Реферат тақырыбы: «Мұнай өндірісі, қоршаған ортаға әсері»



жүктеу 33,48 Kb.
бет4/9
Дата05.07.2022
өлшемі33,48 Kb.
#38985
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Документ

2.3 Мұнайды өңдеу


Енді халық шаруашылығына қажетті мұнай өнімдерінің өнеркәсіпте қалай алынатынымен танысайық. Табиғи мұнай құрамында су, минералды тұздар және әр түрлі механикалық қоспалар болады. Сондықтан ең алдымен мұнайды сусыздандырып, тұзсыздандырып және басқа да қоспалардан тазартады.
Мұнайды айдау. Мұнайдан айдау арқылы бір фракциясынан кейін екінші фракциясын зертханадағыдай іске асырып, мұнай өнімдерін алу әдісі өнеркәсіп жағдайы үшін жарамайды. Бұл әдістің өнімділігі өте төмен және көмірсутектердің молекулалық массаларына сәйкес фракцияларға дәл бөлінуін қамтамасыз етпейді. Үздіксіз жұмыс істейтін қондырғыларда мұнайды айдау әдісінде мұндай кемшіліктер жоқ.
Қондырғы мұнайды қыздыратын пештен және ректификациялық колоннадан тұрады, мұнда мұнай фракцияларға — өздерінің қайнау температураларына сәйкес көмірсутектер қоспаларына — бензинге, лигроинге, керосинге және т.б. бөлінеді. Пеште ирекирек ұзын құбыр бар. Пеш мазут немесе газ жағу арқылы қыздырылады. Ирек түтікке үздіксіз мұнай, келіп тұрады, онда мұнай 320-350°С-ге дейін қыздырылады және сұйықтық пен бу қоспасы түрінде ректификациялық колоннаға түседі.
Ректификациялық колонна — биіктігі 40 метрдей, болат ци-линдрлі аппарат. Ол тесіктері бар, тәрелке деп аталатын, көлденең орналасқан бірнеше қалқандардан тұрады. Мұнай булары колоннаға түскеннен кейін, жоғары көтеріледі және тәрелкедегі тесіктер арқылы өтеді. Өзінің қозғалысымен жоғары көтерілген сайын булар біртіндеп салқындап, сұйық күйге айналады. Булануы нашар көмірсутектер бірінші тәрелкеде сұйылып, газойль фракциясын, ұшқыш көмірсутектер жоғарырақ жиналып, керосин фракциясын түзеді, одан жоғарырақ лигроин фракциясы жиналады, өте ұшқыш көмірсутектер бу күйінде колоннадан шығады да, конденсацияланғаннан кейін бензинге айналады. Бензиннің бір бөлігі жұмыс тәртібін арттыру үшін қайтадан колоннаға жіберіледі.
Колоннаға түсетін мұнайдың сұйық бөлігі тәрелкелер арқылы төмен ағып түседі де мазут түзеді. Мазутпен бірге қалып қоятын ұшқыш көмірсутектердің булануын жеңілдету үшін, төмен ағып бара жатқан мазутқа қарама-қарсы өте ыстық бу жіберіледі.
Айдау нәтижесінде қалатын мазут жоғары көмірсутектердің көп мөлшерінің бағалы қоспасы болып табылады. Ілгеріде айтылғандай ол, жағар майын алу мақсатымен қосымша өңдеуге үшыратылады. Айдау процесінде мазут фракцияларға бөліну үшін, сірә мұнайды айдаған кездегідей 350°С-қа дейін ғана қыздырмай, одан едәуір жоғары температурада қыздыру керек шығар. Бірақ мазут құрамына кіретін көмірсутектердің молекулалары мұндай қатты қыздыруға шыдамай, ыдырай бастайды екен. Сондықтан айдауды төмен қысымда вакуум қондырғыларында жүргізеді. Мұндай жағдайларда мазуттың көмірсутектері біршама төмен температура кезінде бу тәрізді күйге ауысады және фракцияларға бөлінеді. Мазуттың айдалмайтын бөлігі — гудрон деп аталады. Гудрон құрылыста пайдаланылады.
Мұнай өнімдерін крекингілеу. Мұнай айдау кезінде алынатын бензин мөлшері барған сайын өсіп бара жатқан қажетті өтей алмайды. Мұнай өңдейтін өнеркәсіптің алдында бензин алудың қосымша көздерін табу жөнінде аса маңызды міндет туды. Оны қалай шешуге болады?
Жоғары температурада молекулалары ыдырай бастайтындықтан, мазутты атмосфералық қысымда айдауға болмайтынын естеріңе түсіріндер. Бензинді қосымша алудың көзі де осы құбылыста жатыр. Егер көмірсутектердің ірі молекулалары қатты қыздырған кезде ұсақ молекулаларға ыдырайтын болса, онда осы жолмен бензин фракциясына сәйкес келетін молекулалар алуға болады. Осы құбылыспен тәжірибеде танысайық.
Күшті жалында қыздырылған темір түтікке құйғыштан (воронкадан) керосин немесе жағармайды тамшылатып құяйық. Біраздан кейін U тәрізді түтікке — сұйықтық, суға төңкерілген цилиндрде газ жиналғанын көреміз. Бұл — темір түтікте химиялық реакция жүріп жатқанын көрсетеді. Алынған өнімдерді зерттеу арқылы да бұл қорытындыны дәлелдеуге болады. Түзілген сұйықтық та, газ да бромды суды түссіздендіреді, егер бастапқы өнім жеткілікті тазартылған болса, түссіздендірмейді.
Крекинг-процесті өнеркәсіпте іске асырудың келешегі жоқ сияқты болып көрінді. Бірақ бұған инженерлік өнер көмекке келді. Катализатор айналымы принципі бойынша жұмыс істейтін қондырғы жасап шығарылды: катализатор реактордан үздіксіз регенераторға түседі, онда өзінің активтігін қалпына келтіреді, осыдан кейін қайтадан үздіксіз реакторға барады. Бұдан басқа, процесті «қайнау қабатында» жүргізетін әдіс іске асырылды (сендерге күкірт қышқылын өндіруден белгілі).
Пештен шығып жатқан шикізат (газойль) қыздырылған шаң тәрізді катализатормен араласады да буланып, түтік арқылы үздіксіз реакторға түседі. Реактордың сыйымдылығы үлкен болғандықтан, ағыс жылдамдығы бірден төмендейді және катализатор бөлшектері қайнап жатқан сұйықтықтағыдай тығыз емес қабат түзеді. Крекингтің негізгі процесі де осында өтеді.
Крекинг өнімдері реактордың жоғары қабатына көтеріліп, тазартқыш арқылы өтеді, ол жерде катализатордың ілесе келген бөлшектерінен босайды және одан әрі ректификацияға түседі.
Крекинг процесінде кокспен қапталған катализатор үздіксіз реактордан шығарылады, ол ауа толқынымен бірге регенераторға барады. Регенераторда тағы да «қайнау қабаты» принципі бойынша катализатордағы қоспалар өртеледі. Содан кейін катализатор жол-жөнекей шикізат ағысымен араласады да, реакторға барады.

жүктеу 33,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау