Реферат Тақырыбы: " Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру жүйесі " Тексерген: Джанбубекова М. З



жүктеу 29,21 Kb.
бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі29,21 Kb.
#32221
түріРеферат
  1   2
Педагогика 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ



Инженерлік-технологиялық факультет

(факультеттің атауы)


7М07103-«Технологиялық машиналар және жабдықтар»

(мамандық атауы,шифры)




Пән атауы: Жоғары мектеп педагогикасы
Реферат

Тақырыбы: “ Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру жүйесі


Тексерген:Джанбубекова М.З.

Орындаған:Базанова А.К.

Тобы:МТО-001.


Семей қаласы

2020 жылы
Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру жүйесі ”
Жоғары мектеп педагогикасының дамуы

Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау. Жоғары мектеп педагогикасы  ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып келді. 

Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасуында Я.А.Коменскийдің “Академия” еңбегіндегі оқытудың қағидалары мен әдістері: студенттерге адамзатта бар білімді меңгерту,оларға ғылымның негізін үйрету;студенттерді оқытуға тек ғалымдар мен профессорларға рұқсат беру; “Академияда” барлығына қол жетімді кітапханалардың болуы туралы идеялары маңызды рөл атқарған.

Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тəрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.

Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.

Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда.

Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды.
Қазақстандағы жоғары мектеп педагогикасы мен жоғары оқу орындарының дамуы”

Қазақстандағы жоғары мектеп тарихы 1917 жылы қазаннан кейінгі бұрынғы КСРО жерінде болған өзгерістердің көрінісі болып табылады.Ұлттық республиканың ағарту ісіне және халыққа білім берудің дамуына үлкен үлес қосқан В.И.Ленин еді. Оның басты мінденттерінің бірі-білікті педагогикалық кадрларды даярлау болды.

Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).

1991 жылы егемендік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасында ең алдымен жоғары білім беру жүйесін реформалау жұмыстары қолға алынды. 1991 жылы Білім беру туралы ҚР алғашқы Заңы қабылданды,сонымен бірге Жоғары білім туралы 1993 жылы ҚР Заңы жасалып қабылданды.1994 жылы Қазақстан Республикасы жоғары білімнің Мемлекеттік стандарты бекітіліп,онда алғаш рет білім берудің көпсатылы құрылымы,бакалавр мен магистранттардың академиялық дәрежелері белгіленді.

1995-1997 жылдар аралығында 310 жоғары кәсіптік білім мамандықтары бойынша алғаш рет қазақстандық білім беру стандарттары және жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа нормативтік-құқықтық ережелер қабылданды.

2004 жылы кешенді тестілеу мектептегі бітіру емтихандарымен біріктіріліп,Ұлттық Бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді.2003-2004 жылдары халықаралық стандарттарға сай үш сатылы жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру жүйесі қабылданды.

2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы толықтай әлемдік тәжірибеге сай үш деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру моделіне көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді:бакалавриат-магистратура- PD докторантурасы.

2010 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жоғары білім беру жүйесінің дамуына жаңа өзгерістер әкелді.Мамандарды даярлау жүйесінің ғылыммен және өндіріспен байланысын күшейту жүйесі басты орынға қойылды.

Болон процесі және қазіргі әлемдегі білім беру жүйеcіндегі интеграция”

Болон процесі деп жоғары білімнің еуропалық бірегей кеңістігін жасау процесін айтады. Ол соңғы жылдары еуропалық аймақта қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық үрдістердің айқын көрінісі болып табылады.  Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. 

Болон үдерісінің міндетті қағидалары:


  • Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

  • ECTS академмиялық несиелер;

  • Жоғары оқу орны студенттерінің, оқытушыларының, және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық мобильдігі;

  • Дипломға берілген еуропалық қосымша;

  • Жоғары білімнің сапасын бақылау;

  • Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, Қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. 2010 жылы наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, жоғары білім берудің еуропалық аймағының 47 - мүшесі және толық құқылы мүше ретінде танылған еді. Сонымен қатар, бұл үрдіскк қосылған алғашқы Орта Азия мемлекеті болды.

Интеграция дегеніміз (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Интеграция ғылыми ұғым ретінде педагогикада ХХ ғасырдың 80-жылдарының бірінші жартысында пайда болды. Әдебиеттерді зерттей келе, интеграция мәселесімен ең алғаш айналысқан педагогтар екендігі, ол алғашқыда пәнаралық байланыс деп қарастырылғаны және интеграция тарихы ХХ ғасырда үш кезең болып қалыптасқандығы анықталды:



  • 20 жылдар - пәнаралық байланыс негізіндегі мәселелік-комплекстік оқыту (еңбек мектебі);

  • 50-70 жылдар – пәнаралық байланыс;

  • 80-90 жылдар – интеграция.

Педагогикалық ғылымдарда, нақты айтсақ М.Н.Берулованың еңбектерінде интеграцияның үш деңгейі анықталды:

  1. Зерттеудің жеке пәні бар және интеграциялық сипаттағы жаңа оқу тәртібін қалыптастырумен аяқталатын біртұтастық деңгей.

  2. Дидактикалық топтау деңгейі: оқу пәндерінің интеграциясы негізінен кәсіби цикл пәндерінің базасында жүзеге асырылады. Дидактикалық топтау тек қана оқыту пәндері мазмұнының интеграциясымен ғана емес, сондай-ақ анықтаумен сипатталады.

  3. Ең алдымен, жалпы білімділік және кәсіби техникалық пәндердің бірқатарында оқыту сабақтарының интеграциялық түрін болжайтын үрдістік топтау деңгейі. Аталған жағдайдағы басымдық көрсететін дидактикалық міндеттер жалпы оқу сабақтарында (интеграциялық сабақтарда, семинарларда) жаңа оқыту материалдарының интеграциялық негізінде оқыту болып табылады.

Қазіргі білім берудегі интеграциялық процесстер кеңістігінде әлемдік елдердің озық тәжірибелерінен тәжірибе жинақтау негізі басшылыққа алынуда. Елбасының индустриалды - инновациялық даму жолын ұсынуы – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.


жүктеу 29,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау