Редакция №1 02. 09. 09. орнына Редакция №2 13. 09. 12
1.2 Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерді оқушылардың тәрбие жұмысының теорисы, әдістемесі мен технология саласынан кәсіби- педагогикалық білікті маман ретінде қалыптастыру. Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері: Студенттерде оқушылармен тәрбие жұмысының теорися, әдістемесі және техникасы саласында кәсіби- педагогтік білімдерді және біліктіліктерді меңгеруді дамыту; Студенттерде жалпы тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету; Студенттерде оқушылардың тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және технологиясы саласынан кәсіби- педагогтік білімдерді қалыптастыру; Студенттерді оқушылардың тәрбие жұмысына қажетті жалпы педагогтік және арнайы біліктілікпен қаруландыру: диагностикалық, мақсатқоюшылық , жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникаттивтік, аналитикалық. Студенттерде баланың тұлғалық қалыптасуы және әлеуметенуінің маңызды факторы ретінде оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізуге жауапкершілік пен шығармашылық қарым қатынасын дамыту; Оқушылардың практикалық тәрбие жұмысын студенттердің теориялық тұрғыда жете ұғынуын қамтамасыз ету; Студенттерде кәсіби- педагогтік өзін- өзі дамыту қажеттілігін қамтамасыз ету. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі негізгі категорияларын білуі; Тәрбие әдістерін қолдана алуы; Тәрбие теориясының басқа ғылым салаларымен байланысын түсінуі; Кәсіптік іс-әрекет жағдайында алған білімін қолдану туралы түсінігі болуы қажет. Курс пререквизиттері: - «Мамандыққа кіріспе»; - «Жалпы психология»; - «Бірінші курстың үзіліссіз педагогикалық практикасы»; - «Жас және педагогикалық психология»; - «Жалпы педагогика»; - Этнопедагогика».
Курстың постреквизиті: - «Этнопсихология» - ІІІ – ІУ курстың педагогикалық практикасы. 2 Пәнді оқып-зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар І. Берілген тақырыпты конспектілеу Негізгі талаптар: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. 3 Курс саясаты Сабаққа кешікпеу. Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу. Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау. Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу. ОСӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау. 4 Ұпайлық, пайыздық және әріптік эквивалентінде бағалау Шкаласы Кесте 6
5 Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс бағдарламасы Кесте 2 Пән мазмұны. Сағаттардың бөлінуі
6 СӨЖ хабарламалары, рефераттарының тақырыптары 1 тақырып. 1. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің» пәні, міндеттері. Тақырыптың мазмұнын графикалық кесте түрінде беру. 2. Тақырып 2.Мектеп тәрбие жүйесі ретінде. Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар тәрбие жүйесінің субъектілері ретінде. Дискуссия: а)Сынып жетекшісі қажет. б) Сынып жетекшісі қажет емес. (көзқарастар, пікірлер, қорытындылар, фактілердегі қарама-қайшылыққа назар аудару). 3.Тақырып 3. Сыныптың тәрбие жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде. Сыныптың тәрбие жүйесінің үлгісін құру (топтық жұмыс). 4.Такырып . Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы. Белгілі бір сыныпты бітірушінінің үлгісін құру сыныптың тәрбие жүйесінің мақсаты ретінде (№ 3 тапсырманы қарау) және оқушылардың тәрбие жұмысының негізгі нәтижесі. 2.Тақырып 2. Оқушылардың тәрбие жұмысының диагностикасы. Диагностикалық әдіс. Оқушы тұлғасы және сыныптағы оқушылар ұжымын зерттеуге арналған бағдарлама негізінде студенттің өзіне, топ студенттеріне мінездеме жазуы (үзіліссіз педагогикалық практика кезінде бекітілген сыныптағы бір оқушыға және сынып ұжымына). 3Тақырып 3. Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау. Сыныпта белгілі бір мерзімге оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысынын жоспарын құру. 5.Тақырып . Оқушылардың сабақтан тыс тәрбие тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Сынып сағаттарының жоспарын құру, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының бағыттары және оқушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша жұмыстарды проектлеу. 6.Тақырып. Оқушылардың тәрбие жұмыстарының нәтижесінің талдауы және өз беттерінше талдау. Студенттік аудиторияда студенттердің даярлаған немесе өткізген сынып сағаттарының нәтижесін және олардың конспектісін талдау. 7 Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі Кесте 4
Белгілеулер: Р-реферат; К-конспект; Х-хабарлама; СХ-схема; Б-баяндама; Т-тест. жүктеу 202,51 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |