені бәрі де Марғұланға 

ерек ше сенім артқан. Осылай Олимпиада 

жол дамасы өзгенің еншісінде кетті. Бұл 

бел десуде Марғұлан екі кезеңде де 0:2 

есебімен ұтылып қалды. 

Жапон жігіті мұнымен шектелмей фи-

нал ға шықты да, Марғұлан үшінші орын 

үшін күресу мүмкіндігіне ие болды. Әуелі 

оң түстіккореялық Чанг Анды екі кезеңде 

де 3:0 есебімен таза жеңді. Ал қола медаль 

үшін өткен шешуші белдесуде қырғыз Азат 

Еркімбаевты аса қиналмай ұтып, үшінші 

орынға ие болды.

Әйелдер күресіндегі 55 келі салмақта 

Айым Әбділдинаның тілеуін тіледік. Айым 

әуелі өзбек қызымен болған үш кезеңге 

созылған шиленісті белдесуде жеңіске 

жетіп, бұдан кейін Олимп лицензиясы 

сарапқа салынған белдесуде үнді қызы 

Гита Гитамен күресті. Бірінші кезеңде Айым 

басым түскенімен, үзілістен кейін белсене 

күресіп, таразы басын теңестірді. Шешуші 

кезеңде Айым барын салуы тиіс еді. Бірақ 

талдырмаш қазақ қызының қайыстай қара 

қарсыласына шамасы жетпей, шаршап 

қалды. Алдымен – үш ұпай, одан кейін екі 

ұпай еншілеген үнді қызы финалға шықты. 

Әрі сол бетінен таймай, осы турнирдің 

жеңімпазы атанып тынды.

Елена Шалыгина (63 келі) 

алдымен 


оңтүстіккореялық Ен Чун Жунгті жолынан 

тайдырды. Ал келесі Олимп лицензиясы 

үшін өткен маңызды белдесуде үндіс Ани-

та Анитаны жеңіп, жанкүйерлерін қуантты. 

Тартысты өткен белдесудің бірінші кезе-

ңінде жалқы ұпай еншілеген Елена үзілістен 

кейін сылбырлық танытып, күші басым үн-

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ



Шайбалы хоккейден Латвияда аяқталған әйелдер арасындағы 

әлем чемпиона тында Қазақстан қыздары сәтсіздікке ұшырап, екінші 

дивизионнан бір-ақ шықты.

Біз төмен құлдырап, чехтар шарықтады

Қазақстан қыздары былтыр әлемнің ең 

үздік жеті құрамасымен бірге жоғарғы ди-

визионда өнер көрсеткен болатын-ды. 

Өкінішке қарай, Александр Мальцев жат-

тықтыратын аруларымыз сегізінші орынға 

табан тіреп, бірінші дивизионға түсіп қал-

ған еді. Биыл бүкіләлемдік біріншіліктің 

бірінші дивизионында бақ сынаған қыз-

дарымыз бірінші орынға ие болып, кіл 

мық тылар арасына қайта оралар деп дә-

ме ленгенбіз. Алайда мұзайдындағы тұлым 

шаштары желбіреген аруларымыз бес 

ойында да жеңілістің кермек дәмін татып, 

екінші дивизионнан бір-ақ шықты.

Ал былтыр ғана екінші дивизонда ойнап, 

осы топта бірінші орынға ие болып, биыл 

бірінші дивизионда бақ сынаған Чехия қыз-

дары жалқы жолдамаға қол жеткізді. Яғни 

олар биыл бірінші дивизионда топ жарып, 

келесі жылы кіл мықтылар арасында өнер 

көрсету құқығына қол жеткізді. Біз кері кетіп 

бара жатсақ, олар жоғары өрлеп барады... 

Соңғы екі ойында сенім артқан қыз да-

рымыз Чехия және Жапония құрамаларынан 

ұтылды. Әсіресе жапондардан 0:5 есебімен 

ойсырай ұтылулары жығылғанға жұ ды рық 

болды. Бұл кездесуде күншығыс елі арулары 

біздің қақпаға соққыны қар ша боратыпты. 

Жапон қыздары соңғы Азия ойындарында 

жіберіп жүрген еселерін осы лай қайтардық 

деп мәз болып жүрген шығар...

Қазақстан құрамасының Вентспилс 

мұзайдынындағы сәтсіздігіне бас бапкерді 

кінәлай алмаймыз. Александр Мальцев – 

бірнеше жыл әйелдер хоккейінің «отымен 

кіріп, күлімен шығып» жүрген еңбекқор 

маман. Жоқтан бар жасап, команда жасақ-

тап, халықаралық додаларда ел намысын 

абыроймен қорғап келді. Бірақ соңғы 

жылдары әйелдер хоккейі Еуропа мен 

Азия да қарқынды түрде қарыштап келеді. 

Қазақстан қыздарымен додаға түсетін 

елдердің бәрінде әйелдер хоккейі аса 

жоғары деңгейде қолға алынып, дамыған 

үстіне дамуда. Ал бізде шектен тыс маңызды 

ойындарда гол соғып, команданы алға 

сүйреп жүрген – сол баяғы Ольга Коныше-

ва, Наталья Яковчук сынды ойыншылары-

мыз. Әлбетте қыздың жасын айтпаушы еді, 

сонда да назарларыңызды аудара кетейік, 

Конышева екі айдан астам уақыттан кейін 

– 40-қа, ал Яковчук биыл жазда 37-ге то-

лады. Олардан кейінгі буыннан Виктория 

Сазонова, Алена Фукс, Галина Шу, Зарина 

Тухтиева сынды қыздарымыз ғана көзге 

түсіп жүрген. Ал жастар жағы әлі мұндай 

табан тірескен дүлей додаларда жоғарыда-

ғы әпкелеріне көмек бола алар емес...

Қазақстан – Чехия – 2:3

Голдар: Конышева, Яковчук

Соққылар: 19 – 39

Қазақстан – Жапония – 0:5

Соққылар: 25 – 48

Қорытынды кесте:

1. Чехия 5 4 0 0 1 19-8 12

2. Норвегия 5 3 1 0 1 20-7 11

3. Жапония 5 3 0 0 2 15-10 9 

4. Австрия 5 2 0 0 3 16-18 6

5. Латвия 5 1 1 0 3 5-20 5

6. Қазақстан 5 0 0 2 3 7-19 2

Нұрғазы САСАЕВ

«Тараз» қалай топ бастады?

Осы жеңістен соң «Тараз» премьер-

лигада жеке-дара көш бастады. Ал бұған 

дейін ұпайы түгел болған Керекудің «Ер-

тісі» күтпеген жерден өз жерінде «Аты-

раумен» тең түсіп, екі ұпайдан айырыл-

ды. 

Ал «Тараз» жеңістерінің құпиясы неде? 



Қарап тұрсақ, жергілікті ойыншылардың 

көбі былтыр да осында өнер көрсеткен. 

Аб дуллай Диакатенің де ойынын былтыр 

көріп, бағамызды сол кезде беріп қой ған-

быз. Сол сияқты Иван Перич те бұрын Қа-

зақстанның өзге клубтарында ойнаған. 

Тәжі рибесі мен біліктілігіне дауымыз жоқ, 

бірақ бізде ол секілді ойыншылар жетер-

лік. Басқа легионерлерінің өз футболшы-

ларымыздан асып бара жатқан ештеңесі 

жоқ. Сонда «Тараз» жеңістерінің сыры 

неде?


Бар мәселе бас бапкердің біліктілігінде 

жатқан секілді. Серб маманы Любко Пет-

рович келгелі киелі қала командасының 

ойын өрнегі бірден өзгерді. Жоқ, команда 

жарқын, тартымды ойын үлгісін көрсетіп 

жүр деп айта алмаймыз. Бірақ 90 минут 

бойы шабуылдамаса да, «Шахтер» немесе 

«Ер тіс» пен «Тобыл» секілді бір ойында 4-5 

гол дан соқпаса да, ең бастысы, өздеріне 

«Тараз», шынымен де, 

таңғалдыруда. Премьер-ли-

га ның төртінші турында елі-

міздің төрт дүркін чемпионы 

«Ақтөбені» тізе бүктірді.

керек нәтижеге қол жеткізіп жүр. Алдымен 

ел ордада «Астананы» 2:0 есебімен ұтты. 

Ес теріңізде шығар, сол матчта, негізінен, 

қорғанумен болып, тек кездесудің соңына 

таман ғана екі гол соққан еді. Одан кейін 

қар басқан тайғақ алаңда «Сұңқардың» 

қақпасына бір гол соғып, сол есепті матч 

соңына дейін ұстап қалды. Қызылордада 

«Қайсарды» бір гол айырмашылығымен 

жеңді. Енді, міне, азулы «Ақтөбенің» де 

қақ пасынан соңғы минуттарда саңылау 

тапты. Мейлі, бақтары жанды деңіз, мейлі, 

тағы басқа факторларды атап көрсетіңіз, 

бірақ бәрібір де бас бапкердің еңбегін еле-

меске болмайды. Оның алаңдағы ойын 

мәтінін қаншалықты оқи алатындығына 

«Астанамен» болған матчта-ақ көз жеткіз-

генбіз. Одан кейінгі «Сұңқармен» өткен 

кез десуді еске түсіріңіздерші. Қалың қар 

үс тінде шағын денелі, техникаға иек арта-

тын Иcламхан, Ахметов сынды жігіттері-

міз дің ойындары жүрмей жатқанын бай-

қап, олардың орындарына Кенбаев, Мүмі-

нов сынды қара күш иелерін қосқаны 

ұтым ды  болған.

Соңғы матчта да Любко Петрович көре-

генділігін көрсетті. Бірақ, шыны керек, ал-

ғашқысында оның ойын түсінбей, екінші 

таймның ортасында шабуылшы Иван Пе-

ричті қорғаушы Невен Вукманға алмастыр-

ғанда, бұл шешіміне таңғалғанбыз. «Өз 

а лаңында шабуылға иек артудың орнына 

қорғанысқа көңіл бөлуге тырысқаны несі?» 

деп кейігенбіз. Артынан, ойынның аяқта-

луы на он минут қалғанда Шерхан Бауыр-

жан ның орнына Ерзат Кенбаевты шығар-

ғанда ғана, бас бапкердің бұл шешімінің 

дұрыс ты ғына көз жеткіздік. Өйткені екінші 

тайм ның ортасында шабуылшыны қор ғау-

Ф

УТБО


Л

шыға алмастыру арқылы Петрович «ақтө-

белік терге» шабуылдауға мүмкіндік бер-

ген. Сөй тіп, Владимир Мұқанов шәкірттері 

шабуылға әбден ден қойып, қорғанысты 

мүлдем ұмытты. Сол-ақ екен, Петрович 

күтпеген жерден алаңға дереу Кенбаевты 

шығара қойды да, есіл-дерттері шабуылда 

болып, өз қақпаларын естерінен шығарған 

«ақтөбеліктерді» бір шабуылмен-ақ тақыр-

ға отырғызып кетті.

Жалпы, Любко Петрович білікті бапкер 

ға на емес, керемет психолог екенін де 

көрсетуде. Мәселен, міндетті түрде алаңға 

шығарылатын жас ойыншыны алаңның ең 

ді қызының уысына түсіп қалды. Осылай 

таразы басы теңесті. Шешуші кезеңде Еле-

на барын салып, айласын асырды. Ал фи-

налда қырғыз қызы Айсұлу Түнібековамен 

белдесті. Бірінші кезеңде бір ұпаймен ба-

сым болды. Ал үзілістен кейін қарсыласына 

тұра ұмтылып, қапсыра құшақтап алды да, 

атып ұрып, үш балл алды. Одан кейін қар-

сы ласын жібермей, тағы екі ұпай еншіледі. 

Әбден шаршаған Еленаға осынша күш-

жігер қайдан пайда болуда деп сүйсіне 

таңданып жатырмыз. Бұдан соң екі қайта 

бір ұпайдан еншілеп, айқын басымдылыққа 

қол жеткізді. 

Лицензиялық турнирдің қорытындысы 

бойынша Жапония – жеті, Өзбекстан – 

алты, Қазақстан бес жолдама еншіледі. 

Алтын медаль санына келсек, өзбектердің 

еншісінде – төрт, ал бізде және ирандық-

тар да үш алтын бар. 

Алтай ТАНАБАЕВ,

 еркін күрестен 



Қазақстан құрамасының бас бапкері:

– Лицензия алдық демесек, көңілім 

толған жоқ. Әсіресе Ақжүрекке үлкен 

үміт артып едім. Бізден көрермендер 

алтын медаль күтті ғой. Ал Семенов пен 

Му та лимов өз деңгейлерінде белдесті. 

Енді 84 келі салмақта алдағы лицен-

зия лық турнирде кімнің белдесетіндігін 

Ор алда сәуірдің ортасында өтетін ел 

чем пионатынан кейін анықтайтын бо-

ламыз. Шеберлігімен көзге түскен жас-

тардың біріне сенім артатын шығар-

мыз.

Мұратбек ҚАСЫМХАНОВ,

 

грек-рим күресінен Қазақстан 



құрамасының бас бапкері:

– Екі жігітіміз дәл осылай сүреңсіз 

күреседі деп ойламап едім. Бірақ екі 

алтын медаль бұл сәтсіздікті білдірмей 

кетті. 96 келіде біздің елде бәсекелестік 

жоқ екендігі белгілі. Әсембековтің ор-

нына жас балуан Ысқақов белдесуі ке-

рек болатын. Бірақ турнир басталар 

ал дында сырқаттанып қалды. Ал ең 

жеңіл салмақта алдағы сында кімнің 

белдесетіндігін анықтайтын боламыз. 

Саржан ЖАҚСЫБЕКОВ,

 

әйелдер күресінен Қазақстан 



құрамасының аға бапкері:

– Біз өзімізге қойылған міндетті 

толы ғымен орындап шықтық. Айымның 

қо лында-ақ еді, жолдама. Бірақ амал 

не, күш-жігері жетпей қалды. Алдағы 

турнирге дайындалып, жолдамаға да 

қол жеткізер. Ал Елена өзінің кәсіби 

дең гейінде күресіп шықты. Бар мүм кін-

ді гін паш етті. Көңілден шықты. Енді 

Лон донға жан-жақты дайындаламыз. 

Одан да жүлде дәмететініміз жасырын 

емес. 

БОКС


«Астана арландары» Мәскеуде жергілікті «Динамодан» екінші 

рет ойсырай жеңілді. Есеп – тағы да 0:5.

Арландардың бабы қайда?

Топтық турнирде 0:5 есебімен ұтыл-

ғанда, «төрешілер аяқтан шалып, жолы-

мызға кесе-көлденең тұрды» деп ақтал-

дық. Алайда «Динамо» шаршы алаңында 

«арландардың» қирай жеңілуі кездей соқ-

тық емес сияқты. Жанымызға батса да, мо-

йындауға тиіспіз, бұл жолы Беншабладан 

басқасының бәрі таза жеңілгендей. Әрине, 

Ержан Мұсафиров пен Қанат Исламды 0:3 

есебімен ұтылды деуге аузымыз бармай-

ды. Бірақ, бірақ...



54 келі:

 Анвар Юнусов – Рофикжон 

Султонов – 3:0

Екеуі 9 желтоқсан күні Астанада өткен 

топтық кездесуде айқасқан. Онда біздің 

намысымызды қорғайтын өзбек Султонов 

жеңіске жеткен-ді. Содан бері тәжік Юнусов 

тісін қайрап жүр екен, Султоновтан есе сін 

еселеп тұрып қайтарды. Бірінші раунд те-

резесі тең дәрежеде өтті. Бірақ төре шілер 

жеңісті Анварға берді. Бұдан кейінгі үш ра-

ундта тәжік жігіті төрешілердің көме гінсіз-

ақ таза жеңді. Өзбек боксшысы екі көзін 

жұ мып алып, төбелескен кісіше соқ қы ла-

рын оңды-солды бос жұмсаумен болды. 

Төр тінші раундта Анвардың қабағы жа рыл-

ды. Бірақ оны елең қылған Анвар жоқ.

61 келі: 

Адлан Абдурашитов – Ержан 

Мұсафиров – 3:0

Биыл WSB жеңіліп көрмеген Адлан Аб-

дурашитов пен былтыр біздің мақтанышы-

мыз болған Ержан Мұсафиров арасындағы 

жек пе-жек нағыз қоян-қолтық айқас бол-

ды. Бір-бірінің аңдысын аңдып, қулыққа 

салу жоқ. Қарама-қарсы тұрып алып, бір-

бірін қойғыштау. Абдурашитов соққы жұм-

саған сайын ышқына айқайлайды. Ал Ер-

жанның дауысы шықпайды. Ең өкініштісі, 

қарсыласының соққысы дөп тиген сайын, 

Ержанның шашы желп-желп етіп, өзін 

төре шілерге «ұстап» берумен болды. Төре-

шілер шешімімен Ресей боксшысы үш ра-

ундта басым түсті де, қалған екі раундта 

қашып-пысумен болды. Бірақ қашқақтай 

бермей, арагідік соққыларын діттеген же-

ріне дөп тигізіп, сауатты айқасты. Ержан 

қанша жанталаса шайқасса да, қарсы ла-

сының сағын сындыра алмады. Өйткені 

басын көтермей, соққыларының бәрін тө-

мен қараған күйінде жұмсайды.



73 келі: 

Максим Газизов – Қанат Ислам 

– 3:0

Қанат биылғы маусымдағы екі жеңілі-



сінен титтей де сабақ алмаған секілді. Өзіне 

өте сенімді кейіпте айқасты. Бірақ сол се-

німділігі кәдеге аспады. «Динамоның» бас 

бапкері «Исламның да тактикалық тұрғыда 

осал тұстары бар» деп бос айтпапты. Қанат 

қос қолын сәл төмен түсіріп, қарсыласына 

көзінің қырымен қарап, «қай жерінен ұр-

сам екен» деп ойланып жүргенде, Газизов 

оны қақ маңдайдан бірнеше рет қойып 

қалды. «Динамолықтар» Исламның бетін 

ашық қалдыратындығын байқап қалса ке-

рек, соны пайдаланып, соққы өткізетін «дә-

ліз» тауып алғандай әсер қалдырды. Қанат 

та ұрған жоқ емес. Оңды-солды қой-

ғыштады. Бірақ оның соққылары Газизовті 

теңселтпеді де, шайқалтпады да. Қайда 

Қанаттың қуатты соққылары?! Қайда кеткен 

Қанаттың қарымды қарқыны?! Қанат тың 

соққыларынан Газизовтің емес, кері сінше, 

Газизовтің соққыларынан Қанаттың басы 

кері серпіліп, тоқ соққандай дір етті. Қанат 

сонда да «жеңіп жатырмын» деп ой-

лағандай. Бесінші раундта Газизовке «кел, 

жақынырақ кел» дегендей ишара танытып, 

онсыз да жүзіміз қарайып отырғанда, одан 

әрмен булықтырды... Мүмкін, Қанат 0:3 

есе бімен жеңілмеген де шығар. Бірақ ай-

қын басымдық танытып, жеңе алмағаны да 

анық.

85 келі: 

Александр Гвоздик – Абделха-

фид Беншабла – 3:0

Негізі, бұл жекпе-жекте Беншабла же-

ңіл ген жоқ сияқты еді. Жарайды, алғаш қы 

екі раундта айқын басымдық танытпады де-

йік. Әйтсе де есесін жіберген жоқ еді. Ал 

үшін ші раундта Гвоздиктің көзіне көк шы-

бын үймелетіп, біраз тәлтіректетті. Төртінші 

раунд та да солай қарсыласын бас көтертпей 

төпелеуі керек еді. Бірақ Беншабла тізгінін 

тартып, әліптің артын бағумен болды. Ал 

Гвоз дикті Ресей бапкерлері қалай қайрап жі-

бергендігі белгісіз, ол алға ентелеп, жанкеш-

тілік танытты. Үшінші раундта оңбай таяқ 

жесе де, беті қайтпапты. Беншаблаға төр-

тінші раунда да қарсыласын бас көтерт пей 

төпелеп, тізгінді бермеуі керек еді... Өзі ме, 

жоқ, әлде біздің бапкерлер осылай шеш ті 

ме, белгісіз. Осылай жеңіс қолдан сусып кет-

ті. Бесінші раундта Украина боксшысы қал-

балақтап жүріп-ақ, жеңіске жеткен болып 

шықты. Төре шілердің шешімдері солай.

+91 келі:

 Виталий Кудухов – Шуайб 

Болодинатс – техникалық нокаут.

Төрт боксшымыз да жеңіліп, жігеріміз 

құм болып, өзегіміз өртеніп отырғанда Шу-

айб Болодинатс одан әрмен жерге тықты. 

Аяқ-қолы балғадай Кудуховқа қарсы 

қайрат көрсете алмай, бас сауғалап, әлек 

болды. Нокдаунға түсіп қалды да, содан 

жүрегі шайлығып, айқасудан қалды. Ыңғай 

келсе, еденге жата кеткісі келіп тұрған 

Шуайбтың жағдайын түсінген төреші жек-

пе-жекті ұзаққа созбады. Екі көзі шарасы-

нан шығып кеткен Шуайб санаулы секунд-

тар ішінде тағы екі нокдаун алды да, жек-

пе-жек мүлдем тоқтатылды. «Жығылғанға  

– жұдырық» деген осы болар...

Бірі есін жиып, бірі футболмен қоштасқалы жатыр



Англиядағы «Болтон» клубының ойыншысы Фабрис Муамбаның жағдайы не 

болды екен?! Матч кезінде есінен танып қалып, оның денсаулығына бүкіл әлем 

халқы алаңдаулы еді. Сондай-ақ «Барсаның» ойыншысы Эрик Абидаль да сырқат 

еді?

Б.ПҰСЫРМАН, 

Маңғыстау облысы

WSB аясындағы финалына «Астана арландарын» оңдырмай ұтқан Мәскеудің «Динамосы» шыққанын білемін. Ал 

екінші жұптан финалға Милан боксшыларының шығарына күмән келтіруге болмас. Әйтсе де екінші жұптағы жекпе-

жектер нәтижесін білуге бола ма екен?

Нұрлан НҰРМАҒАМБЕТОВ, 

Қарағанды облысы

Екінші жартылай кездесуде Италияның Milano Thunder 

және Әзірбайжанның Baku Fires клубтары кездескен. Ита-

лияда өткен бірінші кездесуде Milano Thunder 5:0 есебі-

мен басым түсті. Ал Бакудегі қарымта кездесуде Әзір-

байжан клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Сонда жалпы 

есеп «Динамо» мен «Астана арландары» арасын дағыдай 

7:3 болып, Milano Thunder финалға шықты. Ал Бакудегі 

«Серхедчи» спорттық орталығында өткен қарымта кезде-

судегі жекпе-жектер төмендегідей нәтижелермен аяқ-

талды:

Baku Fires – Dolce&Gabbana Milano Thunder – 3:2



54 келі: Магомед Курбанов – Вячеслав Гоян – 3:0

61 келі: Иса Исаев – Хуан Хавьер Карраско Эрреру – 3:0

73 келі: Хейбулла Мурсалов – Сергей Деревянченко – 

(+:–)


85 келі: Теймур Мамедов – Рафаэль Дуарта Лима – (–:+)

+91 келі: Магомедрасул Меджидов – Бенджей Циммер-

манн – (–:+)

Өздеріңіз байқап отырған боларсыздар, бұл кеште екі-ақ 

жекпе-жек өтті. Үшіншісінде Сергей Деревянченко шаршы 

алаңға шықпай, жеңіс «Баку оттары» боксшысына берілді. Ал 

Әзірбайжан бокс федерациясы ауыр салмақтардағы екі бокс-

шысын рингіге шығармай, жеңіс олардың қарсыластарына 

берілді. Себебі Теймур Мамедов те, Магомедрасул Меджидов 

те Лондон Олимпиадасына барады. Қазір олар Олимпиада 

ойындарына дайындалып жатқан көрінеді.

Иә, Фабрис Муамба есін жиып, қалыпқа 

келе бастады. Бұл туралы Фабрис өзінің 

«Твиттер» микроблогындағы парақшасына 

жазған. Наурыздың 30-ы күні Муамба жы-

миып отырған суретін де енгізіп, өзі үшін 

алаңдаған жандардың барлығына алғыс біл-

діріпті. Фабристің жүрегі соқты, жағдайы 

дұрысталды деп қуана берген жанкүйерлерді 

Стилиян Петровтың денсаулығы сең соққан-

дай қылды. «Астон Вилланың» капитаны Сти-

лиян ағылшын премьер-лигасының 30-ту-

рын дағы «Арсеналмен» өткен ойыннан соң, 

өзін өте жайсыз сезіне бастаған. Меди-

циналық тексеруден соң дәрігерлер оған ақ 

қан (лейкоз) ауруының асқынған түрі деген 

диагноз қойыпты. Сырқаты туралы естіген 

бойда 32 жастағы Болгария құрамасының 

капитаны Стилиян Петров футболшылық ка-

рьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Енді 

ол барлық уақытын емделуге жұмсайтынын 

мәлімдепті. Ал «Барселона» футболшысы 32 

жастағы Эрик Абидаль бауырын алмас тыр-

ғалы жатыр. Себебі оның бауырындағы ісікті 

тек осылай ғана қайтаруға болады екен. 

Футболшылар да темірден емес, ет пен 

сүйектен жаратылған. Сол себепті жанкүйер 

көзайымына айналған жандардың ортамызға 

аман-есен оралғанын тілейміз.

Милан клубының боксшылары финалға шықты



Астанада күрес 

түрлерінен Азия аймағы 

бойынша Лондон 

Олимпиадасына іріктеу 

турнирі аяқталды. Осы 

турнирдің соңғы екі күніне 

тоқтала кетсек.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

ТҮЙІН

Мәскеудегі кездесуден соң осы біздің бапкерлеріміз білікті емес пе деген ойға 

да ерік бердік. «Динамоның» боксшылары темірден жасалған роботтар емес қой. 

Олар да ет пен теріден жаралған адамдар. Бірақ бапкерлері ширақ. Қалай ұру ке-

рек, қалай қашу керек, не істеу керек – бәрін-бәрін құлақтарына құйып, айқай лап 

отырады. Қай команданың қауқары қандай, аяқ алысы қалай – бәрін жіліктеп, 

шемішкеше шағып отыр. Ал біз барымыздан айырылдық. Қолда бар «ал тын-

дарымыздың» бағасын түсіріп алғандаймыз да. Бақтарын байлап, баптарын 

жоғалтып алған жоқпыз ба, осы? Былтыр Ержан Мұсафиров қандай еді? Қанат Ис-

лам қалай ұрушы еді? Миржан Рақымжанов та оңай шағылатын жаңғақ емес еді 

ғой. Бақыт Сәрсекбаев неге ат-тонын ала қашты? Не болды, неге, неліктен?..

Телжан КҮДЕРОВ

маңызды шебіне, яғни жартылай қор-

ға ныс тың орта тұсына қоюға екінің 

бірінің батылы жете бермейді. Ал 

Любко Петрович осы шепке Ислам-

ханды қорықпай қо йып, сенім артып 

жүр. Сондай-ақ былтыр «Қайраттың» 

негізгі құрамынан орын ала алмай, 

бар уақытын алаң сыртында өткіз ген 

қақпашы Андрей Цветков та биыл 

керемет ойын үлгісін көрсетуде. Егер 

Цвет ковтің шеберлігі болма ғанда 

«Ақтөбе» «Тараз» қақпасына кем 

дегенде үш гол со ғар еді. Сонымен 

қатар Петровичтің киелі қалаға кел-

гелі Кенбаев, Диакате, Кучма, Ша-

баев, Сергиенко сынды футбол шы-

лар дың да екінші демдері ашыл-

ғандай. 

Мамыр айында 65 жасқа толатын 

Петрович – көргені көп, берері мол 

бапкер. Жат тықтырушылық ғұмырын да 

Югосла вия ның чемпионы атанған. Осы 

елдің кубогын екі мәрте жеңіп алған. 

Болгарияның да чемпиондығы мен кубо-

гын өзі жаттық тырған коман даға алып 

берген. Қытайдың да кубогын басынан 

асырып көтерген. Бәрін қойшы, бүгінде 

Чемпиондар лигасы аталып жүрген додада 

1991 жылы «Црвена Звезда» клубымен 

топ жарған. Міне, бүгінде қазақ футболы-

на осындай білікті мамандар қажет-ақ. Тек 

футболшыларға үйретері сарқылмасын 

дейміз.


4-ТУР:

«Тараз» – «Ақтөбе» – 1:0. 

«Шахтер» – «Жетісу» – 5:1 

«Қайрат» – «Астана» – 0:2 

«Ақжайық» – «Сұңқар» – 1:1

«Тобыл» – «Оқжетпес» – 3:1

«Ертіс» – «Атырау» – 0:0 

«Ордабасы» – «Қайсар» – 1:0


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау