Регламентін бекіту туралы


"Электрондық әкімдік" жұмысын ұйымдастыру



жүктеу 200 Kb.
бет2/3
Дата19.11.2018
өлшемі200 Kb.
#20829
түріРегламент
1   2   3

5. "Электрондық әкімдік" жұмысын ұйымдастыру

      56. Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" веб-порталының ақпараттық жүйесін құру бөлігінде аппаратта аудан әкімінің www.abay.vko.gov.kz  ресми сайты құрылып, енгізілген. 


      57.Аудан әкімінің www.abay.vko.gov.kz  web-сайтының мазмұндық бөлігі Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесінің  қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес болуы тиіс. 
      58.Аудан әкімінің www.abay.vko.gov.kz  web-сайты дизайнын ресімдеуге және тұтастығын қолдауға қойылатын талаптарды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне электронды түрде (электрондық пошта, флеш-тасымалдауыштар) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат ұсынады. 
      59.Ақпараттық қауіпсіздік саясатын сақтау мақсатында аппарат қызметкерлері қызметтік ақпаратты жөнелтуді және қайта жөнелтуді тек Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталындағы (бұдан әрі – МОИП) қызметтік пошта жәшіктерін қолдана отырып жүзеге асыруға міндетті. 

      60.Бөлімдер, әкімішілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары өз электрондық поштасын Жүйеге жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қоса отырып, үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді. 


      61.Электрондық пошта арқылы берілетін барлық файлдар жөнелтушінің компьютерінде орнатылған вирусқа қарсы бағдарламалық құралдар арқылы тексеруден өтуі тиіс. Ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберуге дұрыс дайындамағаны және оның мазмұны үшін жөнелтуші жауапты болады. Жарнамалық ақпараттан тұратын электрондық хаттарды, хат мәтінін бірнеше рет қайта жөнелту туралы өтініштерді жіберуге тыйым салынады.

6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау

      62.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағыЗаңына, сондай-ақ осы мәселені реттеуші өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырады. 


      63.Аппаратқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда тіркеу нөмірі мен тіркеу күні көрсетіледі. 
      Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі "ЖТ" әріп индексінен, автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен тұрады. 
      Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі "ЗТ-Юр" әріп индексінен және реттік нөмірінен тұрады.
      Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2016 жыл). 

      Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі.


      Тіркеу БЭҚАЖ-нің электрондық ақпараттық есеп формасы – жеке (заңды) тұлғаның өтінішін есепке алу карточкасындағы тиісті жиектерді толтыру жолымен жүзеге асырылады.

      Бастапқы өтінішті тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі. 


      Реттік нөмірлеу жеке тұлғалардың өтініштері үшін бірыңғай (ретімен) және сондай-ақ, заңды тұлғалардың өтініштері үшін бөлек жүргізіледі. Жеке тұлғалардың ұжымдық өтініштерін реттік нөмірлеу жеке тұлғалардың өтініштерімен бірге жүргізіледі, сондай-ақ, заңды тұлғалардың ұжымдық өтініштерін реттік нөмірлеумен жүргізіледі. 
      Жазбаша түрде тікелей аппаратқа жүгінген жеке тұлғаға (не оның өкіліне) немесе заңды тұлғаның өкіліне тіркеу күні және уақыты, бірегей нөмірі, өтінішті қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. 
      64. Жеке және заңды тұлғалардың аудан әкімінің виртуалды қабылдауы, Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметінің" www.egov.kz веб-порталы арқылы келіп түскен өтініштерін қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
      Бір мезгілде БЭҚАЖ-нің "Азаматтардың өтініштері" бөлімінде "Азаматтар өтініштерінің тіркеу бақылау карточкасы" кіру түрі бойынша электрондық нұсқада тіркеу жүргізіледі, бұл ретте құжатқа тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі. 

      65. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол бір адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол бір автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.

     66. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкіндігі, қолы (оның ішінде электрондық сандық қолы қойылмаған), пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштер "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жасырын өтініштер деп саналады және қаралуға жатпайды. Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.
      67.Бір адамнан сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушіні бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабардар ете отырып, бір өтініш ретінде қаралады. 
      Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне "екінші", "үшінші" деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал "қайталама" деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.
      Жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған, олар бойынша толық жауаптар бар қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі үш күн мерзімде хабарлайды. 

      68.Бөлімдерге, әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің аппараттарына қарауға қатысу үшін жолданған өтініштердің орындалуын бақылау, тиісті басшыларға жүктеледі. Егер хаттарды қарау аудан әкімдігінің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылған жағдайда, орындалуына бұрыштамада бірінші болып көрсетілген немесе атауының жанында "(шақыру)" белгісі бар бөлімше жауапты болып табылады. 


      69.Өтініш берушіге бөлімдер басшыларының немесе аудан, әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің қолы қойылған жауап жолданған жағдайда соның тапсырмасы бойынша қаралған жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін аудан әкімдігінің сол лауазымды тұлғасы бақылаудан алады. Бұл ретте оның тиісті қарары, өтінішті бақылаудан алуға негіз болып табылады. 
      70.Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға қатысты барлық материалдар, номенклатуралық іске түзіледі және аппараттың мұрағатына тапсырылады.
      Жасырын өтініштер Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады. 
      71. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін аудан әкімінің аппаратының азаматтарды қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауды аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі аппарат ғимаратының 1-ші қабатында ақпараттық тақтада орналастырылады. 
      Жеке қабылдау кестесі:

1) аудан әкімі 

Әр айдың екінші сәрсенбісі сағат 9.00-12.00 дейін 

2) аудан әкімінің орынбасарлары

Әр айдың бірінші сейсенбісі сағат 9.00-12.00 дейін

Әр айдың бірінші бейсенбісі сағат 9.00-12.00 дейін



3) аудан әкімінің аппарат басшысы

Әр айдың екінші жұмасы сағат 9.00-12.00 дейін

      72.Егер өтініш жеке қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда қабылдауға келуші өз өтінішін немесе басқа мәселені жазбаша түрде жаза алады. Одан әрі қарай сол материалдармен жұмыс істеу жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен ("жеке қабылдаудан" белгісімен) жұмыс істеу сияқты жүргізіледі.

      73. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын және басшылық тапсырмаларының дер кезінде орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады. 


      74.Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды аудан әкімі аппаратының стенографисті жұмыс күндері сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін жүзеге асырады. 

    


7. Аппараттың құқықтық актілерін, аудан әкімдігінің және аудан әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу, сондай-ақ өту тәртібі

      75.Аудан әкімдігі мен аудан әкімінің енгізілетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақсан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, өзге нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы регламенттің талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар - әзірлеушілер дайындайды, ресімдейді және келіседі. 

      76."Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 1, 3 тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі қаулылар шығарады, ал аудан әкімі нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер мен әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. 
      77. Мемлекеттік органдар - әзірлеушілер осы мәселе бойынша сол немесе өзге актіні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен олар үшін тікелей белгіленген құзыретіне сәйкес аудан әкімдігі немесе әкімінің қабылдау қажеттілігін анықтайды. Енгізілетін аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілер жобалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президентінің актілеріне, жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келе алмайды. 
      78.Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобалары аудан басшылығының тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ әзірлеушілер – мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша да әзірленуі мүмкін. Егер жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерде аудан әкімдігі немесе аудан әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілер қабылдауы туралы тапсырма болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік органдар мұндай актінің жобасын аппаратқа дер кезінде және сапалы әзірлеп ұсыну бойынша шаралар қабылдайды. 
      79.Құқықтық және нормативтік құқықтық актілер жобалары аппаратқа мөлшерi № 14 "Times New Roman" қаріпімен (қосымшаларда кiшi мөлшерлі, бірақ № 10-нан кіші емес қаріп қолданылуы мүмкін) теріліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық және қағаз жөнелткіштерде, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, әзірлеуші мемлекеттік органдар басшыларының немесе аталған мемлекеттік органдардың заң қызметі басшыларының әрбір бетте қол қойылуымен ұсынылады. Ұсынылатын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың заң қызметімен келісу оны аппаратқа енгізудің міндетті шарты болып табылады.
      80.Жобалардың сапалы әзірленуіне, олардың дер кезінде ұсынылуына (тиісті тапсырмаларда жобаларды ұсыну мерзімдері көрсетілген жағдайларда), осы мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған актілердің қайталануына жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органдардың басшылары дербес жауапты болады.

      81.Барлық мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген соң акті жобасы аппаратқа келісілуге ұсынылады. 


      Акт жобасы аппарат бөлімдерінде сараптамадан өтеді: 
      1)аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде:
      мемлекеттік тілдегі жоба мәтіндерінің дәлме-дәлдігіне; 
      ұсынылатын актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажеттілігіне, тапсырмалардың қайталануына жол бермеуге; 
      2)заң бөлімінде – акт жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне.

      Жобаны сараптамадан өткізу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. 


      82.Аппарат жобаны сараптамадан өткізу барысында немесе оның нәтижесі бойынша оны әзірлеушіге мынадай негіздер бойынша пысықтау үшін қайтарып жіберуге құқылы: 
      1) жоба мәтіндерінің дәлме - дәлдігінің келмеуі, ресімдеу талаптарына сай келмеуі, тапсырмалардың қайталануына жол берілуі; 
      2) жобаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сай келмеуі;
      3) аудан әкімдігі Регламентінің, сондай-ақ осы регламенттің талаптарын бұзып ұсынуы.

      Өзге себептер бойынша сараптамалық теріс қорытынды жобаны кері қайтаруға негіз бола алмайды. 


      83.Жобаға осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес келісу парағы қоса беріледі. Келісу парағында мәтіннің мемлекеттік тілінде дәлме-дәлдігіне, ресімдеу мен келісуге талаптарына сәйкестігіне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келуіне сараптама жүргізілгені, ұсынылған актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру мен оны бақылауға алу қажеттілігі көрсетіледі. Жүргізілген әрбір сараптама үшін бөлім мамандары да (бекітілген лауазымдық міндеттерге сәйкес), сондай-ақ бөлім басшылары да қойған қолымен жауапкершілік алады. Сондай-ақ, келісу парағында жобаны енгізуші мемлекеттік органдардың басшыларының (мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен куәландырылған), бөлінген міндеттеріне сәйкес жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қолдары көрсетіледі. Енгізілетін жобаға Абай ауданы әкімдігі регламентінің қосымшасына сәйкес түсіндірме жазба қоса беріледі. 
      84.Аудан әкімдігінің қаулылары әкімдік отырыстарында әкімдік мүшелерінің ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Жекедара жағдайларда әкімдік қаулылары әкімдік отырыстарының аралығында осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес келісу парағында әкімдік мүшелерінің қолдарын жинау жолымен қабылдана алады. 
      85.Келісу мен өтудің барлық қажетті рәсімдерінен өткеннен кейін актілердің жобалары аудан әкіміне қол қоюға беріледі. Аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне аудан әкімі (немесе қол қою құқығы бар оның міндетін атқарушы) қол қояды. Қол қойылғаннан кейін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің түпнұсқаларына түзетулер енгізуге болмайды.

      86.Аудан әкімдігі мен аудан әкімінің қол қойылған құқықтық және нормативтік құқықтық актілері Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тіркеу үшін тапсырылады. Актінің түпнұсқасына мыналар қоса беріледі: 

      1)анықтама-негіздеме (қажет болса); 
      2)мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісулерден сараптамалардан өткенін растаушы құжаттар; 
      3)барлық қосымшаларымен актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні электрондық жөнелткіш (қажет болса); 
      4)әрбір адресатқа дана санын көрсетіп, орындаушы толтырған тарату парағы; 
      5)түсіндірме жазбахат; 

      6)актіні қабылдау қажеттілігін негіздеуші құжаттар.


      Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде ұсынылған актілерді арнайы журналдарда күні мен нөмір беріліп тіркеу жүргізіледі. 

      87.Аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері, аудан әкімінің шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады. 


      Актілерді мемлекеттік тіркеуге жіберу "«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы регламентке сәйкес жүргізіледі.
      88.Аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері оларды қолданысқа енгізу нормаларын қамтуы тиіс. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiқ құқықтық актiлерден басқа нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданысқа енгізудің міндетті шарты болып табылады. Аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, жолдау, толық және уақытында жариялануын бақылауды аудан әкімінің заң және құқықтық жұмыстар жөніндегі кеңесші жүзеге асырады. 
      89.Аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің түпнұсқалары Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде сақталады. 
      90.Актілердің бұрын жіберілген даналарын техникалық қателер болған жағдайда ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүргізе алады. Бұл жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттар кері қайтарылуы тиіс. 
      91.Аппарат актілері аппарат басшысының бұйрығымен ресімделеді. Аппарат актілеріне аппарат басшысы не болмаса оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

 
      Кадр мәселелері жөніндегі аппарат басшысының бұйрықтары жеке нөмір беріліп өзге бұйрықтардан бөлек тіркеледі. 


      92.Бұйрықтар арнайы бланкілерде ресімделеді. Аппарат басшысының бұйрығы жобасына сараптама жүргізу осы регламенттің  3 қосымшасына сәйкес келісу парағында қол қою арқылы ресімделеді. 

8. Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру тәртібі

      


93.Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе Басшыларының тапсырмалары бар құжаттарды бақылауды ұйымдастыру және тексеру "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, "Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы регламентке сәйкес жүзеге асырылады. 
      94.Құжаттардың орындалуын бақылау:
      1) бөлімдерден, әкімшілік-аумақтық бірілік әкімдері аппараттарынан БЭҚАЖ, "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмаларын есепке алу", "Қаулыларды есепке алу" ақпараттық жүйелері арқылы жіберу үшін қажетті ақпаратты талап ету; 
      2) қажетті қосымша ақпаратты талап ету;
      3) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
      4) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
      5) жергілікті жерге шығып тексеру жолымен; 
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады. 
      95.Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың, облыс, аудан әкімдері мен әкімдіктері актілерінің, облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық шешімдерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауға жауапты лауазымды тұлға аппарат басшысы болып табылады. 
      96.Аппарат басшысы, аппарат бөлімдері атқарушылық тәртіпті бақылауды және сақтауды ұйымдастырады, бөлімдер және әкімішілік-аумақтық бірлік әкімдері аппараттарының, аппарат бөлімдерінің, өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді. 
      Аудан әкімінің орынбасарлары, әкімішілік-аумақтық бірлік әкімдері, бөлім басшылары жұмысының жетекшілік ететін бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. 
      97. Мынадай, оның ішінде "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құпия құжаттар бақылауға алынады: 
      1) аудан әкіміне немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет отырыстарының, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы өткізген кеңестер хаттамалары; 
      2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сұраулары, 
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; 
      4) жергілікті атқарушы органдардың атына келіп түсетін прокурорлық ден қою актілері, соттардың жеке ұйғарымдары; 
      5) мемлекеттік органдардың, олардың мазмұнынан әр түрлі мәселелер бойынша жауап, ақпарат, түсініктеме беру, ұсыныстар енгізу қажеттігі туындайтын хаттары; 

      6) аудан әкімдігі мен әкімінің бөлімдер, аудандар және әкімішілік-аумақтық бірлік әкімдеріне тапсырмалар берілген актілері; 


      7) аудан әкімінің кеңестерде, аудан бойынша есеп беру кездесулері және сапарлары барысында берген тапсырмалары. 
      Бақылауға аудан әкімдігі басшылығының тапсырмасы бойынша өзге құжаттар мен мәселелер алынуы мүмкін. 
      98. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмалары, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмалары белгіленген орындалу мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады: 
      1) шұғыл – "өте шұғыл" деген белгісі бар – 3 жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері бар – 10 жұмыс күніне дейін; 
      2) қысқа мерзімді бақылауға – 10 жұмыс күнінен 1 айға дейін; 
      3)орта мерзімді – 1 айдан 6 айға дейін; 
      4)ұзақ мерзімді – 6 айдан артық. 
      99.Актілер мен тапсырмаларда белгіленген тапсырмалардың орындалу мерзімі ауданның жергілікті атқарушы органына түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі. 
      Олардың аттарына тапсырма берілген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті жергілікті атқарушы органдар отырыс (кеңес) өткеннен кейін бірден, оларға отырыс (кеңес) хаттамасының немесе аудан әкімінің тапсырмаларының түсуін күтпей-ақ тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті. 
      100.Актілер мен тапсырмаларды орындау оларда белгіленген мерзімде қамтамасыз етіледі.

      101.Тапсырмалар мен актілерді уақытында орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушы мемлекеттік органның басшысы алдын-ала, белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей, тапсырма берген лауазымды тұлғаның атына орындаудың ағымдағы жағдайын, орындау мерзімін ұзарту немесе нақты орындалу мерзімін, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар-бірлесіп орындаушылар мен жауапты лауазымды тұлғаларды міндетті түрде көрсете отырып, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігіне дәлелді негіз келтірілген хат жолдайды. 


      Орындалу мерзімін ұзартуға, оның ішінде оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға аудан әкімінің және оның орынбасарларының шешімдері бойынша бір рет қана жол беріледі. 
      Актілер мен тапсырмалардың орындалу мерзімін қайта ұзартуға лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы мәселе қарала отырып, аудан әкімінің және оның орынбасарларының шешімдері бойынша жол беріледі.

      102.Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары БЭҚАЖ–нің тиісті бөлімдерінде тіркейді және олар бойынша шешімдер қабылдау және қарар жазу үшін аудан әкіміне (не болмаса аудан әкімінің міндеттерін атқарушы тұлғаға) береді. Қағаз жөнелткіштерде келіп түскен құжаттар қолма-қол беріледі, БЭҚАЖ-сі арқылы түскендер электрондық түрде жолданады.

      103.Аудан әкімі шешім қабылдағаннан кейін аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері қағаз жөнелткіштерде түскен құжаттарды аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына береді. 
      Шұғыл хат-хабар (құжаттар) түскен кезде аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері тез арада телефон арқылы аппарат басшысын, аудан әкімі орынбасарларын, бөлімдер басшыларының қабылдау бөлмелерін хабардар етеді. 
      104.Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бақылаудағы тапсырманың белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органдардың атына құжатты орындау жөнінде тиісті ескерту жібереді. 
      105.Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз етубөлімінің басшысы бақылаудағы тапсырмалардың орындалуын есепке алу, бақылау және талдау жүргізеді. Ай сайын аудандар, әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері аппараттарының, бөлімдер материалдарының талдауы негізінде тапсырманың орындалуын бақылаудан алу/мерзімін ұзарту туралы ұсыныстар мен негіздер келтірілген тапсырманың орындалуы туралы ақпарат енгізіледі.
      106.Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, аудан әкімінің және орынбасарларының бақылаудағы тапсырмаларының орындалуы бойынша ай сайын аппарат басшысының қол қоюымен аудан әкіміне ақпарат дайындайды.

      107.Құжаттарда қойылған мәселелер толық шешіліп және ол бойынша тиісті мемлекеттік органға хабарланған жағдайда, құжаттар бақылаудан алынады.


      108."Тапсырмаларды есепке алу", "Қаулыларды есепке алу" ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмаларын/қаулыларын қарау, іздеу, бақылауды қамтиды. 
      "Тапсырмаларды есепке алу", "Қаулыларды есепке алу" ақпарттық жүйесінде жұмысты бақылауды құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мамандары жүзеге асырады. Бұл орайда тапсырмалардың дер кезінде, сапалы және толығымен орындалуына бөлім басшылары, әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері жауапкершілік алады.

жүктеу 200 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау