Регламентін бекіту туралы


Аппараттың әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарымен, бөлімдермен өзара іс-қимылы



жүктеу 200 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі200 Kb.
#20829
түріРегламент
1   2   3

9. Аппараттың әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарымен, бөлімдермен өзара іс-қимылы

      109.Аппараттың әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері аппараттарымен, бөлімдермен өзара іс-қимылын аппарат бөлімдері жүзеге асырады. 


      110.Өзара іс-қимыл аудан басшылығының тапсырмаларының орындалуына, ағымдағы мәселелердің шешілуіне, тексерулер жүргізуге, көшпелі іс-шаралар өткізуге, ақпарат жинауға, аудан басшылығына ақпарат әзірлеуді бақылау жасау үшін ұйымдастырылады. 
      Отырыстарды өткізу, аудан әкімінің жұмыс кестесінің орындалуы, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен болатын өзге де іс-шараларды реттеу мақсатында әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері, аудандық бөлімдер басшылары әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерлерге баруын аудан әкімі аппаратының басшысымен келіседі.
      111.Аппарат қызметкерлерінің басшылықтың тапсырмаларын орындау жөніндегі талаптары орындаушылар үшін міндетті болып табылады.

10. Кадр мәселелерін шешу

      112.Аппаратта кадр мәселелерін шешуді Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы  Еңбек кодексіне  "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасының кадр мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, бірыңғай кадрлық қызметі жүзеге асырады.


      113."Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне жататын лауазымды тұлғаларды, аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын, аппарат бөлімдері басшыларын, бөлімдер басшыларын, әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерін, бас инспекторларын, аудан әкімі аппаратының бас мамандарын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      Аппараттың штаттан тыс және басқа да қызметкерлерін аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      114."Б" корпусының E, E-R, E-G санатындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бос орнына орналасуға конкурсты аудан әкімі жариялайды. 
      115.Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты шешімдерді ресімдеуді, кадр мәселелері бойынша әкімнің актілері жобалары мен өзге де құжаттарды әзірлеуді, оларды заңнамамен белгіленген тәртіппен ресімдеуді бірыңғай персоналды басқару бөлімі жүзеге асырады. 
      116.Әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдеріне, бөлімдер басшыларына, аппарат қызметкерлеріне қызметтік куәлік ресімдеуді, есепке алуды және беруді персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі жүзеге асырады. 
      117.Бірыңғай кадрлық қызметі "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. 
      118.Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы  Еңбек кодексіне  «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына», осы мәселе бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметшіні лауазымға тағайындауға және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметшіні лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам енгізеді. 


11. Аудан әкімдігінің, аудан әкімінің, аппараттың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі
      119.Аудан әкімдігінің, аудан әкімі мен аппарат қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында "Абай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі олардың қызметін БАҚ-да жариялауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

 
      120.БАҚ-ның өкілдері аппарат ұйымдастыратын аудан әкімдігі отырыстары мен басқа да кеңестерге шақырылады. 


      121.«Абай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі баспасөзде жарық көрген, радио және теле эфирге шыққан сын, резонанстық жарияланымдар мен материалдарға тұрақты түрде шолу жасап отырады. Қажет болған жағдайда аппараттың БАҚ-да негізсіз сын материалдарын теріске шығаруды дайындайды.
12. Аудан әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру

      122.Аудан әкімі аппаратының ғимаратына арнайы және (немесе) қызметтік куәліктерін көрсеткен:


      1)барлық деңгейлердегі әкімдер;
      2)аппарат ғимаратында орналасқан аппарат және мемлекеттік органдар қызметкерлері;
      3)облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары;
      4)ауданның құқық қорғау органдарының басшылары; 
      5) әкімдік отырыстары, кеңестер мен іс-шаралар өткізілетін күндері аудан әкімінің аппарат бөлімдерінің басшылары ұсынған және аппарат басшысымен келісілген тізім бойынша кіреді. 
      Қабылдау күндері және сағаттары кезінде аппарат ғимаратына жеке мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін кіргізу жүзеге асырылады. 
      123.Лауазымды тұлғаларды қызмет бабындағы мәселелері бойынша әкімнің қабылдауы жөніндегі мәселені аппарат басшысы шешеді. 
      124.Келушілерді аппарат ғимаратына өткізуді арнайы күзет қызметі бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырады. 
      125.Халықаралық байланыстарды ұйымдастыру, аппарат ғимаратына шетелдік азаматтарды өткізу Қазақстан Республикасында құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

13. Қызметтік құжаттарды, бланкілер мен есеп үлгілерін сақтау және пайдалану ережесін сақтау

      126.Аппарат қызметкерлері құжаттармен жұмыс істегенде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялармен жұмыс туралы белгіленген талаптарды қатаң сақтауы, мемлекеттік және қызметтік құпияларды жария етпеулері, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етулері, жұмыс орнында қызмет бөлмесіне бөтен адамдардың рұқсатсыз кіріп, олардың қызметтік құжаттармен танысуына, компьютерді, жазу және көшірме қағаздарын, телефонды және басқа да ұйымдастыру техникасын пайдалануына мүмкіндік тудырмайтындай тәртіп сақтаулары тиіс. Қызметтік бөлменің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады. 


      Аппарат құжаттарының көшірмесін аппарат басшысының немесе ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысының рұқсатынсыз кімге де болса беруге тыйым салынады. 
      127.Аудан әкімдігінің, әкімнің, аудан әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының, аудан әкімі аппаратының бланкілері баспа тәсілімен дайындалады. 
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген құжаттар бланкілерін мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша тиісті қызмет түріне лицензиясы бар полиграфиялық кәсіпорындар дайындайды және есепке алуға жатады. 
      Құжаттардың бланкілері А4 (210х297 мм), А5 (148х210 мм) форматтағы стандартты парақтарда дайындалады. Бланкте, бланкісіз дайындалған құжаттардың әр парағында мынадан кем болмайтын жиек болу керек: сол жағынан – 20 мм; оң жағынан – 10 мм; жоғарғы жағынан – 10 мм; төменгі жағынан – 10 мм.

      Аудан әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерге бланкілерін есепке алу және беру ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жүктеледі, ал бақылауды тиісті бөлімнің басшысы жүзеге асырады. 


      128.Құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін аппарат қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

14. Аппарат қызметкері жұмыстан шыққанда немесе басқа жұмысқа ауысқанда істер мен құжаттарды қабылдап алу, тапсыру, құжаттарды аппараттың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру, өзге де мәселелер

      129.Аппарат қызметкері жұмыстан шыққанда немесе басқа жұмысқа ауысқанда аппараттың тиісті бөлімі басшысының нұсқауы бойынша осы бөлімнің басқа қызметкеріне оның атқаруында болған барлық істер мен құжаттарды, жинақталған өзге анықтама материалдарын тапсырады.


      Бұл жағдайда құжаттарды тапсыратын қызметкер берілетін құжаттар көрсетіліп, тапсырылған күнге шешілмеген мәселелердің орындалу жағдайы сипатталатын, қызметтік істерді қабылдап алу-тапсыру туралы екі данада акті жасайды. Актінің екі данасына да құжаттарды тапсырған және қабылдап алған қызметкерлер қол қояды және бөлім басшысы бекітеді. Бір данасы бөлімде қалады, екіншісін жұмыстан шыққан қызметкер алады. 
      Аппараттың осы бөлімінің қызметкері акт негізінде тіркеу-бақылау карточкасына құжаттарды басқа қызметкерге бергені туралы белгі қояды.
      130.Қызметкер демалысқа немесе ұзақ мерзімді іссапарға кеткенде онда орындауда болған қызметтік құжаттар бөлім басшысының нұсқауымен басқа қызметкерге тапсырылады. Аппараттың осы бөлімінің қызметкері тіркеу-бақылау карточкасына құжаттардың тапсырылғаны туралы белгі қояды. Егер қызметкер қайтып оралғаннан кейін құжаттар орындалмаған болса, онда олар карточкада тиісті белгі қойылып, қайтадан өзіне тапсырылады. 
      131.Құжаттарды аппараттың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру аудан әкімінің қарарына сәйкес, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы негізінде құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      132.Аппаратта істер номенклатурасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бөлімі қалыптастырады. Істерді аппараттың мұрағатына тапсыруды аппарат бөлімдерінің басшылары қамтамасыз етеді. 
      133.Барлық машинамен жазу жұмыстары аппараттың бөлімдерінің өзінде жүзеге асырылады.

      134.Құжаттарды теріп басу кезінде пайдаланылған бланкілер бланкінің нөмірі, орындаушының тегі, басып шығарған күні көрсетіліп, арнайы журналда жазылады.

      135.Осы регламенттің орындалуына бақылау жасау, аппарат басшысына жүктеледі.



 

"Абай ауданы әкімінің 
аппараты" мемлекеттік 
мекемесінің регламентіне
1 қосымша

"____________________________________________"
Абай ауданы әкімінің шешіміне, өкіміне, 
Абай ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына 
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Орындаушы:
Бөлім (мемлекеттік мекеме) басшысы
 

 
___________________________
"___" _____________ 2016 жыл
 

 
Қаулының (шешімнің, өкімнің) жобасын енгізеді:

Аудан әкімінің орынбасары (Аудан әкімінің аппарат басшысы)


 

 

 

__________________


"___" _____________ 2016 жыл
 

Міндетті келісім минимумы:
Аудан әкімінің аппарат басшысы
 

 
___________________
«__» _____________ 2016 жыл

 Мәтіннің дәлме-дәлдігіне сараптама жүргізді:
Ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 ___________________
«__» _____________ 2016 жыл

Құқықтық сараптама жүргізді:
Аудан әкімінің заң және құқықтық жұмыстар жөніндегі кеңесшісі

«___» ____________ 2016 жыл

      


 

"Абай ауданы әкімінің 
аппараты" мемлекеттік 
мекемесінің регламентіне 
2 қосымша

«________________________________________________»
Абай ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына 
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ



Әкімдік мүшелерінің Т.А.Ж
 

Көзқарасы/ұсынысы
 

Қол қойылған күні
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Келісу парағын толтырған: _________________ __________________
       (қолы) (Т.А.Ж.)


 


"Абай ауданы әкімінің 
аппараты" мемлекеттік 
мекемесінің регламентіне 
3 қосымша

"__________________________________________" 
аудан әкімінің аппарат басшысының бұйрығына 
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Орындаушы:
Бұйрықтың жобасын енгізген бөлім басшысы
 

 
_____________________
"___" ________ 2016 жыл

 
Міндетті келісім минимумы:



 

 



 Мәтіннің дәлме-дәлдігіне сараптама жүргізді:
Ақпараттық технологиялар, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
 

 
_____________________
"___" ________ 2016 жыл
 

Құқықтық сараптама жүргізді:
Аудан әкімінің заң және құқықтық жұмыстар жөніндегі кеңесші

_____________________
"___" _______ 2016 жыл
 

жүктеу 200 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау