Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 462,2 Kb.
бет1/2
Дата05.03.2018
өлшемі462,2 Kb.
#11497
түріСабақ
  1   2



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармакогнозия және химия кафедрасы



044 -52/15-( )

24 беттің -беті



Зертханалық -тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік өңдеу құрылымы




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

ФГЗ және химия кафедрасы

Мамандығы: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Пәні: Химия
Курс: І

Зертханалық -тәжірибелік сабақтарға

арналған әдістемелік өңдеу құрылымы

2014-2015 оқу жылы

Әдістемелік өңдеу құрылымы жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Кафедра мәжілісінде (хаттама № ___ «____» _____________2013 ж.) талқыланды.

Кафедра меңгерушісі

х.ғ.д., проф._________Ә.Қ. Патсаев

1 Сабақ

1.Тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу. Химиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Бастапқы білім деңгейі.
2.Мақсаты: химиялық зертханада жұмыс жасау ережелерін білуі тиіс.
3. Оқыту мақсаты: химиялық ыдыстармен, реактивтермен жұмыс жасап үйрену.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химия зертханасында жұмыс жасау ережелері. Зертханалық журналды жүргізу.

2. Химиялық ыдыстар және реактивтермен танысу.

3. Негізгі түсініктер: моль, мольдік масса, эквиваленттік мольдік масса.

4. Орта мектеп бағдарламасы бойынша химияның негізгі түсініктері мен заңдарын пайдаланып есептер шығару.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтармен жұмыс жасау, есептер шығару, тест-бақылау.
Зертханалық жұмыстарды орындау тәртібі


  1. Әр сабақ алдында студентке тақырыбы бойынша қажетті теориялық білімді оқу қажет.

  2. Әр зертханалық жұмыс алдында студент тәжірибелермен танысып, оны орындау әдісін білу керек. Мұғалім студенттің берілген жұмысты орындауға дайындығын тексереді.

  3. Мұнан соң студент жұмыс орнының дайындығын бақылай, техника қауіпсіздігін сақтай отырып, жұмыс жасайды.

  4. Жұмыс аяқталған соң студент мұғалімге тәжірибе нәтижелерін көрсетіп, алынған мәліметтер мен бақылауларды зертханалық дәп-терге енгізіп, жұмыс орнын тәртіпке келтіреді.


Зертханалық журналды /дәптер,/ жүргізу

Әр студенттің берілген жұмысты есептеп, тапсыру үшін қажетті зертханалық жұмыс дәптері болу қажет.

Зертханалық журналды жүргізу үшін нұсқаулар.


  1. Сабақтың уақыты және рет нөмірі.

  2. Зертханалық жұмыстың тақырыбы.

  3. Жұмыс ретінің қықаша мазмұны.

  4. Прибордың құрылысы, реакция теңдеуі, кестелер, есептеулер, графиктер, көзбен бақылаулар.

  5. Қорытындылар.

Зертханалық дәптер ұқыпты жазылып, жұмыс кезінде толтырылады. Орындалған зертханалық жұмыс дәптерге өңделіп мұғалімге тапсырылады. Егер жұмыс берілген шарттарды қанағаттандырса, мұғалім өз қолын қояды.
Химиялық ыдыстар, қондырғылар

Химиялық зертханада жұмыс істеу кезінде әртүрлі ыдыстар мен құралдар қолданылады. Пайдаланылатын ыдыстар негізінен шыныдан не металдан, фарфордан және пластмассалардан жасалады.

Ерітінділердің кішкене көлемімен /жартылай микрометрлік анализ/ жұмыс жасау кезінде пішіндері әртүрлі /конус не цилиндр/ пробиркалар қолданылады. Олар арнайы ағаштан, пласмассадан не металдан дайындалған штативтерге бекітіледі. Пробирканы қыздыру үшін арнайы қысқыштар пайдаланылады.

Ерітінділерді дайындау, сұйылту және титрлеу кезінде химиялық стакандар мен пішіні және сыйымдылығы әртүрлі колбалар қолданылады. Колбалар шартабанды және конус тәріздес болады. Ерітінділерді құю және сүзгілеу үшін шұңғымалар қажет. Қатты және сусымалы заттардың аз мөлшерімен жұмыс жасауда сағат шынысы не тереңдетілген фарфор табақшалары керек.

Ерітінділерді араластыру үшін шыны таяқшалар мен түтікшелер қажет. Көлемді өлшеу үшін, ерітінділердің белгілі көлемін алу үшін, түрлі өлшеуіш цилиндр, мензурка қажет. Ерітінділердің дәл көлемін өлшеу үшін пішіні мен сыйымдылығы әртүрлі пипеткалар пайдаланылады.

Ерітінділердің көлемін өлшеу үшін жоғары жағынан белгіленген бюреткалар қажет. Концентрациясы дәл ерітінділерді дайындау үшін сыйымдылығы әр түрлі өлшеуіш колбалар бар. Оларды ерітінді ыдыстың мойынындағы белгіге дейін толтырылады. Көлемі жуық шамамен белгілі ерітінділерді алу үшін өлшеуіш цилиндр, мензурка, стакандар пайдаланылады.

Қатты және сусымалы заттарды құрғату үшін және оларды ылғалдан сақтау үшін эксикаторлар қолданылады.

Қыздыру және сусыздандыру үшін әртүрлі фарфор стакандар мен табақшалар қажет. Қатты заттармен жұмыс істеуде пинцеттер қолданылады.

Қатты және сусымалы заттарды өлшеу әртүрлі таразылар көмегімен жүргізіледі: техникалық, аналитикалық т.б.
6.Әдебиет:


  1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент 2004ж.

  2. Патсаев А.К., Мамытова В.К. Бейорганикалық химия. Оқу құралы.

Шымкент, 2008ж.

  1. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990г.

4. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986г.
5. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және т.б.

Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-

әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.

7.Бақылау сұрақтары:


  1. Қандай химияның негізгі заңдары мен бейорганикалық қосылыстардың класстарын білесіз?

  2. Химиялық ыдыстар, олардың түрлері және қолданылуы.


2 Сабақ

1.Тақырыбы: Әртүрлі концентрациядағы ерітінділерді дайындау.
2.Мақсаты: Студент ерітінді концентрациясын белгілеудің негізгі тәсілдерін білу қажет.

3.Оқыту мақсаты: Концентрациясы белгілі ерітіндіні дайындап үйрену.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ерітінді, еріген зат, ерігіштік, еріткіш туралы түсінік.

  2. Моль, молярлық масса, эквиваленттік фактор.

  3. Ерітінді концентрациясын белгілеу тәсілдері.

  4. Ерігіштіктің әртүрлі факторларға тәуелділігі.


5.Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыс жасау.
Зертханалық жұмыс: «Концентрациясы белгілі ерітіндіні дайындау».

Тәжірибе 1. Кейбір ауруларға қарсы гипертоникалық деп аталатын 10% - тік NaCl ерітіндісі қолданылады. 250г гипертоникалық ерітінді даярландар. Ареометр көмегімен дайындалған ерітіндінің тығыздығын өлшеп, тәжірибе қателігін есептеңдер.

Тәіжрибе 2. Фуксиннің спирттегі ерітіндісі антисептикалық зат ретінде қолданылады. 50г 2%-тік ерітінді даярлау үшін қажетті фуксин мен спирт массасы және көлемін анықтаңыз.
6.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент 2004ж.


2. Патсаев А.К., Мамытова В.К. Бейорганикалық химия. Оқу құралы.

Шымкент, 2008.

3. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990г.

4. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986г.

5. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және т.б. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.
7.Бақылау сұрақтары:

1. Ерітінді концентрациясын белгілеудің қандай әдістері бар? Есептеу формулалары мен анықтамасын беріңіз.

2. Газ және қатты заттардың ерігіштігі қандай факторларға байланысты?

3. Ерітінді тығыздығын анықтайтын прибор қалай деп аталады?

4. Тірі ағзадағы ерітінділердің биологиялық маңызы қандай?
3 Сабақ

1. Тақырыбы: Химиялық процестердің кинетикасы.

2. Мақсаты: Химиялық реакциялар кинетикасының теориялық

негізін студент білуі қажет.



3. Оқыту мақсаты: Химиялық реакциялардың бағытын анықтауды

және тәжірибелік есептерді шығаруды үйрену.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Химиялық реакциялардың жылдамдығы дегеніміз не?

  2. Химиялық реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді ?

  3. Реакция жылдамдығының концентрацияға, температураға тәуелділігі қандай заңдармен сипатталады?

  4. Катализаторлар олардың биологиялық маңызы.

  5. Қандай реакциялар қайтымды және қайтымсыз деп аталады?

6. Химиялық тепе-тендік тұрақтысы нені көрсетеді, оның физикалық мәні

неде?


7. Химиялық реакцияның тепе-тендігін қалай өзгертуге болады? Ле-

Шателье принципі.

8. Реакцияның 2NO(г) + О2 ↔ 2NО2(г) жылдамдығы қалай өзгереді, егер

реакционды ыдыстың көлемін 3 есе кішірейтсек.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтармен жұмыс (ҰОӘ), есептер шығару, тест- бақылау.
6. Әдебиет:

  1. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Оқулық. Шымкент, 2008ж, 65-76 бет.

  2. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия пәнінің лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба», Шымкент, 2002ж, 27-44.

  3. Піралиев С.Ж., Жайлау С.Ж. т.б, “Жалпы химия”, Алматы., 2003ж, 102-134б.

  4. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. «Жалпы химия» Алматы, 1998ж, 167-212б.

  5. Аханбаев К.А. «Химия негіздері». Алматы, 1999ж.

  6. Өтелбаев Б.Т. «Химия» Алматы, 1998ж, 1-том, 141-227б.

  7. Остапкевич Н.А. «Бейорганикалық химия практикумы», Алматы, 1992ж, 20-31б.

8. Дәрістер.

7. Бақылау тесттері:

1. Химиялық тепе – тендік ығысуына қандай факторлар әсер етеді?

2. Тепе – тендік тұрақтысы ... тәуелді.

А. қысымға В. бастапқы заттар концентрациясына

С. температураға Д. катализаторға

3. Реакция жылдамдығының тұрақтысы ... тәуелді.

А. заттардың табиғатына

В. бастапқы заттар концентрациясына

С. қысымға

Д. әрекеттесетін заттар көлеміне

Е. катализаторға

4. Температураны 300С-қа арттырғанда, реакция жылдамдығы 15 есе өсті. Реакция жылдамдығының температуралық коэффиценті ... тең.

А. 2,5 В. 3,5 С. 4,5 Д. 5,5 Е. 1,5

5. Егер реакционды ыдыстың көлемін 2 есе ұлғайтсақ онда тура реакцияның 2NО(г) + О2(г) →2NО2(г) жылдамдығы ...

А. 8-есе ұлғаяды. В. 8-есе кемиді.

С. 4-есе ұлғаяды. Д. 4-есе кемиді.

Е. өзгеріссіз қалады.

4 Сабақ

1.Тақырыбы: Күшті және әлсіз электролиттер ерітінділердің ерекшеліктері. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.
2.Мақсаты: Студент электролиттік диссоциация теориясының негізгі жағдайларын білуі тиіс.


  1. Оқыту мақсаты: Әртүрлі ерітінділердің ортасын тәжірибелік түрінде анықтауды үйрену.



4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Аррениус және Бренстед-Лоури бойынша қышқылдық-негіздік теориялар.

2. Диссоциация тұрақтысы және дәрежесі. Оствальдтың сұйылту заңы.

3. Су-әлсіз электролит. Судың иондық көбейтіндісі немесе су тұрақтысы. Сутектік көрсеткіш.

4. Тұздар гидролизі.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыс жасау.

Зертханалық жұмыс

Тәжірибе 1. Ерітіндінің рН индикатор көмегімен анықтау.

6 пробиркаға 2-3 мл.-ден дистилденген су құйып, олардың екеуіне нейтрал лакмус, екеуіне метилды ашық- қызыл, екеуінек фенолфталсин (1-2) тамшыларын қосыңдар. Нейтрал ортадағы индикаторлар түстерін жазыңыздар. Әртүрлі индикаторлар тамызған үш пробиркаға бірнеше тамшыдан сілті қосыңдар, сілтілік ортадағы индикаторлар түстерін жазыңдар. Қалаған үш пробиркғабірнеше тамшыдан қышқыл қосып, қышқыл ортадағы индикаторлар түстерін салыстырыңыз.





Индикаторлар

Орта

Бейтарап

Қышқыл

Сілтілі

Нейтрал лакмус










Метил ашық – қызылы










Фенолфталеин












Тәжірибе 2. Тұздар гидролизі.

5 пробиркаға 1-2 мл. су және 1-2 тамшы лакмус құйыңдар. 4 пробиркаға 1-2 мл. натрий карбонаты, мырыш хлориді,аммоний ацстаты, натрий нитраты кристалдарынсалыдар. 5- ші пробиркаға алынған түстерді салыстыру үшін қажет. Барлық тұздар гидролизге тусе ме?

Неліктен аммоний ацетаты ерітіндісі түсін өзгертпейді? Реакцияның иондық теңдеуін жазыңыздар.
6.Әдебиет:


  1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент 2004ж.

  2. Патсаев А.К., Мамытова В.К. Бейорганикалық химия. Оқу құралы.

Шымкент, 2008.

3. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990

4. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986

5. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және т.б.

Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-

әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.



7.Бақылау сұрақтары:

1. Судың иондық көбейтіндісі дегеніміз не?

2. Сутектік көрсеткіш деген не?

3. Қандай заттар индикаторлар деп аталады?

4. Қандай тұздардың ерітінділерінің ортасы қышқылдық, негіздік немесе бейтарап болады ?

5. Гидролизді күшейтетін факторлар тқандай?


5 Сабақ

1.Тақырыбы: Сұйытылған бейэлектролит ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Коллигативті қасиеттерінің сандық сипаттамасы
2.Мақсаты: Студент электролиттер мен бейэлектролиттердің сұйытылған ерітінділердің заңдарының теориялық негізін білу қажет.

3. Оқыту мақсаты: ертінділердің коллигативті қасиеттерін тәжірибе жүргізуімен анықтап үйрену.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Генри және Сеченов заңдары.

  2. Осмос. Осмос қысымы.

  3. Вант-Гофф заңы.

  4. Плазмолиз, гемолиз, тургор, изотондылық.

  5. Эбулиометрия. Криометрия.


5.Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтармен жұмыс жасау, есеп шығару, тест-бақылау.
6.Әдебиет:

  1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент 2004ж.

  2. Патсаев А.К., Мамытова В.К. Бейорганикалық химия. Оқу құралы.

Шымкент, 2008.

3. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990

4. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986

5. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және тб.

Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-

әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.


7.Бақылау тесттері:

1.Генри заңының өрнегі:

А. Рсұйық=К/Рг

В. К=Рсұйықг

С. Ргсұйық

Д. Рсұйық=КРг

2. 250С-та 1М глюкоза С6Н12О6 ерітіндісінің осмостық қысымы ... мПа тең.

А. 2,48 В. 0,125 С. 1,25 Д. 0,250

3. Егер Кн2о=1,86 онда, 250г суда 54 г глюкоза бар ерітінді ... мына температурада қатады.

А. -1,230 В. -0,70 С. 0,180 Д. -2,230

4. Егер Ен2о=0,52 онда 50% сахароза С12Н22О11 ерітіндісі ... температурада қайнайды.

А. 1050 В. 950 С. 104,50 Д. 101,50

5. Ас тұзы ерітіндісінің осмос қысымын анықтайтын Вант-Гофф теңдеуі:

А.Р=2СRТ С. P=iCRT

В. Dt=kCm Д. P=1/CRT

6. Бейэлектролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативті қасиеті:

А. осмос В. диссоциация С. буға айналу Д. ассоциация

7. Жасушаның сусыздануы кезінде цитоплазманың мембрана қабырғасынан бөлінуін ... деп аталады.

А. гемолиз В. тургор С. плазмолиз Д. ацидоз

8. Ерітінділердің қату температурасы бойынша еріген заттың молекулалық массасын анықтау әдісі ... деп аталады.

А. эбуллиоскопия В. осмометрия С. титриметрия Д. криоскопия
6 сабақ

1.Тақырыбы: Буферлік ерітінділердің рН анықтау.

2. Мақсаты: Студент тірі ағзадағы буферлі ерітінділердің маңызын білу қажет.

3. Оқыту мақсаты: буферлі ерітіндіні дайындау және қан плазмасының буферлі сыйымдылығын анықтауға үйрену.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Буфердің әсер ету аймағы, оны есептеу.

2. Қышқылдық-негіз буферлі жүйелердің рН анықтау.

3. Қышқылдық-негіз буферлі жүйелердің буферлік сыйымдылығын анықтау.

4. Буферлі сыйымдылықтың әртүрлі факторларға тәуелділігі.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыс жасау.

Зертханалық жұмыс

Тәжірибе 1. ”Буферлік ерітінділерді дайындау және олардың рН колориметрлік әдіспен өлшеу. рН белгілі буферлі қоспаларды дайындау”.

9 пробирка алып, оның әрқайсысына бюреткалардан, кестеде көрсеткендей. 0,1н сірке қышқылы мен 0,1н натрий ацетаты ерітінділерін қажетті көлемдерде қосып, жалпы көлем 10мл. Болып тоғыз буферлік қоспа аламыз.



Пробирка №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Сірке қышқылының көлемі, Vcm3

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Натрий ацетатының көлемі, Vcm3

9

8

7

6

5

4

3

2

1

рH есептелген мәні




























рH тәжірибелік мәні




























рH мәнін мына теңдеумен есептейді: рH=рK-lg(Vқыш / Vтұз)

Колориметрлік әдіспен, әмбебап индикатор көмегімен ерітіндінің рН анықтау. Әмбебап индикаторлардың түстері:

1.рН 4-қызыл

2.рН 5-қызыл-сары

3.рН 6-сары

4.рН 7-жасыл

5.рН 8,5-көк

6.рН 10-күлгін

Зерттелетін ерітіндінің 2см3 пробиркаға не фарфор табақшаға құямыз. 2 тамшы әмбебап индикаторды қосамыз. Араластыра отырып оның түсін этанолмен салыстырып, кестеге рН мәндерін енгіземіз.

Тәжірибе 2. «Қан плазмасының буферлік сыйымдылығын анықтау».

Қышқыл бойынша буферлік сыйымдылықты анықтау.

Титрлеу колбасына 10мл зерттелетін ерітіндіні құйып, онда 2 тамшы әмбебап индикатор қосып, тұз қышқылымен 0,1н ерітінді түсі жасылдан сарыға ауысқанға дейін титрлейді. Титрлеуді 3-рет жүргізіп, тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізеді:


Плазманың V

Vқыш. 0,1н

B1 (буф. сыйымд.)

10







10







10







В1= 0,1 · Vорта (қыш) · 1000/10
Сілті бойынша буферлік сыйымдылықты анықтау.

Титрлеу колбасына 10мл зерттелетін ерітіндіні құйып, онда 2 тамшы әмбебап индикатор қосып, сілтімен 0,1н ерітінді түсі жасылдан көкке ауысқанға дейін титрлейді. Титрлеуді 3-рет жүргізіп, тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізеді:




Плазманың V

Vсілті. 0,1н

B1 (буф. сыйымд.)

10







10







10






В2= 0,1 · Vорта (нег) · 1000/10

Қан плазмасының буферлік сыйымдылығы тең: В=1/2(В1+В2).
6.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент 2004ж.

2. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990г.

3. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986г.

4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және т.б. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.

7.Бақылау сұрақтары және тесттері:

1. Электролиттің концентрациясы және ерітінділердің көлемінің буферлі жүйелердің рН тәуелділігі қандай?

2. Жүйенің буферлік сыйымдылығы, оның қоспа компоненттерінің қатынасына және концентрациясына тәуелділігі.

3. Қышқылдық буфердің буферлік сыйымдылығы:

А.

В.

С.

Д.

Е.

4. Негіздік буфердің буферлік сыйымдылығы:













5., Егер тең болса, онда рН=5,2 ацетатты буферді дайындауға ...

А. болмайды, өйткені буферлік әсер ету аймағына кірмейді.

В. болмайды, өйткені рН > рК.

С. болады, өйткені рK<рH.

Д. болады, өйткені рН=рК±1 мәні аймағында.

Е. болмайды, өйткені рН < рК.



6., Егер тең болса, онда рК=4,74 аммиакатты буферді дайындауға ...

болады, өйткені рН=14- рК±1 мәні аймағында.

болмайды, өйткені рН<рК.

болады, өйткені рН<рК.

болмайды, өйткені рН±1 мәні аймағына кірмейді.

болмайды, өйткені рН<рН.

7. Буферлік жүйенің рН-на ... әсер ететін факторына жатады.

А. компоненттер концентрацияларының ара қатынасы

В. температура

С. тұздың диссоциациялану дәрежесі

Д. қысым

Е. буферлі әсер ету аймағы



жүктеу 462,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау