Реферат Тақырыбы: Дөңгелекауыздылар. Орындаған: Абдолда Меруерт Оқу тобы: бн-11 Қабылдаган: Ельшина К. А. Қарағанды, 2021


Дөңгелекауыздылардың құрылым ерекшеліктері



жүктеу 35,63 Kb.
бет3/6
Дата21.01.2022
өлшемі35,63 Kb.
#34414
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Дөңгелекауыздылар

Дөңгелекауыздылардың құрылым ерекшеліктері.

      Дене пішіні – жыланбалықтәрізді, кішкентай құйрық жұзбеқанаты – протоцеркальды (алғашқы тең қалақты). Жұп жүзбеқанаттары болмайды. Миноганың 2 (өте сирек 1)  арқа жүзбеқанаты болады. Миксиналарда ол жетілмеген, тек құйрық жүзбеқанаты ғана бар. Сонымен қатар, миксиналарда екі жұп қозғалмалы мұртшалары болады.

      Тері жамылғысы – жұмсақ, 2 қабаттан – эпидермис және дерма қабаттарынан тұрады. Эпидермистің көп қатпарлы клеткаларында (колбатәрізді, шартәрізді, бокалтәріздә) бездер орналасады, олар денені жауып тұратын шырыш бөледі, ол қорғаныш қызметін атқарады.

      Бұлшық-ет жүйесі – ланцетниктердегідей миомерлерден және оларға тірек болатын миосепталардан тұрады.

      Қаңқасы – бассүйектің қаңқасы (краниальды) және тірек қаңқасы (посткраниальды) деп бөлінеді. Бассүйек ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды бөлімінен (спланхнокраниум) тұрады. Ми сауыты миды астынан, екі бүйірінен жабады, ал үстін дәнекер тканды жарғақша жауып жатады. Ми сауытының шүйде бөлімі дамымаған.

      Висцеральды бөлімі ауызалды воронка, желбезек торлары (ұзынынан 4, көлдеңенінен 9) мен жүрекмаңы шеміршектерінен тұрады. Тірек қаңқасының қызметін хорда атқарады, онда лағашқы омыртқаның нышаны (белгісі) пайда болады. Құйрық және арқа жүзбеқанаттарына шеміршекті талшықтар тірек болады.

      Ауыз тесігі жұтқыншақпен жалғасады, ол екі бөлімге-ішекке жалғасатын өңешке және бітеу болатын тыныс алу түтігіне бөлінеді. Өңеш ішекке, ол жіктелмей аналь тесігіне ашылады. Ішек ішінде қоректік заттың сіңірілу бетінің көлемін ұлғайтатын ірі қатпарлар – спиральды клапан орналасқан. Бауыры үлкен, өт жолы ішекке ашылады.

Асқорыту мүшелері және қоректену – асқорыту түтігі ауызалды воронкадан басталады. Оның шеттерінде тері қатпарлы болады, ол сорып жабысуына көмектеседі. Воронканың түбінде ауыз тесігі, оның артында етті тілі орналасады. Тілінде  1-2 күшті мүйізді тістері немесе тақтайшалары болады. Осыған байланысты миноганы тілтіс деп те атайды. Тістердің мөлшері, пішіні және орналасуы систематикалық белгі болып табылады. 

      Тыныс алу мүшелері және газ алмасу – дөңгелек ауыздылардың желбезектері желбезек қапшықтарына орналасқан. Сондықтан бұларды кейде қапшықжелбезектілер деп те атайды. Желбезек қапшықтарының саны миногаларда 7, ал миксиналарда 5-16 жұп. Миногалардың желбезек қапшықтары сыртқа жеке-жеке ашылса, кейбір миксиналарда бір ғана тесікпен байланысқан. Дөңгелек ауыздылардың эмбрионында желбезек саңылаулары қалыптасып, ол жұтқыншақ ұуысын сыртқы ортамен байланыстырады. Кейіннен бұл жерде энтодермадан желбезек қапшықтары пайда болады. Қапшық ішкі тар өзегі арқылы жұтқыншақ қуыысмен, ал екінші кеңдеу өзегімен сыртқы ортамен байланысады. Дернәсілдің түрленіп өзгеру барысында жұтқыншақтың артқы бөлімінің түбіндегі қатпар жұтқыншақты екі бөлімге – ішек жалғасатын өңешке және бітеу болатын тыныс алу түтігіне бөледі. Ауыз қуысы жағынан тыныс алу түтігі мен өңеш қозғалмалы қатпарлы желкенмен ашылып-жабылады. Жай жүзіп жүргенде су желбезек қапшықтарына, одан желбезек саңылаулары арқылы сыртқы ортаға шығады. Бұл кезде өңеш желкенмен жабылған. Ал жемтігіне жабысқанда керісінше өңеш ашық, ал тыныс алу түтігі жабық. Тыныс алу желбезек қапшықтарының үлкейіп-кішіреюі арқылы жүзеге асады, яғни су сыртқы ортадан желбезек қапшықтарына (пассивті тыныс алу), соннан соң сыртқа қайта шығады (активті тыныс алу).

      Қантасымалдау жүйесі және қан айналу – дөңгелек ауыздылардың қантасымалдау жүйесі ланцетникке жақын, бірақ дөңгелек ауыздыларда бір құлақша және бір қарыншадан тұратын 2 камералы нағыз жүрек болады. Қанайналу шеңбері біреу, жүректе тек вена қаны болады. Ірі веналар қанды вена синусына алып келеді. Одан қан құлақшаға – қарыншаға – құрсақ аортасына құйылады. Оның алғашқы бастамасы кеңейген, оны аорта түйіні деп атайды. Артериальдық жүйе. Құрсақ аортасынан қан 8 жұп алып келуші желбезек артерияларымен тақ арқа аортасына (ланцетникте жұп) барады. Оның алдыңғы бөлімінен ұйқы артериялары шығып, дененің бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, артқы бөлімі құйрықты, бұлшық еттерді, ішкі органдарды қамтамасыз етеді. Веноздық жүйе. Құйрық бөліміндегі вена қаны құйрық венасына жиналып, кейіннен ол екіге бөлініп, қос артқы кардинальды веналарды құрайды, олар вена синусына келіп құяды. Бас юөліміндегі вена қаны қос алдыңғы кардиналь веналарға жиналып, олар жеке-жеке вена синусына құяды. Тіл бұлшық еттерінен қан тақ төменгі кардиналь (мойындырақ не яремды вена деп те аталады) вена арқылы жеке вена синусына келеді. Ал ішкі органдардағы вена қаны ішекасты венасына, одан бауырға барып, бауыр-қақпа жүйесін түзіп, қысқа бауыр венасы арқылы вена синусына құйылады. Дөңгелек ауыздыларда Кювье өзегі болмайды. Бұларда көкбауыр жоқ. Қан өңеш пен ішектің қабырғаларында, сол сияқты бүйректерде, бауырда және хорданы бойлай жатқан майлы тканнан түзіледі.

      Зәр шығару жүйесі және су-тұз алмасу – дөңгелек ауыздыларда омыртқалыларға тән зәр шығару мүшесі – бүйрек пайда болады. Ол мезонефрос бүйрек не дене бүйрегі. Сүзгіш аппаратының суды және онымен бірге зат алмасу өнімдерін шығара алатын қабілеті болғандықтан бүйрек су және тұз алмасуға қатысады. Дөңгелек ауыздылардың ұрықтарында, басқа омыртқалылардағыдай жұп басбүйрек (пронефрос) пайда болады. Кейіннен оның артқы жағынан ересектерінде болатын жұп дене бүйрек (мезонефрос) қалыптасады. Әр бүйректен несепағар жолы – Вольф өзегі – басталады. Олар зәр-жыныс емізікшесіне үстіңгі жағында орналасқан зәр-жыныс тесігімен байланысып, сыртқы ортаға ашылады.




    1. жүктеу 35,63 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау