Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Атырау облыстық білім беру бөлімі
“Болашақ” көпсалалы жоғары колледжі
РЕФЕРАТ
Такырыбы: Фармациялық химия
Орындаған: Табылдиева Гауһар Нигметовна
Тексерген: Нұртаева М.А
2023 жыл
Мазмұны
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Фармациялық химия
ІІІ.Қорытынды бөлім
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дәрілердің адам мен жануарлардың организмдерін тексеретін және дәрілерді іздестіру, шығару, сақтау, дайындау және сату мәселелерімен айналысатын ғылым түрі-фармацевтика деп аталады. Көптеген фармакологиялық қасиеттері бар химиялық қосылыстар өнделмеген күйде не пайдасыз, не зиянды болып келеді. «Фармацевтика» осындай қосылыстарға нақты топ адамдарды емдеуге арналған бірегей мөлшерленген түр береді. «Фармацевтика» термины «фармация» терминының синонимы емес.
"Фармация" мен "фармацевтиканы" екі түрлі тарихи кезең, дәрі- дәрмектерді жасаудың екі түрлі тәсілдемесі ретінде қарастыруға болады. Ғасырлар бойы қолданылған фармация тәсілі аз өнімді, шектелген мөлшерде шағын топ адамдарға дәріні дайындауға бағытталды және көп жағдайда жанама әсер береді. Бұл тәсілдің жетілмегендігі мен тиімсіздігі(ғаламдық сауда мақсаттарына) XIX ғасырдың басында айқын болды. Сол кезде АҚШ-та жаппай стандартталған,өнімділігі жоғары, экономикалық жағынан тиімді дәрі- дәрмектердің өнеркәсіптік өндірісі басталды.
Фармация мен фрармацевтика- екі түрлі түпкі өнім. Қазіргі кезде фармация толық тұтылынатын дәрілердің тек 3% дайындаса, фармацевтика және оның артында тұрған фармацевтикалық өнеркәсіп әлемде тұтылынатын дайын дәрілік түру бар дәрілердің 97% дайындап шығарады.
Шет елдерде «фармация» қажетті дәріні, косметиканы сатып алуға және медициналық көмек алуға болатын жекелеген сауда орындарын білдереді. Ал «фармацевтика» саудамен айналыспайды.
«Фармация» мен «фармацевтика» терминдерінің айырмашылығы Оксфорд ағылшын тілі сөздігінде айырықша баса жазылған. «Фармация» (pharmacy) дәрі- дірмектерді сату және дайындауға арналан орын және дәрілерді дайындау әрекеті ретінде анықталады. Ал «фармацевтика» (pharmaceutics) дәрі- дәрмектердің өндірістік кәсіпорындарда дайындау әрекетін білдіреді.
СК – ФАРМАЦИЯ 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында «СҚ-Фармация» компаниясын құру туралы шешім қабылдады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 134 қаулысы).Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету және тең құқылы серіктестік жағдайында жеке және мемлекеттік секторлардың күш-жігерін біріктіру жолымен ҚР-да фармацевтикалық саланы дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
Негізгі бөлім
Фармацевтикалық химия - дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың құрамы және құрамы мен ағзаға әсері арасындағы байланысты, дәрілік заттарды алу және олардың сапасын бақылау әдістерін, сақтауды және қолдануын зерттейтін ғылым. Фармакологиялық жіктелуі-дәрілік олардың жүйелерге, процестерге әсер етуіне байланысты, ағзаның атқарушы органдары (жүрек, ми, лимфа жүйе, асқазан, ішек және т.б.) байланысты бөлінеді. Осыған сәйкес дәрілік заттар қаражат топтарға бөлінеді: есірткі, ұйықтататын дәрілер, ауырсынуды басатын дәрілер, диуретикалық, жергілікті анестетикалық және т. б. Химиялық жіктеу-дәрілік заттарға біріктіріледі, олардың молекулалары мен химиялық құрылымдарының жалпы химиялық құрылымы бойынша топтар фармакологиялық әсеріне қарамастан қасиеттерге ажыратылады. Аталған жіктемелер кемшіліксіз емес. Бірінде фармакологиялық классификацияның кемшіліктері жиі кездессе, белгілі бір әсер ететін дәрілік заттар тобы әр түрлі құрылымдағы заттарды қамтиды. Сонымен, стимуляторлар тобына жүрек қызметке гетероциклді қатардың өкілдері табиғи (кофеин, стрихнин) және синтетикалық (коразол, кордиамин) және терпендердің өкілі (камфора) және жүрек гликозидтері стероидты қосылыстар өздерінің химиялық құрылымын білдіреді.
Өндірістік процесс – бұл кәсіпорында өнім өндіруге қажетті жұмысшы мен автоматтандырылған құралдардың барлық әрекеттерінің жиынтығы.
Фармацевтикалық өндірістерді жүзеге асыру үшін қолданылатын процестері мен аппараттары: Гидравликалық және реологиялық
•Механикалық
•Гидромеханикалық
• Биохимиялық
•Физика-химиялық
•Жылулық
•Экстрагирлеу
Гидравликалық механизмдер – өз жұмысында сұйықтықтың кинетикалық немесе потенциалдық энергиясын пайдаланатын аппараттар мен құралдар. Гидравликалық механизмдерге гидравликалық машиналар жатады. Мұндай механизмдерде гидравликалық сұйықтықтың жоғары қысым күші әртүрлі гидравликалық қозғалтқыштар мен цилиндрлердің механизмдеріне айналады. Сұйықтық ағынын тікелей немесе автоматты түрде басқару клапандары арқылы басқаруға болады. Ағынның таралуы арнайы гидравликалық шлангтар мен түтіктер арқылы жүреді. Гидравликалық механизмдер химия өнеркәсібінде үлкен қолданысқа ие, өйткені үлкен энергияны жұқа түтіктер мен икемді шлангтар арқылы беруге болады.
Механикалық аппараттар – ұнтақтау, престеу, сұрыптау, түйіршіктеу сияқты процесстерді жүзеге асырады. Гидромеханикалық процесстер қатарына- сұйық ортада араластыру, сүзу, оны тұндыру, жуу және т. Б. Процестер жатқызылады.
Биохимиялық процесстерге – ашыту, зарарсыздандыру, дезинфекциялау әдістері кіреді.
Физикалық-химиялық процесстер – жану, жылыту, салқындату, буландыру, конденсация әдісімен, масса алмасу, кептіру, айдау, сорбция, кристалдану, еріту т.б сияқты заттың физикалық қасиеттеріне негізделіп жасалады. Буландыру аппараттары минералдық тұздар, азот тыңайтқыштары, анилокраска өнеркәсібінің аралық жартылай өнімдері зауыттарында, сода, хлор зауыттарында, сондай-ақ тамақ және химия-фармацевтикалық өндірістерде (қант, илеу-экстракт өндірісі, тұздау, теңіз суын тұщыландыру) қолданылады.
Экстрагирлеу – жалпы (галендік) препараттарды, нашар тазаланған және жеке қоспалардың препараттарын алудың негізгі технологиялық кезеңі, нәтижесінде экстрагенттердің қосылуынан тұратын экстракт алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |